Ә 55 Әлімжан Е. Көріпкел (повесть, әңгімелер). Алматы



бет1/3
Дата02.07.2018
өлшемі1,54 Mb.
#45279
  1   2   3



Ә 55 Әлімжан Е. Көріпкел (повесть, әңгімелер). — Алматы:

«Білім», 2000. — 152 бет.

ISBN 5-7667-2422-5

Жазушы Е.Әлімжанның «Ән сыры» деген алғашқы әңгімесі 1964 жылы «Таңғы шық» атты жинақта шыққан. 1978 жылы «Оралу» деп аталатын повестер мен әңгімелер жинағы «Жалын» баспасынан жарық көрді. М.Әуезов атындағы драма театрында «Тақталас» комедиясы, Жамбыл, Ақтөбе, Талдықорған, Торғай, Жетісай қалаларының театрларында “Жанталас” драмасы мен “Бір қазаққа — бір қатын?!” комедиясы қойылды. «Тақталас» орыс тіліне, «Бір қазаққа — бір қатын?!» қырғыз тіліне аударылып, сахнаға шықты. Автордың шығармашылығы туралы баспасөзде кезінде жақсы пікірлер айтылған.

Бұл кітапқа жазушының қайта құру кезеңінің оқиғаларын қамтыған әңгімелері мен “Тек” деп аталатын повесі еңді.

4702250101-001

Ә 412(05)-2000 жарияланб. ББК84(5Каз)



ISBN 5-7667-2422-5 © Әлімжан Е., 2000


Әр жылдары жазылып, кезінде республикалық газет-журналдарда жарияланғанымен, дүниелердің басын біріктіріп, жинақ шығаруға жағдай болмай жүр еді. Сол мүмкіндікті жасаған Жамбыл облысының әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетовке үлкен алғыс сезімімді білдіремін.

Автор.

Әңгімелер

ӘКІМНІҢ ДОБЫ

Жартыбек сүйретпеге салған бір бидон сүтін итеріп, автобустың аялдамасына келгенде күн аркан бойы көтеріліп қалған. Аялдама дегені бес-алты темір қада. Төбесіндегі күнқағар болып тұрған шиферлері әлдеқашан сынып, бүтінін біреулер алып кеткен. Ағаш орындықтың екі шетіндегі тұғырлары ғана қалған.

  • Әй, неғып тұрсың, бері кел! — деген дауыс шәңк ете калды желке тұсынан.

Қараса, тас жолдың ұзына бойына егілген ағаштың колеңкесінде «Маркстегі» Ширекбек жатыр шәниіп. Жазбай таныды. «Маркс» тас жолдың тау жағындағьі ауыл. Оның тұрғындары да осы аялдамаға келіп, калаға баратын көлік күтеді.

  • Өй, Ширекбексің бе? Аман-есенсің бе?

  • Иә, мен Ширек бекпін, сен Жарты бек болсаң да, сүтіңді салқын жерге қоюға ақылың жетпей тұр ма? — деп, көлеңкедегі көсемси қалды.

«Ақылың жетпей тұр ма» деп шымшып алған ол шіркінді, шаншып тастайын деп Жартыбек те суырыла берді.

  • Атың ғана емес, ақылың да ширек-ау, сен шәниіп жатқанда, көлік өзі тоқтайды деп отырсың ба? Одан да бері кел.

Ширекбектің тілі сала құлаш болып шықты.

  • Сенің жарты ақылың да жетісіп тұрған жоқ. Бұл уакытта біздің тупиктен қандай көлік жүруші еді. Немене, тасып жатқан астығың бар ма, әлде етке өткізетін малың бар ма? Баяғы ағылып жататын көліктер әлдеқашан тыйылған. Енді жарты сағатта Жартастың автобусы келеді, соған мінеміз. Оған дейін сүтінді ірітіп алмайтын қам жаса, қалаға жеткенше қай заман, — деп одан сайын мардымсыды.







Бұл уәжге Жартыбек амал жоқ көніп, Ширекбектің қасына келді. Екеуі қол алысып, жөн сұрасты.

  • Иә, бегім, бұл қай жүріс? — деді Ширек ширатыла.

  • Өзіңе жол болсын, Ширегім? — деді Жарты да жымысқылана.

  • Жол тосып қалдық қой, — деді Ширек күрсіне.

  • Тентіреп кеткеннен басқа амал қалмады, — деді Жарты өксігін өзегінен шығара.

Кезінде екеуі екі ауылдың тәп-тәуір азаматтары еді. Есімдері аудандағылардың да аузында жүретін. Жартыбек ойда жатқан «Лениннің» фермасын басқарса, Ширекбек «Маркстің» есеп- қисабын жүргізген. Әрқайсысы аталарының бетке ұстары. Сондықтан да, кездескен сайын кісілік асырамыз деп, жастарының қатарлығын сылтау етіп, осылай шайнасып қалатыны бар. Бұл жолы да сөзбен сүзісе сәлемдескенімен, артынан бір-бірінің жағдайларын көрген соң кеп ырғаса бермей, жай айтысып кетті. Қазір екеуі де жұмыссыз екен. Кәсіптері қалаға апарып оны-мұны сатып келу. Ширекбек жексенбі күндері мал шығарады, ал Жартыбек болса, үйіндегі екі сиырдың сүтін күнбе-күн апарады. Бүгін сейсенбі, Ширекбек бұзылып қалған «Москвичіне» қосалқы бөлшек іздеп шығыпты. Ал Жартыбек фермада жүргенінде мойнына ірі қара мініп, соның өтеуіне кезінде қолға түсіріп қалған «Газигін» сатып жіберіпті. Енді, екі елдің бетке ұстарлары бірі сүтін, бірі оны-мұнысын сүйреп келіп, кара жолдан көлік тосып отыр. Енді жай айтудың аяғы мұң айтуға үласты.

  • «Лениннің» қандай жаңалығы бар?— деп, Ширекбектің сыр суыртпақтағаны сол еді, жарылып кетердей болып жүрген Жартыбек сампылдап қоя берді.

  • «Лениннің» туталақайы шықты, — деді ол. — Кеңсенің алдындағы қасқиған ескерткішіне де көрінген құс саңғытып, айғыз-айғыз болып тұр. Ал өзіміз не колхоз емеспіз, не жеке емеспіз, әйтеуір бірдеңеміз. Жұмыс та жоқ, жұмыс істегенге төлеп жатқан колхоз да жоқ. Содан жұрттың көбі «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» болып босып кетті.

  • Басшыдан ғой, бәрі басшыдан, — деп бидайдықтың бір талымен тісін шұқылап отырған Ширекбек шырт түкіріп қойды. Бұл сөзі Жартыбектің тура кышыған жеріне тиді де, ол одан сайын жосылды.

  • Дұрыс айтасың, — деді ол. — Әлгі Тесікбас жөйт басқарып тұрған кезде «Ленин» қандай еді. Аудан, облыс, респрублика түгіл, Союзға белгілі еді ғой. Пау, шіркін, ЦК KПCC-тiң талай туын жеңіп алдық-ау. Әнеугүні қарасам, кеңсеміздің қарауылы болған Қарынбай деген ақсақтың әйелі әлгі Тудан көпшік тігіп алып, астына басып, сауда жасап отыр. Ой, кесірлі! Киесі ұрады деп





қорықпайды, тегі. Өзің білесің, баяғыда біздің «Ленин» интернационал еді ғой. Содан ба, әділдік бар сияқты еді. Он бес жыл басқарған Тесікбас жалқауға жайсыз болғанымен, жұмыс істейтіндердің жағдайын жасайтын. Содан көрсеткіш те болып тұрды, Ту да бізде, абырой-атақта бізде, тіпті шетелдік делегация да «Ленинге» келетін.

  • Сонда да бастықтарыңның тесік басына он бес жыл бойы су қүйып келдіндер ғой,—деп Ширекбек қағытып өтті. Мұнысы онсыз да тұтанып тұрған отқа май тамызғандай болып, Жартыбек лапылдай жөнелді.

  • Бір айыбы бізді арқамыздан қағып алдаусыратып койғанымен, интернационалдарға бүйрегі бұра беретін оның. Содан ғой, кім де болса каракөздердің біреуі басқармады-ау деп өксумен жүрдік.

  • Е, ақыры қаракөз келіп, көзайым болдық де. Ширекбек Жартыбектің шабынан тағы түртіп өтті.

  • Әй, қаракөздердің де берекесі болмай тұр.

Жардай Жартыбек қолын бір сілтеп, орнынан тұрып кетті. Содaн соң қалтасынан сигаретін суырып, серігіне ұсынып еді, шөп шайнап отырған шынашақтай Ширекбек «іңк» деп басын шайқады да, әңгіменің аяғын тосты.

Ширекбекке, әлде қаракөз бастықтарға шамданғаны белгісіз, бәлкім бәріне бірдей ызасы келген дәу неме қолы дір-дір етіп, темекісін үсті-үстіне сорды.

  • Алғаш қара көздеріміз келгенде куанғанымыз рас, — деді ол жұтқан түтіні жүйкесін жайлағаннан кейін барып. Сырттыкі болса да, нәсіліміз ғой дестік. Ол да іші-бауырыңа кіріп кететіннің өзі екен, «Жайылып жастық, иіліп төсек боламын» дсгеннің бәріне ретін келтіріп қызмет тауып берді. Біреуімен тамыр, біреуімен құда-жекжат болып, аз жылда ішек-қарны араласты да кетті. Бас көтерерлерді бауырына кіргізіп қойған соң, өзге жұрт қайда барады. Бәріміздің көзімізге шел бітіп, түкті көрмеппіз. Білгенін істегенін кеткенде бір-ақ байқадық. Қатыны екеуі екі чемоданмен келіп еді, көшкенде жүгі жеті КамАЗ-ға сыймады. Оған коса, құмнан үйір-үйір жылқы, қоралы қой айдап әкетіпті. Арақ ішкенде аузы-басын қайта- қайта жалап, сүйісіп төс түйістірген бір шопан досының атынан алған «Волга» аздық етті ме қайдам, жап-жаңа «Уазикті» және алып кетті. Көшерінде ұялмай-қызармай, «не деген момын ел едіндер» дейтін көрінеді.

  • Ырза болғаны да.

  • Өйтіп ырза болғаны бар болсын, одан да табалап, таптап кеткені жақсы еді... Содан жоғары жақ жаңа бастық жіберді. Мұнысы тура мұртсыз Сталин екен. Ішімдегіні тап деп бедірейген біреу. Баяғы «қолына қарға тышқанның» барлығын тракторға







трос байлап, сексеуіл қиратқандай жұлды да тастады орындарынан.

  • Ішінде сен де барсың, — деп Ширек мырс етті

  • Ия, ішінде мен де бармын. Әй, жауыз екен, тура қанымызды ішті.

  • Есесіне, жұмысты еңкілдетіп істеген шығарсыңдар.

  • Қайдағы жұмыс. Бұл беріде ғой. «Лениннің» интернацио- налынан ешкім қалмаған. Техниканы түгелімен билеп алған бір көше неміс бар еді ғой. Германиясына көшіп кеткен. Жалақы азайған соң, орыстар қалаға ауды. Түріктер түгелімен саудагершілікке шықты. Бақшадағы өзбектер базарға біржолата ауысты. Ал қазақтарды баяғы Тесікбас малдан өзгеге жолатқан емес, ары кеткенде егін суғаратын.

  • Сонда ол кімнің қаньш ішіп жүр?

  • Қазақтың да, қазақтың. «Қазактың жауы қазақ» деп, кім де болса тегін айтпаған. Мұртсызың бірде-бір қүрылыс салмады, керісінше жер сауғанды да, мал баққанды да бытырлата соттатты.

  • Сенің де мойныңа біраз мал мінді-ау.

Атама, айтысып-тартысып жүрген елде береке бола ма, жем- шөп жемей, қалың қыста қырылды ғой қарасаң келгірлер. Бет- аузында иманы жоқ неме бәрімізді жазаға тартты да, өзі жайына кетті.

  • Ала алмай жүрген өші бар ма екен сонша бұл елде?

  • Оның рас, кегі бар көрінеді. Баяғыда бір атасын біздің елдің батыры барымтада өлтірсе керек. Артынша аласапыран басталып, төңкеріс болып, тұстастары кұнын даулай алмапты. Сол үшін бұл елдің бүгінгі бас иелерін мен де түрмеге тоғытып кеттім деп, айтса керек біреуге сыр ғып.

  • Апырай, ә, ата жаулық қалмағаны ма сонда?

Бағанадан бері Жартыбекті сөйлетіп қойғанына мардымсып

отырған Ширекбек шын таңырқап қалды. Көбісін қызық үшін кайталатып отырғанымен, тура соңғы әңгімеден бейхабар еді.

  • Сендер қайттіңдер?— деп, ындыны құрып, ұмтыла түсті.

  • Қалдық кансырап. — Жартыбек жуан жұдырығымен жерді түймештеп қойды.— Артынан жарамызды жалап, ес жиған болдық та, “кой, жоғарының жібергендерін кабылдай бермейік, колхоз деген атымыз бар, бастықты не болса да өз ішімізден сайлайық” деп келістік.

«Бұл — бұл ма, Қоқанда бір апам бар бұдан да өткен сұлу» дегендей, бұрынғы бұрынғы ма, нағыз қызық енді басталды. Қазақтың өзі интернационал екеніне мән бермей жүріппіз. «Ленин» өзі майда-майда он бес колхоздан құрылып еді ғой, бастық сайларда бәрі дуылдап-шуылдап шыға келді. Қырық ру екенбіз, қырық пышақ болдық.

  • Е, не көрінді сонша?





  • Ойбай, бәріміз Байдәулет атамыздың ұрпағымыз деп күпінгенімізбен, жеме-жемге келгенде қарыс-қарыс, сүйем- сүйем деген қиын екен. Алдымен ай бойы ата-ата болып айтыстық, артынан ру-ру болып сөз байластық. Ақыры келіп, бабамыздын, бәйбішесінен туған үш ру орталарынан Ордабек деген біреуді, тоқалынан туған төрт ру Төбету дегенді үкілеп бәйгеге қостық емес пе. Жиналыс тура үш күнге созылды. Әй, санымыз теңесіп қалған екен. Тоқалдың балалары көп сияқты едік, сонда да басым түсе алмадық. Аналар ауылдағы бірлі-жарым интернационалды қосып алды ма, қайдам, әйтеуір, үш күнде де үзеңгі қағысты да отырды. Біреулер айтады: интернационалдар «ақыры бізден бастық қоймайды, кім болса да сырттан келсін» деген ниетпен, дауысты ылғи жеңіліп бара жатқан жаққа салды деп. Не керек, итжығыс түсе берген сон, бәйбіше мен тоқалдың балалары қайта бас қостық. Ары ырғасып, бері ығысып, жол салыстырып, жөн айтыстық, тіпті екі жылдан кезектесіп басқарайық деп те көрдік.

  • Колхоз алғаш құрылғанда әр жылы әр атаның баласы кезектесіп басқарған, — деді Ширекбек білгішсініп.

  • Рас па? — деді Жартыбек.

Рас, — деді Ширекбек.— Жәкем жарықтық айтып отыратын, біздің ауылда бастық болмаған адам жоқ деп, сен бастық болғанда мен неге болмаймын деп шыға келеді екен. Әйтпесе арыз жазып, айтысады екен.

Ендеше сол заман қайта айналып келді,—деді Жартыбек.— Тек ол кез колхозды қүрған заман болса, енді құрған заман.



  • Иә, содан не болды?

  • Не болсын, енді тек салыстырдық. Кімнің ата-бабасынан би шыққан, болыс, старшын сайланған, бәрін қазбаладық. Сөйтіп келдік те, не болса да кезінде бүкіл Байдәулет атамның, ұрпағына ықпалы жүрген Жасын атамның тұқымы басқарсын бізді деп бәтуәластық.

  • Е, “Жасын көп пе, тасың көп пе” де, иә, айта бер.

  • Оның, рас, — деді, томардай денесін тағы бір төңкерген Жартыбек, алға бір үмтылып қойып. — Шүкір оқыған жігіттері баршылық екен. Айтыса, айтыса келе, ақыры ауылдағылардың біреуін де қаламадық.

-Неге?

  • Бұлар ауыл арасының айтыс-тартысына ауызданып қалды, сондықтан облыс орталығында жүрген Әкімбек деген жігітке тоқталдық. Өзі бір айналайын бала еді. Барғанда иісі Байдәулет баласын жатсынбай, көке, жәкелеп, қолынан келген көмегі болса аямайтын.

Бүкіл Байдәулет баласы бетке ұстап жүрген жігіт болған соң, оның үстіне Жасын бидің тұқымы деп, түгел бас изедік. Ол да





ұзын-сонарға салмай, келісімін тез-ак берді. Соған қарағанда, әкімшілікте істесе де, қазығы босап жүрген бе, қайдам, әлде «ортақ өгізімнен оңаша бұзауым артық» деді ме, кім білсін, әйтеуір «ағайын солай үйғарса, асып кайда барамын» депті.

  • Сонымен, бүгінде Байдәулет атамның балалары айрандай ұйып отыр екенсіндер ғой, — деп, күлмің ете калды Ширекбек.

  • Айрандай ұйып дейді? Ойбай-ау, іріген сүттей болып отыр демейсің бе, одан да.

  • Е, не боп қалды соншама, орыстан да, Байдәулеттен бөтеннен де кұтылып, таза ездерің қалыпсыңдар. Енді не жетпейді?

Ширекбек жорта таң қалғанымен, ішінен бәрін біліп тұр. Бірақ әңгімені Жартыбектің өз аузынан тыңдағаны қызык, ол күрсінген сайын айызы қана түседі. Тіпті тісіндегі бидайықты да жұлып тастап, түрегеп отырғанын өзі де байқамай қалды. Ал Жартыбек болса, сөзді одан әрі сапырды. Ә дегенде көлеңкенін астына қойған сүтіне күн түсе бастағанын да байқар емес. Тіпті екеуі автобус күтіп тұрғанын да ұмытып кетті.

  • Әкімбек ініміз алдымен ақырмай-бақырмай, іші- бауырымызға кіре келді. .«Бірлік бар жерде—тірлік бар», «Бірлік түбі — береке», «Мен біреу болсам, қалғаның тіреу бол, ағайын» деген сияқты бәтуаға шақырған жылы-жылы сөздерімен жүйкемізді босатты, Бізге де керегі сол, бердік бар тізгінді бір өзіне. «Маған жаңа заманның ағымын түсінетін, нарыктық қатынасқа бейім кадр керек» деді. “Не істесең де қолыңды кақпаймыз, әйтеуір бізге жұмыс тауып, бала-шағаны асырайтын жағдай жасасаң болды» деп, бұған да бас шүлғыдық. Ә дегенде техниканы басқаратын баяғы интернационалдан қалған бір орыс бар еді, оны босатып, орнына қаладан өзі ертіп келген бір жас жігітті койды.Оған онша мән бере қойған жоқпыз, Содан өзінін орынбасарын алып тастады. Байдәулегтің ішінде Ошан атамның баласы еді, ол жігіт.

  • Імм, Ошандар ойбайлап қалған екен ғой.

Ширекбек ыңыранып қойды.

  • Ойбайлағанда не істесін, кейбір жақындары қазан қайнатқан катындай біраз күн бұрқырады да койды. Бүл күнде орнынан түсті демейді, команда ауысты дейтін болыпты ғой. Сол ауысқанның бірі болып, Шақан атамның бір тәуір жігіті кетті, Орталықтағы ең үлкен бөлімшені басқарушы еді.

- Е-е, Шақандар шырылдап қалды де.

Ширекбек бұл жолы шиқылдап күлді. Шақандарды жақтырмайтындығы сезіліп тұр. Өйткені өзін де орнынан алған бастық осы атадан еді.

  • Шырылдағанда тірідей шыжғырылған балықтай тулады. Бірақ қолдарынан келер қандай дәрмен бар. Ішіп қойды, жеп





қойды деп арыз жазуға сезігің болғанмен, айғағың жоқ. Басқасына жоғары пішту деп қарамайды, команда жасақтап жатыр, болды.

- Командасы осымен бітті ме? — деді Ширекбек бірдеңені біліп тұрса да білмегенсіп.

- Тағы бір қызығы бар, — деді Жартыбек. — Ұлтаралық катынасты нығайтады, тұрмыстарыңды, мәдениеттеріңді көтереді деп, сонау Астанадан Құлтабан Қыдиев деген көзі қыли бір шой караны алып келген. Бұрынғы парторгтің жұмысы ғой деп жобаладық. Сұрастырсақ, мамандығы темір-терсек екен, әр жұмыстың басын шалып, соңғы кезде жеміс-жидек сатумен жиналысыпты. Ұлтаралық катынасты қалай жөндейтінін қайдам, бітіретін жұмысы кім-кімге не деп койды, кім арақ ішті, койшы, әйтеуір өсек-аяңды теріп, Әкімбекке жеткізу. Тұрмыс мәселесінен тындыратыны әлгі біздің завклуб жүгермек екеуі қыз-келіншек аңдиды. Өзі не ойы, не сөзі жоқ неме екен, әнеугүні клубта баяндама жасап еді, жұрт жалығып кетті, мен түк түсінбедім, былық екен. Ал мәдениетіне келетін болсақ, домбыраны қойып, гитар тартыңдар дейтін көрінеді.

Мынауың нағыз хитарист болды ғой, — деп Ширекбек сылқ- сылқ күлді.



Оның немене бәле тағы да?— деп Жартыбек түсінбей қалды.

  • Көзі қитар болса, тартқаны гитар болса, хитарист болмағанда кім болды? — деп, Ширекбек күлмің көзімен қулана қарады. Қарқылдай жөнелген Жартыбек әлден уақытта басылып;

  • Түу, сенің де таппайтының жоқ, — деп басын шайқады.

- Қыз-келіншекті Әкімбектерің де жек көрмейді деуші еді гой,—деп Ширекбек тағы да бір әңгіменің шетін шығарып қойып, серігіне сығырая қарады.

  • Оны қайдан естіп жүрсің-ей? — деп Жартыбек одыраң ете қалды.

  • Е, ел құлағы елу деген...

  • Солай болып шықты, — деді Жартыбек жарым көңілденіп. — Бұл бер жағы жылтырағанмен, нағыз нас басқанның өзі екен. Қатын алған жылы ыстық-суығы басылмай жатып-ақ қыз зорлап, сотталып кете жаздаған екен ғой, оны кім білген.

  • Е, жас кезде жігіттің басынан не өтпейді, бүгінде басылса болды гой, — деп Ширекбек басалқалық айтқанымен, әрі қарай білмекке ындыны құрып отыр.

Басылатын Әкімбегіңді көрмедім,—деді Жартыбек.—Елуден асса да азбандай азынап тұр ма дедім. Мына Қарабұлақтың басында, бау-бақшаның ортасында — Тесікбастың кезінде салған оңаша жай бар, Әкімбек келе салды да, қасына әлгі қыли Құлтабанды алып, сонда жатып алды. Күнде жиын, күнде той, аудан, облыс, тіпті іргедегі Алматыдан да қонақтар келіп жатады. «Керек адамдар», — деп қояды әйтеуір. Бұрын концертті клубта қоюшы





еді, енді завклуб әншілер мен бишілерді сол резиденцияға апаратын болып жүр. Қонақтар ішіп-жеп жатқанда, біздің балалар көңілдерін көтеріп, ән салып,би билейтін көрінеді, Баяғыда Хиуа мен Бұхараның хан әмірлері сүйтеді деуші еді, сол бізге келді.

  • Е, келсе, Әкімбектеріңнің алған тәрбиесі де.сол жақтан. «Үяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», — деп, Ширекбек бір қыстырылды.

  • Қоя тұр, аржағында одан да сорақысы бар, — деді бірте- бірте ыза буа бастаған Жартыбек. — Әнеугүні сондай бір мейман күткенде кілең мектеп оқушыларын алып барыпты. Олардың артын бұлтаңдататын билері бар көрінген. Соны билегенде Әкімбектің өзі бастап, әлгі қонақтар кәмелетке толмаған қыздарға қырыңдап бәле болыпты. Ішінен үшеуін тастап кет деп қиғылық та салыпты. Қыздың біреуі әруақ атқырдың өзінің аталасы. Біреуінің әкесі барып қалған екен, кешірім сүраудың орнына оған айқайлап, пистолетпен атам, қаматам деп қорқытқан көрінеді. Қойшы, әйтеуір, әлгі би үйрететін Санабек деген бір тәртіпті бала еді, сол қыздарды тау-тастың ішімен алып қашып, үйлеріне аман- есен жеткізіп беріпті.

  • О, Әкімбегің нағыз «Хайуан секс» болды ғой.

  • Оның не бәле? — деп Жартыбек тағы таң қалды.

  • Не болушы еді, күйі келгенде көзіне көрінген ұрғашыға асылатын хайуан деген сөз ол. Соған көніп қалай отырсыңдар? Ел емессіндер ме?

Енді Ширекбек те әжептеуір шыртылдап қалды. Қарадан- қарал намысы келіп отыр.

  • Не істейміз, куә жоқ.

  • Неге куә жоқ. Жаңағы Санабегің мен қыздың әкесі ше?

  • Ертеңіне-ақ олардың үйлеріне елші жіберіп, артынан өзі барып аяғына жығылып, ауыздарын алып қойыпты, Қазір екеуі де жақ ашпайды.

Түу, арсыз екен ғой әкімдерің, дауа жоқ екен. — Ширекбек түңіліп кетгі.

  • Жағдай осылай болып тұр, — деп Жартыбек күрсініп салды.

  • Ойыл атамның балалары амансыңдар ма, ондайдан? — деп Ширек одан әрі сыр суыртпақтады. Жартыбектің бірдеңені бүгіп қалғанын біледі. Соны тікелей емес, тілеулес болғансып сұрап тұр.

  • Әзір аманбыз. Біздің де бір жігітіміз сауда жағын басқаратын. Ол негізінен ауданға тікелей бағынады ғой, сонысын арқаланып жүре тыңдаған ба, болмаса, бірдеңені бөлісе алмай қалған ба, жаңа бастық кеңсесіне шақырып алып, соғып жіберіпті деген сөз шығады. Әкімбегің жасында боксер болған неме екен ғой. Біздің Ақырбектің де денесі зор, қарулы сияқты еді, бір-ақ ұрып бүк түсіріпті. Кейіннен екеуі жарасқан ба, қайдам, әзір тыныш.





- О-о, Ойыл атамның балалары ойланып қалған екенсіндер, ә.

- Ойланып қалғанымыз рас. Ақырбек келгелі бала-шаға, келін-кепшіктер, соның қарамағына кіріп, кәмпит орап, нан пісіріп, тіпті бөтелке жинаса да тиын-тебен тауып жүр еді. Ол болмаса кім кіргізеді ондай жұмысқа. Бүгінде ұжым-ұжымның бюрі өз туысқаны.

  • Иә, оның рас, — деді, Ширекбек күрсіне қостап. Дәл осы жерде оның ішінде де бір өксіктің бары анық сезілді. — Ал сонда олардың орнына кім келді?

  • Кімнің орнына? — деп, қайта сұрады серігінің мысқылды койып, мұнайып калғанынан бірдеңені үміт еткен Жартыбек.

  • Әлгі ойбайлағандар мен шырылдағандардың орнына.

  • Ой, ол бір қызык әңгіме, — деді сәл де болса серпілген Жартыбек. — Мына үлкен жерден келгендер мыстан бола ма деймін, Әкімбектің «бірлік керек, бірлік керек» дегеніне бас түлғи беріп, байқамай қалыппыз. Бәрінің орнына Жасын атамның балаларын жинап алыпты.

  • Жасын атамның балалары жайрандап қалды десеңші.

Бұл жолы Ширекбек жайдарлана күлген болып еді, онысы онша шыкпады.

  • Жайрандағанда коя қалыңыз. Аймақтың Жасын біткені түгел жиналып, бірнеше күн құрылтай өткізді. Тіпті тау жақтағылары ат шаптырып, той жасапты деп естідім.

  • «Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін» деп бүкіл қазаққа жар салған қайран Жасын бабам, бүгінгі ұрпағың кім болып барады. Үсақтап кетіпті-ау, ұсақтап. Қоқым-соқымға айналыпты ғой,

Айдалада отырған Ширекбек басын ұстап, боздап қоя берді. Оның бұл қылығы желік бітірді ме:

  • Ой-бу, ұмытып барады екенмін. Соқым атамның екі-үш жігіті ер тірліктің басын ұстап жүрген. Сыпырып тастады.

Жартыбек те шөп өспей қалған көлеңкедегі коқым-соқымды қолымен көсеп-көсеп алды.

  • Соқым атамның балалары не жазыпты, ойбай. Өкпешіл болса да, өзекке теппейтін, шеттерінен сырбаз болушы еді ғой.

Ерігіп отырған Ширекбек өтірік боздауын үдетті.

  • Мен қайдан білейін, ойбай, — деп Жартыбек те екіленіп кетті. —- Жазығы жасын болмағаны да.

  • А, а, бүгінде Жасынмен жанаспасаң күн көре алмайтын күйге жеткен екенсіндер. «Адамның басы—алланың добы» деуші еді, сендердің бастарың Әкімбектің добы болған екен.

  • Шынында да солай болды, ей.

Екпіні сап басылған Жартыбек ойланып айтты. Мойны да салбырап кетіпті. Ал жылтыраған көзі күлмің каққан Ширекбектің езуіне мысқыл үйірілді... Бұл кезде ұлы сәске



болып калған. Жартастың автобусы, баратын базары, табатын тиыны жол тосқандардың есінен түгел шығып кетті.

Ақ бидонның бір жағына қайтадан күн түсті. Оны байқайтын Жартыбек жоқ. «Әкімнің добы», «Әкімбектің добы» деп күбірлеп жүр арлы-берлі. Ширекбек болса, тауып айтқан сөзіне мәз болып, сылқ-сылк күлуде. Бірақ жылмың көзі Жартыбекпен бірге жылжиды.

  • Әй, осы сендердің күндерің қандай? — деді кенеттен кілт тоқтаған Жартыбек басын әнтек жұлып алып.

Ширекбек те күлкісін тыйды; Езуіндегі мысқылдың орны мыжырайып шыға келді. Көзіндегі қылмың-жылмың лезде ғайып болып, бозара бастады.

—Қандай болушы еді, сондай,—деді күрсініп.—Біз колхозбыз ғой, ауылдан азамат таппағандай, жоғарыдан біреуді жіберіпті.



  • Қай ел екен?

  • Ойыл, сенің туысқаның көрінеді.

  • Ой, бәрекелді, бар екен ғой, Ойылым, бәсе.

Ары-бері жүргеңде алыстап кеткен Жартыбек аттап-бұттап Ширекбектің жанына жетіп келді де:

  • Әй, айтсаңшы былай дұрыстап, — деп иығынан кағып жіберді.

  • Қой, ей, туысқаның бастық болды деп сабаймысың,

Ойылының хабарын естігенде асып-тасып кеткен Жартыбектін,жалпақ алақаны катгырақ тиді ме, әлде ананың орынсыз қуанышьш қызғанды ма, Ширекбектің бетіне қаны бұрқ ете қалды.

- Жок, ә, өзімсінгенім ғой, әншейін.

Жартыбек арсалаңдап келіп құшактай бергенде, Ширекбек бұққан болып, басымен иегінің астынан тық еткізді. Қапелімде мұндайды күтпеген Жартыбек тілін тістеп алды да, ара кұсап ыңылдай жөнелді.

  • Өзіңнен-өзің үрынғаның не-ей. Алып ұрайын деп келе жатыр ма деп зәрем кеткені. Түу, басым-ай, оңбай қалды ғой, — деп Ширекбек тақиясын алып, басын жорта сипап қойды.

Екі-үш рет қан түкірген Жартыбек орамалымен аузын сүртініп, жанына қайтып келді де:

  • Қай! — деді тілін бұрай алмай.

  • Басымды айтасың ба, оңбай қалды дедім ғой, — деп Ширекбек одан әрі сипалады.

  • Бастықты айтамын.

  • Ә, бастықты дейсің бе. Е, алма алма ағаштан алые түсе ме, бұл да сол.

  • Немене сол?

Жартыбектің тілі икемге келді ме, шайнандағанын қойды.

  • Сол баяғы өз командамды жасақтаймын деген желеумен тамыр-таныстарын жинап жатыр.





- Е, дұрыс. Басшы болған соң айналасында жанашырлары жүргені әбден жөн.

Жартыбек қоқиланып кетті. Бағанадан бергі мұң-зарының бәрін ұмытты. Тіліңің ауырғаны да саптыйылып, сайрай жөнелді.

  • Бөтен елде бастық болған оңай емес. Тірі адамның тіршілігі бар. Канша бастық болғанмен, жалғыз айлықпен жан баға алмайсың. Міне, сондайда жеке тапсырмасын орындап тұратын жігіттер керек-ақ қой, шіркін. Дұрыс істеген. «Бірі таққа отырса, жүзі атқа отырады» деген осы болады. Біздің Ойылдың жігіттеріне жақсы болып калған екен ғой... Иә, айта бер. — Ағылып барып тоқтаған Жартыбек иегін көтеріп, итініп қойды.

  • Айтып отырсың ғой өзің, — деп Ширекбек шіңк ете калды. — Ойылдан басқамыз өле беруіміз керек пе, сонша?

  • Қазақ осы, — деп Жартыбек қайта көтерілді, — біреудің болғанын көре алмайды. Сендер ме, сендер тыныштық бермейсіңдер оған. Келешегі бар жас бала екен, істесін қызмет.

Неменесін сөз қыласындар сыпсындап.

  • Әй, қазір өзің емес пе едің? Жасындар күн көрсетпей жатыр деп зар жылаған.

  • Е, айтсам мен Жасынды айттым. Ойылды айтқам жоқ. Ойыл өссін.

Екеуі айдалада ағаштың арасында бүгінгі тірліктің бәрін үмытып, қызыл кеңірдек болып жатқанда, Жартастың автобусы гу деп өте шыкты. Түсетін адам болмаған соң аялдамада да ешкімді байқамаған жүргізуші жылдамдағын бәсендетпеді. Бұлар аңкңды да қалды. «Тфу» деп Ширекбек жерге тұкіріп жіберді. «Қап, әкеңнің аузы...» деп Жартыбек санын сарт еткізді. Күннің астында қалғанына коп болған бидонына жаңа көзі түсті. Қақпағын ашып қалып еді, қапырық ауа бетін ұрды. «Іріп кетіпті-ау» деді ішінен. Енді сатуға да, ішуге де жарамайды. «Қу Ширекбек қайдан кездесіп еді. Онымен тәжікелесемін деп көлеңкенің ауып, шаңқай тус болғанын да байқамаппын. Не істеймін? Қатынға не бетімді айтамын? Қой, болары болдьі, бояуы сіңді. Бір күнгі табыс қай жыртығыма жамау болар дейсің. Азар болса, қатын капка қүйып алып құрт жасар. Қайта қазір қалалыктарға құрт таңсық... Бәрінен де Ойылдың бір азаматы бастық болғанын естігенім олжа болды. Бір күндік сүт азар болса, соның жолына садақа» деп ойлады ол. Жартыбек сүйретпесін енді итере берейін дегенде, долылардың екі-үш арбасы жолдан бұрылып келіп жандарына токтады. Арбадан балаларын шұбатып шулап түскен долы әйелдер мүны қоршап алды. Құдайдың сүйген құлы екенін айтып, садақа сүрады. «Бал ашайын, ертең не күтіп түрғанын айтамын», — деп басын шыр көбелек айналдырды. «Қолыма екі жүз теңге сал», — деді ішіндегі ең жұлқары алаканын жайып, басқалары оның сөзінен сәл басылып, ақырын андыды. Жартыбектің бары жолға





деп алғаны жүз теңге еді, оны берді де, басқа жоқ деді. Қатындар шуылдап кетті. Осындай мырза жігітке акшасын аяған жараспайды деп кеу-кеуледі олар. «Сені тура бүгін үлкен қуаныш күтіп тұр. Енді жүз теңге сал, айтамын»,—деді. Жартыбек қатты қысылды. Мырза жігіттің қалтасынан ақша шықпауы қандай қорлық. «Сүтімді ал»,—деді сасқанынан. Әлгі аузын ашып иіскеп көрді де, өз тілінде айқай салды. Әп-сәтте біреуі сүтті тура сондай бидонға қотарып алып кетті. Мұның айтып тұрған куанышы сол шығар. «Балаң бар ма», — деді долы әйел. «Бар, бар», — деп елпектеді Жартыбек. «Жұмыс істемейді ғой, ә, — деді долы әйел. — Өзің де жұмыс істемейсің». «Солай, солай». «Жақында екеуің де жұмысқа тұрасың», — деді долы әйел. Жартыбектің көңілі тасып кетті. «Ойыл бастыққа бару керек» деп шешті ол ішінен. «Қанына тартпағанның қары сынсын. Баламды қарамағына берейін, ал қарға карғаның көзін шұқымайтын шығар, бір ауыз айтса, Жасын бастық сөзін жерге тастамас».

Басына осы ой келісімен, ол дереу сүйретпесін итеріп, ауылға қарай жөнелді. Біреудің атын сұрап мінсе де, «Маркске» барып қайтады. Ойыл бастыққа бар мүңын айтады жыр қылып, арасында Ширекбектің арам ойын да білдіріп қою керек. Біліп жүрсін, көрдің де бұларды. Сүттен түсетін теңгенің орнына осы ойды олжалап келе жатқан Жартыбектің көңілі көтеріңкі.

Ал Ширекбек болса, аялдамада әлі тұр қаздиып. Базарға болмаса да ауданға әйтеуір бір жетпек. Өйткені жанқалтасында Ойыл бастықтың үстінен жазылған қат-қат арыз бар. Соны жөнелтпек. Жартыбекпен болған жаңағы әңгімесін ертеңге қалдырмай, не болса да бүгін бітірмек.

Шілдеде сартап болған сардалада кәрінің сирек тісіндей селдір-селдір ауылдар жатыр. Кешегі «Маркс» пен «Лениннің» бөлімшелері. Бүгінде бодандықтан құтылып, азаттық алған ауылдардың азаматтарының да көбісінің қолдары босаған.

БЕРІКБАЙ - БЕКЕНТАЙ - БЕКЕҢ



Берікбай Түсіп қарияның кенжесі еді, кенжесі болғанда елуден асқанда көрген жалғыз ұлы. Бірақ анау айтқандай бұзықтығы болмайтын. Жалпы, бұл ауылдың балаларынан ондай әдет көп шықпайды. Біздің үйдің «биі» айтқандай, «құмның ішінде малмен бірге жайылып жүрген қазақпыз». Ал әйелім жоғарғы тау жақтың кызы. Сондықтан ба, кейде таудың суындай арқырап кететіні болады. «Құмбел» аталатын бұл шағын ауылдың адамдары үлкен- кіші демей, ерте тұрады. Ересектері жұмысқа кетсе, балалары бір- бір есек арбаны алдарына салып алып, арық-атыздың жағасынан, сай-сайдың табанынан шалғымен, болмаса қол орақпен шөп орады. Кейбіреуі кетпенмен жантақ шабады. Күн қыза қайтып келіп, терезесін тұмшылап тастаған салқын тамда түс қайтқанша дамылдайды. Ал бесіннен әрі қарай әлгі шаруа тағы бір рет қайталанады. Әрине, мұның арасында балалардың Беларыққа барып шомылатын кезі де болады. Олардың арасында өзен дегенді естігенімен, әлі көрмегендері де көп. Өйткені өзен ауылдан он- он бес шақырымдай жоғары өтіп кетеді де, балалар арықтың суын айдындай көреді. Сол Беларыктың өзі көміліп бара жатқандықтан, құдайға қараған біреу экскаватормен қазып, әжептеуір әуіт жасап койган.

Кешкі салқында қолы бостау балалар мектеп жанындағы спорт алаңына толып кетеді. Олар футбол, волейбол ойнайды, турникте жаттығу жасап жарысады. Енді ептеп шекісетін кездері де болады. Бірақ оның бір ушығып кеткенін естіген жоқпыз. Әрі асқанда мектептің қарауылы Байсал ақсақалдың қабағын түйіп алып, бір-екі зекуімен бітісетін.

Қыстыгүні де бұл ауылдың, балалары мектептен қолы босаса- ак, үй шаруасымен болады. Екі үйдің бірінің байлап отырған соғымы бар, әкесі мінетін торшолақ тағы тұр, Осыларға жем беріп, шөп салу, астын, үстін тазалау, құдықтан суару, бір мезгіл серуендету баланың жұмысы. ¥л демей, қыз демей, екі шақырым жерден есекпен, болмаса әкпішпен су таситын да солар. Өйткені, бүл ауылда тұщы су жоқ. Қызық қылғанда, әлде қырсық кылғанда, сол тұщы суыңыз колхоз ірілендірілген кезде көшіп кеткен ескі қоныстан табылып, күн сайын сонда сабылады. Ол шаруа біте бере, сексеуіл жару міндеті тұр. Өйткені тас көмір дегеніңіз бүл өңірде ұшпайды. Совхоздың жүз елу шақырым жердегі темір жол бойынан тасыған тас отыны барша жұрттың колына түсе бермейді. Айналайын, береке дарыған құмның сексеуілін сындырып, трактордың тіркемесіне тиеп әкелу де негізінен балалардың мойныңдағы шаруа. Уақ малдың астын тазалап, шөп шашу, жаңа туған қозыны ауыздандырып, енесіне телу, арық-тұраққа жем беруді қайтесің. Не керек, қыстың қысқа



күнінде бір тынбайды. Бірақ баланың аты бала емес пе, үйдегі оқуды қайдам, әйтеуір ойынға уақыт табады. Анау айтқан мұз болмаса да, конькисіз хоккей ойналады, қар үстінде шанамен де сырғанайды. Ал оған да мүмкіндік болмай қалса, кұмаққа барып күреседі.

Берікбай да солардың арасында өскен өспірімнің бірі ғой. Бала кезде бұзықтығы білінген жоқ-ты. Бірақ көңіл-хошын таппасаң қырсығып қалатын мінезі бар ма деп қалғанмын. Бірде кешқұрым жоңышқа шауып жатыр едім:

  • Ассалаумағалейкем, тәте, — деп Берікбай келе қалды.

  • Уәликумассалам, ой осы ауылда сенен түсінікті бала жоқ, ағаңның жалғыз мықшындап жатқанын көріп келдің ғой. Рақмет айналайын, ана шалғыны ұстай ғой,— деп мен де жабыса кеттім.

Берікбай қатарласып жүйекке түсті. Сол кезде сусын әкелген апам:

  • Мынау Бүйенбай ма, ей, — дегені. Сол-ақ екен Берікбай колындағы шалғыны атып үрып, үн-түнсіз жүрді де кетті. Оның екі беті бүртиып, шекесі торсиып, бөксесі бұлтиып, өзі домаланып тұрғандықтан, жеңгелері Бүйенбай дейтін. Апамның қайтадан «Берікбай-ау» деп «түзету» бергеніне қарамады. Томп-томп басып кете барды.

  • Құданың кұдіреті, мінезі аумаған жәкемнің өзі,—деді апам.

Ол кісі де көңіліне кідік алса, алдындағы жаюлы дастарканға

қарамастан, кетіп қалушы еді.



  • Берікбайда мінез бар,— дедім ойнап. Көресіздер, түбі одан бірдеңе шығады.

  • Әй, қойшы,— деді апам.

Он жылдықты бітіріп, окуға түскеннен кейін Берікбай мінезіне мінез қосыпты. Алдымен ол Құлан ауылындағы мал шаруашылығы техникумына кеткен. Өйткені, сол жерде бір әпкесі тұрушы еді. Келесі жылы Түлкібастағы су құрылысы техникумына ауысыпты деп естідік. Онда бір әпкесі мен жездесі жұмыс істейтін. Үшінші жылы Берікбай Шымкенттің сауда техникумынан шаң беріпті деген хабар жетгі. Бұл да Түсекеңнің бір қызының тұрмыс құрған жері.

Ол ауылға келіп-кетіп жүргенде бір байқағанымыз — киімге деген талғамының өскендігі. Бұтта американ джинсиі, аяқта арнайы тігілген биік өкше туфли, алды кестеленген кызыл, көк көйлектер біздің ауылдың адамдары тұрмақ, облыс орталығына жұмыса ауысқан менің де көрмеген киімім. Қымбат курткасы да кез келген кісінің қолынатүсе бермейтін бұйым. Осының бәрін киіп алғанда, Берікбай бойы бұрынғыдан бір карыс биіктеп, әжептеуір көрікті жігіт болыпты.

Берікбай мінезіне мінез қосыпты дейтініміз — алғашқы жазда келгенде кешеде көріп, бәріміз сүйсіне қараған ініміз кешкітұрым



ауылға кыдырып келген құда баламен төбелесіпті. Төбелес
болғанда біздің ауылдың балалары құсап бір-бірінің жағасын
жырткылап, «ұршы кәне, ұршы кәне» деп тұрып алмапты.

Салғаннан қойғыласып, тепкілесіп кетіпті. Әйтеуір үлкендер
араласып, ажыратып жіберген. Техникумда оқиды дегенің
болмаса, ойын баласының аз-ақ алдында ғой деп онысына онша мән берген жокпыз. Бала деген шекіседі, бекіседі...

Ал келесі жылы ол арақ ішуді ауылдағы ағаларынан кем
игермегенін байқатты. Тіпті оның бұл саладан өткен екінші
м
ектебі мықтылау ма деп қалдым. Бұл жолы да сенбі, жексенбіге. ауылға келіп жатканмын. Таңертең немере ағамның әйелі келді. Оның апама түнгі жаңалықтарды таңертең, күндізгі оқиғаларды кешке баяндап кетуі парыз сияқты.

Бүйенбай түнде масқара болды, - деді ол кіре сала көкеме
сәлемін жасар-жасамастан.


  • Е, байғұс не болыпты? — деп апам да іліп әкетті.

- Қудай салмасын, қырғын салды ғой әбден, түндегі айқай-
шуды естіген жоқсыздар ма?

- Қайдам, у-шуда шаруамыз жоқ, — деп апам байсалдана
қалды.

Не керек, Берікбай өз қатарларымен отырып ішеді. Ішкенде
жай ішпейді, өткен мектебінің үлгісін көрсетіп бір қағып тастап жең иіскейді, енді бір тартып жібергенде темекінің түтінін ғана сорады, акырында әлгілердің әр түрінен коктейль-қойыртпақ жасайды, әйтеуір білгенін істейді. Мұның бәрі мейлі ғой, сыртқа шыққан соң жолдастарын жекпе-жекке шақырады. Дәл сол кезде жаркын-жарқын шыққан дауыстары жақын жерде түратын жеңешесінің үйіне естіледі. Ол келіп, «қайт енді» десе, көнбейді, әкпесі келіп сүйрелесе, журмейді. Ақырында хабар ағасы Жалпаққа жетіп, ол ай-шайға қарамастан, бүкіл ауылдың жігіттерін жекпе-жекке шақырып жүрген батырды үйге байлап алып келеді. Жолда үш-төрт құлап кетіпті. Сол кезде Берікбай «у-ух, түсінбейсіңдер мені» деп, басын тақыр жерге тарс-тарс ұратын көрінеді.

  • Ішінде тынжысы бар гой, — дедім мен мүны естігенде. —
    Кор
    есіндер, әлі түбінде Берікбай озады.

  • Қойшы соны, — деді апам тағы да.

  • Бүйенбай адам болса, мұрнымды кесіп берейін, — деді
    жеңешем.

Келесі жылдың мамырында (бұл Шымкенттегі кезең) Берікбай оқуында жоқ екен, кайда жүргені белгісіз деген хабар естідік. Ауылға сұрау салған соңдағы жездесі көрінеді. Көп ұзамай оның бүкіл әпке-жезделерін аралап қаражат жағдайын жақсартып алғаны, бірақ біреуінің үйінде де жоқ екені анықталды. Мұны естігенде ертедегі пайғамбарлар мен олардың үрім-бұтағы туралы






аңыздарды оқып, о дүниедегі өмір жайлы толғанып отыратын Түсекең түс көріп оянғандай болды. Қырык жыл қой бағып, бұл дүниедегі борышымды өтеп болдым дегендей, таза тақуалыққа көшкен атамыздың, балаларының не істеп, не қойып жүргенінде соңғы жылдары көп ісі болмайтын. Оның үстіне, елуден асқанда әзер көрген жалғыз ұлының «бетіне қарап сөйлемеймін, әйтеуір аман жүрсе болды» деп, о баста берген сөзі бар көрінеді. Сол бала кезбе болып кетіпті деген соң Түсекең таяғына сүйеніп, іргедегі төсегінен тұрды. Тұрды да кемпірге де, қыздарға да қырғидай тиеді. Алдына келгенін көзінше, келмегендерін сыртынан сыбады. Інісі Жалпақты бидайдай куырды. Қу жалғыздың күйігі қойсын ба, Түсекеңнің тақуалығы қараң қалып, баяғы қаһарына қайта мінді.

Жасында қытымыр болған дейтін жарықтықты.

Үлкенді сыйлап өскен ұрпақпыз, ағасы айқайға басқанда «Жаппарқұлда жан бар ма», Жалпақ он күндік жалақысыз демалыс алып, жолға шықты. Бірақ еңбегі еш болып қайтты Бар алып келген дерегі — бір жерлесі Алматының вокзалында көреді. Жанындағыларын танымайды. Берікбай осында тойға келіп, қайтып бара жаткандарын айтады. Шымкентте бірге оқыған баласы Ташкентке кетіп бара жатқанын көрдім депті «Желді даладан іздегендей» жүген-құрығы сыпырылған Берікбайды үлкен қалаларда өзі әрең жүретін Жалпақ қайдан тапсын, «аһылап, уһілеп», қайтып оралды. Милицияға беруге арты не боп кетеді деп ойлайды. Мұнысын ауылдағылар құптады.

Әйтеуір аман екенін естіп, томырылып тілсіз қаяған Түсекеңе

Кебенек киген ер келеді,— деп жамағайын жеңгесі Үржан басу айтты.



Сөйтіп жүргенде шынында да Берікбайдың өзі келді. Содан үйінен ай бойы шықпай қойды. Төсектен тұрады, түзге отырады тамақ ішеді, қайтып жатады, қайтып тұрады. Баяғы киімнің үстінде жұрнағы да жоқ. Аяқта жаңқаланған жайтабан, бұтта тізесі тесілуге таянған шалбар, көнетоз көйлекпен қайтыпты. Ала жаздай қайда болғанын, не істегенінен жақ қашпайды. Жалпы сөзден қалган. Шешесі байғүс «Бекентай ет жеші, сорпа ішші шайды ысытып әкелейін бе, құрттың майлысы ма, тұздысы ма, қаттысы керек пе, жұмсағын әкелейін бе?” деп асты-үстіне түсіп бәйек болып жатқанда да, анда-саңда бір түсініксіз күңк ет қалады да, меңіреуленіп отыра береді. Үйге «ассалаумағалейкөм деп кіріп келген үлкен-кішіге де мақау кісі қүсап, қолын үн-түнсіз үсынады. Екі апта өткеннен кейін барып, кешқұрым бір мезгіл өзімен бірге оқыған екі-үш жолдасымен ұшырасып жүрді. Соларға сыр ашқан ба, әйтеуір ауылда, несін айтасың, Берікбай бұзақыларға қосылып, әрең құтылып шығыпты деген сыбыс



шықты. Қасқырға таланған бұралқы ит те құйрығын жымқырып алып, ауылға карай қашады ғой, бұзақылардан шын құтылып келсе, онысы дұрыс болған екен, шекесіне шын тиіпті, енді тентектігін тастар деп койдық.

Мұны естіген жеңгелері Бүйенбай деген жанамасына шпана дегенді қосып, «шпана Бүйенбай» деп атайтын болды.

Жалпы, «аюға намаз үйреткен» таяқ емес, әйел болу керек. Жеңгелері сөзбен шымшылап жүріп,қайындарының тілін қайта шығарды. Ол енді әзілге әзілмен жауап беріп, баяғысындай көмекейінен күлетінді шығарды. Бұл кезде өзі де қоңданып қалған. Ауылда жатқанына айдан аскаңда,суалып кеткен екі жағы толып, қайтадан бұртиған ұрттарының ұшына қызыл жүгірді, тіпті қозы карны да білінді. Бір күні қалаға барып биік өкше киіп келіп, аяғын былқ-сылқ басатын болды. Күзде туған Күйекбай құрдасының туған күнінде болып келгелі бірінші рет көпшілікпен

араласты. Бұл жолы үйге айқай-шу шығармай, көзі-басы көгермей, аман-есен оралды.

Есесіне Берікбай ауылды келесі базар күні шулатты. Түн ортасы ауа оның біреуді әке-шешеден жіберіп жатқанын естігендер бар. Әкесі бәрінен үлкен болғандықтан, қатарлары оған зіл сақтай қоймайтын. Естігендер де мән бермепті. Ертесіне білдік,тағы бір қатарының үйінде жастар жиналып кеш өткізеді. Кеш аман-есен-ақ тарқаған екен, бірақ былай шыққан сон, біразы ажыраса алмай, әрі-бері ежіктесіп тұрады. Сол жерде қу жақ Құрсыпа бұған «шпанасың» деген бе, әлде «штансыз жалаңаяқсың» деген бе, әйтеуір бірдеңесі бар. Обалы не керек,Берікбай алдымен қой, әйтпесе «круто» жіберемін деп ескертіпті. Болмаған сон, жіберіпті.

Дәл сол түннің ертеңіне таңертеңгі шайдың үстіне ағасының үйіне Жалпақ келді. Дастарқан басында Түсекең кемпірі екеуі ғана еді. Берікбай болса да тұрмаған.

Мына бала өстіп жүре бере ме? — деді Түсекең, інісі кесені қолына алғанымен, әлі аузына апарып үлгерместен. Соған қарағанда, шалдың шыдамы таусылып отырған болу керек.

Жалпақтың да құлағына түндегінің сыбысы жетіп ширығып келген.

Аузына ақ май тосып, айналайынмен семіртсеңдер жүре бермегенде қайтеді? — деп шақ ете қалды.

— Біз не істейміз енді, не істейміз? — деп Орынбала шыр-пыр



болды.

  • Не істейсің? Емшегінді еміз өгіздей балаңа.

Бұл сөзге қемпірінен бұрын Түсекең тыз ете қалды.

- Тауып бермейсің бе енді біреуді, аяғына тұсау түссін.

- Тағы кетіп қала ма деп қорқамыз, — деп Орынбала қосып қойды.





  • Үйлендіретін қай халдерің бар? Есігіңнің алдында қара сиырдан баска караң жоқ. Мал көбейтер жігіттің жатысы анау.

  • Жалғыз биенің былтырғы тайы биыл құнан шықты ғой, — деп Орынбала тағы қыстырылды.

  • Қыста не жейсіндер?

Бұл сұраққа да шалы жауап қатпаған соң, кемпірі батылданып Несиеге шығатын да, одан арғысын тағы көрерміз, — деп жауап қатты.

  • Қыздарыңды қинайын деп отырсың ғой тағы да?

Жалпақ жеңгесінің арғы ойын ашып салды. Ашып салды да

  • Әй, күйеу балалар да момын екен. Қыздарың шетінен мұрнын тескен тайлақтай ғып жетектеп алған ә, — деп қосып қойды.

Түсекең де, кемпірі де қозғалақтап қалғанымен, жауап қатпады. Соны байқаған Жалпақ:

  • Жұмыс істесін одан да жалғыздарың, біраз шаруасын түзесін,— деп ағасы мен жеңгесіне сынай карады.

Сәл үнсіз отырған Түсекең байлауын бір-ақ айтты:

  • Жұмыс та тауып бер, аяғына да тұсау сал.

Енді Жалпақ ойланып қалды. Шынында да, Берікбай жүмыс

істеген күнде де үйлендірмесе, кайдағы жиын-той, арақ пен шатақтың ортасында жүргені жүрген. Шаруаны ойлау, кәрі әке шешесінің жағдайына қарау әзір санасына кірер емес. Әйел алса ең болмаса сонысы ыңылдап жүріп ой салар. Жұғымды болып шықса, жанына жіпсіз байлар, адуындау болса, алдына салып айдап алар.

Сонымен, Берікбай жорықтан қайтқан батырдың ұйқысын соғып жатқанда, әке-шешесі мен ағасы ұйғарым да жасап қойды. Олар жүмыстың ыңғайы мен үйлеңдірудің қам-қаракеті туралы біраз кеңескеннен кейін Берікбайды оятты.

Бұл екі мәселеге Берікбайды мойынсұңдыру үшін Жалпақ біраз бопсалап алды. Алдымен, әрине, түндегі «ерлігін» бетін шыжғырып басты. «Адам болмайсың, әуейсің, тірлікте шаруаң жоқ, түрмеде шірисің, тұқымсыз өтесің, бұл ауылдың қыздары саған карамайды, әке-шешесі сендей бұзақыға, да, еш бездельникке қызын бермейді» деген сияқты сөздердің талайы кетті. Үшеулеп отырып, бір бие сауым талқылағанда, соншама сұраққа алғанда Берікбайдың аузынан екі-ақ сөз шықты. Неге төбелестің дегенде «өзі ғой, өзі ғой» дей берді де, ал үйленетін қызың бар ма деп қадала сұрағанда «табамыз ғой» деп күңк етті.

Келесі сенбіге жеткізбестен (жетсе кім біледі, тағы бірдеңеге ұрынып жүре ме), сәрсенбінің сәтті күні қалтасына қаражат салып беріп, ағайын Берікбайды қалаға аттандырды. Уәдесі бойынша сенбі, жексенбінің бірінде келінмен бірге шаң беріп қалмақ.



Бұл екі ортада Түсекеңнің ауылда тұратын қызы бала- шағасымен келіп,үй әктеді, көрпе-төсекті кағып-сілкіп,кемпірдің бірді-екілі қызылды-жасылдары мен ақтыстыларын шығарды.Есіктің алды да қоқыстан тазарып, тәртіпке келтірілді.Оқымбайдың дүкенінен несиеге ұн мен күріш, кәмпит, печенье, арақ та алынды.

Алайда межелі мерзімде келін тұрмақ, Берікбайдың өзінен хабар болмады. Қайтып айналып сәрсенбі келді, жоқ.Енді мұндағылардың көңіліне сол құрыған кемпір-шалдың ақшасын алып,баяғы куларына қосылып кетіп калдыма деген күдік ұялады.Қойшы, әйтеуір бай жұманың түнінде бір машина кірді-

Ау бебеулетіп Түсекеңнің көшесіне. Түсекең мен кемпірінің қуанышын суреггеп уақыт алмай-ақ қояйық. Біздің әңгімеміз

Берікбай туралы болғандыктан, соның жайын одан әрі баяндай

берейін.


Ол батырдың жүретін қызы жок екен. Қаланың әр жерінде әр тірлікпен айналысатын біздің ауылдың жігіттері жағдайды естіген соң шұғыл іске кіріседі. Алғашқы күнгі бас қосуда-ақ Берікбайды үйлендіру «операциясының»жобасы жасалады. Сол бойынша жедел түрде үш-төрт туған күн кеші қатарынан ұйымдастырылып, оған пединституттың төрт-бес қызы тұрақты шақырылады да, соның ішінен біреуіне жіп тағылады. Оны қыз білмейді, әрине. Сонымен, бай жұманың кешіне тағы бір туған күн белгіленеді. Бірақ жігіттердің мақсаты әлгі қызды жатақханасынан шығару ғана. Сөйтіп, жоспарланған «операцияны» жүзеге асыру, яғни, сәтін салса, қызды алып қашып, ауылға әкеліп, Түсекеңнің үйіне келін етіп түсіру.

Белгіленген мерзімде батылдық үшін «жұқалап» алған біздің ауылдың болашақтары жатақхананың жанындағы қараңғылау бұрышқа келісімін алған қара «Волганы» әкеліп қояды. Қояды да қыздарды шақырады. Ішінде біреуі пысық екен, ауылдан келген сіңлісі екеуі бұрынырақ шығып, «Волгаға» мініп жайғасып алады. Ал жігіттеріміздің жіп таққан сормаңдайы киімдерін енді үтіктеп жатса керек. Уәделескен мерзімінің болғанын білмей қалған ұмытшақ па, әлде жай қимылдайтын сылбыр ма, бәлкім кергігенді қалайтын сылқым ба, кім білсін, әйтеуір дайын емес екен. Бұл екі арада одан әрі батыл бола беру үшін «қалыңдатыңқырап» қойған болашақтарымыз шынында да батыл шешімге келіпті. «Әй, ол қызды да онша танымаймыз, мынаусы дайын отыр, әйда, тарттық ауылға» деседі. Әрине, қыздарға: «туған күн болатын үйге алдымен сендерді апарып тастаймыз, әйтпесе мәшинеге бәріміз сыймаймыз» дейді.

Қара «Волга» қаладан шығып кеткенін көргеннен кейін қыздар ойбайды салмай ма. Екі жақта екі жігіт, есікке жолатпайды. Соған қарамастан, болашақ келін олай да бұлқынады, бұлай да





бұлқынады, теуіп те жібереді, тістелеп те бағады. Болмаған соң, жүргізушіні қорқытады. Бірақ ол сабазың қыңбайды, сөйтсе мәшинесінің нөмірін балшықпен сылап тастағаң екен. Қыңбақ түгіл біздің жігіттерге ұрыскан больш, болашақ келіннің өзін айыптайды.

  • Тастаңдар мына қызды, мұндай өзі ұрысқақ, өзі еркекті тебетін қыз келін болып жарытпайды. Кай мұсылманның қызы еркекті теуіп қорлаушы еді? Мен сендерге қазір-ақ мынау деген қыз тауып беремін. Құдайға шүкір, қазақта «бойдак кыз» жетеді, — деп бопсаламай ма. Сөйтсе, болашақ келініміз әжептәуір жуасып, бір кезде «мені кайсың алмақсың?» — депті.

Қыз сауал салған соң, енді біздің Берікбай шығады. «Мен сені аламын», — дейді. «Осыдан кетіп қалсаң, осы жерде өліп қаламын», — дейді, «түбінде жұрттан мықты адам болып шығамын», — дейді. Ал қалғандары Бекеңді жатып мақтайды. Қойшы, әйтеуір, әйелдердің де қау-кауынан есі шығып үйретілген асаудай болып қалған ба, орамал саларда онша қарсылық көрсетпеді.

Бірақ кейін тепкіш келін атанып кетті.



Келін бастығып жүрегі орнына түскен соң, Бекең кекірейсін.

  • Әй, екеуін бірдей алып келген ерсің ғой,—деп қалжыңдаған жеңгелеріне:

  • Жастау екен, сіңлісін алсам қайтеді? — дейтін көрінеді. Ол әңгіме Жалпақтың құлағына жетіп, енесін екі-үш боқтатқаннан кейін барып, тыншыпты. Әрине, шұғыл түрде «сухой законға» көшірілген.

Ертеңіне Жалпақ құдашаны көйлек-көншегін кигізіп, өлі- тіріні әкеткендерге қосып жіберді. Ал келін оқуына қайтқан жоқ, Сөйтсек, оқудан шығыңқырап, өзі де ауылға қайтудың ретін табыңқырамай жүр екен. Сол кезде «зытайын деп тұрған киік еді, санына таяқ тиіп едінің» кері келіп, біздің Берікбай кездесе кетіпті.

Тепкіш келін пысық болып шыкты. Орынбала кемпірдің ыдыс-аяғы жарқырап, үйі де иіс-қоңыстан тазарып қалды. Ал бір- екі аптадан кейін Берікбай екеуі бүзау бағатын болып, ауылдаң үш шақырым жердегі Ідан базға көшіп барды.

Өткен қыста совхоздың жүз шақты сиыры кем шыққан Сиыршы Кұмағұлдың қырып алғаны, әлде бірен-саран басшылармен бірігіп, жаратьш жібергені, болмаса сыйлық аламын деп, төлді асырап көрсеткені белгісіз, сірә, бәрі болған-ау, әйтеуір алдындағы ірі қараның үштен бірі жоқ екен. Содан ұжым, аренда нарық, есеп дегендерің айдалада қальш, ауыл басшылары айналып келіп бүл мәселені ағайынның, ортасына салды. «Өлтіресің бе» дегенде егіліп кететін елміз, жиырмасын Құмағұлдың өзі, қалған сексенін екі түтін бір қарадан төлейтін болып шешті ақсақалдар. Жылу жиналғанша күздің қара суығы келді, алғашкы қар да түсті,



Оның үстіне қазақ қайбір сүтті қызын береді дейсің», жиналған тананың көпшілігі арық, бөксесін әрең көтереді. Әйтеуір ірі қараның санын толтыру үшін кейбіреулер өзінің күйлі торпағын қимай, базардан қайдагы арық-тұрақты іздеп жүріп сатып әкелген. Енді солар қырылып қалмау үшін оңаша күтімге алуды жөн деп шешіпті. Бірақ мұндай көтеремдерді бағатын адам табылыңқырамай жургенде, Жалпақ Берікбайды өткізіп жіберген.

Сонымен, Берікбай мен тепкіш келін бақташы болды да

шықты.


Қатты қыс қайталанады деген рас-ау деймін. Сол жылы

қарашаның суығы желтоқсанның қақаған қарлы аязына

ұласты.Бірнеше жыл қатарынан келе жатқан құрғақщылықтан шөпті аз жинағандар оған әжептеуір абыржыды. Өйткені уақ малы қолға қарап қалды. Қардың қалыңдығынан, ерніне ештеңе ілінбей, даладағы суалып кеткен сиырлар тана-торпағын соңынан шұбатып келіп, қорадан шықпай койды. Қыс осылай созыла берсе, .азғантай шөптің жетпесі анық.Жұртка жайшылықтың өзінде шөп сатпайтын совхоз енді бұрындары байқамаған болып қоя салатын ұрлықты да тыйды.

Сол күндердің бірінде демалысқа ауылға келе қалғанмын.

  • Жаңа көшеде Бекентайды көрдім, шақырсаңшы, сыбағасын

Жесін,- деді әкем түскі шәйдін үстінде отырғанымызда шешеме.

  • Бекенді біз шақырып қойып едік,— деді маған амандаса келген немере ағам мен жеңгем қосарлана.

Мен олардың кімді айтып отырғанын біліңкіремей:

  • Бекендерің кім?— деп сұрадым.

  • Өзіміздің Берікбай ше,—деді немере ағам.

Мен күліп жібердім. -

  • Оу, оны Бүйенбай деуші едіңдер ғой.

  • Қазір жарап тұрған сол,— деді ағай.

Сөйтсем, арық-тұрақты өлтіріп алмайық деп басшылар Берікбайдың алдындағы бұзауларға жем-шөпті аямай беріп жатқан көрінеді. Ал сиырын, тана-торпағын үйіне сыйғыза алмаған ағайын Берікбайды жағалайды екен. Кәшек-құшақ жесе де кыстан жан сақтап шықса болды деп соның қолына қояды. Онда да Берікбайдың тілін тапқандары. Әкемнің жаңағы өбектеуіне қарағанда, біздің үйдің де бірер қарасы сонда болу керек. Жайшылықтың өзінде бұрт ете қалатын Берікбайды енді Бүйенбай деп атап көр, айдап шықсын. Әрине, сиырларды. Сонымен, Берікбай енді Бекентай, Беке болыпты. Келіннің де тепкіш аты ұмытылып, үлкендер келінжан дейді екен.



КОММУНИЗМ МАРШЫ

Аймақтық партия комитетінің жаңа Біріншісі екпінімен тау қопарардай дауылдатып келді. Сайланғалы жарты жылға жуықтаса да қарқыны әлі бәсеңдейтін түрі жоқ. Пленумда бәрі бір кісідей қол көтергенімен, оны бұл өңірде ешкім білмейтін де, танымайтын. Жазылмаған тәртіп солай, жоғарыдан ұсынды ма, демек сайлау керек, Өйткені, ондағылар қателеспейді, әрі айтканы екі етілмеуі тиіс. Алайда «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген болмай тұр. Қарамағындағылардың қасындағылары да, қашықтағыларыда сырын ала алмай, сарсаңға түсуде. Жел жағынан жакындатпайтынның, ық жағынан иіс сездірмейтіннің өзі екен. Сондыктан бағыныштының бәрі бір тактикаға көшкен. Қолдан келетін, келмейтін шаруа болсын, ә дегенде бетіне келмей, «мақұл, орындаймыз» деп құтылады. Әйтеуір қаһарына алғашқы болып ілініп кетпеудің әрекеті. Қай бастық болсын, келген бетте кадрларды біраз тасша қағыстырып барып басылатын әдеті. Әзірге арындап тұрғанында желдің өтінен былайырақ болу керек.

Ал бастықтың қойып отырған талабы—тура партияның жаңа бағдарламасының өзі. Ол үнемі алдында жатады. Тапсырма берер алдында керекті жерін алып қалып (бұрыннан белгілеп отыратын болу керек), заулатып оқи жөнеледі де, жұмысты сондай етіп атқару керек екенін айтады. Қарсыласып көр содан кейін. Бүкілодақтық съезд жақында қабылдап, әлі ыстық-суығы басылмаған құжатты құраннан артық көріп тұрған кез.

Бірақ Біріншіні кітаби құр сөздің адамы деп айтуға да болмайды. Бағдарламадан шығара отырып, тапсырманы жалпылама емес, нақты береді. Оның қалай орындалғанын да қадағалайды. Соның бәріне қайдан уақыт табатынына кайран қаласың. Тіпті оның уақыт кестесін ешкім білмей-ақ қойды. Кеңседе қай мезгілде, түз жұмысында қай уақытта болатыны белгісіз. Өзге бастықтар баратын жеріне алдын ала хабар айтып, нөкер ертіп келуші еді, бұл кісі болса, ешкімді ертпей-ақ, ешкімге сездірмей-ақ жүріп кетеді де, ең алыс деген егістік басынан немесе мал фермасынан бір-ақ шығады. Қазір кеңсесінде отырса, бір сағаттан кейін түу сонау екі жүз шақырым Шу бойындағы шөпшілердің төбесінен ұшақпен тік етіп түсе қалады. Бүгін келмейтін болды деп, қаладағылардың жағасы жайлауға кетіп жатқанда, түнгі сағат он екі-бірде қайта оралып, бюро шақырып жібереді. Сонымен, қойшы, әйтеуір, алыстағы басшылар аспанға қарап, қаладағылары телефон күзетіп отыратын күйге көшкен. Байекең кейде көлік өзгертіп баратын көрінеді. Бірде «Волгамен» жүрсе, басқа жолы «Газикпен» дегендей. Содан да күтпеген жерден келіп, абыр-сабыр етіп кетеді екен. Ол кісі қала



маңындағы шаруашылықтың қызылшасын осылай “Газикпен” араласпайды. Сондықтан да жол бойында жайнап тұрған плантациялардан әрі өтіп кетіпті. Мұндайға үйренбеген сушылар да, олардың бригадирі де «мәу» демейді. Өйткені бұрын жоғарыдан келетін үлкен кісілердің қасында арнайы тобы — атқосшы-жәрдемшілері, мамандары, ауыл басшылары болатын, Тіпті олардың ұзын-сонар керуені арық-атыздардан өтіп, бір қолтықта жатқан бұл плантацияға келе алмайтын. Ал мынаның

жанында ешкім де жоқ, жалғыз өзі жәрбиіп шыға келген мәшинеден. (Ол кісінің бойы пәкене, денесі шағын еді.)

  • Бригадир кайсың?

  • Мен.

  • Ана жерге неге су шықпаған?

  • Қырат болған соң.

  • Қыратқа неге егесің?

  • Ол жерге келгенде сеялканы жауып коямын ба?

  • Тегістеуің керек еді.

- Сен өзі кімсің мені тергейтін?

- Біріншімін.



- Бірінші сен құсап жалғыз жүрмейді жалкий «Газикпен», айда марш, бетің тегістелмей тұрғанда.

Сәскелікте «моторын қыздырып» алған бригадир енді сақырлап келе жатканда, жергілікті басшылар сау етіп келе калып, абырой болыпты. Әйтпесе, аяғының немен тынарын бір кұдайым білсін. Олар Біріншінің бұлтың етіп мұнда бұрылып кеткенін кездейсоқ біліп қалып, жеткені осы екен.

Бригадирдің мінезіне не істерге білмей тосылыңқырап тұрған

Байекең оларды көргеңде кайнасын-ай, не керек, ит терілерін басына каптап, аралға қайтсеңдер де су шығарасыңдар деп бұйырады да, ертең келіп өзі тексеретінін айтып, аттанып кетеді. Үлкен кісі айтқан соң амал жоқ, осындағылар орындалмайтынын білсе де әрекетке көшеді. Арықтарды көтеріп, бар суды байлап бұрады. Бірақ нәтиже шықпайды. Қайта арықты бұзып, плантацияның өзге жерін қаптап, дақыл судың астында қалады.

Содан кейін олар Біріншінің алақандай егістіктен басқа шаруасы

жоқ дейсің бе, қайдан келсін деген көңілдегі күдіктеріне өздерін сендіріп, бәрі жайына кетеді. Сырын білмеген соң сол, ертеңіне сәске түсте Байекең тағы да сарт ете қалғанда, тура төбелерінен жай түскендей болыпты. Рас болса, ауыл бастығының есінен ауғаны сонша, аузын ашпақ түгіл, орнынан қозғала алмай қалыпты. Судың біраз жерге дейін жайылғанымен, өзге өңірді бүлдіріп кеткенін байкаған Бірінші таланынан тарс жарылады да, тағы келіп тексеретінін айтады.

Енді бұлар өзге амал ойластырады. Ауылда су таситын машина жоқ болғандықтан, біреуі қаланың көшелеріне су шашатын



машинаны алдыру керек деп ақыл береді. Бірақ аралдың айналасы түгел батпақ, өте алмайды. Содан ойласа келе, әлгі аралға суды түнімен шелектеп тасып, ертеңіне сәскеде түгел ылғалдандырып бітсе керек.

Біріншінің бұл қылығы ел құлағына тиіп, енді-енді сөз етіп жүргенде, аймақтың ат жалын тартып мінгендерінің арасында ұзақ жыл үмытылмайтын әңгімеге айналған.тағы бір оқиға болды. Байекең қауырт ңауқанның кезінде шаруашылықтарға өкіл жіберіп, олар күн сайын жүрген жерінің жағдайын өзіне хабарлап отыратын, әрі қалаға тек өзінің рұқсатымен ғана оралатын.

Бес саусак бірдей емес дегендей, адамның да мінезі әрқалай. Бағыныштының бәрін бір өлшеммен өлшеу мүмкін емес. Үлкен бір мекеменің Төкіш деген бастығы сондай бір шаруадан рұқсатсыз қайтып келіпті. Өзі анша-мұншаңнан каймықпайтын, майда-шүйдеге мазасызданбайтын, жаны жайсаң жігіт болса керек. Келген соң да үйінде бұғып жатпай, әңгіме іздеді ме екен, үлкен мекемелер орналасқан Орталык. алаңмен алшандай басып кетіп бара жатады. Дәл сол кезде Бірінші кеңсесінен шығады. Алаңда жүргінші көп, соның бірі болып бой тасалап зытып отырмай, Төкең ақкөңілдігі ме, әлде не істей қояр дейсің деген немқұрайдылығы ма, әйтеуір, арнайы бұрылып барып, «ассалаумағалейкем» деп сәлем береді.

Иә, қайдан жүрсің? — дейді Бірінші. Төкіш осындайда зу еткізіп айта салатын өтірігі жоқ әпенділеу кісі екен.



  • Моншаға түсейін деп келіп ем, әбден кірлеп кеткенім, -дейді ыржалақтап.

  • Немене, барған жеріңде су жоқ па,екен?

  • Бар ғой, бірак бала- шағаны да сағынып...

  • Келінде де шаруаң болған шығар?

  • Солайы солай ғой, хи, хи, хи.

Мекеме бастығы жайсаңдығына басып, жайдарылана күледі.

Бірақ онысы ұзаққа бармайды. Алдында ғана әзілдеп тұрған Бірінші:

  • Үш сағат мұрсат беремін, барған жеріңнен келгенінді білдіріп хабарласасың, — дейді де жүріп кетеді. Көңілі су сепкендей басылған Төкең мойны салбырап үйіне қайтып келіп, болған әңгімені әйеліне баяндапты. Жеңгеміз «ештеңе жоқ, сен бармасаң сол елдің малы қырылып қалады дейсің бе, бүгін қонасың» деп кесіп тастайды. Онсыз да денесі монша тілеп тұрған Төкең әйелінің айтқанынан аспай, сол түнді үйінде еткізеді, Оған кейін өкінді ме, жоқ па, өзі біледі, көп үзамай, осы Біріншінің орнынан алған алғашқы мекеме басшысы Төкең болғаны анық. Содан ел арасында әлі күнге дейін «келін күшті ме, қызмет күшті ме» деген сөз де калды.





Қалай болғанда да бұл оқиға «қолына қарға тышар» қызметі

барлардың айылын жиып өзін нағыз солдатша(партия солдаты,

әрине) сезінуіне себепші болды. Тіпті демалыс күндерінің өзінде басшылар қонаққа, саяжайға баруды қойып, әскерилерше портфеліне ауыстыратын іш киімі мен жуынып-шайынатын құралдарын салып,қашан, қайда жүріп кетемін деп, телефон аңдып отыратынды шығарды. Әділін айту керек,соның арқасында жұмыс жүрді.Кәсіпорындар мен фермалардың көрсеткіштері көтеріліп, құрылыс та қарқын алды. Тіпті идеологтардың да шаруасы жанданғаны сондай, түрлі ұран, плакат, көрнекі құралдар дегендер қаптап, лекция ұйымдастыру, мәдени-үгіт бригадаларын аттандыру қағаз жүзінен іс жүзіне ауысты.

Біздің әңгімеміз де Біріншінің осы идеология майданында тындырған үлкен бір шаруасы жайлы. Ол кісінің мінез-құлқынан әлгі мысалдар арқылы хабардар болсаңыздар, енді тікелей сол оқиғаға көшейік.

Осы салаға жетекшілік ететін хатшының көңілі тап сол күні аса бір тоқ еді. Енді бірер күнде курортқа — Қырымға жүріп кетпек.Бірінші келісімін беріп, бюроның шешімі хатталып та қойған. Қажетті дайындық бітіп, көңілін демдеп алғаң соң тәтті қиялмен Қырым жағалауын жағалап жүргенінде телефон шылдырлады. Үлкен кісі екен. «Мәлікті ерте кел» дейді. Бөлім меңгерушісін де керек еткеніне қарағанда мәселе маңызды болды. Бәлкім тағы бір бастама ма?Әлде?.. Жоқ, жаза басқан жері жоқ сияқты. Бұл уақытқа дейін тікелей берген тапсырманың бәрі орындалды. Кеше ел аралап келіп еді, сонда бір кемшілік көрді ме, әлде біреу бірдемені бықсытып айттыма? Әй, бұл идеология дегенің де ұшы –қиыры жок, өлшеуге келмейтін жұмыс. Бітті деп өмірі айта алмайсың. Өндірісшілер құсап, колымен ұстап көрсететін өнімің де жоқ шығарған. Кейде бір қаулыны жұрттың миына мың жерден құйғаныңмен, бір миғұла жокқа шығарып кетеді.Не де болса тәуекел, екеуі кірді. Бір тәуірі Бірінші көңілді екен.Әңгімені алыстан бастап, алдымен жылдың жақсы аяқталып келе жатқанын айтты. Содан соң аймақтағы алып құрылыстарға тоқталды. Үлкен су қоймасы салынып жатыр, әсіресе, химия зауыттарын айт. Әлемде теңдесі жоқ кәсіпорындар болмақ! Ленин не деді? Екеуіне барлай қарағанымен, жауапты өзі айтып жатыр.

«Коммунизм дегеніміз - Кеңес өкіметі және бүкіл елді электрлендіру» деді. Ал қазіргі жетекшіміз оны қалай дамытты? «Коммунизм дегеніміз — Кеңес өкіметі және бүкіл елді электрлендіру мен химиялаңдыру»деді. Вот, мәселе қайда жатыр! Бәрін химия шешеді. Бүкіл Одақтың назары қазір қайда ауып тұр? Біздің аймаққа! Ал біз сол химиямыздың маңызын дұрыстап көрсетпей, химик-құрылысшылардың рухын көтере алмай жүрміз. Ол үшін не керек?



Бірінші сәл үзіліс жасап, екеуіне ежірейе қарады. Оларда үн жоқ. Бәсе не керек? Бірін-бірі бажайлайды, одан алдындағы бастықтарының бетінен бірдеңе оқуға үңіледі. Бірақ үлкен кісінің көмекейіндегіні білуге көріпкелдіктері жетпей тұр.

Осылай қос қызметкерін қысылдырып барып:

  • Марш керек! — деді Бірінші салтанатты түрде.

  • Марш?!

Қатардағы хатшы ойланыңқырап қалды. Ал бөлім меңгерушісі бірден түсінсе де, бастығынан бұрын пікір айтуға батпай, бұғы отырды.

  • Иә, иә, марш керек біздің химияшыларға! — Біріншінің даусындағы салтанат бұрынғыдан да зорая түсті. Бөлім меңгерушісі одан әрі шыдамады білем:

  • Керек болғанда қандай! Марш мың үгітшіден артық әсер етеді халыққа, — деп салды.

  • Тамаша идея! — деді идеология хатшысы байыппен бастап баппен сөйлеп. — Тіпті бәріміз үшін ойлап қоясыз-ау, Байеке.

Артынан сөйлесе де, Жарас артылдырып айтты. Қанша дегенмен, Бірінші де пенде емес пе, Мәлік құсап идеяны құптап қана шектелмей, сол идеяны ойлап тапқан өзін мақтағаны жан дүниесіне өте-мөте жайлы тиді. Жүзі жадырап, одан әрі жайма шуақтана түсті.

Радио тыңдап жүрсіңдер ғой, — деді ол. — Шопандар маршы, Қызылшашылар маршы, Мақташылар маршы бар, ал коммунизмнің негізі болып табылатын химияшыларда неге марш болмауы керек? Логиканың өзі жетелеп әкеліп түрған жоқ па? Тек басты аздап жұмыс істету қажет.



  • Одан да оны «Коммунизм құрылысшыларының маршы» деп атайық та, — деп лып ете қалды бөлім меңгерушісі. — Tiпті ыкшамды болу үшін «Коммунизм маршы» десе де болады.

Идеология хатшысы Біріншінің аңысын аңдып, үндемей қалды. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» дегендей, Байекең ойын ол жаққа да жүгіртіп үлгерген екен. Тіпті, әуелгіде «Коммунизм маршы» деген атауды өзі де жобалаған-ау шамасы. Өйткені:

Әуелі шықсын, қалай қабылдайтынын көреміз,— деп қалды. Бірақ қабылдайтын «жоғары» екенін, әлде, халықты меңзеп тұрғанын ашып айтпады.



Сонымен, екі идеолог сәрсенбінің сәтті күні бүрын-соңды бұл өңірдегі партия қызметкері алмаған тың тапсырмамен шықты Біріншінің бөлмесінен.

Бірақ мерзімі тым шүғыл. Марш бір айдан кейін химия құрылысшыларының слетінде орындалуы керек.

Басшыдан шыққан екеуі енді орталарына баспасөз жөніндегі нұсқаушыны ала отырып ақылдасты. Қанша дегенмен, өнер



адамына жақындау жүретін қызметкер сол. Әрі қаламының желі

ақын жігіт. Тіпті, ән де салып жібереді.

Нұсқаушы осы төңіректегі ән шығарып журген екі-үш жігіттің есімін атап еді, хатшы мұрнын тыржитып, жақтырмады. Бұл кісі тым кірпияз адам болатын, Біріншінің алдында ғана елпілдегенімен, аспанға қарап,«көңілімді тап» деп отыратынның өзі, әлгілердің есімін естігенде оның көнек ерні дүрдиіп шыға келді.Біреуінің ішіп жүргенін көрген, екіншісінің тілінің тотияйыны барын жактырмадъі, үшіншісі тым жылаңқы ән шығарады екен. Не керек, ауылдағының барлығының «аузы сасық» болып шықты да, ақырында хатшының өзі, не де болса, астанадан арнайы шақыру керек деген тоқтам жасады. Көп ұзамай қолқа салатын екі-үш композитордың кандидатурасы сырттай анықталды. Олардың атак-дәрежесіне, жасына орай, үщеуімен үшеуі келіссөз жүргізетін болды. «Мақұл» десе, шұғыл түрде шақырып, арнайы резиденцияға орналастырмақ. Содан кейін химия зауыттарын аралатып, одан әрі көңілін көтеріп, желпіндіріп күнде бір сый-сыяпат жасап отыру қажет. Ықыласы құлаған өнершінің әуен шығарып жіберуі ғажап емес. Сәтін салса,он шақты күнде бітетін шаруа.Бұдан кейінгісі мәдениет бөлімінің жұмысы. Хорға үйретеді де шығады.

Бірақ жоспар оңай құрылғанымен, «кісідегенің кілті аспанда»

болып шықты. Сырттай сұрастырып, жан-жақты ойластырып

барып, өздерінше ен таққан композитордың біреуі үлке-е-н жұмыстан мойын бұра алмайды екен. Тәртібі тәуір деген тағы біреуі бұлардың көкейіндегіні бірден біліпті де, «сарай сазгерін

тапқан екенсіңдер» деп, телефонды тастай салыпты. Ал үшіншісі и кергіңкіреп барып келісті, келді, жағдайлы жерде жатты, желпінді, сый-сыяпат көрді. Бірақ жарты ай жүргенде марштың нобайын да шығармастан, бұларға да айтпастан, астана қайдасың деп тартып кетіпті. Сол жақтан айтқан сәлеміне қарағанда, тақырып бойына сіңбепті, сезім лабораториясынан өтпепті.

Сонымен үш идеолог сазға отырып қалды. Енді, міне, слетке бір апта қалғанда Біріншінің алдында бәрі бүлдіріп қойған баладай бүрісіп тұр.

«Адам тани алмайсыңдар, партия комитетін позоритъ еттіңдер, жауапкершіліктерің жоқ, партия сеніп тапсырған тапсырманы аяқсыз қалдырып, калай кызмет істемексіңдер, сендер партия жұмысы тұрмақ, қой бағуға да жарамайсындар!»...

Бұлар - үш идеологтың Біріншінің алдыңда жарты сағат тұрғанда естіген сөздерінің бірсыпырасы ғана. Қанша ұрысса да райынан қайтар, бұл енді қалған бір аптада бітетін шаруа емес деп кірген үшеуі. Қайда-а! Денесі шағын болғанымен, шақар адамның ашуы да басылмайды, алған бетінен де қайтпады.Тіпті, бұрын-соңды ешкім естіп көрмеген шұғыл шешім айтты.



  • Әнін сен шығарасың!— деді хатшыға ызбайлана қарап.

  • Сөзін сен жазасың!— деді бөлім меңгерушісінің кеудесіне нұқып. — Қашан біткенше осы кабинеттен шықпайсындар. Meн командировкадан келгенше дайын болмайды екен парбилеттеріңді қалдырып, қызметтеріңді тастап, кете беріңдер.

Осыны айтты да, Бірінші есіктен шығып жүре берді. Төбелерінен жай түскендей болған үшеу тырп етуге шамалары келмей, тұрған жерлерінде қалды. Ана екеуіне қарағанда жағдайы тәуірлеу нұсқаушы алдымен ес жиып, жан-жағына қаранып еді, олар әлі мәңгіріп тұр екен. Хатшы орта бойлыдан биіктеу болса да, үнемі иығын құс кондырардай қомдап, кеудесін кер ұстайтындықтан, қыл жуытпайтын костюмі денесіне құйып қойғандай конып, қызыл шырайлы жүзі мен қою касты қабағынан паңдана қарағанда өзгелерден ерекшеленіп тұратын. Қазіргі қалпында кеудесі кірігіңкі, иығы жиылыңқы, қабағы салбыраңқы көтеріңкі ерні кесек ет, беті боп-боз. Ол музыка жазады! Мына түріне карап, күлкіні қойып-ақ жібергісі келсе де, нүсқаушы өзін әрең ұстап тұр. Ең болмаса, домбыра тыңкылдата алмайтын Жарас музыка жазады, әрі үш күнде!

Бөлім меңгерушісі ортадан төмен бойлы, дөңгеленген етжеңді кісі еді. Жүмыстан ерте кетіп қалмас үшін, паспорт ауыстырған сайын жасын кішірейтіп, беті-басын бояп жүретіндіктен, бір қараған адамға кара шашты, аққұба болып көрінетін. Қазір екі ұрты солып, көз қалталары толып, шекесінің әжімдері атыздай-атыздай болып тұр. Тура желі кете бастаған аяқ доп дерсің. Мұндайда шаш дегенің заматта ұзара ма, түбінің ағы айқындалып шыға келіпті. Ауылдың алты ауызын айта алмайтын Мәлік өлең жазады, яғни акын!

Екінші болып есін жиған бөлім меңгерушісі нұскаушыны ала көзімен бір атып алды да, хатшыға мүләйімси қарады.

Әлден уақытта барып Жәкеңнің де көнек ерні көтеріле бастады.



  • Нығып калшиып қалдыңдар? — деді ол ыңғайсыздықты бірден ысырып тастағысы келгендей, қатқылдау сөйлеп. Өзі барып мәжіліс үстелінің бас жағына жайғасты. Қалған екеуі де дымдарын шығармаған күйі, рет-дәрежесін үмытпай орналасты. Тек нұскаушының жымырған ернінен жымысқы мысқылдың ұшығы қылтияды. Алапат - сәтте айырылып қалған паңдығы кайтып оралған хатшы соған карай бұрылды. Қалбағай басын әнтек жүлып алып, тамағын бір кырнап қойғанын байқамай қалды.

  • Әлгі Кебіс пе, Келіс пе, кім еді, әнеугүнгі айтып жүрген әуейің, соны бүгін іздеп, табасың, — деді хатшы нұскаушысына.

  • Табан астында қайдан, «үшарын жел, қонарын сай білетін» жігіт қой ол, — деп Қалбағай қашқақтай бастады.







Жәкеңнің «Кебісің бе» деп кемсітіп тұрғаны Келіс Сартов деген аты әжептәуір шығып қалған композитор, төрт-бес әні республикалық радиодан айтылып жүр. Қалбағайдың «қайдан табамын» деп бәлсінуінің басқа бір себебі осы хатшыға байланысты. Оқиға былай болған еді. Екі-үш ай бұрын Алматыдан аты аса әйгілі композитор келіп аймақты аралаған. Сол ағамыз қаладан жиырма шақырым жерде мектепте мұғалім болып істейтін Келісті алдырып, қайда барса да үнемі қасынан тастамай жүрді. Сыйлы мейманға хатшы да үй көрсетіп, дастарқанынан дәм татқызады. «Жақын танысасың, келешегіңе жақсы болады» деп, ол тартыншақтағанына қоймай, Келісті де ертіп барады. Отырыс қызады, колпаш сөздер қарша борайды. Келіс болса келгеннен-ақ назарға ілінбей, бір бұрышта бөлек қалады. Оны айтасыз,үйінде отырған соң ба, әлде мейманның көбісі күні түсетіндер болғандықтан ба, бірте-бірте қошеметтің көбісі астаналық мейманнан гөрі Жәкеңнің жеке басына, жұбайына, тіпті бала-шағасына ауысады. Бұл кезде елеусіз отырса да есе жібермеген Келісекең нағыз бабында екен, тіпті бабынан өтіңкіреп те кеткен бе,орнынан атып тұрып, қолындағы кесесін ары-бері аударып теңкеріп:

Кесені қолыма алып карай бердім,

Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп, — деп аңыратып қоя береді. Бөлме толы жасау-жиһазға, жарқыраған алтын-күміске жұрт енді біртүрлі басқаша қарайды.Ал анығында иесіне де, дүние-мүлкіне де көз тоқтата алмай, үндері де шыкпай ыңғайсызданады. Жүрттың жағдайында Келістің шаруасы жоқ:

  • Осы үйде екі ұлы адам отырмыз, солардың денсаулығы үшін көтеріңдер, дейді де өзі сылқ еткізеді. Басқалары не аларын, не алмасын білмей, хатшының аузын аңдып қалғанда, батылдау біреуі:

  • Қалғанымыз ше? —десе керек.

  • Қалғандарың қарын қамымен жүрген пендесіндер.

Естігің келгені сол ма дегендей, Келіс әлгінің бетіне ыржия қарайды. Өлік шыққандай үнсіздік одан әрі жалғасады. Есік жақтағы жастау жігіттің, біреуі бұл тығырықтан шығар жол іздеп:

- Таза ауа жұтып қайтсақ қайтеді, —деп, өзгеге байқатпастан, Келісті есікке қарай итереді. Жігіт күшін артықтау жұмсаған ба, әлде буындары босаңқырап тұрғаннан ба, өз еркінен тыс қозғалған Келіс алдындағының бәрін аударып кетіпті.

Қойшы, әйтеуір, осы оқиғаның ақыры Келістің жұмыссыз қалуымен тынған. Енді сол Келісті іздеп тап деп тұрған соң, әкімдікті армандап жүрсе де, өнер адамдарына іші бұратың Қалғабай «жұмыстан шығарып жіберіп едіңіз ғой» дегенді жұқалап бетіне басып, әрі өз бағасын асырып тұр.





Мәлік бәрін сезіп отыр. Сондықтан ол нұсқаушыны бұлталақтатпады.

  • Келісіңнің өрісін өзің білесің, — деді ол көзілдірігінің үстінен үңіліп. — Сенің білмейтінің жердің астында.

Қалбағай тосылып қалды. Өйткені, Мәліктің де білмейтіні жердің астында. Кеңсе жұмысының майын ішкен меңгеруші қарамағындағылар тұрмақ, бүкіл аппараттағылардың кіммен қатысатынын, қайда баратынын, кімді жамандап, кімді мақтайтынын жіпке тізіп отырады. Ақын болған соң нұсқаушының да осындағы санаулы өнер адамдарымен қосыльп анда-санда желпініп кететіні бар. Меңзеп отырғаны сол. Еш шегінерге жер қалмаған. Қалбағай көп ұзартпай, кезекші «Волганы» алып, Келісті іздеп кетті.

Бірақ ол бөлім меңгерушісі айтқан белгілі өрісіне таптырмады. Пәтерінде де жоқ болып шықты. Қаладағы барлық таныстарынан, алыс-алыс аудандардан да сұрастырылды, тек көшелердің қалтарыс-қуыстарынан да іздестірілді. Iз шалынбайды. Ақыры екі күн өткеннен кейін барып хабары шықты. Ол ұзап ешқайда кетпепті, аймақтық партия комитетімен бір көшенің бойындағы «айықтырғышта» жатыпты. Күнді қаладан «көңілін көтеріп», кешкілік ауылына қайтуға автобус тосып тұрған Келісті милиция ұстап алып, жауып тастайды. Ертеңіне олар, өзге майда-шүйдесімен бірге қалтасының түбінде қалған азғантай ақшасын кайтармайды. Қайта «өзің ішіп қойып бізге жала жауып тұрсың» деп бәле салады. Ішкені болмаса бүлдірген ештеңесі жоқ, қорғаушысы тонаушы болып шыкқанына күйінген Келіс қырсығып, айып төлемей қояды. Тіпті, милициядағылар «танысыңды шақырт, өзің барып қарыз алып кел» десе де көнбейді. Еңді Келіске қырсыққан милиция он бес тәулікке соттатып, химия кұрылысына айдайды да жібереді. Сөйтіп, хатшылар күрылысшылар маршын жазатын композитор таппай жатқанда, милиция Келіске болашақ шығармасының объектісін зерттеуге толық жағдай жасай қойыпты.

Қалбағай оны бетон тасып жүрген жерінен тапты.



  • Сендердің арқаларыңда бар жақсылықты көріп келемін ғой, — деді Келіс жағдай сұраған нұскаушыға қиястанып.

Бұндай-бұндайдың айтылатынын алдын ала білген Қалбағай қайтарар уәжін жолшыбай жұптап алған.Екі езуі екі құлағына жеткенше ыржиып, одан әрі сампылдай жөнелді.

  • Ой, «жаман адамның өкпесі басы жерге жеткенше, жақсы адамның өкпесі шай орамал кепкенше» деген, әлі ұмытпаған екенсің ғой баяғыны. Саған мені Жәкеңнің өзі жіберді, жауапты тапсырма бергелі отыр.

Не қылған тапсырма дегендей, Келіс нұсқаушының жүзіне



барлай қарады.Мұны байқаған Қалбағай да салмактана қалып,

бар жайды бабына келтіре баяндап шықты.

Марш партия комитетінде отырып шығарылуы тиіс екенін естігенде Келіс ішек-сілесі қата күлді. Содан соң:

  • Біріншілерің молодец!- деп қойды. Оған әжептеуір емексіп

қалған Қалбағай «ендеше жүрейікке» көшіп еді.

  • Мен заказбен ән шығармаймын,—деп қолын бір сілтеді де,зембілін көтеріп қозғала берді.

Қалбағай шын қысылды. Қатарлығын, ниеттестігін айтып жалынды. Хатшының да, бөлім меңгерушісінің де бар жақсылығын аямайтынын қайта-қайта қыстырды. Оған Келіс:

  • Мен оларыңның алдына бармаймын, — деп теріс қарап кетті.

Енді Қалбағай ертіп келген саяси бөлімнің офицері араласты

Әңгімеге. Ол патриотизм туралы пәлсафа соқты. Соғыс кезінде түрмеде жатқан небір қылмыстылардың майданға барып өшпес ерлік көрсеткенін, әңгіме Отан алдындағы борыш туралы болып тұрғанда жеке бастың өкпесі ұмытылуы керек екенін айтты. Капитан ұзақ сайрады. Мына түріне қарағанда, адам қамайтын адам емес сияқты.

Көзін сығырайтып алып тесіле қараған Келіс те сөзін бұзбай

тыңдады.Тыңдап, тыңдап алды да, кенеттен:

  • Смирно!-деп ақырып жіберді.

Бұйрықтың күтпеген жерден берілгені сонша, әлгі ойланып үлгерместен,қалтиды да қалды.

  • Кругом!- деді содан кейін Келіс.

Капитан бұрылды.

  • В гастроном, шагом марш!

Келістің ойын бірден түсінген Қалбағай:

  • Ойбай-ау,тапсырма тығыз, үлкен кісілер күтіп отыр,—деп барып,артық кеткенін байқады.

  • Менің әлі бес сөткем бар. — Келіс қайта қисайды.

Енді нұсқаушының да, саяси офицердің де «айыпты» азаматтың бұйрығын бұлжытпай орындаудан өзге амалдары қалмады. Үшеуі қарауылдың баспанасын оңашалап, тамақ жібітіп алған соң, бұл күні біраз жерге айттады. Саяи офицердің «шығыны» баяғы қолды болған тиын-тебеннің шамасына жетті-ау дегенде барып, Келіс кайтуға келісім берді. Енді ол үйіне жеткенше «бір, екі, үш, бір-екі...» деп күбірлеп бара жатты...

Қалбағай Келісті Біріншінің бөлмесіне слеттің басталуына тура төрт күн қалғанда әкелді. Мұндағы идеологтар әкелері келгендей қуанып, калбалақтап қарсы алды. Келіс те моншалатып, мұнтаздай боп киініп, бетіне қызыл шырай жүгіріп жұтынып тұрған маңғаздың өзі. Ол алдымен музыка мектебінен арнайы алдырылып, Біріншінің бөлмесінде өзін күтіп тұрған ,күйсандықпен сәлемдесіп, әлдебір әуенді күмбірлетіп ала





жөнелді. Екпінді әуен бөлмені басына көтергенде хатшы мен бөлім меңгерушісі Марштың өзі дайын болғандай-ақ, демдерін еркін алып, бір-біріне қарап жымындасып қалды. Бұдан сон, Біріншінің орынтағына барып жайғасты. Оған хатшы мен бөлім меңгерушісі сәл тіксініп қалса да, сыр бермей шыдап бақты.

Былай, — деді Келіс орынтақта отырған күйі. — Бұдан былай менің айтқанымды бұлжытпай орындайсыңдар. Музыка жазылып біткенше, әрине.



  • Жаныңа не керек, бәрін тауып береміз, — деді олар.

  • Сендер керексіндер, — деді Келіс. — Қабылдау бөлмесінде отырасындар, мен шақырғанда күттірмей келіп, айтқанымды екі етпейсіңдер,

  • Онсыз да осындамыз, — деп жік-жапар болды екеуі.

  • Ендеше, әзірге боссындар.

  • Демалыс бөлмесінің есігі мынау, — деді бөлім меңгерушісі шығар алдында. — Мұздатқыш тола шай, ыстық тамақ алдырып тұрамыз. Тынығатын болсаң, диван тұр.

Келіс кешке дейін бұларды шақырған жоқ. Бірақ қабылдау бөлмесіндегілердің ындыны жабық есіктің аржағына ауды да отырды. Әрқайсысы-ақ әннің қалай туатынын білгісі келеді. Олардың ішінде ішке сұраусыз кіретін мәшинке басатын хатшы келіншек. Шайды жаңалайды, ыдыс-аяқты жинайды дегендей, әйтеуір сылтау табады. Бірақ оның жеткізген хабары әзірге ауыз тұшытар емес. Алдымен қамаудағы қасқырдай ары-бері аласұрып жүр деп күлді. Артынан бөлменің іші көк түтінге толыпты деп тыжырынып шықты. Енді бірде туалетке барғыштайтынын айтып ішек-сілесі қатты. Әлден уақытта ұйықтап жатыр деп иығын - қиқаңдатты. Осыдан түк шықпай, масқара болармыз деп, көңілдері күпті болып отырғанда, бірде тыңқ-тыңқ, бірде гүмп- гүмп еткен дыбыс естілді. Бір сәт күйсандық сыңғырлап та кетті. Оған ауыз үйдегілер әжептеуір итініп қалды. Ал партия үйі орналасқан алаңнан әрі-бері өтіп жатқандар жайшылықта жым- жырт мекеннен әлдеқандай үзік-жұлық әуен шығып жатқанына шын таңданды. Бірақ мойнындарын қанша созғанмен, ешкімді көре алмай, бір-бірінен сұрағандарымен ештеңе біле алмай дал болды.

Бір кезде ауыз үйдегілерге де кезек келді-ау. Келіс оларды әскердегідей қатар түрғызды. Содан соң күйсандықтың, пернесін басқан сайын «бір-екі» деп бұйрық бере бастады. Орындамасқа лаж жоқ, аймақтың халқы ауыздарына қарап отырған идеологияның үш «фигурасы» Келіс «пешкепің» бұйрыгымен, музыканың ырғағымен қолдарын арлы-берлі құлаштап, аяқтарын сарт-сарт басып, саптағы солдат болды да шықты. Келіс бір сәт күйсандықты қоя салып, Біріншінің орынтағына отырып алып береді бұйрықты.Көп үзамай, қатарға хатшы келіншек қосылды.



Алдында бұртаңдап көнгісі келмеп еді, артынша қызық көріп, құлшына кіріскені сонша, аяқ-қолы сартылдаған сымбатты келіншек кішігірім әскери бөлімшеге айналған осы төртеудің ішіндегі бастаушысына, әрі бұйрықты дәл орындайтын үздігіне айналды. Музыка жуық арада тынбады, бұлар жер тепкілеуден танбады. Жұмыс осылай түннің бір уағына дейін жалғасты. Келіс музыка қағазына әлденелерді түсіретін болғанда ғана бұларды босатты. Ертеңіне қасына Қалбағайды ғана қалдырды. Нобайы түскен марштың буын санын анықтап алғаннан кейін ол да жазуға отырды. Бұл да жобасын келтірген соң, біреуі тартып, екеуі қосылып, сөз бен әнді қабыстырып, артық-ауыз жерлерін алып- қосып көп әуреленді. Не керек, Біріншінің келуіне бір, слеттің басталуына екі тәулік қалғанда, «Химия құрылысшыларының маршы» дайын болды. Ертеңіне кабинетінде оны алдымен Үлкен кісінің өзі тыңдап, мақұлдағаннан кейін. Химия зауытының хоры екі тәулікте үйреніп, слетте орындады. Бөлім меңгерушісінің аузы дуалы болып шықты. Шынында, да шығарма кейіннен «Коммунизм маршы» аталып кетті.

РЕКЕҢНІҢ «ЖОЛЫ»

Қүмбел жұмысшы кооперациясының товароведі Тайбек Қалашбаев таңертеңгі тірлігін бастығына сәлем беруден бастады. Үлкен кісінің көңіл күйін барлап шығу бұл мекемедегілердің қашаннан қалыптасқан әдеті. Күнделікті міндет белгілі болса да, не істеп, не қоюды бастықтың аузынан естігенді қолайлы көреді. Мұнысы сапырылысып жатқан сауда жұмысының бір жерінен ши шыға қалса, «өзіңіз айтып едіңіз ғой» дегеніне жақсы. Сонда жауапкершіліктен кұтылып шыға келеді. Құтылмаған күңде де, алар жазасы жеңілдейді. Өйткені бастықтың нұсқауы бар. Рекеңнің де кейде қызметкерлері ғана түсінетін иек қақпайы болады. Онысы сауда жұмысына томпақтау келіп жатса да, ешкім қарсылық көрсетпестен бұлжытпай орындайды. Өйткені барлық шаруаның басын ұстап отырған адам сол.

Алдымен біз жауап береміз, шырағым, — дейді ондайда Рекең. — «Кемедегінің жаны бір» деген, сені ешкім жауға жалғыз тастап кетпейді. Ал менің де бала-шағам, қалтамда партбилетім бар.



«Аттылы кісі алыстағыны көреді», Рекеңнің де сөзі жансыз емес. Осы бірлігінің аркасында облыстағы ең үлгілі рабкооптың бірі атанып отыр. Ауылдағы да, аудандағы да сыйлайды. Сондықтан да қызметкерлері бастығын құдайдай көреді. Ал сол «құдайының» қас-қабағына қарамай қалай түрсын. Бірінші басшының көңіл күйі басқалары үшін барометр. Рекеңнің жардай





кабағынан қар жауса, өзгелердің жүрегіне мұз қатады. Бірақ мұндай жағдай көп кездесе бермейді. Ал сол қар жауған қабаққа сәл ғана сәуле түссе, өзгелердің көңілінде сең жүріп, ағыл-тегіл тасқын болады.

Жайшылықта Рекең жайдары, әңгімешіл адам. Үлкенге іні, кішіге аға. Бүкіл қарамағындағылардың қамын жеп отырған қамқоры.

Тайбек кіргенде Рекеңнің көңіл күйі көрсетіп тұрған температура осындай болатын.



  • Қалай, үй-ішің аман ба? — деді сәлемін алған соң, шаруаға көшіп кетпей, арнайы пейіл білдіріп. Ернінің астына бір атым насыбай салып, елтіп отырса керек, ысылдап сөйлейді. Содан соң үстелінің үстінде қаламсаптармен қатар тұрған кішкене қорапшаға қол созып, төрт бұрыштап қиылған қағаздың біреуін алды. Бұларды Рекең қызмет хаттарын жазудан өзгеге де пайдаланатын. Ол жыланның тілін жұлатын кісідей, қолындағы қағазды аузына жақындата беріп, бір сәт көз ілеспес жылдамдықпен шөкімдей насбайды сылып алды да, ақырын ғана орап, жанындағы урнаға қарай шертіп жіберді. Қайтып тілімен жаланған да, түкірген де жоқ. Қайта сақауланып отырған кісі сайрап қоя берді.

  • Шешең күйлі ме, ауырмай ма?

  • Қыңқыл-сыңқылы бар ғой, — деді Тайбек.

  • Шешеңді бақ, шырағым. Ананың орны бөлек. Баяғы жаманшылық жылдардың суығы енді шығып жүрген шығар, жазда Қызыл көлдің батпағына түсір.

  • Өзім де сүйтсем деймін.

  • Осы түнеугүні бір көргенімде келіннің аяғы ауыр сияқты ма еді?

- Иә.

  • Қас- қабағына қара. Себепсіз ренжітпе. Мұндай кезде әйел біткен кінәмшіл келеді.

  • Балалар қалай?

  • Шауып жүр.

  • Жүрсін, жүрсін. Келінді ерте тоқтатып қойма кейбіреулерге ұқсап. «Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық көктейді». Қүдайға шүкір, мына заманда бәрі жетеді. Бұл қызметің де бір отбасын аш қылмайды, солай ғой?

  • Өзіңіздің арқаңызда әзірге жаман емеспіз.

  • Үлкенді тыңдасаң қор болмайсың. Біз ешкімді жаман болсын демейміз. Қашанғы жүреді дейсің. Келешек сендердікі.

Соңғы сөз Тайбектің көкірегіне көптен ұя салған арман құсын аласұртып кетті. Ол арман-құсының бір рабкооптың билігі деген биікті қайта-қайта шолып жүргені қашан. Бірақ қиял жетқен жерге қол жете бермейді. Енді, міне, бастығының мына сөзінен





кейін үмітінің жібі жетелеген кеудесіндегі көк кептердің канаттары біресе суылдай, біресе сартылдай жөнелді. Рекеңе, оның қамқорлығына деген алғыс сезімі саулап құйылып, бірте- бірте өн бойын кернеп кетті.

Орта мектепті орташа ғана бітіріп, одан әрі оқуға талпынғанымен, бұйрық болмаса да, жалпы, Тайбек тағдырына риза. Шынын айтқанда, қол да қысқалық қылды. Әйтпесе, өзі қатарлылардың ілініп кеткендері болды. Содан жалғыз шешесінің көңіліне қарап, артындағы қарындасын ойлап, ауылда трактор айдап жүрді. Әскерге барып келген соң үйленіп, елдің алдына да түспей, артында да қалмай, жуан ортасында жүріп жатқанында ойда-жоқта сары ауруға шалдықты. Енді таңның атысы, күннің батысы ойға айдасаң ойға, қырға айдасаң қырға шапқылай беретін механизаторлық бұған ауырлау соға бастады. Жағдайына оңтайлы жұмыс сұрағанымен, совхоз басшылары оң қабақ танытпай жургенде, қарындасы күйеуге шыққан. Жаңа құдасының бірі аудандатәуір қызмет істейді екен, мұны көп ұзатпай, рабкооптың қоймашылығына орналастырды да жіберді. Тік жүріп, тік тұрып қалған Тайбек жаңа кызметіне құлықсыздау кірісті. Қатар кұрбыларының арасында жүретін дала жұмысына үйреніп қалған еді. Сондықтан да денсаулығым түзелгенше ғана істей тұрамын деп ойлады. Бірақ қоймашылықтың дәмі таңдайына тие бастаған сайын ол ойы көмескілене берді. Тіпті дипломы жоқ деп айтпасын деп, кооперативтік техникумды сырттай оқып бітіріп алды. Бірақ баяғы құдасының бір рабкооптың бастығын жұлып алып орнына мұны қоя салуға құдіреті келіңкіремей жүр. Оған да кінә жоқ, үлкен мекемеде істегенімен, бірінші басшы емес, өз сөзін реті келгенде ғана, анда-саңда бір өткізіп қалатын шамасы бар. Ал рабкооптың бастығын бекіту қоймашы кою емес, әрине. Бұған таласатындар да, сол таласқа араласатындар да салмақ- беделі әжептеуір адамдар. Сондықтан да құдасы «көзге түсе бер, бастығыңмен жақсы бол» дегенді көп айтады. Оны Тайбек білмей жүрген жоқ. Өйткені, аудандағы арқаланғаны ұсынып жатқанымен, бұған мінездеме беретін Рекең. Міне, сол Рекеңнің аузынан әлгіндей сөз шыққанда Тайбек қалай тасынбасын. Бірақ кеудесін кернеген сол тасқын қағылез денесін көтеріп кетердей бұлқынғанымен, товаровед бастығына білдірмеуге тырысып, әрең басып отыр. Тек еті жұмсақ жұқалаң жүзіне алқызыл бояу жүгіріп өтті де, тәмпіш мұрнының таңқы танауы делдие қалды. Мұны бастығы байқамай отырған жоқ. Сонда да сыр алдырмастан, сөзін сабақтай берді.

Қалай, ауылда жүріп ішің пысқан жоқ па? — деді үй-ішін түгендеп болған соң өзіне көшіп.



Бұл сөзінің аржағында іссапарға байланысты жұмыс тұрғанын бастығының мінезіне әккі болып қалған Тайбек те түсіне қойды.


1



Түсіне қойысымен, жаны бардың бәріне тән түйсігі санасынан бұрын аузына салған сылтауды айта салды.

  • Бухгалтерлер тоқсандық есепті үлгере алмай жатқан соң көмектесіп жүрмін ғой, — деді ол. Бір жағынан бұл сөзді өз жұмысы түгіл өзгенікін де қабат атқарып жүргенің бастығына бұлдай кету үшін айтты. Әйтпесе, ревизия келіп, одан басқа себептер табылып, көптен бері кеңсеге байланып қалған. Ертеңнен кешке дейін шот қағып, цифр көшіруден, суық қоймадағы заттарды олай бір, бұлай бір аударыстырудан қайта құтыла алмай жүр.

  • Есептің бір мәнісі болар, жоспар қиын болып тұрған жоқ па?—деді бастығы мұның, бетіне бажайлай қарап. Рекеңнің негізгі айтары әлі аржағында жатқандықтан, Тайбек:

  • Иә, қиын болып тұр ғой, — деп қиналған түр көрсеткеннен әріге бара алмады. Әлі аңысын андып отыр.

  • Соны орындаудың реті келіп тұр.

Бастық сөзін тағы бір суыртпақтатып барып тоқтағанда, сұңғыла жігіт әрі қарай өзі іліп ала женелді.

  • Ондай атты күн қайда. Шамасы, өтімді тауар алатын болғанбыз-ау, Реке, бұл сіздің арқаңыз ғой,— деп бастырмалатып кетті.

  • Осындай адамды да шалсынып жаратпай жүрсіндер ғой, — деп наз қып қойды Рекең. Дегенмен, жас жігіттің сөзі жанына жылы тиіп барады.

Жоспардың орындалмау қаупі жасы зейнетке таяп қалған Рекенді әжептәуір алаңдатқаны рас еді. Аудан, ауыл басшылары тарапынан ескертулер де алып қалды. Сондықтан ол барлық тамыр-таныстарын қосып жатып, өз рабкоопына өтімді тауарлар бөлдірген. Соны әкелуге енді товароведті жөнелтпек.

Тайбек, әрине, тартына алмайды. Бірақ жыл аяғында жүк әкелудің қиындығын жақсы біледі. Ол көңіліндегі күдігін жұқалатып жеткізіп көріп еді, бастығы:

  • Дайындап қойған дүниені де тасып алу сөз болып па, мен кеткенде қайтып тірлік істейсіңдер?— деп салмақты өзіне аудара салды. Содан соң:

  • Сенің де бір сыналатын кезің келді. Осыншама жыл істегеніңде қаншалықты тамыр жайғаныңды көреміз. Ал анау- мынаудан қолыңды қақпаймын, бәрі халықтың игілігі үшін, — деп алды-артын тіпті орап тастады.

Сол айтқанға тоқтап, суыт жүріп кеткен Тайбек түс қайта ауданаралық базаға жетті. Құмбел рабкоопына тиісті тауарлар базда шынында да мол болып шықты. Қант-шай, ұн, тұз, шақпақ, тағы баска күнделікті тұрмысқа, әсіресе, шалғайдағы малшыларға ауадай қажет дүниелер де біраз уақыттан бері әкелінбей іркіліп қалған. Жағалы пальто, құлақшын, керзі етік, галош, пима сияқты



қыстық киімдер де бірқыдыру. Көздің жауып алатын гүлді палас, шетелдік кілем, тоқыма бұйымдары да баршылық. Мұның бірсыпырасы жылдың қорытындысы бойынша озаттарға сыйлыққа берілмек. Товароведті қуандырған тағы бір нәрсе, бұл жолы импорттық дүниелер мол көрінді. Әсіресе, «Монтана» фирмасының күрткелері мен юбкалары, чехтың аяқ киімдері, ГДР-дің костюмдері ауыл тұрмақ, астаналарыңда таптыра бермейді. Соның бәрі сонау Қаратаудың бір түкпірінде жатқан екі-ақ совхоз елінің игілігіне аспақ. Көрген сайын көзі жайнаған Тайбек тауармен қамтамасыз етудің жаксарғанына, облыстағылардың ықыласына, Рекеңнің алымдылығына, әйтеуір бәріне риза. Енді әңгіме өзіне тіреліп тұр. Ертерек көлік тауып, алып кетуі керек. Он шақты машиналы керуенді өзі бастап келгенде бүкіл ауыл гу ете қалмай ма? Оның іскерлігі талай жерде әңгіме болар, талайдың құлағына шалынар.

Базадан шығысымен Тайбек бір таксиге отыра салып, облыстық тұтынушылар қоғамының автокәсіпорнына барды. Оның директорын таниды. Анда-саңда Шудың бойына келіп, аң аулап тұратын. Рекең сол кезде қасына кейде Тайбекті қосып беруші еді. Бұлар өткен жылы орылған көлтабандарға қайта көтерілген бал құрақтың арасынан вездеходпен зулатып, қабан қуалайтын. Өзеннің арнасында ойдым-ойдым боп үзіліп қалған сулардан балықта аулайтын. Бұл өлкеде қалың жиденің арасында ғана жан сауғалап жүрген қырғауылдарға да кырғидай тиетін, кейде Бетпақтың даласына шығып кетіп, киіктердің соңынан аш қасқырдай сабылатын. Шодыр мұңдай кезде аңнан басқаның бәрін ұмытады. Керек болса, ұзын қонышты резина етігімен суды да кешіп жүре береді. Помази көйлегінің сыртынан брезент курткадан өзге ештеңе ілмесе де, ашық машинаның үстінде Бетпақтың қара желінен де қорықпайды. Қайта қалың киік көрінгенде дегбірі қалмастан «бас» дейді вездеходтың шоферіне. Ол да әбден әдіс алған жытқыр, көкпар тиген жүйріктей жүйткіте жөнеледі. Содан соңғы сойқанды айтып жеткізу қиын. Топырлап түскен тағыларды артынан тауып ала алмастан, көбісі Бетпақты мекендеген ит-құсқа азық болып қала береді.

Шодырдың қырғауыл атқаны да керемет. Нағыз қол мергеннің өзі. Шөп арасында жүгіріп бара жатқанын жобамен тигізеді. Үшқанын ұшқанынша түсіреді. Бір қызығы ол жылына үш-ақ күн аңшылайды да, сап тыйылады. Қызметтегі Шодырды тіпті танымай қаласың. Ішіп-жеп отырғандағы аңқылдақтық, арқадан қағу сол жерде қалады. Тіпті, түнде сүйісіп айырылыссаң да, таңертең жұмыс үстінде өзінді бірінші көріп тұрғандай сөйлейді. Бірақ қалай болғанда да ескі таныс қой, сөзімді жықпас деген үмітпен аттады оның есігін Тайбек. Кабинет иесі шеберханада жүр деген соң, солай қарай барды. Анадайдан байқады, директор



әлденеге ашулы сияқты, әр автомашинаның тұсына келіп айқайға басады, басын шайқайды, қолын сермейді. Ауыл қызметкері қаладағы кіріптар кеңсеге ыңғайсыз уақытта келгенін сезді. Бірақ қайтып кетуге болмайды. Артында ел, алдында жауапты жұмыс тұр. Соның кілті осы мекеме бастығының қолында. Сондықтан да дәл қазір сәлем беруден тайсақтап, ақырын күтті.

Әбиір болғанда директор кабинетіне тез оралды. Іле-шала кірген Тайбектерде отырған адам сәлемін салқын алса да, елең қылмастан сампылдай жөнелді. Денсаулығын, қызметінің жайын, үй-ішінің амандығын біраз сұрады.

Шодырдың жауабы қысқа, қабағы түксиіп, екі ұрты салбырап отыр. Ел жігіті енді кабинет иесінің ауылға келмей кеткенін, бәрінің баяғыдай бір бас қосуды аңсап жүргенін, соған арнайы шақырып, Рекеңнің көп-көп сәлем айтқанын жеткізді.

  • Рақмет, қазір жұмыс көп,—деген үйреншікті жауаптан өзге ештеңе шықпады тағы. Мұнысы «босқа езе беріп кайтесің, одан да шаруаңды айт» болып естілді Тайбекке. Амал жоқ, айтуға тура келді.

  • Жандарың мүрындарыңның ұшына келгенше қозғалмайсыңдар, — деді кабинет иесі. — Сөйтесіңдер де мені алқымнан аласыңдар. Автобазаның азғантай машинасы қайсыларыңа жетеді. Таластықтар да қайта-қайта безілдетіп телефон соғып жатыр. Ал, жуалылықтар үстімнен арыз айтып, бастыққа кетті. Барсын, жарылқайтын болса. Баяғыдан бері қайда жүрсіңдер?

  • Ревизия келіп отырып қалған жоқпыз ба, қолдың босағаны осы болды, — деп кіріптар жігіт безілдей жөнелгенде, ол:

  • Бере алмаймын,— деп кесіп тастады. Даусы қатқыл шықты.

Көздеген жерінен көз ақы алмай шықпайтын Тайбек оған

тосыла коймады. Тек бағанадан бері жалына сөйлеген жылы сөзімен қала адамының қатып қалған жүйкесін жібіте алмайтынын біліп, бұл да басқа әдіске көшті. Әкесінің жұмысына сұрап отырмағандығын, жоспарды орындау бәріне ортақ, облыстың абыройы екендігін, тағы да талай нәрсені айтты,

Сендердің жайбасарлықтарыңа мен жауап беруім керек пе? — деп Шодыр берілер емес. Бірақ, бұл жолы даусын жасанды жуандатқанынан, бер жағы беттетпей тұрғанымен, аржағы аздап жіпси бастағанын Тайбек сезе қойды. Сөйтті де одан сайын өршелене түсті.



  • Қыста қары, жазда топырағы суырған сусыз жерде еңбек етіп жатқан елді ойламайсыңдар. Бар жақсылықты Алатаудың, етегінде, қара жолдың үстінде онсыз да курортта отырғандарға үйіп төгесіңдер, — деп бопсалады.

Қала мекемесінің басшысы ауыл мекемесі кіріптар болған кілтті әлі уысынан шығаратын емес.



  • Маған бәрібір, кім заявканы бұрын әкелсе, машина да соныкі. Ерте ойлану керек еді, — деп езіне жармасты. Бірақ даусы қалпына түсті. Мұны ішіне бір түйіп қойған Тайбек кайта сайрады.

  • Құмбелдіктер қай жерден жазды саған, рас, қазір бізде қабан да, сазан да, фазан да жоқ болған соң сырттап жүрсің ғой.

Ол орағытып жүріп ондыққа ұрған екен, кабинет иесі бірінші рет езу тартып:

  • Әй, сен де қайдағыны айтады екенсің, қабан құрыса да, қазы мен қозы бар шығар,— деді.

  • Ауылда тұрамыз ғой енді,— деп лып ете калды Тайбек.

Шоферларыңның ішінен сенімді біреуіне тапсыр, қайтарда бар шаруаны бітіреді де келеді.

Бағанадан бері тапжылмай отырған қалпын бұзып, Шодыр қалтасынан сигаретін шығарды. Өзі аузына салмай тұрып, алдымен Тайбекке ықылас көрсетті. Өмірі темекі тартып көрмесе де, ол да кеңсе иесінің қолын қайтармай, енді көк түтінге кеңсірігі ашып, көзі жасаурап отыр. Бірақ бәрібір сорып қояды.

  • Байқа,— деді Шодыр, — қазір заман қиын, құрып кетіп жүрмейік.

Тап бір қоғамдық мәселені әңгімелеп отырғандай, қабағын түймек болып еді, онысы ерсілеу шықты.

  • Онда кімнің шаруасы бар. Өзімнің қорадағы қойым да жетеді, қаракөл емес, қазақы,— деп Тайбек жайбағыстап койды.

Ал,”бұл бәлеге қойды қайдан түсіріп беремін” деген ой безілдеп санасында сан-саққа жүгіріп жүр. «Қолыңнан қақпаймын» деген Рекеңнің өзі бәлкім бір ретін табар. Менің міндетім қалай болғанда да жүкті аман-есен жеткізу» деген тілек тәуекелге итермелейді. , '

  • Жарайды,— деді жүзі жылынған директор,— Қатты кинадың тіпті, машиналарды саған-ақ берейін, тек бір грамм бензинім жоқ. Өзің білесің, қазір жылдың аяғы, лимит әлдеқашан біткен.

Мұнай базасындағылармен сөйлесетін таныс іздеп, тағы бір сағаттай таксилеткен, арасында телефондатқан товаровед ақырында олармен де тіл табысты. Табысқаны сол, бельгиялық кілемнің біреуін, «Монтана» фирмасының джинси-юбкасының екеуін беретін болып келісті. Өз ақшасына, әрине.

Сөйтіп жүріп қарашаның қысқа күні қалай батқанын да байқаған жоқ. Қала үстіне қараңғылық әбден орнағанда барып қонақ үйдің есігін ашты. Ол бірден жоғарыға көтерілді. Төртінші қабатта кезекші болып істейтін ақ жеңешесі орнынан табылды. Ол паспортын, төлейтін ақшасын, оған қосымшасын алып, төмен түсіп кетті де, көп үзамай мұны екі кісілік нөмірге орналастырды. Жайғасып, тамақтанып алған соң товаровед бастығына телефон соқты. Амандық-саулықтан кейін:





  • Ескі досыңыз маңырап тұр, — деді бұл жақтан.

  • Оны өзіме қоя бер, — деді ол жақтан.

  • Күннің ұясынан келгендердің екі-үшеуін жолшыбай жағып барамыз, — деді бұл жақтан.

  • Жараса бопты, — деді ол жақтан.

  • Қора аңдыған шиебөрілер бар, — деді бұл жақтан.

  • Қаттырақ шәуілдейтіндеріне сүйек-саяқ тастай сал, — деді ол жақтан.

Жұмбақпен айтылған әңгімесін аяқтап, көңілін демдеген Тайбек көтеріліп шыға келді. Шаршағаны сап басылып, жалғыз өзі бөлмеге сыймады. Бағана осындағы жора-жолдастарының бір- екеуін шақырта қоймағанына өкінді. Ол кезде әлдеқалай болады деп тартыншақтап еді, енді ертеңгі шаруаның түйінін бүгін шешіп тастап, оны бастығына құптатып алғаннан кейін, елпендеп отырысы мынау. Бірақ қызметтен келіп, әйелдерінің уысына түскен жігітгердің қайтып шығуы қиын. Қалалықтардың үйіне кез қелген уақытта жетіп баруға болмайды. Дегенмен, «күлшелі бала сүйкімді»... Ол телефонды ермек қылып отырғанында көршісі келді. Қайысбай кісі жатырқамайтын сөзуар жігіт екен, Тайбекпен тез тіл табысты. Тіленіп отырған Тайбек те үйіріле кетті. Қыр жігіттерінің қонақжайлық рәсімімен олар бірін-бірі төменге қонақасыға шақырды. Сөйтсе, екеуі де тамақтанып алған екен, сонда да сыр білдірген жоқ. Одан кезекші ақ келіншекке шай қойдырып, бір жарты таптырып алды. «Тағы да бұл кімге керек» деспеді. Бөтелкені ашып, стақанға құйып, «алып қояйық, алып қояйық» дегенде барып білісті, екеуі де ішпейтін болып шықты. Кезінде келістіріп-ақ сілтесе керек. Енді-бірінің бауыры, бірінің жүрегі ауырады екен. Оның үстіне, заман қиын, тыныш жүрген жақсы. Сол кезде электр самаурын көтеріп, кезекші келіншек кіре қалды. Жасы кіші Тайбек орнынан түрып, самаурыңды қолынан алды. Қонақжайлылық көрсетіп, өзін орталарына шақырды. «Азаматтардың айтқанына құлдық қой біздікі» деп, ақ жеңешесі ақпейілділік танытты. Сол-ақ екен, Қайысбай да итініп қалды. Енді екеуі де «үмітіміз сенде» деп үзіле сөйледі. Бірақ кезекші келіншек «сендер сияқты сопыларға көрпені қалың жамылып жатқаннан тынышы жоқ қой» деп, өздерін қайрады. Бұл сөзден кейін екеуі де тоқтай алмады, «жақсы көңіл қалғанша, жаман қарын жарылсын» дейтін ескі әдеттерін естеріне бір түсіріп, тартыпқ жіберді. Ал ақ келіншек алдаған екен, «қызметте болмайды, адамдар күтіп тұр, кейін» деп кетіп қалды. Көңілі қайта құлазыған Тайбек тағы да бөлмеге сыймай, Қайысбайдың әңгімесіне де құлақ аспай, әлденеге елеңдей берді. Болмаған соң, Сәбираның соңынан шықты. Бірақ ол мүлдем өз шаруасымен болып кетіпті. Ордандап әрі-бері өтті де, бірдеңе деуге жанындағылардан бата алмай, бөлмесіне оралды. Қайысбай төсегін ыңғайлап, жатуға бет алған екен.



  • Қайран жастық-ай, шыдатпай бара ма? — деді ол мысқылдап. -- -- Мен бірдеңені білсем, бүгін болмайды.

Тайбек оның бетіне тесіле ұзақ қарады. Көршісі миығынан күліп жатыр екен. Сонда барып көңіліне әлдебір күдік кірді.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет