Мемлекет функциясы – нақтылы тарихи кезеңде, өзінің алдында тұрған нақтылы стратегиялық мақсатқа жетуге арналған, көбірек жалпылама мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттары.
а) әрекет ету ұзақтығына қарай функциялар тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Тұрақты функциялар мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде жүзегеасырылса, уақытша функциялар төтенше сипаттағы белгілі бір міндетті шешумен өз әрекетін жояды.
ә) маңыздылығына қарай–негізгі және қосымша функциялар;
б) қоғамдық өмірдің қай саласында жүзеге асырылуына байланысты–ішкі және сыртқы функциялар.
Мемлекеттің ішкі функциялары–оның алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі функцияларға мыналар жатады: адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету функциясы, экономикалық функция, салық салу функциясы, әлеуметтік қорғау функциясы, экологиялық функция және мәдени функция.
Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары және оның негізімен, әлеуметтік орнымен, елдің ішкі өмірінің мақсатымен қамтамасыз етілген.
Экономикалық функция – мемлекеттің, қажетті заңмен белгіленген шаруашылықтағы қызметі – ол экономикалық міндеттерді шешеу, оның негізі мен әлеуметтік орнын, экономиканың жөнді дамуының қамтамасыз етілуін көрсетіп, қоғам өміріндегі сырт елдермен экономикалық байланысты белгілейді.
Қаржы функциясы – мемлекеттің бюджетінің қалыптасуы мен орындалуын көздейді; қаржылық қадағалау жүргізеді (табыстың есебін белгілейді); салық салу (табыс салығы, мүлік салығы, жер салығы, табыс салығы, мақсатты жинау, кедендік, қосымша салық), т.б.
Мемлекеттің саяси функциясы – мемлекеттің индиви-дуумдар мен әр түрлі әлеуметтік топтардың және елдегі саяси билікті іске асыру аясындағы мүдделерді үйлестіру қызметі. Сонымен қатар, саяси жүйенің негізін құрудағы, билік үшін саяси күрес жолындағы, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы, әлеуметтік және ұлттық келісімдегі, мемлекеттің егемендігін, ішкі және сыртқы жаулардан қорғанудағы мүдделерді келістіретін мемлекеттің әрекеті.
Мемлекеттің әлеуметтік функциясы – бұл мемлекеттің барлық қоғам мүшелерінің жөнді өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі. Өндіріске қатысу, қатыспауына, материалдық жағдайына, жасына, жынысына, денсаулығына қарамай, т.с.с. (минималды еңбекақы төлеу, пенсия, стипендия, ауруларға қаржылық көмек, мүгедектерге, қартайған адамдарға, студенттерге, балаларға, аналарға, жұмыссыздарға қажетті қаржыны денсаулық сақтауға бөлу, мәдени демалыс, сауаттандыру, тұрғын үй салу, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |