Еңбек ақы төлеу: түсінігі, түрлері мен негізгі принциптері



бет1/2
Дата16.01.2023
өлшемі22,02 Kb.
#165623
  1   2
Байланысты:
Тақырып 5 Кәсіпорынның еңбек ақы саясаты (5)


Тақырып 5
Еңбек ақы төлеу: түсінігі, түрлері мен негізгі принциптері.

Қазіргі уақытта кәсіпорындарда еңбек төлемінің тарифті және тарифсіз жүйелері қолданылы мүмкін. Көбінесе төлем деңгейіндегі дифференсация тарифтік жүйемен көрсетіледі. Тарифтік жүйенеің элементтеріне мыналарды жатқызамыз:


1. Тарифтік-біліктілік анықтамалығы - жұмыстарды тарифтеу және біліктілік разрядтарды беру үшін қызмет етеді (жұмыскерге қойылатын талаптар, міндеттер және біліктілік сипаттамаларына берілген кәсіптер тізімі). ТБА бірыңғай жене салалық болып бөлінеді.
2. Тарифтік ставка - уақыт бірлігіндегі еңбектің төлем ақысының мөлшерін анықтайды, минуттық, сағаттық, айлық ставкалар болып бөлінеді.
3. Тарифтік коэффициент - сәйкес тарифтік ставкалар деңгейінің бірінші разрядтың тарифтік ставкасы деңгейінен неше есе жоғары екенін көрсетеді.
4. Тарифтік кесте - разрядтар жиынтығын және оларға сәйкес тарифтік ставкаларды және басқадай тариф құраушы факторларды көрсетеді.
Төлемнің тарифсіз жүйесі – қызметкерге жалақы тарифтік схеманың элементтерінсіз есептелу формасы.
Кәсіпорында жұмысшы күшінің жалақы қорын дұрыс ұйымдастыру маңызды орынға ие. Жалақының негізгі екі нысаны – кесімді ақы және мерзімді ақы қолданылады.
Кесімді жалақы келесідей түрлерді қарастырады: тура кесімді, кесімді-сыйлықты, аккордты, кесімді жанама және кесімді-прогрессивті. Бұл формалар сапалы өндірілген өнім көлеміне байланысты қоланылады.
Қарапайым (тура) кесімді – жалақы өнім немесе жұмыс бірлігін өндіруі үшін қойылған ставка – кесімді баға бойынша есептеледі және бекітілген өнім өндіру немесе уақытын номасын қарастырады және төлем мөлшері өндірілген өнім көлеміне тура тәуелді:


ЕАк = Ţкб Q,
мұнда Ţкб – шығарылған өнім бірлігіне қойылған кесімді баға (беілгілі бір тауарға немесе жұмысқа қойылған баға)
Q – өндірілген өнім саны.


Ţкб = Ну Ţсағ ;
Ţкб=Ţсағ / Нө
Кесімді-сыйлықты – тура кесімді бағалама ақыға жоспарлы тапсырманы артық орындағаны үшін сыйлықақы қоса төленеді. Сыйлықақы мөлшері көбінесе артық орындаған әрбір пайызы үшін тағайындалады.
Аккордты – жалақы әрбір жұмыс түріне жеке емес, орындалу мерзімін көрсете отырып барлық жұмыс көлеміне толығымен белгіленеді және сәйкес кесімді бағалар мен жұмыс көлеміне байланысты анықталады.
Кесімді жанама – еңбектері өнім өндіруге және негізгі жұмысшылардың өнімділігіне әсер ететін жұмысшылардың еңбегін төлеуге қолданылады.
Кесімді-прогрессивті – бұл жүйеде бекітілген өнім және жұмыс көлеміне ақы тура кесімді жүйемен төленеді. Ал бекітілген көлемнен тыс өндіргені үшін көтерілген ставкалармен төленеді. Онда бекітілген өндіріс көлемінің нормасы неғұрлым артық орныдалса жұмысшының жалақысы соғұрлым прогресиивті арта түседі.
Еңбекақы жеке және ұжымдық әдіспен есептеледі:
1 Жеке әдіспен – жеке қызметкер жұмысының нәтижесі бойынша.
2 Ұжымдық әдіспен – барлық ұжым жұмысының нәтижесі бойынша. Бұл жағдайда еңбекақы манадай тәуелділікте анықталады:

  • біліктілікке

  • істеген уақытына

  • еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) (егер ол ескерілсе)

Мерзідік жалақы да өзінің бірнеше түрлеріне ие: қарапайым мерзімді, мерзімді сыйлықты. Бұл нысан жоғарыда көрсетілген тарифтік-біліктілік жүйесіне және оған кіретін бірыңғай тарифтік кесте мен тарифтік-біліктілік анықтамалығына негізделген. Мерзіді жалақыда негізгі жалақыдан басқа түнгі ауысымда, демалыс және мейрам күндерінде және т.б. жұмыс істегені үшін үстемелер қарастырылған.
Қарапайым мерзімді – жалақы шектелген уақытқа сағаттық тарифтік ставка бойынша есептеледі:
ЕАм = Ţсағ i Ţн. жұм

мұнда Ţсағ i – i-ші разрядты мерзімді жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасы


Ţн. жұм – нақты жұмыс істеген уақыты
Мерзімді сыйлықты – жұмысшыға тарифтік ЖА-дан басқа тарифтік жалақыдан % бойынша алынатын сыйлық ақы төленеді.
Айлық (оклад) – қызметкерге ЖА оның айлық лауазымдық окладына сәйкес жұмыс істеген күндер санына төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет