Әдебиет пәнін оқытуда модульді оқыту технологиясын қолдану мәселесі



Дата05.06.2017
өлшемі180,08 Kb.
#17756
ӘДЕБИЕТ ПӘНІН ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕСІ
Б.Д. Жұмақаева - қазақ әдебиеті кафедрасының профессор м.а., педагогика ғылымдарының кандидаты
Бүгінде білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымын үлкен жауапкершілік пен міндеттер жүктеп отыр.

Мұғалімдер қауымын бүгінде педагогикалық технологияларды пайдалану жолдары көбірек мазалайды. Бұл заңды да. Себебі бүгінгі күні білім беру үдерісінде пайдаланылып жүрген технологиялардың өзіндік философиясын зерделеп, әр пәнге лайықты бейімдеу, оқу материалдарының жүйелі кешенін әзірлеу, оны сараптамадан өткізу ісі қажетті дәрежеде жүргізіле бермейді. Сондықтан да мұғалімдер қауымына белгілі бір технологияны кешенді пайдалану қиындықтар туғызады. Себебі әдістеме ғылымының өзінде педагогикалық технологиялар әр пәннің өзіндік ерекшелігіне қарай қолданудағы тиімділік толық зерделенді деуге келе бермейді. Мәселен, модульді оқыту технологиялары көп пәндерге қатысты қолданылып жүр. Қазақ тілі пәніне бір шама ыңғайлылық танытатын аталмыш технология әдебиет пәніне пайдалануда қиындықтар туындатады. 5-7 әдебиеттік оқу сыныптарында оқу материалы әдеби жанрларға қатысты да шығармының көлемі мен форамысы жағынан да әр алуан болып келеді. Оның үстіне бұл сыныптарда көп автор шығармалары қамтылып, оқылатын шығарманы терең қабылдату мақсатында автор туралы шағын мәлімет беріледі. Сонда оқу бағдарламасы бойынша бір сыныптың өзінде оқу материалы 2-3 сағаттан бірнеше бөліктерге бөлініп берілген. Сондықтан оқу материалын модульдеуге еш мұқтаждық тумайды. Ал модульді технологияны қайткенде әдебиет пәніне қолданамыз деген мақсат қояр болсақ оқу бағдарламасын орта буын сыныптар бойынша қайта сұрыптау қажет болады. Модульді технологияның өзі белгілі бір ғылым саласына байланыста жүйеленген білімді тиімділікпен меңгертуді көздейді. Ал оқу материалын жүйелеу бағдарламадан, тіпті білім стандартынан басталуы керек. Бұл жерде айтылмақ ой білім стандарты мен бағдарламаның сапасына қатысты емес. Әрине, көп жылғы білім бердің тәжірибесі сапалы маман даярлауға бағытталып келе жатқаны анық. Айтпағымыз – білім стандарты мен бағдарламасындағы мазмұнды ішкі үйлесімділікпен топтастыра отырып модульдеу қажеттігі туралы. Сондықтан әдебиет пәнінің қолданыстағы бағдарламасымен модульді технологияны кез келген уақытта пайдалана қою оңайға түспейді. Мәселен, М.М.Жанпейісованың авторлығымен жарық көрген «Модулді оқыту технологиясы оқушына дамыта оқыту құралы ретінде» атты әдістемелік кітабында (Алматы, 2002) «Қазақ әдебиеті» бойынша оқу модульдері (5-сынып) Ж.Төлегенова, Г.Қожанова, О.Шатанова әзірлеген әдістемелік нұсқаудан делініп, 7 сағатқа жіктелген оқу модулі берілген [1, 155]. Назар аударып көрелік:


Таблица № 1.

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

К І Р І С П Е

1-сабақ

1.ХХ ғ. Басындағы әдебиет туралы түсінік

2. С.Торайғыров. «Шілде» өлеңі.

3.С.Дөнентаев. «Көркемтай» әңгімесі.

4.ХХ ғасыр әдебиеті туралы.

5. М.Жұмабаев. «Жазғытұры».

6. Н.Т.С. жұмыстары

7. Дәптер-кітаппен жұмыс


13 минут

4 минут


10 минут

3 минут


5 минут

5 минут


5 минут

2-сабақ

1. С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» поэмасы.

2. Б.Майлин. «Қанды кек».

3. І.Жансүгіров. «Көктемде» өлеңі.

«Күй» поэмасы.

4. Кейіптеу, монолог, диалог туралы

5. Н.Т.С. жұмыс.

6. Дәптермен жұмыс


10 минут

10 минут


10 минут

5 минут


5 минут

5 минут


СӨЙ

ЛЕСУ БӨЛІМІ



3-сабақ

«Әдебиет лотосы» ойыны

45 минут

4-сабақ

«Мені түсін» ойыны

45 минут

5-сабақ

«Өрмекші» ойыны

45 минут

ҚОРЫТЫН

ДЫ


6-сабақ

Мазмұндама («Күй» поэмасы бойынша)


45 имнут

7-сабақ

Сынақ

45 минут

Бұл ұсынылып отырған модуль өз тұсындағы оқу бағдарламасына сәйкес жасалғаны белгілі. Одан беріде бағдарламада өзгерістер болды. Әйтсе де оқу материалына қарай байқалатыны орта буын сыныптарға, соның ішінді 5-сынып бағдарламасына сәйкес жасалған оқу модулінің бірнеше олқылықтары байқалады. Біріншіден, аталмыш сыныптардағы білім мазмұны мен мақсаты тарихи кезеңді, оның ерекшеліктері туралы білім беруді мақсат етпейді. Әдебиеттің тарихи курсы арнайы 9-11 сыныптарды қамтиды. Ал, 5-сыныптағы әдебиет пәнінің мақсаты алғашқы әдеби білім беруді көздейді. Шындық болмыс пен көркем шығарма арақатысы, кейіпкер ұғымы, сөз өнері туралы алғашқы түсінік, образды сөз, т.т. әдебиеттану ғылымының алғашқы әліппесі басталады десе де болады. Оқу материалын модульдеуде авторлар мұны ескермеген. Екіншіден, бір сабақ, нақтырақ айтсақ 45 минут ішінде авторы да, жанры да бір-бірінен ерекшеленетін 7 түрлі оқу материалына оқушы назарын аударып, алғашқы білім қалыптастыра қою қаншалықты шеберлікті қажет ететіні беймәлім. Берілген 3 минут, 5 минут делініп көрсетілген уақыт мөлшері де сенімді бекіте қоймасы анық.

Білім берудегі басты мақсат қайткенде оқу технологиясын қолдану емес, пәнді игеруде ұтқырлық пен ұтымдылықты асыру болмақ. Педагогикалық технологиялар жүйелі ойлау тәсілдерін тәжірибеге ендіруді көздейді. Кез-келген педагогикалық технологияны алып өз тәжірибеңе ендіру мүмкін бе? Оқушының ерекшелігі, пәннің ерекшелігі, технологияның ерекшелігін, күтілетін нәтижені, үйлестіру мен жүйелеуді жан-жақты кесіп-пішпей, сол технологияның философиялық негізін анықтап алмай қолдану мүмкін емес.

ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Ендеше педагогикалық технологияларды қолдануда да шеберлік қажет.

Әдебиет пәнін оқытуда жаңа технологиялардың қайсысы тиімді. Қай технология әдебиет пәнінің мақсат, мазмұнына сәйкес келеді дегеннің жауабын іздеу аса маңызды.

Қазіргі технологияларда «миға шабуыл», дебат, модель, жоба жасату, оны қорғату, оқу, жазу арқылы оқушылардың сыни көзқарасын қалыптастыру жиі қолданылып келеді. «Сын тұрғысынан ойлау», «Дамыта оқыту», «Саралап деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы» т.б. көптеген технологияларды пайдаланып жүр.

Бүгінгі білім беру жүйесінде кез-келген жаңа әдіс-тәсілдер жиынтығы педагогикалық технология деген статусты ала алмайды. Педагогикалық технология көптеген факторларға қатысты анықталады.

Дайын рецепті ешкім бере алмайды. Ол рецепт пән иесінің тынымсыз еңбегі мен талғамының, үйлестіре, үндестіре білім шеберлігінің, пәнге деген ынтасы мен сүйіспеншілігінің өтеуінде табылады. Әсіресе әдебиет пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері ерекше. Поэзияны сүйіп тұшынып оқымайтын, сөздің шебер сырын танып сүйсініп, ләззат алмайтын мұғалім, көркем шығарманы үнемі оқып, жанына серік етпейтін мұғалім, әдебиетке өзі сүйсінбейтін мұғалім әдебиетті оқытудың әдісін іздеп әуре болмаса да болады. Әр әдіс өз тиімділігімен бағалы. Бұрынғы ата-бабаларымыз бір ғана баяндау әдісімен-ақ әдебиетке ұрпағын құлшындыра алған. Сөздің қадір-қасиетін таныта алған. Кейде әдебиет сабағында мұғалімнің сүйсіне оқыған бір өлеңі-ақ көп міндетті атқаруы мүмкін. «Жүректен шыққан сөз ғана жүрекке жетеді». Әдебиет пәнінің басты мақсаты жүректегі сезімді жүректерге жеткізе білу амалдарын іздеу.

Әдебиет сабағындағы ән де, жыр да, ойналып тұрған күй де маңызды. Олардың бәрі оқушы сезіміне, түйсігіне әсер ететін детальдар. Мәселен, жырдың әуенін тыңдатпай «Батырлар жырын», «лиро-эпостық» жырларды оқыту мүмкін бе?! Жыраулық дәстүрді танытпай жыраулдар шығармашылығын өз дәрежесінде оқу мүмкін бе?! Егер оқушыңыз жырау мақамын естігенде күлер болса, жырау шығармасын тұшынып оқуы екіталай. «Ғасырларды көктей өтіп» бізге жеткен асыл сөз маржандарының ішкі астарына үңілту, тілдік қорды құнарландыру да соншалықты қиынға соғар еді. Тіл – ұлттық құндылықтардың бірі. Тілді тану- әдебиеттен тысқары бола алмайды. Тілді білмеу, бағаламау, әдебиетті оқымауға, ұлтты қадірлемеуге әкеліп соқтарары белгілі. Ендеше әдебиет сабағында ұлттық құндылықтарға сса көңіл бөліп, әнді, күйді, жырды тыңдату ұсақ-түйек нәрсе деп қабылдау ағаттық болған болар еді.

Көркем шығарманы оқытқанда да ұсақ-түйек нәрсе дейтін ештеңе жоқ. Әр детальдың өз қызметі бар. Көркем шығарма авторы қаншалықты маңызды болса, кейіпкер де соншалықты маңызды. Себебі олар бір тұтастықтықтың бөлшектері.

Әдебиетті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды сөз өнерінің сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, талғамға, сұлулыққа, отандық, азаматтық рухта тәрбиелеу.

Мемлекеттік білім стандарты оқыту үрдісінің сапа мен нәтижеге бағытталғанын талап етеді. Демек, әр сабақ шәкірттің нақты мақсаттарға бағытталған жүйелі танымдық әрекетін ұйымдастыруға құрылады деген сөз. Сабақтың әр кезеңінде танымдық әрекетті қалайша іс жүзіне асыруға болады? Сабақты дамыта оқыту технологиясының ұстанымдарына үйлестіре жүргізу үшін мұғалім нені білуі керек? Әдебиетті жаңаша оқыту технологиясын меңгеруде пәннің ішкі мазмұнына сай келетін жақтарына назар аударып, мына мәселеге көңіл бөлу керек.



  • Білім мазмұнының ерекшелігіне қарай әдіс-тәсілдердің нәтиже беретін жүйесін дұрыс таңдау.

  • Мазмұнға байланысты нақты мақсаттар мен міндеттерді қоя білу.

  • Оқу технологиялаарын мазмұнға сәйкес тиімділігіне қарай іріктеп, синтездеу.

  • Оқушылардың әрекетіналдын ала жобалаған нәтижеге бағыттай ұйымдастыру.

«Оқу» кең мағынада шәкірттің жаңа білімді меншіктеу үдерісі болып табылады. Бірақ кез келген оқу білімді меңгеру емес. Егер оқушы білім жинақтаса және ол өз бетінше алдына қойған оқу міндетін шешуге бағытталса әрі өзінің әрекетін бақылау, бағалау амалдарын игерсе ғана оқу әрекеті болып табылады. Оқу белсенді әрекет түрінде ұйымдастырылса ғана оқушының оған деген қарым-қатынасы, қызығушылығы артады.

ӘДЕБИЕТ



  1. Жанпейісова М.М. Модульді оқыту технологиясы оқышыны дамыта оқыту құралы ретінде. Алматы, 2002. -180 б.

АННОТАЦИЯ


В данном статье рассматривается эффективность и увязкасть педагогические технологии в предмете «Қазақ әдебиеті»
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ӘДЕБИЕТ ПӘНІ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ: ҚҰНДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ
Жұмақаева Б.Д.- п.ғ.к., доцент (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Кейінгі жылдары жастардың көркем әдебиет оқымайтыны жиі айтылып, баспасөз беттерінде мәселе ретінде көтеріліп жүр. Біз қанша мойындағымыз келмегенімен бұл уақыттың өзі айқындап отырған шындық. Өнердің үлкен саласы, рухани байлықтың қайнар бұлағы болып есептелетін әдебиетке бүгінде қызығушылық та төмендей бастаған. Мектеп мұғалімдері де аға буын өкілдеріне қарағанда оқушылардың әдебиетке қызығушылығының төмендігін айтады.

Осыдан біраз бұрын Ресей телеарналары мен баспасөздерінде көркем шығарма оқуға оқушы ынта-ықыласының төмендеуі, оның себеп-салдарлары мәселе ретінде көтеріліп, дебат, жарыссөз, конференцияларда қозғалды.

Бұндай құбылыстың себебін терең зерделеу үшін әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, саяси, мәдени, рухани мәселелерді саралауға тура келеді. Нарықтық экономика халықтың санасына өз таңбасын түсіре бастады. Адамдардың өмірге деген көзқарастарының қалай қалыптаса бастағанын іс-әрекеттерінен де тануға болады. Көп ата-ана балаларын болашақта табыс көзі болатын мамандықтарға бейімдейді. Мектептерде кәсіби-бағдар жұмысын жүргізгенде оқушылардың көбінің таңдаған мамандықтары да ойымызды бекіте түседі. Халықтың мұндай талғамын жазғыруға да болмас. Себебі заманның өзі осы таңдауды ұсынып тұрғаны белгілі.

Әлеуметтік-экономикалық хал-ахуал өз кезегінде саяси, мәдени, рухани мәселелерді де туындатады. Халықтың ғасырлар бойғы қалыптасқан менталитеті өзгере бастайды. Ол адамдардың көзқарастары мен ұстанымдарына ықпал етеді. Ендігі жерде басты құндылық ақшаға саяды. Осылайша бірте-бірте халықтың психологиясына өзгеріс енеді. Ол қоғамдық сананы қалыптастырады. Өнер, мәдениетке деген көзқарасқа да селкем түсе бастайды.

Қазақ әдебиетінің тәуелсіздік кезеңін зерделеген көрнекті ғалым Ш.Елеукенов көркем әдебиеттің бүгінгі таңдағы таралымының азайып кеткенін айта келе: «Әдебиеттің арғы-бергі қозғаған әңгімесін бүгінгі ұрпақ білмей өссе, «адамның адамшылығын түзеу», «дүние сырына қанығу» /М.Әуезов/ мектебінен өтпесе, ана тілінің мәйегінен татпаса, құлағыңның бітелгені, рухыңның суалғаны, кеудеңнің кереңденгені, әнеки сол емес пе? Осыны әбден біле, сезе тұра, әдебиеттің оқушысын құртып жатқанымыз қалай? Көркем дүниедей сұлулық күнін өшіргенде табатынымыз не? Қай мұратқа жетпекпіз?» деп қынжылады /1, 343/.

Бұрынғы кеңес кезеңіндегі он мыңдаған тиражбен таралатын көркем әдеби кітаптар, газет, журналдар, ғылыми басылымдардың бүгінгі таралымы тартылып, кейбір басылымдар жабылып та қалғаны рас. Нарықтық қоғам, әсіресе, руханият әлеміне сырт берді. Қажетіңді өзің тауып, өзіңді-өзің қаржыландырсаң, бұл нарық тасқынында аман қаласың дегенді танытты.

Бұрынғы қалыпты тірлігінен жаңылып қалып, енді тәй-тәй тұра бастаған қазақ басаламдарына өзінен сан мәрте күшті бәсекелес шықты. Ол – теледидар, интернет әлемі. Айналасы бір сағат ішінде көруге болатын көркем фильмдегіні сағаттап оқудың қажеттілігі қаншалықты? Сондай-ақ сабылып іздейтін дүниеңді иегіңнің астынан-ақ интернетті түрткілеп отырып тауап алатын болсаң, кітаптың, газет, журналдың керегі қанша? Міне, өкінішке орай, бүгінгі жастар арасында осындай жаңсақ көзқарас қалыптаса бастады.

Біздің айтпағымыз мемлекеттік басылымдар немесе халықтың әлеуметтік жайы емес. Халықтың әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, саяси, мәдени дамуына маниторинг жасау үшін бірнеше сала өкілдері мен ғылыми институттардың көмегіне жүгіну қажет болар. Қарапайым халық көзімен қарағанда байқалатын өзгерістер кімге болса да жасырын емес. Тоқталмағымыз өнертану пәні, адамтану пәні, адамның рухани болмысын қалыптастырушы, ой-санасын дамытушы қуат көзі ретінде әдебиет пәнінің бүгінгі оқытылу жайы болмақ. Бүгінгідей өркениет заманында арнаулы пән ретінде арнайы оқытылып отырған тұста оқушыларымыздың көркем әдебиеттен сырттауына жол жоқ сияқтанады. Кезінде халқымыз «дала мектебін» құраған «отбасы мектебінде-ақ» ертегілерді айту арқылы оқушы қиялын шыңдап, жұмбақтар арқылы ойын дамытып, жаңылтпаш арқылы тіл ұстартып, дастандар, батырлар жыры арқылы отаншылдық рухын бекітіп, халық поэзиясы, айтыстар арқылы эстетикалық талғамы мен образды ойын дамытып келгені белгілі. Соның жарқын көрінісі болар, халық ақындар, көрнекті талант иелерінен тапшылық көрген емес. Ал бүгінде мемлекет қаржы бөліп, жалпы білім беретін мектептептерде арнаулы пән ретінде әдебиет 5-сыныптан 11 сыныпқа дейін оқытылып отырғанның өзінде оқушыларымыздың күн санап әдебиетке қызығушылығы бәсеңдеп, оқырман қауымның өз мәнінде қалыптаспауы кімді болса да ойландырмай қоймас.

Оның себебін алыстан сабылып іздемей-ақ әдебиет пәнінің айналасынан қарастыру керек болар. Зерделей, байыптай келгенде оқырман қалыптастыруда елеулі рөл атқаратын әдебиет пәні және әдебиет пәнінің бағдарламаларына тірелеміз. Яғни, мемлекеттік стандарт бойынша әдебиетке қаншалықты көңіл бөлініп отыр, жалпы білім беретін мектептерімізде әдебиет пәні қалай оқытылып отыр деген сауалдар туындайды.

Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы 1932 алғашқы пән ретінде оқытылған кезден бері сан түрленіп, сан түледі. 1960-90 жылдар аралығында қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы біршама тұрақталып пәннің ауқымды аясын жүйелеген, бір ізге түскен болатын. Бағдарламаларының сапалы жасалуында Ш.Кәрібаев, Ә.Қоңыратбаев, Ш.Аманов, С.Тілешова, Ә.Дайырова қатарлы белгілі педагог ғалымдардың сіңірген еңбегі зор. Ол бағдарламалар өткен күннің еншісінде қалып, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері де жаңа бағдарлама жасауға кіріскен едік.

Жаңа бағдарламаларда кеңес кезеңіндегі қалыптасқан жүйеден алшақ кеткеніміз жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бергіде әдебиеттану ғылымының жаңа тынысы ашылып, әдебиетіміз көрнекті тұлғалармен толықты. Халқымен қайта қауышқан арыстар мұрасы мектеп бағдарламаларынан орын алды. Бағдарламадағы бір жаңалық: орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп, алғашқысы әдебиеттік оқу бағытында болса, 8-9 сыныптар әдебиеттің бастапқы тарихи курсы енгізілді. Ал, әдебиеттің біршама көлемді тарихи курсы 10-11 сыныптарға ұсынылды. Бағдарламадағы бұл өзгерістің сапалы білім қалыптастыруға қаншалықты үлес қосқаны туралы пікір білдіру қиын. Әйтсе де, көзге ерекше көрінетін кейбір олқылықтарға жол берілгендігін айтпаса болмас. Мәселен, орта мектеп бағдарламасында бұрыннан әдебиеттің қысқаша тарихи курсы оқытылатын. 9-11 сыныптарға топтастырылған тарихи курс аясында ауыз әдебиеті, кейбір хандық дәуір әдебиетінің өкілдері, ХІХ ғасыр, Кеңес кезеңіндегі әдебиет, сол кезеңдердегі тарихи, шығармашылық тұлғалар қамтылатын. Жалпы білім беретін мектептер үшін лайықты әдеби білім қоры қалыптастырылатын. Ал жаңа бағдарлама бойынша мектепте оқытылатын тарихи курс екіге жіктеліп барлық тұтас курс 8,9,10,11сыныптар, жалпы алғанда төрт сынып бойы оқытылады. Былай алып қарағанда университет қабырғасында бір пән бойынша белгілі бір мамандық алуға берілетін бакалаврлық білім мөлшері болып шығады. Егер оқушылар аталмыш бағдарлама арқылы филологиялық терең білім алып шығар болса, төрт жылдық тарихи курсқа еш сынымыз болмас еді. Өкініштісі сол керісінше кейінгі жылдары мәтін оқымайтын, бірде бір шығарма кейіпкерін танымайтын оқушыларымыз көбейіп отыр. Бағдарламада бойынша мектеп қабырғасында оқылатын әдебиеттің тарихи курсына енгізілген авторлар мен олардың шығармаларын санамалап айтар болсақ қанша томдық кітап сөресі шығары белгісіз. Әсіресе 9-сынып оқушыларының арқалаған жүгі ауыр. Сонау ІҮ ғасырдағы Орхон-Енесей жазбаларынан бастап ХХІ ғасырдағы ақын, жазушыларымызға дейін қамтылған. Әрі әр авторға ең көбі 2-3 сағат қана берілген. Аталмыш сынып оқушылары тіпті М.Әуезовтің «Абай жолын» 2 сағат көлемінде оқып өте шығады екен. Бір сынып көлемінде осынша оқу материалын қамтыған бағдарламамен қалай білім қалыптастыруға болатынын авторларымыз ойланды ма екен?!

Жасыратыны жоқ, әдебиет пәнінің бағдарламасы бойынша көп сыныпта оқу ақпараты мөлшерден тыс көп. Кейінгі кезде «білім» деген түсініктің өзі «ақпарат» деген ұғыммен астастырыла, алмастырыла қолданылып жүр. Сондықтан да болар ҰБТ бойынша ЖОО- на есінде оқу ақпаратын көбірек сақтайтын оқушылар жолдама алып жатады. Психолог мамандардың пікірі бойынша есте сақтау қабілетінің кей балада жоғары, кей балада төмен болуы заңды құбылыс. Ал білімділік баланың есте сақтау қабілетінің жоғары болуына түбегейлі тәуелді емес. Яғни білім меңгерудің түрлі қызметі бары белгілі. Өкініштісі алынған оқу ақпаратын өз қажетіне қолдана алу, өз санасында қорытып, пайымдай білу (интерпретациялау) деген білім, білікке, машыққа көңіл бөлінбеуге айналды. Сонда білімнің көрсеткіші «қай жылы», «қашан», «қандай шығармалары бар?» деген жалаң сауалдардың жауабы ғана болғаны ма?! Себебі ұлттық тесті көбінде осы тектес сауалдардан құралып жүр.

«Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану» атты оқу құралында А. Әлімов бүгінгі ақпарат туралы мынадай мәлімет келтіреді: «Білімнің жылдан жылға дамып, өсіп отырғандығында дау туғызбайтын аксиома. Мәселен, адамзаттық бар білетіні 1800-1900 жылдар аралығынды (жүз жылды) екі есе өскен деген есеп келтіреді ғалымдар. Ал білімнің келесі екі есе өсуі енді елу жылда (1901-1950) орын алыпты. Осыдан кейінгі еселену жиырма жылда (1951-1970) содан соң он бес жылда (1971-1985) болған екен. Ал қазіргі кезде білім әр бір төрт жыл сайын екі есе ұлайып отыр дейді ғалымдар. Білім тура осы қарқында үдей беретін болса, аз уақыттан кейін адамзаттың бар білетіні әрбір 76 күнде екі есе өсіп отыратын көрінеді...

Қазірге заман - ақпарат заманы, ол жан-жақтан әртүрлі формада (кітап, ғазет-журнал, теледидар, радио, қарым-қатынас, интернет, жарнама т.б.) орасан зор көлемде ағыл-тегіл келіп түсуде. Алайда адам өзінің шектеулі миымен барлық ақпаратты есте сақтап, игере алмайды, оған уақыты, тіпті өмірі жетпейді... Сонымен, білім-ақпатар» формуласы бүгінгі күні ескірген, білім ақпарат емес деп ұйғаруға әбден болады»- деген ойға қонымды пікір білдіреді/2, 16/.

Мектеп бағдарламаларына көп оқу материалын, көптеген авторларды ендіре беруге тырысу орынсыз. Біздің пікірімізше көркем ойдың көгіне көтерілген классикалық шығармалар арқылы, көрнекті ақын, жазушыларымыздың таңдаулы туындылары арқылы әдеби білім мазмұнын қалыптастыруға күш салынуы қажет деп білеміз. Оның есесіне мейлінше көркем шығармағаның өзіне, оны талдауға, практикалық сағаттарға, өзіндік білім мен шығармашылыққа көбірек көңіл бөлініп, оқушылардың таным әрекеті мен эстетикалық талғамын, оқырмандық ынтасын көтерсе, бағдарламаға енбеген шығарманың өзін, тіпті барлық көркем әдебиетті оқуға деген ықылас артқан болар еді.

Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламаларына қараған қазіргі күйіміз «кілті жоқ сандық толы қазынаға қол жеткізе алмаған жанның немесе теңізде отырып шөлдеген адамның кебін кигенмен бірдей». Олай дейтініміз педагогикалық практика кезінде бірталай мектеп мұғалімдерінің сабақтарын бақылай жүріп біршама жайтқа қанықтық. Бағдарлама бойынша әдебиеттің тарихи курсын оқитын сыныптарда белгілі бір автор ұсынылады да оның бірнеше шығармасы көрсетіледі. Ал оған бар жоғы екі сағат қана біріледі. Жоғарыда атап өткен 9-сыныпқа сабақ беретін әр мұғалімнің академиялық білімі болуы қажет-ау деген ойға тірелесіз. Себебі ІҮ-ХХ ғасырларды қамтыған бағдарлама бойынша өз мәнінде дәріс даярлау үшін терең білім қажет-ақ. Ал бүгінде сырттай білім алып, мектептерде жұмыс істеп жатқан мұғалімдеріміз жоқ деп есептегеннің өзінде жоғары оқу орнын үздікке бітірген, білікті ұстаздармен әбден қаруланған болуымыз қажет болар. Себебі санаулы сағаттарда өткізілетін сабақ дәстүрлі шолу лекциясы деп білсек, сол лекцияның өзі өте сапалы даярлануы керек. Жалпы жартымсыз сағатқа үйіп-төгіп берген оқу материалын оқытудың жаңа бір тәсілдерін іздестіру керек болар. 2011 жылы шыққан Қоғамдық-гуманитарлық жалпы білім беретін мектептердің «Әдебиет бағдарламасы» бойынша (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясынан 2010 жылы даярланған) 11 сыныптарда барлық шығармашылық тұлға 1 сағат, нақтырақ айтсақ, 45 минутта оқытылады-мыс. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, І.Жансүгіров, Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты ірі тұлғаларымыздың шығармашылығын 1-сағат көлемінде қалай оқытуға болады? Сол бір сағат ішінде авторларымыздың әрқайсысының түрлі жанрдағы шығармалары қарастырылады. Поэзиясы, драмасы, шағын, орта, кең көлемді прозасын да қамту көзделген. Шығармаларына шолу жасаудың өзі елеулі уақытты қажет етеді. Белгіленген уақыт көлемінде осынша материалды қамту мүмкіндігі қаншалықты?

Педагогикалық практика кезінде бақылаған сабақтарымызда көңіл тұшытатын дүние көре алмайсыз. Ең таңдаулы сабақ дегендердің өзі тек оқу ақпаратына сүйенеді. Яғни интер активті тақтадан көрсетілетін әр түрлі материалдар мен сызбалар, үнтаспа т.б. техикалық құралдарға сүйене айтылатын мұғалімнің біршама сәтті дайындалған шолу дәрісі болып шығады.

Осындай оқу бағдарламасы мектептегі әдебиет сабағының мазмұнына елеулі ықпал етіп отыр. Мұғалімдер де жеңіл жолын тапқан. Көбіне хранологиялық кесте жасату, сол бойынша автордың қысқаша шығармашылық картасына сүйеніп қай шығармасы, қашан, қай баспада жарық көрген т.б. анықтамалық ақпаратты алумен шектелетін болған. Себебі тестің сұранысы да осы ақпараттар. Сонымен әдебиет сабағымыз статистикалық ақпаратқа толы жалаң мәліметтер жиынтығы болып шыға келеді.

Оқушылардың мәтін оқудан шеттетілгені соншалықты, тіпті М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын әдіскерлеріміздің мәтін оқудан безінген оқушыларға бейімдеп қысқартып бір кітап етіп жинағанын да көз көрді. Төрт кітаптан қысқартылып шағындалып ұсынылған «Абай жолын» да оқыту оңайға соқпаған сияқты. Себебі әдіскерлеріміз сол алғашқы тәжірибесімен шектелді. Кейін басқа авторларымызға мұндай «тәжірибе» жасай қойған жоқ. Әдебиет сабағы рухани өмір сабағына айналу үшін жалаң ақпаратты сырып қойып, шығарманың өн бойына еркін көсілу керек емес пе?! Белгілі әдіскер Е.Н.Ильиннің шығарма талқылау арқылы өткізетін тіл өнері сабақтарындағы «өмірге ену», «тіректер іздестіру», «тіл табысу өнері», «қарсы қадам» т.б. ұстанымдары арқылы оқушы санасынан жүрегіне жол салатын әдіс-тәсілдері әдебиет сабағы үшін аса маңызды/3, 4/. Ал тиімді әдіс-тәсілдер мен технологияны пайдалана алатын мүмкіндікті бағдарлама жасаудан бұрын есепке алған орынды болар. Әдебиет – қалықтың теңдессіз мұрасы, рухани қазынасы, рухани құндылығымыз. Басты құндылығымызды оқушы бойына дарытарлық мүмкіндік жасамасақ, том-том кітіптар жазу мен бағдарламалар түзудің қандай қажеттілігі бар деген заңды сұрақ туындайды.
ӘДЕБИЕТТЕР

1 Елеукенов Ш.Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде А.: Алатау, 2006.

2 Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Алматы: 2009.

3 Ильин Е.Н. Путь к ученику. М.: Просвещение, 1988.

4 Ильин Е.Н. Рождение урока.М.: Педагогика, 1986.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада жалпы білім беретін мектептерге арналған әдебиет пәні бағдарламалары қарастырылған. Әдеби білім мазмұнын қалыптастыруда оқу бағдарламаларының құзырлылық мәселесі қозғалған.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются содержание учебных программ по литературе в общеобразовательных школах и проблема их компетентности в формировании содержания литературного образования.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет