7-дәріс
ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ: КІРІСПЕ
Нарратология
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
7. Нарратология
2
Мақсаты:
әдебиет теориясының әліппесін оқып үйреніп жатқан білімгерлерге сөз өнерінің
эстетикасында маңызды ұғымдардың бірі болып саналатын нарратология ұғымын түсіндіру,
оның басты теориялық негіздері мен терминдер жүйесіне шолу жасау.
Кілт сөздер:
нарратология, баяндау жүйесі, сюжет, фабула, нарратор.
Бүгін біз әдебиеттану ғылымындағы ең маңызды тақырыптардың бірі нарратология жө-
нінде сөз етпекпіз. Жалпы, өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап әдебиеттанушылар
көркем шығарманың баяндалу жүйесіне ерекше ден қоя бастады. Содан бері аталмыш ғылыми
пән өз маңызын арттыра түспесе, еш кеміткен емес. Қайта уақыт өткен сайын ғылымдағы
нарратология пәні дамып, толысып жатыр деуге болады. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы
да көркем туындының нарратологиялық сипатына баса мән беретін болды. Өйткені баяндау
формасы туындының көркемдік эстетикалық қуаты мен жанрлық-стильдік даралығына
айтарлықтай әсер ете алады.
Тұтастай алғанда, нарратология – баяндау жүйесін зерделейтін ғылыми пән. Кейде әңгімелеу
және сюжет деген сөздердің орнына қолданылады. Бұл тек әдебиеттанушы ғалымдар үшін ғана
емес, тұтас гуманитарлық ғылым салалары үшін маңызды пән болып табылады. Әдебиеттану
ғылымынан бөлек, әсіресе, тарих, мәдениеттану, философия, психология, лингвистика сынды
ғылым салалары үшін аталмыш пән маңызды. Өйткені тарихшылар баяндау жүйесі арқылы
тарихи шындыққа біршама жақындап, оның ақиқатын ашуға бет бұрса, мәдениеттанушылар
сол арқылы әңгімелеушінің, қала берді тұтас қауым елдің мәдени болмысын тануы мүмкін.
Әр саланың көрнекті мамандары болады емес пе? Олардың аттары аталғанда белгілі
бір ғылыми тақырыптар, ал ғылыми тақырыптар сөз етілгенде оның көрнекті зерттеушілері
көз алдымызға келе қалады. Сол секілді, философия ғылымындағы нарратологияның те-
реңіне бойлап, сырына қаныққан ғалым ретінде біз Поль Пикерді, тарихнамалық тұрғыдан
қарастырған Хайден Уайтты және әдебиеттің теориясы тұрғысынан сарапқа салған Вольф
Шмидті айта аламыз. Бұлардың еңбектері өз салаларындағы маңдайалды, ең бірінші ауызға
алынатын ғылыми кітаптар болып саналады. Дегенмен нарратологияның теориясын арнайы
нысан етіп, оған қатысты ғылыми тұщымды тұжырымдар айтқан ғалымдар аз емес. Р. Барт,
Л. Долежал, Ж. Женнет, М. Баль, Дж. Принс, Я. Линтвельт, Ю. Кристева, Ж. Курте т.б. сынды
зерттеуші ғалымдар да әлемдік нарратологияның көрнекті өкілдері ретінде аталады.
Көркем өнердің баяндау жүйесіндегі ең басты орын – нарратордікі. Нарратор дегеніміздің
өзі ағылшын тіліндегі «narrator», яғни әңгімелеуші, баяндаушы деген мағынаны білдіреді.
Сонымен бірге, ол кейде автор ұғымының орнын басады. Баяндау жүйесі дегенде тек қана
көркем әдеби шығармалардағы баяндауды ойламауымыз керек. Роман, повесть, әңгіме,
новелла, пьеса, поэма сынды әдебиеттің жекелеген жанрларынан бөлек, балет, мүсін өнері,
бейнелеу өнері және кино сынды өнердің басқа да түрлеріндегі оқиғаның баяндалу жүйесін де
қаперде ұстағанымыз жөн.
Жалпы, әдебиеттану ғылымындағы нарратологияның басы өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарындағы құрылымдық мектептердің тұжырымдарында жатыр. Ал оның бастауқай-
нарлары, бұған дейінгі дәрістерімізде айтылғанындай, жиырмасыншы ғасырдың жиырма-
сыншы жылдарындағы формалистердің еңбектері болып саналады.
Нарратологияны баяндау жүйесін зерттейді дедік. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Себебі, нар-
ратологияның өзіне тән теориялық ұстындары қалыптасқан. Олардың бәрін бір дәрістің
аясында ашып беру мүмкін болмаса да, ең басты ұғым-категорияларын білуге тиістіміз.
«Нарратологияның қарастыратын мәселелері қатарына мыналар жатады:
• әдебиеттің табиғатын коммуникативті түсіну;
• бір мезгілде бірнеше әңгімелеу деңгейінің болуы;
• дискурс мәселесіне қызығушылық білдіру;
• әдеби ақпаратты жазушыдан оқырманға жеткізу.
Әдебиеттің коммуникативті табиғаты мыналарды қамтиды: ақпарат жіберуші (әдеби шы-
ғарманың авторы), хабарлама, коммуникат (әдеби мәтін), хабарламаны алушы (оқырман),
3
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
7. Нарратология
әдеби мәтіннің характері. Әр әдеби шығарманың негізінде оқырман мен жазушы арасында
диалогтық қарым-қатынас болады» [1; 51].
«Нарратология əр түрлі нарративтің жалпы белгілерінің көрінуін, олардың арасындағы
айырмашылықтарды айқындау, нарративтің пайда болуы мен даму заңдылықтарын бір жүйеге
келтіруді мақсат етеді. Сондықтан да нарратология екіге бөлінеді:
1) классикалық (бұл жағдайда нарративтіліктің белгісі ретінде нарратордың қатысуы жата-
ды);
2) құрылымдық (бұл жағдайда нарративтілік баяндалатын мəтінге қарама-қарсы уақыттың
дамуы бойынша анықталады).
Сонымен қатар нарратологиядағы əдеби мəтінді екі түрлі жолмен қарастыруға болады:
• баяндалатын оқиға (мазмұн) арқылы;
• хабарлау ретінде (көрініс).
Осы диахрония негізінде нарратологияның басқа да түсініктері пайда болады: фикцио-
налдылығы (жасандылығы, ойдан шығару) жəне фактуалдылығы (бар болуы, іс жүзіне асыру),
нарратор (баяндаушы) типтері, баяндау инстанциясының иерархиясы, сатысы (шынайы жəне
абстрактілі автор, нарратор, идеалды жəне нақты оқырман, оқырман бейнесі), автор бейнесі
(баяндаушыны бөліп ажырату немесе оқырманмен тілдесу жəне ойнау мақсатында баяндаушы-
кейіпкердің жеке мінез-құлқы мен биографиялық белгілерін айшықтау) жəне т.б.
Көркем мəтіндегі баяндау терминін сөздердің барлық типтерінің (баяндау, бейнелеу, əң-
гімелеу) жиынтығы ретінде түсіну қажет.
Баяндау – белгілі бір əңгімелеушінің немесе баяндаушының (дыбыс шығаратын) сөйлеу
актісі. Оның негізгі белгілері, ерекшеліктері:
а) шығарманың туу деңгейі бойынша: əңгімелеуші көбінесе бір уақытта қаһарман болып
туындыдағы оқиғаларды көзімен көруші жəне тіпті автордың образы болып көрінеді (қаһарман-
əңгімелеуші, автор-əңгімелеуші); жеке хабарлаушы көрсетілмейді; абстрактілі, оның ішінде
хабарлау қызметін атқарады;
ə) жеке көзқарастың болуы немесе болмауы: баяндаушы – жасаушы-автордың (автор-
творец) көзқарасына жақын көзқарас, алайда үнемі онымен сəйкес келе бермейді;
кейде баяндаушының көзқарасы болмаған жағдайда жасаушы-автордың идеяларымен
толықтырылады; əңгімелеуші – шығармада дара, эмоционалды бағалау позициясын иемдене-
ді, кейіпкерлердің өзіндік көзқарасына жақын, автор-жасаушының позициясынан жеңіл
ажыратуға болады;
б) тілдік көркемдеуішімен: əңгімелеуші үнемі мен-баяндаушы формасымен көрінеді (мен
оған таңертең келдім); бағалау, эмоциялы сөздерді қолданумен, əңгімедегі оқиға барысына
көңіл аудару, стильді əңгіме арқылы азайту; баяндаушы бұл жағдайда бейтарап: мен жіктеу
есімдігімен көрсетілмеген, сөзді қолданудың оқиғалар мен кейіпкерлерді тура бағалауға əсер
етпейтін кейіпкер əлеміне жəне пəндік əлемге қатысы бар; нысаналы көріністерді, бейнелерді
(объектные изображения) есепке алмағанда стильдің төменділігінің жоқтығы; баяндаушының
тілі нағыз, шын (реальный) автордың тіліне өте жақындығы;
в) жақындығы немесе нағыз автордан алшақтығы бойынша: əңгімелеуші көбінесе
(биографиялық) шын автордан үнемі ерекшеленеді: əлеуметтік деңгейлермен, əңгімелеуші
көбінесе (бейресми) маргинальді, өзінің моральды жəне мəдени бейнесін көрсету мақсатында,
сонымен қатар оқырманмен ойын (игры) мақсатында (ирония, өзіндік ирония, юмор, комика)
шын автордан демонстративті түрде ерекшеленеді; баяндаушы шын-авторға жəне шығару-
шыавторға (автор-творец), алайда ол да əңгімелеуші сияқты бөгде инстанцияны ұстағандықтан,
сəйкес келе бермейді; көбінесе бұл жақындық баяндаушының бейтарап позициясына негіз-
делген;
г) жанрға жататындығы бойынша, баяндаудың формаларымен жанрдың əртүрлілігі бой-
ынша: əңгімелеуші баян етудің жеткізу формаларында, əңгімелерде, новеллаларда, повестерде,
романдарда, роман-эпопеяларда, эпостық, лирикалық жəне лироэпостық жанрларда (жанрлы-
композициялы форма) көрінеді; баяндаушы баян етудің тек жеткізу формасынан басқа
жоғарыда аталған жанрлардың бəрінде көрінеді.
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
7. Нарратология
4
Әдебиеттану ғылымындағы нарратология көркем туындыны зерттеу нысанына алған кез-
де оқиға, сюжет, фабула, тарих, әңгімелеу сатысы, әңгімелеу түрі, айтушы мен айтылымның
арақатынасы, автор мен әңгімелеуші, автордың, кейіпкердің және оқырманның көзқарасы,
нарративті деңгейлер, әдістер, дискурс сынды категорияларды назарда ұстайды. Аталған
терминдер ішінде, әсіресе, сюжет пен фабула, дискурс және автор мен оқырман арақатынасы
деген ұғымдар аса күрделі болып саналады. Әдебиеттану ғылымында бұл ұғым-түсініктерге
қатысты біржақты пікір әлі толық орнықпай келеді.
Көркем туындының баяндау жүйесін зерттейтін мамандар ең әуелі назар аударатын
ұғымдарының бірі – сюжет. Өйткені шығарманың сюжеті оның баяндау жүйесінің беталыс-
бағдарын анықтайды. Содан да болар, сөз өнерінің теориясында көркем шығарманы тадаудың
классикалық және структуралық-құрылымдық әдістерінен бөлек, сюжеттік талдау әдісі де
кездеседі. Сюжеттік талдауды әдетте оның баяндау жүйесінің негізінде жасайды. Оның алдыңғы
екі әдістен басты айырмашылығы әрі артықшылығы мұнда мәтін көпдеңгейлі жүйе ретінде
қарастырылады. Орыстың көрнекті әдебиеттанушы ғалымы Ю.М. Лотманның сюжетолияға
қосқан үлесі көп. Ол сюжеттің негізгі екі түрін ажыратып берді. Бірі – классикалық, екіншісі –
мифологиялық. «Ю.М. Лотманның шығарманы талдау әдісінде «рамка» (жиек, жол, шекара) деп
аталатын негізгі түсінік бар. Міне, осы бойынша, классикалық сюжет біреудің рамканы бұзған
сәтінен басталады. Лотманның тілімен айтсақ, мәтіндегі оқиға кейіпкерлердің мағыналық ая
шекарасынан асып кетуінен болады. Лотман сюжетті талдау барысында екі нәрсені дұрыс түсіну
керектігін айтады: «Рамка» басында қалай болып еді? Ол «рамканы» кім бұзды? Рамканың өзі
экспозициядан (шығарманың болатын орнынан) басталады. Осыдан соң рамканың бұзылуы
оқиғаның басталуына алып келеді. Ал мифологиялық сюжеттің негізінде рамканың бұзылуы
емес, оқиға жатыр. Мифологиялық сюжетте рамканың бұзылуы ешқашан іске аспайды.
Сюжет пен фабула терминдері нарратив сатыларының құрамына кіреді. Фабула дегеніміз –
оқиғаның реттілігі, оқиғалардың шын мәнінде болғандығы. Сюжет дегеніміз – оқиғалар туралы
мәтінде айтылғандардың бәрі, яғни оқиғаны оқырманның қалай білгендігі. Сондай-ақ әдебиет
зерттеушісі Ю. Лотман сюжет туралы мынадай жақсы пікір айтады: «Мәтінде оқиға болған
күннің өзінде, сюжетсіз ол еш нәрсе емес. Мәтіндегі оқиғаларға жан бітіру үшін міндетті түрде
сюжет қажет» [1; 53].
Осы секілді ұғым-түсініктердің күрделілігіне қарап нарратологияның зерттеу аясы тым кең
екеніне көз жеткізуге болады. Жоғарыда тілге тиек етілген фабула мен сюжетті де, дискурс пен
автор-оқырман байланысын да жеке-дара қарастырған кезде оның тереңіне бойлау мүмкін
емес дейді нарратологтар. Олардың пікірінше, аталған катеогрияларды дұрыс түсіну үшін
міндетті түрде баяндау жүйесінің өзіндік заңдылықтарына жүгіну керек. Сонда ғана ғылыми
негізді әрі салмақты тұжырымдар жасауға жол ашылады.
Нарратология туралы сөз еткен кезде орыстың көрнекті әдебиеттанушысы М.М. Бахтиннің
ғылыми тұжырымдарын айналып өтуге болмайды. Өйткені оның шығармадағы баяндау
жүйесіне азық болар көркемдік бөлшектер мен олардың қиюласуы турасында айтқан пікірлері
әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, сондай-ақ философия, мәдениеттану сынды ғылымдар
үшін де әлі күнге дейін маңызды болып отыр.
Бахтиннің пікірінше, романдар табиғатында «гетероглассиялық», көптеген сөйлеу формасын
біріктіреді. Сонымен бірге, «диалогтық» қасиетке ие, себебі әртүрлі дискурстарды жекелеген
диалогтық алаңдарға орналастырады. Баяндаушы кейіпкердің көзқарасын қабылдаған кезде
ол өзінің сөйлеу мәнерін кейіпкердікімен ұштастырып жібереді. Сонымен бірге, әңгімелеуші
шығармадағы пікірлер легіне де қатысады. Автор пародия не иронияға жүгінген кезде өзінің
жеке дискурстарын басқа дискурстармен антогонистиік контакті арқылы қабыстырады. Кейде
авторлардың басқа қаламгерлермен құпия таласқа түсетін кездері де болады екен.
Бахтин сондай-ақ, диверсиялар қызметінің дискурстық стратегиясының нақты түрін
сипаттау үшін әдеби-сыни пікірталаста «карнавалдылық» тұжырымын ұсынды. Француз
жазушысы Франсуа Рабленің шығармашылығы туралы жазған зерттеулерінде ол Рабленің
кейбір баяндауларында алыптардың дене бітімі бүге-шүгесіне дейін суреттелетінін айтады.
Оның шығармаларында орта ғасырлардағы сауда орындары мен карнавалдарда, жыл
сайынғы дәстүрлі шараларда қолданылатын сөйлеу мәнері мен дискурстар кездеседі. Ол
карнавалдылықты катаң әлеуметтік иеарархияны сақтап, жалпыға ортақ нарықтық сөйлеуді
5
Кітап:
Дәріс:
Әдебиет теориясы
7. Нарратология
қуаттаған орта ғасырлардағы Католик шіркеуі сынды институттардың беделді дискурсы ара-
сындағы айырмашылықпен байланыстырады. Мұндай күлкі мен қорлау Шіркеуді қорқыту күші
бар маңызды дискурсынан айырады әрі бақылауды ұстап тұру үшін өмірден кейінгі жазамен
қорқытуын жоққа шығарады.
Осы секілді, басқа да көп көркем туындылардан мысалдар келтіре беруге болады. Жалпы
алғанда, нарратологияның баяндау теориясы екенін айттық. Ал нарратордың автор мен
баяндалатын әлем арасындағы делдал екенін де білдіңіздер. Жазушылар өмір шындығын
көркем шындыққа айналдыру барысында бір оқиғаны әртүрлі баяндайтын көптеген кейіпкер-
нарраторларды енгізіп, шығармада баяндаудың сан түрлі әдістерін қолданады.
Тақырыпты пысықтау үшін қойылатын сұрақтар
1. Баяндау жүйесінің көркем шығармадағы өзіндік орны туралы айтып беріңіз.
2. Нарратор кім? Оның автормен байланысы қандай?
3. Нарратологиялық талдау барысында қандай ұғым-категорияларға көбірек көңіл бөлінеді?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Ысқақұлы С., Такиров С.У. Сюжет жəне нарратив теориясы. // Қарағанды университетінің
Хабаршысы. № 1(81) /2016.
2. Шмид В. Нарратология. – М.: Языки славянской культуры, 2003. – с. 312.
3. Есембеков Т.О. Көркем мәтін теориясы: оқу құралы / Т.О. Есембеков. – Алматы: Қазақ
университеті, 2015. – 186 б.
4. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі (Құрастырушылар: З. Ахметов, Т. Шаңбаев) Алматы: «Ана
тілі», 1998. – 384 б.
Достарыңызбен бөлісу: |