Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі - надандық, екінші - еріншектік, үшінші - залымдық деп білесің.
Надандық - білім ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені олрасыз біліп
болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады.
2.Мақал – мәтелдер.
Шыдамдылықпен еңбек,
Бәрінде жеңбек.
Ердің атын еңбек шығарады.
Еңбек етпесең елге өкпелеме,
Егін екпесең жерге өкпелеме.
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болады.
Дүниетанумен байланыс:
1.Қыстың қамын жаз ойлар. Адамдардың қыс мезгіліне дайындығы туралы айту. Олардың қалай еңбек ететіні жайлы оқушылармен пікір алмасу. Құмырсқаның еңбекқорлығын айқындау. Табиғатты аялайық! Көшеттер отырғызып, еңбек ету. Еңбегіңнің жемісін көру.
2.Құмырсқа - (Formіcіdae) – жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқа Жер шарында кеңінен таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар. Олардың көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.
Денесі бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда үш жұп аяқтары жақсы жетілген.
Математикамен байланыс
1. Сөзтуым: «Еңбекқор» сөзінен басқа сөздер тудыру. Неше сөз құрағандарын санау. Ең көп сөз құраған оқушыны анықтау. Ойлау қабілетін дамыту, жылдамдығын арттыру.
Еңбекқор:,, қор, ең, рең, ек, бор, кең,
«Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру» кезінде осындай тақырыптарды, мақалдар, мысалдар, аңыз әңгіме, ойын арқылы оқушы бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Әр сабақ барысында құндылық пен қасиеттерді ұштастыра отырып, біртіндеп бойларынан өткізе берсе, ішкі тыныштығы басым,шыншыл,дұрыс әрекет жасай алатын мейірімді ұрпақты тәрбиелеп отыратынымыз сөзсіз.