«Ана тілі және отбасы» байқауы
Тақырыбы: «Бастаңғы» дәстүрі.
Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрімізді болашақ ұрпақ бойына сіңіре отырып насихаттау; ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді ұғындыра отырып шәкірт бойына сіңіре білу; ұрпаққа ұлттық дәстүрімізді ұғындыра отырып іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
1-жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2-жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,
Үлкен, кіші, жасымыз бен кәріміз.
І. «Салт-дәстүр – асыл қазына» қазақ халқының мақал-мәтелдеріне, нақыл сөздеріне, тыйым сөздеріне және қазақтың ұлттық ойындарына, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты сахналық қойылым.
«Бастаңғы» салт-дәстүрі, «Сақина салу» ойыны.
Бастаңғы Қазақта бастаңғыны шешесі бір жаққа жолаушылап кеткенде сол үйдің бойжеткен қызы жасайды . Қыздың үйіне құрбы - құрдастары жиналады. Шешесі бұған рұқсат етіп , асуға ет , немесе мүмкіндігі бар ауқаттылау отбасы болса тіпті союға қой да береді. Жиналған жастар ән салады, домбыра тартады, ұлттық ойындар ойнап, әзіл – қалжың күлкімен кешті өткізеді.
Біреуді құрметтеп, өзін де біреуге құрметтете білуге үйрету көзделеді. Сондықтан бастаңғыны қазақ қыздары бойжете бастаған кезде жасап үйрену артық емес. Бастаңғыда қыздар мен жігіттер жиналып, бір- бірімен ойнап –күліп танысады, әзіл –оспақ айтысып, ұлттық ойындар ойнап, ән салып, күй тартып , әр түрлі өнерлерін ортаға салған. Бірақ бастаңғы бақылаусыз болмаған. «Шешесі қыдырмашының қызы бастаңғышыл боладыға» барғызбау үшін бақылау, рұқсатсыз бастаңғы өткізбеу - қазақта заң. Көрініске қатысатындар. Лиана – бастаңғы жасайтын үйдің бойжеткен қызы. Апа – Лиананың анасы.
Кристина – Лиананың жақын құрбысы. Бірнеше жігіттер мен қыздар.
Бірінші көрініс: Киіз үйдің іші. Ортада қазақша дөңгелек стол. Лиананың шешесі нағашыларының аулына жол жүргелі жатыр. Үйдің бір жағында сандық ақтарып отырады. (Лиана даладан сыпайы басып кіреді.) Лиана - Апа, нағашы атамның аулына барайын деп жатыр екенсіз ғой. Апасы –Ия күнім, жол жүрейін деп жатырмын, атаңа не айтасың? Лиана - Атама сәлем айтыңыз! Інішектерімнің бетінен сүйіңіз. (Басын сәл қисайтып, ойлана қалады)
Апа, бірдеме айтсам ренжімейсіз бе? Апасы - Айта ғой күнім. Лиана - Бастаңғы жасайықщы. Апасы – Бастаңғы дейсің бе ? (ойланып) Құрбы-құрдастарыңды шақырып, басын қосайын деп пе едің? Жасай ғой. Лиана - Алақай, апамнан рұқсат алдым. Кристина, қайдасың?
Бастаңғы жасайтын болдық.
(Апасы мен Лиана үйден шығып кетеді)
Екінші көрініс. Киіз үйдің іші. Апасы асығыс кіреді, қызымен бірге. Апасы - Лиана, құрт пен майың әбдіренің түбінде. Ет шошалада. Бауырсағыңды жұмсақ қылып пісір. Ал мен кетейін, күтіп қалған шығар. Сырттағы дауыс - Бәйбіше, болсаңшы! Құдайым-ау, қайда жүрсің?
Үшінші көрініс. Киіз үйдің іші. 4-5 қыз күліп, әндетіп кіреді (Ішінде Лиана мен Кристина бар) Дастархан үстіне шай жабдығын қоя бастайды. Кристина – Лиана, апаң неше күнге кетті. Лиана - Ертең кешке оралады. Жол амандығын берсін. (Осы кезде бір топ жігіттер мен қыздар дабырласып кіреді, қолдарында домбыра, қамшы бар) Жігіттер - (дабырласа) Ал қыздар, біз келіп қалдық! Қыздар – Жігіттер келіп қалыпты ғой, жоғары шығыңдар!
(Барлығы дастарханға қоршай орналасады.)
Бірінші жігіт – (Отырып жатып ) Лиананың бауырсағының дәмін көрейікші. (Бір бауырсақты аузына салып жібереді).
Кристина – Ой пәлі, өзі пысық, өте дәмді етіп пісіріпті! Бірінші жігіт - (бас бармағын көрсетіп) Шынымен-ей, өзің қатқан бәйбіше болайын деп тұр екенсің! (ду күлкі )
Лиана – Кетші әрі, ал құрбы-құрдастар ән айтып, тамақ алып, көңілді отырайық. Мұндай оңаша үй жиі бола бермейді. Естеріңде болсын.
Екінші жігіт –Дұрыс айтады, қыздар ән салайық. Бастап жіберіңдер. Қыздар – Несі бар, салсақ саламыз!
(Қыздар қосылып бірнеше ән орындайды. «Күміс құмған-ай», Жігіттер жағы қолпаштап отырады. )
Кристина – Енді Руслан ән салсыншы, сері жігіттің өнерін көрейік! «Қызылқұмда ауылым» әнін орындайды. (Руслан жастардың сұрауымен бірнеше ән салды)
Қонақ десе тік тұрып,
Қарсы алатын халықпыз.
Ата-анамыз ұқтырып,
Қойған салтқа қанықпыз.
Кісі келсе тамаққа,
Етпен шайын қамдаймыз.
Қымыз құйып қонаққа
Әңгімесін тыңдаймыз,- дей келе, «ауылдың алты аузын » орындап берейік.
Халық әні: «Күміс құмған-ай»
Десең талай амал бар,
Домбыра ойнап, күй шертіп,
Ән салдырып билетіп
Өзіміз жасай білетін
Түрлі сиқыр көрсетсек,
Біз өнерлі баламыз
Көңілді аулай аламыз
- Келесі кезек сіздерден, «Қонақ кәде» жасап жіберініздер
Кешіміздің жалғасын ойынға берейік.
«Орамал салу» ойыны (Бір оқушы ортаға шығып, қолына орамал алады да, бір сұрақ қойып ортада отырған топ мүшелерінің мойына салады. Ол дұрыс жауап беру керек, дұрыс емес болса айып-пұл төлейді. Ол ән немесе би, болмаса 1 шумақ өлең айту керек )
«Орамал салу» сұрақтары:
1. Көрімдік дегенді қалай түсінесіндер?
2.Шілдехана тойы туралы не білесіндер?
3. Кешірім сұрау дегеніміз не?
Білмеген сұрақтың орнына айып ретінде өзі білетін мақал-мәтел немесе өлең оқып береді.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық, - деп кезекті жұмбаққа береміз
1.Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (қол)
2. Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан. (қайшы)
3. Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпаймыз (тұз)
4. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды қөңілдене сыйлайды. (дастарқан)
Сақина салу – жеребе арқылы бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. Басқалары екі қолдарын уыстаған күйі тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатынасушыларды түгел аралып өтеді. Содан кейін жігітке: «Сақинаны тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, қуыстанып сезіктенгендей кейіп байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойыншыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. Тапса, сақинаны ұстап отырған ойыншы айып тартады. Таппаса, іздеушінің өзі айып тартады. Ал айыптың өтеуі көпшіліктің қалауы бойынша орындалады. Оның түрі де ән салу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру секілді қызықты болғаны жөн. Осыдан кейін ортаға келесі жұп қыз бен жігіт шығарылады. Бұл ойында қыздар жағы тек сақина салушы ғана болады. Іздеуші - жігіт. Ол әр ойыншының алдына барғанда әзіл айтып, күлдіріп жүруі керек. Сол әдіс арқылы сақинаны ұстап отырған ойыншыны сезіктендіріп барып тауып алуы да ықтимал.
«Сақина салу» сұрақтары:
1. Бала дүниеге келгеннен бастап жасалатын салт-дәстүрді ата.
2. Қандай туыстық атауларды білесің?
3. Ұлттық ойындарды ата.
4. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?
Білмеген сұрақтың орнына өзі білетін мақал-мәтел, өлеңдерін оқып береді.
Мақал-мәтелдер:
Ата-дәстүр абырой көтергенге,
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады? (Халида мен Настя).
- Армысың, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
- Амансың ба, достым. «Қуыс үйден құр шықпа» деген,
Тізеңді бүгіп, дәм ауыз ти.
- «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.
- «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.
- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін!
- «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз?
- «Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
- «Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой .
- «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.
- «Тау тауға қосылмас, адамға адам қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!
Сырттағы дауыс: Лиана, қайда жүрсің ? Күн батты ғой, қайтпайсың ба ? (Осы кезде қыздар жағы қозғалақтап, қайтуға ыңғай білдіре бастайды )
Дәм қайырылып, бата беріледі. Бірінші жігіт : Ендеше, қолдарыңды жайыңдар!. Бата берейін.
Еліміздің ынтымағын берсін,
Жеріміздің тұтастығын берсін.
Бастың амандығын берсін,
Деннің саулығын берсін,
Дастарханның байлығын берсін,
Жинауын Кристинаға берсін. (Ду күлкі)
Кристина : (Жігітті бастан нұқып қалады )
Осының –ақ қалжыңы қалмайды екен.
(Барлығы орындарынан тұрады )
Жігіттер: Қыздар, кешке алтыбақанға келіңіздер, күтеміз !
Қыздар: (күлісіп ) апамыз жіберсе барамыз!
«Гүлдерайым» деген халық әнін барлығы хормен айтып, сахнадан шығып кетеді. .
ІІ. «Өнерліге өріс кең» ән, би, өлең оқу, т.б.
1-жүргізуші: Биші қыздар өнеріне сеніңіздер
Өнердің тереңіне еніңіздер.
Бар әлемді қыдырғандай сезінесіз,
Өнерімізді жүрекпенен көріңіздер.
1. Қазақ биі: Ксенья мен Карина
2. Өлең оқу: Хан Алина 5 В; Чикризова Ангелина 6 В;
3. Ән:
4. 2-жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер
5. Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.
6. Алдарыңызда қазіргі көңілді би,
7. Таң қалдырып қанекей би билеңдер.
8. Би: өзбек биі 9 В сынып қыздары
9. 1-жүргізуші: Биші қыздар өнеріне сеніңіздер
10. Өнердің тереңіне еніңіздер.
Бар әлемді қыдырғандай сезінесіз,
Өнерімізді жүрекпенен көріңіздер.
11. Би: шешен биі Ибрагим
12. Ән: «Атамекен» Бәріміз.
Осымен біздін шағын жасаған кешіміз аяқталды. Келгендерінізге көптен-көп рахмет!
Салт-дәстүрі халқымның өрістесін,
Әрқашан ұмыт болмай көріктесін.
Осымен жыр кестесін аяқтаймыз,
Өнерлі жастарымыз өсе берсін - дей келе, кешімізді жабық деп жариялаймыз.