Еділ қаған немесе Аттила



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#120817
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Атилла мәдениет
9-қазақ әдебиеті қмж, 4 ожс Ж та ырыбы, Әміров Әли (3)

Еділ қаған
Орындағандар: Сәбитұлы М.
Әміров Ә.
Оралбекұлы М.
Еділ қаған немесе Аттила (көне түркі тіліндеАтил, лат. Attila, гр. Ἀττήλας, туған жылы 400 - 453 жылы қайтыс болған) батыс ғұн тайпалар одағының аты аңызға айналған көсемі. Рейннен Қара теңіздің солтүстігіне дейін варвар тайпаларына өз билігін жүргізген, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи тұлға
Тарихшылар Еділ қағанды тұлға ретінде сипаттағанда көптеген қиындықтарға тап болады. Себебі жазба түрінде біздің заманымызға дейін жеткен деректер көбіне грек немесе латын тілінде жазылған. Көсем туралы ең көп мәлімет берген римдік тарихшы әрі дипломат Приск Паний. Приск 449 жылы ІІ Феодосидің қасына еріп тарихи кездесуге қатысып сол кездегі болып жатқан оқиғалардың куәгері болған. 434 жылдан 452 жылдардың шежіресін 8 томдық шығармаға жазған Приск жалғыз өзі ғана Еділ қағанның сыртқы көрінісін бейнелеген.
Присктің көптомды шығармасынан басқа бізге дейін жазба түрінде Прокопий және Иордан атты алтыншы ғасырдың тарихшыларының мәліметі жеткен. Оларда көбіне Присктің еңбегіне сүйене отырып мәлімет қалдырған. Византиялық тарихшы Марцелин Комит және канцлер Юстианин аздап, фрагмент ретінде өз жұмыстарында ғұндардың көсемі туралы деректер жазған. Тағы бір дереккөздер ол VI - XII ғасырлардағы шіркеу шығармалары. Бұлар тарихтың ағынымен ғұндардың қарсыластары жағында болған. Сол себепті көбіне жағымсыз жағынан, негативті сипаттаған.
Ғұндардың өзі көсемді каһарман ретінде ауызба-ауыз өздерінің аңыздарында жырлаған. Олардың үзінділері бізге дейін скандинавтардың және немістердің сагаларарқылы эпос түрінде жеткен. XII ғасырда мажар жазушылары ғұндарды өз бабалары деп көптеген шығармаларында құрметтеп, ұлттың батыры ретінде пір тұтқан.
Уақыт өте Еділ қағанды варварлықтың нышаны ретінде сипаттап, батыс өркениетіне қауіп төндірген адам ретінде қаралған.
Атилла есімі
Қазіргі заманның ғылымдарында Атилла есімінің этимологиясы туралы бірнеше болжам бар. Еділді Еуропа тарихшылары «Атыра», «Аттила»,«Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп те атайды. Аттила (Этцель) есiмi уақыт өте келе пайда болған лингвистикалық өзгерiстерге қарамастан орта ғасырлардан берi Германия топонимикасында сақталған. Мысалы, «Hetzelistal» («Hetzelinstall») атауының сөзбе-сөз аудармасы «Этцел даласы», бұл Оффенбург жерiнде, сонымен қатар «Hetzelhof» («Etzelhof»), «Atzelhof» («Этцел ауласы»), Гейдельбергте, Atzelbach («Этцель бұлағы») Оттенхефенде, «Attlisberg» («Аттли тауы»).
Көптеген басқа да ғұн есімдері сияқты Аттила есімінің түпнұсқасы түркі тілдерінен алынған деген де болжам бар (atta/ata - әке, el/il - ел, өлке).
Тағы бір болжам бойынша, Аттила есімі Еділ Хазар тілінде Еділ өзенің атауынан алынған (Attil/Atil/Atel/Atal)[5].
«Аттила» есiмi қазiр түркi тектес халықтарда (қазақша — «Едiл») кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет