Әділбек Шұғыла. Ая-001



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі26,89 Kb.
#95507
  1   2
Байланысты:
9сөж тарих
9сөж тарих

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

СӨЖ




Тақырып.Мәдени-тарихи мұрадағы және патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы.
(Әділбек Шұғыла.АЯ-001)

Кіріспе.
«Бүрсігүні біз елордамыздың 19 жылдығын атап өтеміз, бүгін дәстүр бойынша еліміздің Туын көтеру рәсімі өтуде. Бұл біздің бірлікке, болашаққа деген құрметіміз. Мемлекет Туы үнемі халықтың, әскеріміздің алдында жүреді. Жеңілген мемлекеттің төбесіне ту тігілетінін өздеріңіз білесіздер. Рейхстагта Кеңес Одағының Туы желбіреген болатын. Біздің ата-бабаларымыз да бір тудың астына бірігіп, ұлы даламызды қорғаған болатын. Біз осы тумен 25 жыл бойы алда келе жатырмыз. Біз бір тудың астына біріккен ұлт құрдық, біздің көгілдір аспан түстес туымыз бар, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Күн астында қалықтаған бүркіт халқымыздың жоғары рухын, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады», - деп атап өтті ҚР Президенті.


«Ту, Әнұран және басқа да рәміздеріміз – барлығы елімізді мадақтап, ұлттық рухымызды асқақтатады. Қандай да бір спорттық жарыстарда жеңіске жетсек, Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалады. Қазақстан осы Туымен астанада көптеген ірі халықаралық іс-шараларды өткізген болатын. Біз дауласқан елдерді бейбітшілікке шақыра отырып, құрметке ие болған мемлекетпіз. Біз ядролық қарусыздандыру, жер бетіндегі бейбітшілік үшін күресті бастап келеміз. Бұл құрметтеуге тұрарлық істер. Осында әлемдік дәстүрлі діндер съездері өткізіледі, себебі бізге сенім артады,», - деді Елбасы.
Тақырыптың негізгі мәні.
Тәуелсіздік — қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата – бабамыз армандап, аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.
Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзі: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті.»
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран.Олардың сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен белгіленді.
Мемлекеттік рәміздер тарихына үңілер болсақ, мемлекеттік рәміздер дегеніміз — белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі. Былайша айтқанда, тәуелсіз деген қасиетті ұғым мәдени нышандар тілімен де сөйлей алады.
Рәмізбен айналысатын ғылым салалары — геральдика (Елтаңба тану) мен вексилология (ту тану) өмірге келгелі де бірнеше ғасыр өткен. Бұл жөніндегі алғашқы кітаптар 16 ғасырда-ақ белгілі бола бастаған. Француз тарихшысы
Менестрэ 1650 жылы осы мәселені жазған үлкен еңбегі үшін елтаңба тану ілімінің атасы атанды.
Мемлекеттіктің атрибуттарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бағыттардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттік қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеу рухында тәрбиеленіп, құрметтеуге деген жауапкершілікке тартылатынын сезініп мемлекеттік нышандар туралы терең білім алуға міндетті.
Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел- жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі-шаңырақ. Шаңырақ- мемлекеттің түп- негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ- Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар- дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар- қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол- өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жұлдызы бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабы бекітілген тұста- ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою- өрнек- алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Тудың түсі аспан тәріздес көк түсті болып келеді. Көк түсті құрметтеу халқымыздың көне тарихынан белгілі. Тілімізде «көгеру», «көктеу», «көк шықты» деген сөздер мен сөз тіркестері бар. Олар өмір сүру, жаңарып- жасару, гүлдену, мақсатқа, мұратқа жету дегенді білдіреді. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған. Бұлармен қатар, тудан қазақтың ою- өрнегін байқаймыз. Мұның өзі Тудың ерекшелігін- қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді. Осының бәрі жаңа даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның оның халықтарының барлық жағынан гүлденіп, өркендеп, мақсатқа жетуіне көк түсті Ел Туы сәттілік тілеп тұрғандай сезімге бөлейді. . Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр. Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің тағы бір белгісі. Әнұран- тек салтанатты музыка мен сөз ғана емес, бұл ерекше музыка және дана сөз. Әнұран сөздері мен әні айтушыны жігерлендіріп, өз Отанына деген мақтаныш сезімін ұялатады. Әнұранда қазақ халқының ерлігі, даңқы, намысы, еліміздің кеңдігі, бірлігі, достығы туралы айтылған. Әнұранның сөзі мен әнін Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжмединов, Н.Назарбаев жазған.
Балаларға кішкентай кездерінен бастап өз Отанының көп ғасырлық тарихын оқыту арқылы оның дүниежүзілік тарихи үрдістегі алатын орнын, ел тәуелсіздігі үшін күрескен азаматтардың арман, мақсатын таныта отырып, өз Отан алдындағы парызын өтеуге әрқашан дайын болуға тәрбиелеу — білім беру ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көпұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер бір жағынан — тәуелсіз мемлекетті бейнелесе, екінші жағынан – тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті Отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыру қажет.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеуді сабақ үстінде, сыныптан тыс жұмыстарда өткізу кезінде, салтанатты іс-шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 9 сәуірдегі № 227 бұйрығын басшылыққа алып, елжанды, отаншыл, ұлтжанды азамат тәрбиелеуде мемлекетіміздің рәміздерін өз дәрежесінде насихаттаудың маңызы зор.Оқушылар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттауда олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылуы қажет.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты — Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын, Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.
Біз Қазақстанның болашағы – оқушылар мына міндеттерді білуіміз керек:
— Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін (Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге;

  • Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге

  • Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу;

  • Өз өлкеміздің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу;

  • Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру;

Сондықтан да осы айтылғанды ескере отырып жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелену- біздің басты міндетіміз болмақ. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғаты, ана тілі, салт- дәстүрі, тарихи ата- бабаларымыздың ерлігі- Отанға деген сезімінің шынайы қайнар көзі екеніне өз іс- әрекеттеріміз, іс- шараларымыз арқылы көз жеткізуіміз қажет.
Тәуелсіздік туын биік ұстап, мемлекетіміздің рәміздерін әрқашан мақтан ете білейік!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет