Әдіс нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы. Тәсіл
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.
Тәсіл- әдіс элементі, оның құрамды бөлігі, әдісті іске асырудағы жеке қадам.
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудыратын оқу үрдісін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған моделі.
Әдіснама – зерттелетін нысанды ғылыми тұрғыда танып, оны өзгертуге немесе жаңартуға бағытталған іс-әрекетті ұйымдастырудың ұстанымдарын, құралдарын, әдістерін айқындау туралы философиялық ойлардың жиынтығы.
Әдіснама/методология – әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық үдерісінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Әдіснама:
ғылыми әдістер туралы теориялық ілім;
әдіс жөніндегі ғылым негізін педагогикалық зерттеулер құрайтын неғұрлым жалпы қағидалар мен әдістер жүйесі;
жаңа педагогикалық білімдерге қол жеткізу тәсілдері жөніндегі білімдер жүйесі;
белгілі бір немесе одан басқа теория мен зерттеу бағдарламасын қабылдауға немесе қабылдамауға ықпал ететін ереже болып табылады.
Педагогиқалық эксперимент - бұл педагогикалық жорамалдың дұрыстығын объективті және дәлелдеу тексерісіне арналған зерттеудің әдістер кешені.
Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс – тәсілдерін, формалары мен мазмұнын көрсетеді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.