Егер дене 2Ғ фокуста орналасса, онда кескін шын, тең, төңкерілген болады. Егер дене Ғ пен 2Ғ фокус аралығында орналасса, онда кескін шын, кері, үлкейтілген болады
Линза деп – екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір денені айтамыз. Олар шашыратқыш және жинағыш болып екіге бөлінеді.
Қос дөңес (1)
Жазық дөңес (2)
Ойыс дөңес (3)
Қос ойыс (4)
Жазық ойыс (5)
Дөңес ойыс(6)
Егер бас оптикалық оське параллель жарық сәулелерін түсірсек линзаның бас F фокусында жиналады.Бұл нүкте линзаның бас оптикалық осінде жатады.Линзаның екі жағында орналасқан екі бас фокусы бар.Линзаның фокустық жазықтығы деп линзаның бас фокусы арқылы линзаның бас осіне перпендикуляр жүргізілген жазықтықты айтады.Линзада фокустық жазықтық екеу, ал қосымша окустар жазықтығы шексіз. Жинағыш линзаны «↨», ал шашыратқыш линзаны «|» белгілеу енгізілген.
Дөңес линза өзі арқылы өткен жарықты бір нүктеге жинайды, сол себепті дөңес линза жинағыш д.а. Шашыратқыыш линзалардың шеті қалың ортасы жұқа болып келеді.Өзі арқылы өткен жарықты шашыратады.
Жұқа линзаның формуласымен таныспас бұрын оны кескіндеу түрімен танысайық.
f
Егер дене фокус пен оптикалық центр арасында орналасса, онда кескін жалған, тура , үлкейтілген болады.
Шашыратқыш линзада кескін салу:
Осы аталғандарды линзадағы кескіндерді салуға арналған интерактивті демонстрацияны пайдаланып оқушыларға көрсетіп есте сақтауларын ескертеміз.
Линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:
D – линзаның оптикалық күші дптр=1м-1
Линзаның ұлғайтуы деп кескіннің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қаытнасымен анықталатын физикалық шаманы айтады.
есептер шығару мысалы:
1. Фокус аралығы 4 см жинағыш линзадан нәрсе 6 см қашықтыққа орналасқан. Кескіннің линзадан арақашықтығын және қандай болатындығын анықтаңыз.
Берілгені: Шешуі:
2.белгілеулерді ата
NN –
F –
C –
S-
S/ -
3. Фокус аралығы 25 см шашыратқыш линзаның оптикалық күшінің абсолют мәні нешеге тең?