Егіншілік негіздері туралы жалпы түсініктер



Дата16.01.2023
өлшемі36,75 Kb.
#165604
Байланысты:
лекция 1-2


1-2 дәріс
Тақырып: ЕГІНШІЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. Егіншілік негіздері туралы жалпы түсініктер
2Өсімдік тіршілік факторлары
Егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнар-
лылығын арттырып, ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы және тұрақты өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, егіншілік жүйесі өзгеріске ұшырады.
Ол даму дәрежелеріне байланысты қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті) жүйелеріне бөлінеді.
Егіншіліктің қарапайым жүйесі топырақтың тек табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл егіншіліктің алғашқы даму кезеңіне тән ерекшелік, яғни ол егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып саналады.Егіншіліктің экстенсивті жүйесі егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты. Халықтың санының өсуіне байланысты, егіс алқабының көлемі ұлғайтылды. Жерге жеке меншіктік пайда болды, сол себепті диқан кез-келген жерді жырту мүмкіндігінен айырылды. Енді, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттілігі
туды. Ондай талаптар жерді сүрі жерге қалдыру арқылы жүзеге асырылды. Жерді тыңайту мерзімі бір жылға дейін қысқартылды. Осылай егіншіліктің экстенсивтік жүйесі пайда болды. Алғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрды. Танаптың біреуін сүрі жерге қалдырып, екіншісіне астық дақылдары себілді. Содан кейін екі танапты ауыспалы егістің орнына, 3-4 танапы ауыспалы егісті пайдалана бастады. Бұл егіншіліктің сүрі жер жүйесі деп аталынды. Егіншіліктің бұл жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда бір қадам алға басқандық болды. Бұл жүйе бойынша мол өнім жинау үшін егіске жарамды жерлердің басым көпшілігіне дәнді дақылдар себуге мүмкіндік туды. Егіншіліктің экстенсивтік 185 жүйесіне бұдан басқа көптанапты-шөпті, жақсартылған дәнді дақылдар, шөптанапты жүйелері жатады.Егіншіліктің қарқынды озық жүйесі. Бұл жүйе 18 ғасырдың басында Англияда пайда болған. Оның ерекшелігі-жерді тиімді пайдалану үшін егіншілікте ғылымға негізделген кешенді шаралар қолданылды. Ол үшін танаптарға қажетті мөлшерде органикалық және минералдықтыңайтқыштар берілді, зиянкестерден және аурулардан қорғау үшін әр түрлі химиялық улы заттар қолданылды. Бұл жүйеде сүрі жер жоқ, ауыспалы егіс құрамына техникалық дақылдар енгізілді.Осы күнгі қарқынды егіншілік жүйесіне тұқым алмастыру, жақсартылған дәнді-сүрі жерлі, дәнді-отамалы, дәнді-сүрі жерлі-отамалы, дәнді-шөпті түрлері жатады.Ғылым жетістіктеріне сүйене отырып құрылған егіншілік жүйесі барлық ауыл шаруашылық өнімдерін жеткілікті мөлшерде өндірумен қатар, жыл сайын топырақ құнарлылығының арта түсуін және алынатын өнімнің арзан болуын қамтамасыз етуі тиіс. Егіншіліктің ұсынылған жүйесі оның экономикалық тиімділігі дәлелденгенде ғана ауыл шаруашылығына енгізіледі. Әр аймақтың табиғи-экономикалық
жағдайына қарап, оған тиімді егіншілік жүйесі қолданылады.
Оңтүстік Қазақстанда егіншіліктің дамуына жыртуға жарамды жерлер көлемінің молдығы әсер етті. Бұл өңірде егіншілік әсіресе ӘулиеАта уезінде жақсы дамыды. Самара және Орынбор губернияларымен көршілес жатқан Орал, Актөбе уездерінде егіншіліктің өркендеуіне аталған жерлердің ықпалы тиді. Қазақстан Республикасының территориясы төрт егіншілік жүйесіне бөлінген:
1. Негізінен, жаздық бидай өсірілетін Солтүстік, Батыс, Орталық және Шығыс Қазақстанда қолданылатын топырақ қорғау егіншілік жүйесі.Бұл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 250-400 мм, күшті жел жиі соғып тұрады, соның әсерінен топырақ эрозияға ұшырайды. Сондықтан, аймақтың егіншілік жүйесі топырақты эрозиядан қорғауға, мүмкіндігінше көбірек ылғал жиануға бағытталған. Сонымен қатар, тұзы мол, сортаң топырақтардың құнарлылығын көтеруге, арамшөптерді жоюға арналған шаралар да жүргізіледі. Бұл өңірде көбінесе қысқа айналымда дәнді-сүрі жерлі және дәнді-сүрі жерлі-отамалы ауыспалы егістері қолданылады. Жауын-шашыны молырақ орманды-далалық аймақтарда төрт-бес танапты дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егіс қолданылады, онда сүрі жерден кейін дәнді масақты дақылдар екі-үш рет егіледі.
2. Топырағы жеңіл, құмдауыт болып келетін алқаптарға оны эрозиядан қорғау үшін арнаулы топырақ қорғау ауыспалы егістері қолданылады. Бұл ауыспалы егістердің ерекшелігі - танаптар ені 50-100 м болып келетін жолақтарға бөлінеді. Сол жолақтарға сүрі жерлер мен дәнді дақылдар, отамалы дақылдар мен дәнді дақылдар немесе көпжылдық шөптер мен дәнді дақылдар кезектесіп себіледі. Бұл жағдайда, егістік жердің 50 пайызы көпжылдық шөптердің, 40 пайызы дәнді масақты дақылдардың, 10 пайызы сүрі жердің үлесіне тиеді.
3. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында орналасқан
тәлімі жерлерінде күздік бидай, көпжылдық шөптер егілетін топырақ қорғайтын егіншілік жүйесі қолданылады. Бұл жерлерде де жауын-шашын өте тапшы болып келеді (жылына 200-250 мм). Сондықтан, дәнді-сүрі жерлі үш-төрт танапты ауыспалы егістер қолданылады. Сүрі жерден кейін күздік бидай, сосын бір-екі жыл арпа егіледі. Топырағы құмдауыт болып келетін алқаптарда арнаулы бес танапты топырақ қорғайтын ауыспалы егістер қолданылады. Аймақтағы көптеген шаруашылықтардың тәжірибесі егіншіліктің бұл жүйесі өте тиімді екенін көрсетті.
4. Суармалы жерлерде қарқынды егіншілік жүйесі қолданылады. Техникалық, көкеністік, малазықтық дақылдар өсіретін Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында орналасқан суармалы егіншілік жүйесінде мақта, қант қызылшасы, темекі сияқты құнды техникалық дақылдар өсіріледі. Мақта тек Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүсті-гінде, қант қызылшасы Алматы және Жамбыл облысында, темекі Алматы облысында өсіріледі. Аталған құнды техникалық дақылдарды арнайы мамандандырылған ауыспалы егісте өсіреді, оның құрамында міндетті түрде бұршақ тұқымдас көпжылдық шөп-жоңышқа болады. Көкөніс дақылдары ірі қалаларға жақын орналасқан арнайы мамандандырылған шаруашылықтарда өсіріледі.Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының суарылмалы жерлерінде жоғары өнім беретін дақыл – дәндік жүгері өсіріледі.Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарын-да топырақты су эрозиясынан қорғауға арнаулы егіншілік жүйесі орын алған.
2Өсімдік тіршілік факторлары
Өсімдік тіршілік факторлары және олардың маңыздары. Қазақстан жерінің көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орынға ие болса, ал ТМД елдерінде Ресейден кейін екінші орын алады. Осындай ұлан байтақ өлкеде 6000 мыңға жуық өсімдіктерді кездестіруге болады. Олардың ішінде мәдени, жабайы өсімдіктер мен арамшөптер бар. Олар бірінен-бірі өздерінің сыртқы түрлері, түстері, өмір сүру ұзақтығы және басқа белгілері жағынан үлкен ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Өімдік тіршілігінің жағдайларына жергілікті жердің топырақ-климат ерекшеліктері, әр жылдың ауа райы, танаптардың фитосанитарлық көрсеткіштері (арам шөптермен ластануы, зиянды жәндіктермен зақымдануы, өсімдік ауруларын қоздырғыштар мен фитоулықтың болуы) және басқалары жатады. Өсімдіктерге әсер ететін сыртқы орта факторларын экологиялық факторлар деп атайды.
Олар негізінен үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ – абиотикалық, яғни табиғаттың өлі факторлары (жарық, жылу, ылғал, ауа және басқалары).
Екінші топты өсімдіктерге әсер ететін тірі организмдер, яғни биотикалық факторлар құрайды.
Сыртқы ортаның өзгерістерге ұшырауына әсер ететін адамдардың іс-әрекетін антропогендік фактор дейді. Бұл үшінші топтың факторы.
Осылардың ішінен өсімдік тіршілігіне ең қажетті бірінші топ факторлары. Өсімдік тіршілік факторлары, маңыздылығы. Тіршілік факторларына жарық, жылу, ылғал, ауа және қоректік заттар жатады. Жарық, немесе күн сәулесі-жер бетіндегі тіршіліктің бірден бір қайнар көзі. Бірақ, күн сәулесін тек жасыл өсімдіктер пайдаланып, өздерінде органикалық заттар құрады, ал басқа тірі организмдер осы органикалық заттар ыдырағанда пайда болатын жылу энергиясын өздерінің тіршілігі үшін пайдаланады.
Су. Өсімдік өмірінде судың алатын орыны ерекше.
Біріншіден, ол өсімдіктерге еріткіш ретінде қажет, өйткені топырақтағы қоректік элементтерді және олардың тұздарын өсімдіктер тек ерітінді түрінде сіңіре алады.
Екіншіден, су өсімдікте жүретін фотосинтез үрдісіне керек, себебі фотосинтез реакциясында судың алты молекуласы қатысады.
Үшіншіден, су өсімдік клеткаларының формасын сақтап тұрады, өйткені оның құрамында 80-90 пайыз су болады. Егер, клетка осы судан айырылса, ол солып қалады.
Төртіншіден, себілген ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарының бөртуі және жер бетіне көктеп шығуы топырақ ылғалдылығына бай-ланысты. Мысалы, дәнді масақты дақылдардың топыраққа себілген тұқымдарды бөріту үшін оларға өз салмағының 50-55 пайызындай ылғал қажет, ал дәндерінде ақуыз көп болатын дәнді бұршақты дақылдардың тұқымдарының бөрітуі үшін олардың салмағынан 2,0-2,5 есе артық ылғал керек.
Бесіншіден, су өсімдіктердің температурасын реттеуге қатысады. Өсімдік жапырақтары арқылы буланып ұшып шыққан су (транспирация) оның ұлпаларының температурасын төмендетіп, қатты қызып кетуден сақтайды.
Алтыншыдан, ылғал топырақта және өсімдік органдарында жүретін әр түрлі химиялық, биохимиялық реакциялар үшін қажет.
Жетіншіден, ылғал топырақ микроорганизмдерінің тіршілігі үшін керек. Көптеген микроорганизмдердің топырақтың ылғалдылығы 25-30 пайыз болғанда белсенділігі артады.
Сегізіншіден, ылғал топырақ құнарлылығының негізгі элементі, себебі құрғақ топырақтарда микробиологиялық үрдістер нашар жүреді, немесе мүлде тоқтайды және топыраққа берілген минералдық тыңайтқыштардың тиімділігі төмендейді.
Тоғызыншыдан, топырақта ылғал жеткіліксіз болса (топырақ құрғақ-шылығы) немесе ауа құрғақ болса (атмосфералық құрғақшылық) өсімдіктер солып қалады. Өсімдіктердің суды буландыруы транспирация деп аталады. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңде ылғалдыққа қажеттілігін олардың транспирациялық коэффиценті бойынша анықтауға болады.
Транспирациялық коэффицент деп өсімдіктердің белгілі бір салмақ мөлшеріндегі органикалық құрғақ заттарды құруға жұмсайтын судың мөлшерін айтады. Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша өсімдік топырақтан сіңіріп алған 1000 грам ылғалдың 990 гра-мын булануға, ал қалған 10 грамын транспирацияға жұмсайды екен, яғни өсімдіктер барлық жұмсалған ылғалдың тек 1,0 пайызына жуығын ғана құрғақ органикалық заттар, басқаша айтқанда, өнім құруға пайдаланады деген сөз.
Ауа. Өсімдікке қажетті факторлардың бірі – топырақ ауасы. Оның құрамында оттегі мен көмірқышқыл газы бар. Атмосфера ауасында к ө м і р қ ы ш қ ы л г а з ы н ы ң м ө л ш е р і 0 , 0 3 % , а л т о п ы р а қ а у а с ы н д а о л 0 , 1 - т е н 1 пайызға дейін болады. Оттегі ауыл шаруашылық тұқымдарының көктеп шығуына, өсімдік тамырлары мен микроорганизмдердің демалуына керек. Дем алу кезінде көмірсутектер көмірқышқыл газы (СО2) мен суға (Н2О) ыдырап энергия бөлініп шығады. Дем алудың қарқындылығына ауа мен топырақтың температурасы әсер етеді. Температура әрбір 10°С көтерілген сайын дем алу үрдісі 2-3 рет жылдамдайды, ал температура +45-50°С болғанда мүлдем тоқталады. Өсімдіктің әрбір грам құрғақ салмағына күніне 40-50 мг оттегі қажет. Оттегі жеткілікті болған жағдайда аэробты микроорганизмдердің көбеюі салдарынан топырақта азот мол жиналады. Егер, топырақта оттегінің мөлшері 5 пайызға дейін төмендесе, онда өсімдіктердің тамырлары өздерінің өсуін тоқтатады, кейде өліп қалады. Әсіресе, оттегінің жетіспеушілігі тамыржемісті және түйнектамырлы дақылдарға, атап айтқанда қант қызылшасына, картопқа өте зиянды. Сонымен бірге топырақта оттегі аз болса, онда органикалық заттардың ыдырауы бәсеңдеп, ұзаққа созылады.
Өсімдік тамырларының демалуы және микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде оттегі жұмсалып, оның орнына топыраққа көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Соныменқатар өсімдік жапырақтары көмір қышқыл газын атмосферадан алады. Көмірқышқыл газын өсімдіктер фотосинтез үрдісі кезінде пайдаланады. Тәулік бойына бір гектар жердегі өсімдіктер 250-1000 кг көмірқышқыл газын пайдаланады, яғни олардың жапырақтарының әрбір шаршы деци-
метр көлеміне сағат сайын 200 литр ауа керек.
Қоректік заттар. Өсімдіктер тірі организм болғандықтан өнеді,
өседі,дамиды, дем алады, көбейеді, коректенеді, өледі. Өсімдіктер жақсы өсіп-дамуы үшін жеткілікті мөлшерде коректік заттар керек. Оларға топырақтағы химиялық элементтер мен микро-
организмдердің тіршілігі арқасында жиналған заттар жатады. Қоректік заттар органогендік және күлді элементтер болып бөлінеді. Өсімдіктердің органикалық салмағының негізгі бөлігін құрайтын химиялық элементтерді органогендер деп атайды. Оларға көміртегі, сутегі, оттегі, азот, ал күлді элементтер тобына фосфор, калий, кальций, магний, мырыш, темір және басқалары жатады.Өсімдіктерді жаққанда органогендік элементтер ұшып кетеді де, ал күлді элементтер топырақта қалады. Өсімдіктер пайдаланатын барлық элементтерді макро, микро және ультрамикроэлементтер деп бөлуге болады.
Макроэлементтерді, яғни азотты, фосфорды, калийді, магнийді,
күкіртті және басқаларды өсімдіктер қоректену үшін әжептеуір мөлшерде пайдаланады. Өсімдіктерде олардың мөлшері 0,02% аспайды.
Микроэлементтер (мыс молибден, кобальт, цинк және басқалары) өсімдіктерге аз мөлшерде қажет, ал ультамикроэлементтер тіпті аз мөлшерде (0,001%) қажет.
Қоректік элементтердің өсімдіктер үшін маңызы әр түрлі.
Азот ақуыздардың, клетка протоплазасының және ядроның құрамына
кіреді. Топырақта азот жеткілікті болғанда өсімдіктің сабақтары мен жапырақтарының өсу қарқыны тездеп, үлкен вегетативтік масса түзіледі.
Фосфор өсімдік ақуыздарының, нуклеин қышқылдарының, ядроның, органикалық қосылыстарының құрамдарына кіреді. Сонымен қатар фосфордың заттар алмасуында және фотосинтез үрдісінде атқаратын рөлі зор. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының дамуын жылдамдатады, дәнді масақты дақылдар дәндерінің ірі болуына, олардың тез пісіуіне және өнімдерінің сапасының жақсаруына ықпал жасайды. Сондай-ақ,фосфор қант қызылшасының түбіріндегі қанттың көбеюіне, картоп түйнектерінде крахмалдың жиналуына әсерін тигізеді. Өсімдіктер алғашқы даму фазаларында фосфордың жетіспеуінен зардап шегеді. Атап айтқанда, өсімдіктердің тамыр жүйелері баяу дамып, олардың сіңіргіштік қабілеті нашарлайды. Сондықтан осы мезгілде мәні бар. Вегетация кезінде фосфордың жетіспеушілігі өсімдіктердің өсіп-дамуын тежейді, сондықтан дақылдардың өнімі төмендейді.Топырақта фосфор минералдық, органикалық түрде және тау жыныстарында кездеседі, оның соңғы екеуін өсімдіктер сіңіре алмайды. Қазақстан топырағындағы фосфордың жылжымалы түрінің мөлшері 0,25% шамасында. Калий өсімдіктер өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол ақуыз бен көмірсутегінің алмасуына қатысады, амин қышқылы ақуыздың түзілуін күшейтеді. Сонымен бірге калий фотосинтез үрдісінде түзілген заттардың жапырақтан сабаққа және тамырға жылжуында маңызды рөл атқарады.
Калий, көмірсутегінің жақсы жиналуына әсер етеді, соның арқасында өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін жоғарылатады. Егер, өсімдіктерге калий жетіспесе, олар әр түрлі ауруларға шалдығады, ал дәнді-масақты дақылдар жатып қалуға бейім келеді, картопта крахмалдың мөлшері,ал қант қызылшасында оның түбірінің қанттылығы азаяды. Қазақстанның топырағында калий мөлшері жеткілікті. Әрбір гектар жердегі калийдің мөлшері 35 тоннадан 75 тоннаға дейінгі шамада болады. Калийдің басым көпшілгі топырақтың балшықты бөлігінде болады, сол себепті топырақтағы калий мөлшері оның гранулометриялық құрамына тығыз байланысты. Калий топырақта аналық тау жыныстарында, жылжымалы минералдық және органикалық түрлерде кездеседі. Осылардың ішіндегі өсімдіктер оңай сіңіре алатыны минералдық жылжымалы түрі. Жоғарыда қарастырылған өсімдік тіршілігі факторлары табиғатта
бірімен бірі тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді болады. Бір фактордың жетіспеушілігі немесе шамадан тыс көп болуы, қалған факторлардың өсімдікке әсерін тежеуге әкеліп соқтырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет