Әйел барда, әнде күйде төгілген Әйел барда еркек сорлы семірген



Дата17.11.2023
өлшемі14,01 Kb.
#191947
Байланысты:
Әйел барда
урок эгп сша, Сыр өлеңдер жинағы, 1 сабак. Компьютерлік желілердің жұмыс жасау принциптері, 10 сынып БЖБ 4, 8 каз

Әйел барда, әнде күйде төгілген
Әйел барда еркек сорлы семірген.
Әйел қанша нәзік, әлсіз болсада,
Еркек байғұс әйелдерден жеңілген...

Әйел сенің, ақылшыңда серігің.
Болмаса әйел, түсінеді сені кім?!
Әйел сенің - мойныңдағы тұмарың
Әйел сенің - сұлулығың, көрігің...

Әйелдерсіз қызық емес сауығың
Олар жоқта қара түнек бәрі мұң...
Көңлің болмай мына өмірден зеріксең
Әйел алшы, әйел алшы бауырым...

Әйеліңді еркелетте, жалын бер
Сонда ғана жақсы көріп жаным дер
Сенен артық, сенің тәтті немерең
Қартайғанда әйел сені шалым дер...

Әйелдерді - еркектерден жаратқан
Еркектерді - әйелдерден таратқан
Еркектердің барлық тыным тірлігін
Айналып кеп әйелдерге қаратқан...

Әйеліңді - жарқыраған күнім де
Оған әр кез жылы қара күлімде
Әйелдерге керек емес қаталдық
Олар сенің - анаң, әкпең бүгінде...

Сондықтанда ашуланба, бүлінбе...
Әйелдердің бар қаруы тілінде
Жақсы өмір сүрем десең бауырым?!
Әйелдерге дұрыс сөйлеп, күлімде...

Әйелімді жеңем десең осылай
Тыныш өтпес, күнің түгіл түніңде
Әйел сенің - қабырғаңнан жаралған...
Түзей алмай, жеңілесің - түбінде....

Ақылжан САЙЫН

Айналамыз толған қыз


Бізде ғашық болғанбыз
Отына күйіп сезімнің
Суығына тоңғанбыз

Махаббат деген ақ отау


Бізде барып қонғанбыз
Оралып сезім жібіне
Қалғанбыз түсіп қолға біз

Тұтқын болдық көп жылдар


Махаббат деген торда біз
Енді босап келеміз
Махаббат деген жолдан біз

Жағаға беттеп кемеміз


Жастықты тастап келеміз
Күтіп тұр әне қол бұлғап
Бала-шаға, немереміз

Қызығы деп өмірдің


Шуағы деп көңілдің
Немеремен ойнаймыз
Қызығына тоймаймыз

Сонда да басқа әйелге


Көз салуды қоймаймыз
Әй еркектер, еркектер
Түбінде біз оңбаймыз




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет