Жылдары М. Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курсты оқып, бітірген



Дата27.01.2022
өлшемі10,61 Kb.
#130010
Байланысты:
Алдында Алтайды-WPS Office


Алдында Алтайдың асқақ армандары қол бұлғап, өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал болған ақындарымыздың бірі — Ұлықбек Есдәулетов.

Ол 1954 жылы Зайсан ауданының Үлкен-Қаратал ауылында туып, М.Горький атындағы қазақ орта мектебін бітірген. Біраз жылдар Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде қызмет істеді. 1977 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде, «Жазушы» баспасының поэзия редакциясында қызмет істеген.

1983-1985 жылдары М.Горький атындағы әдебиет институты жанындағы жоғарғы әдеби курсты оқып, бітірген.

Ұлықбектің ең алғашқы өлеңдері Республикалық мерзімді баспаларда басылып көп ұзамай-ақ оның балауса жырлары кітаптан орын алды. 1974 жылы бір топ жас ақындардың «Қанат қақты» атты топтама жинағы шыққанда оған Ұ.Есдәулетовтің отыз шақты алғашқы өлеңдері кірген болатын. Бұл шығармалары жыр сүйер қауымның әділ бағасын алды да.

Ұ.Есдәулетов «Жұлдыз жарығы» (Жазушы, 1977); «Алтайдың алтын тамыры» (Жазушы, 1979); «Ұлыстың ұлы күні» (Жазушы, 1982); «Ақ керуен» (Жазушы, 1985); «Жаратылыс» (Жазушы, 1989); «Жүректегі жарылыстар» (Жазушы, 1995) сынды өлеңдер жинағының авторы. Осының барлығы ақынның тыныссыз еңбегінің жемісін көрсетеді..

Ұлықбектің «Жұлдыз жарығы» атты жинағы өзінің қайталанбас ерекшелігімен қүнды. Оның әр өлеңінен табиғаттың түрлі көріністеріне жан бітірген шеберлікті сезесіз. «Қайың», «Жаңбырлы таң», «Шығайықшы, тауға досым», сияқты өлеңдерінде де көздің жауын алар айшықты көріністер, сыршыл ырғақтар көп кездеседі. Осы жинақтағы көңіл-күй, махаббат лирикалары, асқақ әуенге толы өлеңдер оқушы жүрегіне жылы жол табуы анық..

«Жұлдыз жарығы» автордың творчество жолында өскенін, ысылып, шыңдалғанын, сондай-ақ, ол замана тынысына сай салмақты поэзияға бет алғанын танытады.

Ақынның өлеңдерінде туған жерге, кір жуып кіндік кескен елге, дархан далаға, байтақ Отанға деген оттай өршіл махаббаты тайға таңба басқандай айқын сезіледі, қуаныш құштарлығы байқалады.

«Туған үйімнің терезесінен,

Қазақстан даласы көрінеді.

Аспанда ақша бұлт керіледі.

Ақша бұлтқа жолдаған сәлемім деп,

Ошағымның түтіні өріледі» — деп ақын жырлағандай әр адамның ошағының түтіні cөнбегені қандай тамаша. Бұл «Перзент парызы» жыры да азаматтық пафосқа, туған елге деген ыстық ықыласқа құрылған.

Ұлықбек творчествосын бір ғана бағытта, белгілі бір тақырыптық ыңғайда ғана қарастыруға болмайды. Оның творчестволық диапазонының кеңдігі- көп қырлылығында.

Ұлықбектің ең бір ерекшелігі- өмірдің, болмыстың ең оңтайына оралған кез-келген құбылыстың уақыт тынысын түгел қамтуға бейім.

Ақын творчествосында табиғат тақырыбына арналған өлеңдері де аз емес. Оның әр өлеңдерінен табиғаттың айшықты көріністеріне жан бітірген шеберлікті сезінеміз. Тамсандырар таңғажайып тамаша табиғаты бар асқақ Алтай, Нұр Зайсан, буырқанған Бұқтырма, ерке де асау Ертіс өңірінде өскен Ұлықбектің бұл тақырыпта қалам тартпауы мүмкін емес.

1986 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты- «Ақ керуен» жинағы Ұлықбекті жаңа бір қырынан танытты. Бұнда құбылыс қырларына жіті көз тігіп, өмір, болмыс жайларына бойлай ену бар. Тақырып молшылығынан, көркемдік объект шашырыңқылығынан көп ретте «зардап шеккен» ақын бұл тұста жинақылана, тереңдей түскен. Сондықтан оның бұрынғы кітаптарынан да танылған ақындық бір қыры — ойшылдыққа, философиялық астар беруге ұмтылуы дендеп, творчествосының мәнді бір ерекшелігі алдыңғы қатарға шыққан. Оны біз «Жапырақтар жыры», «Адамның кейбір кездері» циклінен байқаймыз.

Ұ.Есдәулетов аударма саласында да еңбек етіп жүр. Ол монғол ақыны Д.Цэдэвтің «Дос жүрегі» (1984) өлеңдер жинағын аударған.Ақын өлеңдері туысқан халықтар тілдеріне де аударылған. Қырғыз ақыны С.Ерғалиев ұзақ жылдар бойы Ұлықбектің ән-жырларын қырғыз тіліне аударуда.

Өлеңдері «Молодая гвардия» баспасынан жарық көрген «Молодые поэты Средней Азии» (1982 ж.), «Жалын» баспасынан шыққан «Разбег» (1986 ж.) атты жинақтарда- орыс тілінде, ақындардың халықаралық ассоциациясының органы, Индияның Мадрос қаласында шығатын «Роеm» атты жинақта (1983 ж.)- ағылшын тілінде, «Долгий свет» (1986 ж.) атты жинақта- болгар тілінде жарияланған.

Ұ.Есдәулетов жас жазушылардың Бүкілодақтық VІІ кеңесіне, жас ақындардың Бүкілодақтық X фестивалінде қатысқан. Ол қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Жазушылар Одағы және «Жалын» баспасы бірігіп ұйымдастырған конкурстың жүлдегері.



1996 жылдан Ұлықбек ҚР Сыртқы істер Министрлігінің мәдени байланыстар, гуманитарлық, ынтымақтастық және ЮНЕСКО істері жөніндегі жетекші басқарманың бөлім меңгерушісі жауапты қызметін атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет