Спот бізде қонақта (2 сынып) Мақсаты



Дата15.09.2017
өлшемі69,92 Kb.
#33392
түріСабақ
Спот бізде қонақта

(2 сынып)



Мақсаты: Тұрғындары ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы мағлұмат беру; ағылшын тілінде үшке дейін санап үйрену; ағылшын тілінде амандасу "Hello" және қоштасу ("Good-bye", "Bye"!) сөздерін қайталау;

"What' s your name" сұрағына жауап беруге және осы сұраққа "I' m (Dima) " конструкциясын қолданып жауап беруге жаттықтыру; есту қабілетін дамыту; [ou], [p], [t], [d], [ɔ] дыбыстарын меңгерту. Тіл үйренуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.



Қажетті құралдар: үлкен жер шары нұсқасы - " карта"; қуыршақ театры кейіпкері: Спот - қара құлағында ақ дағы бар ит; мультфильм кейіпкерлері -Микки-Маус, кенгуру суреті және «Мақта қыз бен мысық» ертегі желісінен үзінді сурет; картоннан қиылып, көйлектерінде [ou], [p], [t], [d], [ɔ] дыбыстары бейнеленген күлдіргі адамдар

Сабақ барысы:

Мұғалім: Cәлемесіздер ме, балалар!

Менің аты-жөнім Гүлшат Нұржанқызы! Мен сендерге ағылшын тілін үйреткім келеді. Ал сендердің есімдерің кім? Келіңдер танысайық.

Балалар кезекпен өздерінің есімдерін атайды.

Ағылшын тілі деген қандай тіл? Айтыңдаршы қазір біз қай тілде сөйлесіп тұрмыз? Ағылшын тілінде ме?

Балалар: Жоқ! Қазақша!

Мұғалім (Тазша бала бейнеленген суретті көрсетеді): Тазша бала қай тілде сөйлеседі?

Балалар: Қазақша!

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, қазақша сөйлейді. Өйткені Тазша баланы Қазақ жерінде ойлап шығарған. Біздің елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақтар қазақ тілінде, өз ана тілінде сөйлейді. Жер бетінде Қазақстаннан да басқа елдер бар. Қараңдаршы, мен сендерге үлкен карта әкелдім. This is a map. Бұл карта - жер сызбасы. Онда түрлі елдер суреттелген, ал көк түсті – мұхит, қараңдаршы жер бетін қанша су басып жатыр. Ал адамдар құрлықта, құрғақта өмір сүреді. Міне, мына жерде үлкен ел бар, ол - Америка, ал мына жерде Англия бар. Осы елдерде балалар ағылшын тілінде сөйлеседі.

Балалар «картаны» қарайды.

Мұғалім (мультфильм кейіпкері Микки-Маустың суретін көрсетеді): Балалар, бұл кім?

Балалар: Микки-Маус!

Мұғалім: Good! (Бұл «жақсы!», «жарайсыңдар!» дегенді білдіреді. This is Mickey-Mouse. Бұл тышқан Микки-Маус! Микки-Маус туралы мультфильмді қай елде жасағанын білесіңдер ме? Америкада! Микки-Маус шындығында тек ағылшын тілінде сөйлей алады. Ал енді мынау кім? (Мұғалім Мақта қыз бен мысық бейнеленген суретті көрсетеді.)

Балалар: Мақта қыз бен мысық.

Мұғалім: Good for you - бұл «жарайсыңдар!» деген сөз. Қалай ойлайсыңдар, Мақта қыз бен мысық қай тілде сөйлесуі мүмкін? Неге? Ал Микки Маус қай тілде сөйлеседі? (Балалар жауабы)

Мұғалім: Very good! Өте жақсы! (Кенгурудың суретін көрсетеді.) Сендер бұл қандай жануар екенін бірден білген шығарсыңдар? Бұл....



Балалар: Кенгуру!

Мұғалім: Very good! It's a kangaroo! Кенгуру Австралияда өмір сүреді. Осы елдегі адамдар да ағылшын тілінде сөйлеседі. Біздің сабағымызға күлдіргі адамдар – ағылшын дыбыстары қонаққа келді. Олардың барлығының тегі бір - Englishsounds («ағылшын дыбыстары») деп аталады, ал олардың есімдері әр түрлі. 

Міне, бірінші күлдіргі адам. ([p] дыбысты адамды көрсетеді). Бұл адамның есімін [p] деп атайды, өйткені ол үнемі [p]-[p]-[p]-[p] деп дыбыстайды, оның әрқашанда бір нәрселерге көңілі толмай жүреді. Say after me [p]-[p]-[p]- [p].

Екінші адамның есімі [t] ([t] есімді адамды көрсетеді), ол еркелегенді жақсы көреді – оның тілі алдыңғы жоғары тістерге секіреді) және [t]-[t]-[t]-[t] - дейді. Кәне, біз де қайталап көрейік. Say after me [t]-[t]-[t]-[t].

Үшінші адам - [d] деп аталады, өйткені ол көбінесе ойыншық машиналармен ойнайды, ол да тілін таңдайға тигізіп, [d]-[d]-[d]-[d] - дейді. Say after me [d]-[d]-[d]-[d]. ([d] дыбысты адамды көрсетеді.).

Төртінші адам үнемі айналасындағыларды [ɔ]-[ɔ]-[ɔ]-[ɔ] ызаландырып жүреді. Say after me [ɔ]-[ɔ]-[ɔ]-[ɔ]. Ал бесінші адам қашанда таң қалып, бар нәрсеге қызығып жүреді: [ou]-[ou]-[ou]. Біз де таң қалып көрелікші [ou]-[ou]-[ou].

Балалар, мен тіпті ұмытып кетіппін, маған Англиядан тағы бір қонақ келді, ол да ағылшын тілінде сөйлеседі. Мен сол қонағымды сендерге алып келдім. Бірақ менің қонағым сендерден ұялып тұр. Кәне, көзімізді жұмайық та, ағылшын тілінде үшке дейін санайық, сонда ол ортаға шығады:

One, two, three! Итак, close your eyes! (көздеріңді жұмыңдар).



Балалар көздерін жұмады.

Мұғалім (қолына қуыршақ театрының кейіпкері - Спотты іліп алады.) One, two, three! Open your eyes! Балалар көздерін жұмады.

Спот: Hello!

Мұғалім: Балалар, бұл кім? It's dog a. Бұл ит. Oh, hello, Spot, good to see you! ("Сәлем, мен Спотпын, сендерді көргеніме қуаныштымын"!). Сендер білесіңдер ме, Спотты неге осылай атады екен? Білгілерің келе ме?

Қараңдаршы, оның құлағында ақ дақ бар ма? Англияда, Америкада тұратын адамдар дақты ағылшынша " spot" дейді екен. Ағылшындықтар Спот деп өздерінің иттерінің есімін жиі атайды. Қанекей, Спотпен ағылшынша "Hello, Spot!" ("Сәлем, Спот"!) деп амандасайық.

Балалар хормен амандасады: "Hello, Spot!"

Мұғалім: Спот, сен де балалармен амандас.

Спот: Hello, kids"!

Мұғалім: Балалар,Спотпен жақсылап танысайық., ол сендердің есімдеріңді әлі білмейді. Спот сендерден - What's your name? (сенің атың кім? Сенің есімің кім?) деп сұрайды, ал сендер өздеріңнің есімдеріңді айтыңдар, осылайша танысасыңдар. Тек алдымен I'm... («менің....») деп бастауды ұмытпаңдар. Мысалы "I' m .................. ".

Спот (мұғалімге қарата сөйлейді) : Hello, what's your name?

Мұғалім: I'm Gulshat Nurjanova. And what's your name?

Спот: I'm Spot

Мұғалім:Hello, Spot! Кәне, Спот, балаларға жақындап,олардың есімін сұра.

Спот (балаларға кезекпен жақындап, әрқайсысына «қолын» созады)): Hello! My name is Spot. What's your name?



Бала  (мұғалім: «Спотқа ағылшынша "I'm Dima." («Мен Димамын») деп айт деп көмек көрсетеді: I'm Dima.

Балалар Спотпен танысады.

Мұғалім: Балалар, Спот маған бір нәрсе айтқысы келетін секілді. (Спот мұғалімнің құлағына сыбырлап бір нәрсе айтады). Жарайды, түсінікті. Спот сендерге ағылшынша жаттығу көрсеткісі келетінін айтты. Жаттығуды көргілерің келе?



Спот мұғалімге қарайды.

Мұғалім: Балалар, Спот сендердің жауаптарыңды түсінбеген секілді. Жаттығуды қарайсыңдар ма, жоқ па? Кәне, ағылшын тілінде "Yes!" («Ия!») деп айтайық.

Балалар: Yes!

Мұғалім: Ал кәне, Спот, мен жаттығудың сөздерін ағылшынша айтамын, ал сен қимылдарды орында.

Hands up! Hands down!

Hands on hips! Sit down!

Stand up! Hands to the sides!

Bend left! Bend right!

One, two, three, hop! (осы сөздер айтылғанда бір аяқпен секіру қажет.)

One, two, three, stop!

Stand still!

Мұғалім: Сендерге жаттығу ұнады ма? Онда бәріміз бірге орындап көрейік. Тек Споттың ұйқысы келген секілді. Ол бізге алыс жолдан, Англиядан келді. Спот, жатып ұйықтап, дем ал. Ал біз балалармене ағылшынша жаттығулды ақырын орындайық. «Сау болыңдар» ("good-bye!") деп айтсаң артық болмас.

Спот: Good-bye, kids!

Мұғалім: Сендер де Спотқа қоштасыңдар. (Балалар: Good-bye, Spot!

Спотты ойын бұрышында тұрған керуетке жатқызады.

Мұғалім: Сонымен, Спот оянып кетпеу үшін ақырынырақ ағылшынша жаттығуды орындайық. Спот келесіде бізге тағы да қонаққа келгенде біздің жаттығуды орындай алатынымызды көргенде таң қалатын болады.



Балалар "Hands up! Hands down!..." жаттығуының қимылдарын орындайды .

Мұғалім: Ал енді осы жаттығуды маған қарамай өздерің орындап көріңдер.



Балалар қимылдарды өздері орындайды, ал мұғалім тек сөзін айтып тұрады. Егер балалар қимылдарды ұмытып қалса, онда мұғалім көрсетеді.

Мұғалім: Good for you! («Жарайсыңдар!»). Бүгін біз көп қызықты нәрсе үйрендік. Спот бізге қайдан келді? Ол қай тілде сөйлейді? Тағы қай елдерде ағылшын тілінде сөйлеседі? Ағылшын тілінде қалай амандасады? Ал «сау болыңдар» дегенді қалай айтады? Good bye!
Каталог: uploads -> doc -> 08fd
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08fd -> Коучинг жоспары Тақырыбы: “Тізбектелген сабақтар топтамасы” Мақсаты
08fd -> Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элементтері
08fd -> Сабақ өтілетін күні: 03. 11. 2015ж Сабақ өтетін сыныбы: 7 «Ә» Сабақ өтілетін орны кабинет №43
08fd -> Көрнекілігі: сынып тақырыпқа сай безендіріледі. Тақырыптық слайд Жүру барысы: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз 8-11-сынып қыздарымен бірлесе отырып, «Кеш қалмаңыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет