Бала тәрбиесіндегі ата –ананың, отбасының алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; Баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын алу,бала тәрбиелеу сапасының жоғарлауына ықпал ету,ата-ананы тәрбиелік шараларға тарту;ата-аналарда пікіралмасуға қатыстыра отырып баланың бала тәрбиесінің ата-ана өміріндегі маңызын әңгімелеу .Балаларға әдептілік туралы нақыл сөздерді,тыйым сөздерді уйрету арқылы адамгершілікке ұқыптылыққа,кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Түрі:пікіралмасу балалар ата-аналармен бірге.
Көрнекілігі:қанатты сөздер мақал-мәтелдер,компьютер,интербелсенді тақта,слайд-шоу
Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы адам заттың алтын ұясы.Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп өседі.Бүгінгі ұл-ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі. Ал бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол анаға қарап бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы,демеуші-ата-ана. Ата-ананың үйдегі қарым- қатынасы,киім киюі,мінез-құлқы бәрі-бәрі балаға үлгі. Қазақта
«Қарағайға қарап тал өседі, жан ұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөз бар. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек.Осы бір ғажап тұжырым
Әке,ана, бала отбасы ошағының ұштағаны іспеттес. Олай болса
« Әке тірек,ана жүрек, бала тілек» атты ашық тәрбие пікіралмасу сабағымызға қош келдіңіздер!
Ұлың өсіп келеді Ата-ананың үміті.
Тәрбиелеп келесіз Ел қорғайтын жігітті.
Қыз бой жетіп келеді Шуақ шашып әр үйге.
Гулдей жайнап өссінші сыйлы болып бәріне.
Ата-ананың жүрегі Бала деп қана соғады.
Баласы жақсы адамның Басына бақыт қонады.
Ендеше балалар ата-аналарға деген сый құрметтерін өз өнерлерімен
білім тәрбиесімен көрсетеді.
“Анадан бала не күтеді?”
Ананың
махаббатын
Жан жылуын
Мейірімді көздерін
күлкісін
мейірімін
Ыстық жүрегін
Аялы алақанын
2.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
2.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –
бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың тәтті қылықтары
Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
«Баламның табанына кірген шеңгел менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады,әсерлеп айтқанда әуелі отбасында тамыры бітеді де, бұталары да, гүлдері де,жемісі де содан өсіп шығады.
.
Баланы жетіге келгенше тыйма.Жетіден он төртке келгенше білім беріп қина.Он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла.Баланы кім жақсы көрсе сол,бала соны жақсы көреді.