Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі
«Экологиялық сайыс»
Сайыс мақсаттары:
Білімділік: Қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық
мәселесі туралы білімдерін тереңдету, бекіту;
Дамытушылық: Әртүрлі ақпараттармен жұмыс істеу дағдыларын
дамыту, алған білімін нақты өмірлік жағдайда қолдана
білуге үйрету;
Тәрбиелік: Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаның ластану
сұрақтарын шешу бойынша студенттердің адамгершілік,
азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін
қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: плакаттар, жүгіртпе жолдағы экологиялық ғиб –
раттар, викторина сұрақтары мен экологиялық
есептер.
1 – жүргізуші: Армысыздар, табиғатты сүйер колледж оқырмандары!
2 – жүргізуші: Қайырлы күн, табиғат жанашырлары!
1 – жүргізуші: Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық экология
мәселесіне үн қосу үшін ұйымдастырылған экологиялық
сайыс кешіне қош келдіңіздер!
2 – жүргізуші: Табиғат; Жер-Ана; Отан; Туған жер; Атамекен деген сөздер
құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы
да қасиетті, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі табиғат пен
Жер-Ананың перзенті. Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау әр
адамның азаматтық борышы.
1 – жүргізуші: Халқымыздың даналық өрісіндегі мақал-мәтелдер мен
нақыл сөздердің терең экологиялық мәні бар. Мысалы:
«Таза ауа – дертке дауа» нақыл сөзін алайық. Бұл қағида
ауаның тазалығы жер бетіндегі өндірістің, көліктің,
тұрмыстың тазалығына байланысты. Ешбір заң мен қатал
талап, техника мен технология жетістіктері егер адам-тір–
шілік алдында өзінің жауапкершілігін түсінбесе ешқандай
оң нәтиже бермейді.
2 – жүргізуші: Қазақ халқының мәдениетінде суды қорғау да келелі парыз
«Судың да сұрауы бар» деп өскен халқымыз оны тіршілік–
тің бастауы, адалдық пен тазалықтың рәмізі деп құрмет –
теген. «Құлазыған шөл – жетім, құс қонбаған көл – жетім,
сортаңға құйған сел - жетім», «Ағын су – өмір, тоқтау су –
өлім» деген нақыл осы судың қасиетіне байланысты
айтылған.
1 – жүргізуші: «Атадан мал қалғанша – тал қалсын». «Елім бай болсын
десең, жеріңнің бабын тап». «Ер елдің көркі, орман-тоғай
жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен
шығады, дана көптен шығады». «Тау бұлағымен көрікті,
бұлақ құрағымен көрікті», «Тірі нәрсе шөп деген, шипалы,
қасиетті көгал деген, көкті жұлма обал деген» ата-баба
өсиетінде керемет көрегенділік пен ақылдылық жатқан
жоқ па?
2 – жүргізуші: Табиғатты қорғау – өлең, жырға арқау болғалы қашан!
Мысалы, ақын Сағынғали Сейітовтың тамаша өлеңі:
Жасайды десең, күн қанша?
Жарығы сөнбей тұрғанша.
1 – жүргізуші: − Жасайды – дейсің ай қанша?
2 – жүргізуші: − Жасайды – дейсің тау қанша?
Басынан шыңы ауғанша.
Жасайды – дейсің көл қанша?
Арнасы кеуіп солғанша.
1 - жүргізуші: − Жасайды – дейсің жол қанша?
Жүргінші жүріп болғанша.
Жасайды – дейсің жер қанша?
Мекендесе ел қанша.
2 – жүргізуші: − Ендеше бәрі мәңгі ме?
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде дүниенің екі бөлігі – табиғат пен адам егіз. Қазақ ырымдарына назар аударайық.
1 – жүргізуші: Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш
бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені
өмірдің бәрі бақыттың бастамасы, тірліктің қайнар көзі.
Көк жұлсаң көктей орыласың, қарғыс атады деп ырымдалады
Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым
келтірмейді. Себебі, оны кессең сопиып жалғыз қаласың.
Дүниеде жалғыздықтан жаман ештеңе жоқ!
Қазақ баласы бастауды, бұлақты ластамайды. Барлық
тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да осы бұлақ.
Ластасаң қарғыс тиеді. Суды арамдасаң арың кірленеді,
абыройың төгіледі деп ырымдайды.
2 – жүргізуші: Қазақ шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Құс шашты
алып кетсе адам бас ауруына, ұмытшақтық дертіне шалды –
ғады деп пайымдайды.
Қазақтың үлкендері балаларына құстардың жұмыртқасына
тиіспеуді, балапанын өлтірмеуді міндеттеп отырады.
1 – жүргізуші: Хайуанды, аңды, малды қырмау керек.
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Эко –
логиялық сауатымызды ашсақ, экологиялық білім алсақ, өз
бойымызда экологиялық мәдениет қалыптастыруға талпын –
сақ адамзатты экоапаттан құтқаратынымыз сөзсіз.
Экологиялық есептер
1 – есеп.
Тәулігіне 1 ағаш 1 адамға жететін оттегі бөледі. Қалада қажетсіз газдардың бөлінуіне бұл оттегі 10 есе кемісе,
бір жарым миллион халқы бар Алматы каласының тұрғындары үшін қанша ағаш қажет?
Шешуі:
1500000 ∙ 10═15 млн (ағаш)
2 – есеп.
Бір автомобиль тәулігіне 20 кг газ бөліп шығарса,
6 автомобиль 1 айда қанша кг газ бөліп шығарады?
Шешуі:
6 ∙ 20 ═ 120
120 ∙ 30 ═ 3600 (кг)
3 – есеп.
1 тонна мата қалдығынан өңдеп 600 метр мата алуға болады. Осындай 35 тонна мата қалдығынан қанша метр мата алуға болады?
Шешуі: 35 ∙ 600 ═ 21000 метр
4 - есеп
Құмырсқа 1 минутта ұясына 20 жәндік тасып әкелсе, 2 сағатта қанша жәндік тасып әкеледі?
Шешуі: 20 ∙ 120 ═ 2400 жәндік
5 – есеп
Пәтердегі су краннан дұрыс жабылмаса 6 минутта 1 стакан су ағады. Осындай краннан 1 сағатта (1 тәулікте) неше литр су ағады?
Шешуі: 1/6 ∙ 60 ═ 10 (стакан 1 сағатта )
24 ∙ 10 ═ 240 (стакан 1 тәулікте)
6 – есеп
1 үйеңке ағашы бір жылда 2 кг 100 г оттегі бөліп шығарады. Ал шегіршін ағашы одан 7 есе көп оттегі бөліп шығарса, онда жылына бір үйеңке және шегіршін ағаштары қанша кг оттегі бөліп шығарады?
Шешуі: 2100 ∙ 7 ═ 14700
14700 + 2100 ═ 16800 (г) ═ 16 кг 800 г
7 – есеп
Атмосферадағы ауаның ластану нәтижесінде 1 жылда
16 миллиард теңгеге залал келеді, ал 10, 20, 50, 100 жылда қанша зиян шегеміз?
Шешуі: 16 млрд ∙ 10 ═ 160 млрд
16 ∙ 20 ═ 320 млрд
16 ∙ 50 ═ 800 млрд
8 – есеп
Шошқа өсіретін кешендерден тәулігіне 350 метр куб лас заттар өзенге құйылады. Жылына қанша мөлшерде өзендерге лас заттар құйылады?
Шешуі: 365 ∙ 350 ═ 127750 м (куб)
9 – есеп
Әр адам 1 жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланады. 1 жылда сеніңотбасыңа қанша қағаз керек?
Шешуі: 4 адам болса:
4 ∙ 12 ═ 48 (ағаш)
10 – есеп
60 кг макулатура 1 ағаштың өмірін қорғаса, балалар жинаған 420 кг макулатура неше ағаштың өмірін қорғайды?
Шешуі: 420: 60 ═ 70 (ағаштың)
11 – есеп
Егер жыл бойы адам күніне 1 қорап темекі шексе, оның өкпесінде қанша шайыр қалып қояды?
Шешуі: 3 литр
Мақалдың жалғасын айт:
Бір тал кессең, (он тал ек)
Бұлақ көрсең көзін аш, (құдық көрсең шегенде)
Тау бұлағымен көрікті, (бұлақ құрағымен көрікті)
Сулы жер – (нулы жер)
Бабалар еккен шынарды, (балалары саялайды)
Арманымен ер сұлу, (орманымен жер сұлу)
Жері байдың (елі бай)
Қара жерге не ексең, соны орасың, (табиғаттан алсаң – қарыз боласың)
Орман – ел дәулеті, (жер сәулеті)
Атаңнан мал қалғанша, (тал қалсын)
Дала көркі – мал, (өзен көркі – тал)
Ер – елдің көркі, (орман-тоғай – жердің көркі)
Көк құрақ – көлдің сәулеті, (құс пен аң – елдің дәулеті)
Су анасы – бұлақ
Ат – ерді сақтайды, Ер – .... (елді сақтайды)
Ат айналып ...... (қазығын табады)
Құс патшасы – .... (бүркіт)
Аң патшасы – ...... (арыстан)
Су атасы – ..... (бұлақ);
Сөз атасы – ..... (құлақ);
Жол атасы – ....... (тұяқ).
Құртақандай торғай да, (өз ұясын қорғайды)
Есек мақтанып тұлпар болмас, (қарға мақтанып, сұңқар болмас)
Арыстан тышқан ауламас, (қыран шыбын ауламас)
Аттың бәрі тұлпар болмас, (құстың бәрі сұңқар болмас)
Мына сұрақтарға жауап беріңіз:
Флора дегеніміз не? (Өсімдіктер дүниесі)
Дәрілік өсімдіктерді ата. (Адыраспан, алоэ, асқабақ,
бақбақ, бүлдірген, валерьяна,
долана, жалбыз, жантақ, жусан,
жүгері, капуста, дермене, қалампыр,
қызылша, меңдуана, сасықшөп,
сұлы, таңқурай, шалфей т.б.)
Жылқының арғы тегі. (Тарпан)
Қазақстандағы қорықтарды ата. (Алматы, Ақсу-Жабаға –
лы, Наурызым, Барсакел –
мес, Қорғалжың, Марқакөл,
Үстірт, Жаңа Алакөл, Батыс
Алтай қорығы)
Қазақстанда қандай көлдің жартысы ащы, жартысы тұщы?
(Балқаш)
Қазақстандағы түсті өзен-көлдерді ата.
(Ақсу, Қарасу, Көксу, Сарысу,
Қызылкөл, Алакөл...)
Фауна дегеніміз не? (Жануарлар дүниесі)
Қазақстандағы ең биік шың? (Хантәңірі)
Әлемдегі ең кішкене және ең үлкен құс?
(Страус, колибри)
Қымыздың неше түрі бар? (9 түрі: Уыз; Дөнен; Сары; Жуас; Саумал; Түнеме; Бал; Құнан; Бесті қымыз);
Дуадақтың басты жауы кім? (бүркіт)
Pим олимпиадасының жеңімпазы жеңімпазы қазақ жылқысының аты, шыққан жері (Жамбыл облысы, Луговой жылқы зауыты, аты - Абсент)
Ең ұзын, терең көл (Каспий)
Жапырақ реңінің жазда жасыл, күзде сары түсті болуы неліктен? (жасыл пигмент – хлорофилл)
Ең ірі бөген (Бұқтырма)
Экологиясы ең нашар көл (Арал)
Каньон деген не? (өте терең әрі тар,
беткейлері тік аңғар)
Магма деген не? (жердің терең қойнауында
жоғары температура мен үлкен
қысым жағдайында түзілген,
балқыған отты қоймалжың зат)
Қазақстандағы ең биік шың (Хан тәңірі – абсолюттік
биіктігі – 6995 м)
Қазақстанда қанша өзен бар? (85 мың)
Қазақстанда қанша көл бар? (48 мың)
Өсімдіктің өсу мүшесі (жапырақ)
Жапырағы тікенекке айналған қандай өсімдік?
(сексеуіл, кактус)
Өсімдік құрамында не болады? (дәрумен)
Әлемдегі ең үлкен гүлді атаңыз.
(Арнольди Раффлеза)
Ең улы саңырауқұлақ (мухамор)
Тюленьнің баласы (ақүрпек)
Өсімдікпен қоректенетін жыртқыш (аю)
Қазіргі қойлардың арғытегі (муфлон)
Жылқы атасы кім? (Қамбар ата)
Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу қасиеті. (иммунитет)
«Невада-Семей» полигонына арналған қозғалысқа басшылық жасаған кім? (О.Сулейменов)
Қоян көгалда жүрген үш жыланның біреуін жеп қойды. Неше жылан қалды? (Қоян жыланмен қоректенбейді)
Африкалық түйеқұс аяғындағы 5 саусақпен тышқанды ұстап ала алалы ма? (Түйеқұс аяғында 2 саусақ)
ҚР-да қанша қорық бар? (10)
ҚР-да қанша өзен бар боп саналады?
(85 тыс.)
Қазақстандағы «түсті» өзендерді ата. (Ақсу, Қарасу,
Сарысу)
Қандай өзен ең лайлы? (Сырдарья)
ҚР-дағы ең биік шың (Хан-Тәңірі)
ҚР-дағы ең ыстық жер (Кызылорда қ.)
ҚР-дағы ең құрғақ жер (Қызылорда қ.)
ҚР-дағы ең ылғал жер (Алтайдың батыс өңірі)
ҚР-дағы ең тұзды көл (Арал)
Қазақстанда қанша көл бар? (48000)
Ең улы саңырауқұлақ (шыбынжұт–мухомор)
Тамақ өнеркәсібінде қандай бактериялар қолданылады?
(сүтқышқылды)
Адамзаттың кінәсінен қандай сиыр жойылған? (Стеллерова);
Жойылуға жақын ең ірі мысық. (Амур жолбарысы);
Список и описание редких и находящихся под угрозой исчезновения животных, растений, грибов. (Красная Книга);
Құстардың пайдасы мен зияны:
Өсімдіктің тұқымын таратады;
Өсімдік түрлерін құртады;
Бунақденелілер түрін азайтады;
а/шаруашылық зиянкестерді аулайды;
спорт түрлеріне пайдаланылады;
органикалық тыңайтқыш алынады;
азықтық тағамдар алынады;
өнеркәсіпте пайдаланылады;
ғылыми зерттеу нысаны;
курьерлік қызмет;
әсемдік мақсатта өсіріледі;
Ф.ЮКПTК Экологиялық сайыс Страница
Достарыңызбен бөлісу: |