Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі. Экологиялық тәрбие



Дата07.02.2022
өлшемі54 Kb.
#83154
Байланысты:
Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі


Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі.
Экологиялық тәрбие.
Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін
Естественная история происхождения атты өзінің кітабында ең бірінші
қолданған неміс биологы Эрнест Геккель 1968. Экология ойкос деген грек
сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді.
Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология – зоологияның бір тармағы, ол
барлық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық орта мен өзара
қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы,
олардың орта мен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың
мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және
өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал
соңғы 10 – 15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа
көз – қарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты,
оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне,
осыған байланысты табиғат қоры таусылды, биологиялық орта азғындап
ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануаорлар, өзен – көлдер, теңіздер
адамның жабайы, рақымсыз іс – әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы
табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз
аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б.) және цемент
заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар,
жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік,
ет – сүт тағамдарының қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі
бактериалардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына көптеген зиян
келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер
ететін екі факторды атауға болады; жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның
іс – әрекеті.
Жер бетіндегі халықтың саны үздіксіз өсіп, көбеюде. 1990 жылы біздің
планетамызда 5,3 млрд. шамада болса, ал 2000 жылы жер бетінде тұрушылардың
саны 6 млрд. шамда болады. ХХ ғасырдың орта кезінде 10 млрд. деңгейіне
жетіп тұрақтана бастады.
Жер бетінде халықтың тез өсіп жетілуі көптеген қиыншылықтар туғызды.
Мәселен, планетадағы бүкіл халықты тамақтандыру, азық – түлікпен қамтамасыз
ету, оларды жақсы жерлерге орналастыру, әл – ауқатын үздіксіз жақсарту –
бұл әрине, оңай жұмыс емес. Міне, бұл жағдай халықтың күні бұрын қамын,
ойлауды көптеген іс – әрекеттерін алдын – ала тиімді ұйымдастыруды және
жүзеге асыруды талап етеді.
Қазіргі кезеңде орман – тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың,
үйенкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерлді
қорғаудың және оларды дұрыс пайдаланудың адамзат үшін маңызы өте зор.
Өйткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мен адам өмірінің негізі. Бұл
жағдай тұрғын халықтардыңи өсіп көбеюіне байланысты емес, басшы адамдардың,
мамандардың сол аймақтағы егін, су және мал шаруашылығының ерекшелігін еске
алмай, жоспарлаудың салдарынан болған қателік.
Соңғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. Гектар жерде
өсірілетін мақта және күріш дақылдарын, Арал теңізін пайдаланып, суландыру
апаттық жағдайға соқтырды. Осының нәтижесінде суат бетіндегі су азайып
тартылды, айналадағы жер құрғады. Сырдария өзенінің топырағы сортаңдады, ма
жайылым өрісі тарылып кетті. Экологиялық жағдайдың азуы тұрғындардың
денсаулығына, күнделікті тұрмысына үлкен әсер етті. Сондықтан халық қоныс
аударуға мәжбүр болды.
Адамның өндірістік іс – әрекеті. Қазіргі кезеңде ең көкейтесті
мәселелердің бірі – бұл адамның өндірістік іс – әрекетінің негізінде
қоршаған ортаның ластануы, бұзылуы. Жер бетіндегі зиянды, әсіресе улағыш
заттардың қалдықтары өте көп. Олар ауада да, су орталығында да таралған.
Осының бәрі қоршаған ортаға әсер ететін өндірістік қалдықтар.
Атомдық өнеркәсіптің қалдығы және атомдық қопарылыстың радиоактивтік
тұнбасы бірте – бірте адам организмінде жиналып, қатерлі ісік ауруына (рак)
ұшыратады. Әсіресе атомдық өнеркәсіптің дамуы және оның адам денсаулығына
тигізетін зардабы өте қауіпті. Қазіргі кезеңде жер бетінде стронция – 90
элементін аз мөлшерде болса да кез – келген баланың денесіндегі сүйектерден
табуға болады. Бұл элемент табиғатта болмайды, тек қана осы уақыттағы
атомдық өнеркәсіптің және ядролық сынаудың арқасында пайда болады.
Сондықтан стронция жер бетіне тарап, ондағы барлық тірі жәндіктердің
денесіне енген.
Әрине, бұлардың бәрі тірі жәндіктер үшін өте қауіпті . Оны қатты
бақылауға алып, энергияның басқа табиғи түрлерімен үйлестіріп пайдалану
қажет.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер және мұхиттар түбінде көп
жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір
кезеңдердегі су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып, су ішіндегі,
жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Экологиялық тәрбие мақсаттары мен міндеттері, мазмұны.
1. Экологиялық нормалардың, ережелердің қажеттілігін балалардың
мінез – құлқында тәрбиелеу.
2. Қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу.
3. Балалардың бойында экологиялық мәдениетін қалыптастыру: а)
тұлғаның мінез – құлқында; ә)қоғамдық пайдалы еіңбек және
еңбек тәрбиесі арқылы айналадағы табиғатты қорғауда, күтуде
және жақсартуда; б) экологиялық білімді насихаттауда ; в) ең
алғашқы кәсіби еңбекте.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты. Өйткені өндірістік іс
– әрекеттің барысында адам қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Білім береті
бала – бақшаларда экологиялық білім мен тәрбие мазмұны еңбек арқылы іске
асырылады. Қазіргі жағдайда өндіріс табиғата күшті әсер етуші фактор болып
отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге
негізделетінін балалардың түсінуі қажет. Өйткені іс – әрекеттің нәтижесінде
ортада әр түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш
күштерін ұнамды орналастыруға аймақ табиғатының ерекшелігін, оның
өндірістік жүктемеге орнықтылығын есепке алу талап етіледі.
Балалар табиғи ортаны күтуде, қорғауда орман – тоғай шаруашылығын,
жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғауға көмектеседі.
Сондықтан олар негізгі мәселелермен таныс болып экологиялық талаптарға
сәйкес білімін, экологиялық байлықты тиімді пайдаланады. Табиғатты қорғау
белгілі жүйені игеру, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс дүние тану
көзқарасын қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық білім беру, тәрбиелеу және
экологиялық мінез – құлқын, экологиялық мәдениетін қалыптастыру әдістемесі.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым –
қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі
тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
Атап айтқанда:
– Педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім
деңгейін көтеру;
– Балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын ата – аналарына
насихаттау;
– Әртүрлі жастағы балаларды топтарына оқу – тәрбие жұмыстарын атқару;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру
оның баола кезінен ерте басталу тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі
алғашқыда жеті жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан
оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезенде алған
тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық
жағдайы осы кезенде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей
тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар шығармашылықпен жұмыс істейтін
адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең
жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен
жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Балалар тәрбие арқылы,
ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тындауды
үйренеді…Тәрбиеленуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса,
балада соғұрлым көбірек үйренеді.
Баланыңи өміріндегі алғаш қабылданған қуанышты сәттер оның болашақтағы
өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете
алмаймыз. Сондықтан да бала – бақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі
міндеттерінің бірі – Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға
экологиялық тәрбие беру болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы
өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге , оны қорғауға
қызығушылығын арттыруға, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір
сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз. Балабақшада тірі табиғаттың
кішкентай бейнелі көрінісін елестете аласыз. Біз әрдайым табиғат сұлулығын
іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып
табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз. Осы сұлулықты іздеу барысында біз
оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз,
әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.
Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес
сонымен, бірге қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер
балалар сұлулықты өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын
сезіне білсе онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа
деген сүйіспеншілекке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана
қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз
табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие
мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемі мен
таныстыру арқылы оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды
аялай білуге тәрбиелейді.
Балалар тірі және өлі табиғат арасында ,тірі организм мен олардың өмір
сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Барлық жастағы балалар
топтарындағы табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған,
олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын
үйренуде. Балалардың табиғи материалдарымен жұмыс атқарудың тәсілдеріне
оқыту жөнінде тәрбиешілер көп еңбек етуде. Балабақшада Табиғатты аялай
біл семинарлар Табиғат және біз, Күзгі орманға саяхат, Қазақстан
менің туған өлкем, Тірі объектілермен танысу, Бөлмеде өсірілетін
өсімдіктермен танысу ашық сабақтары болады. Сонымен қатар Муха –
Цокотуха, Жәрмеңке, Масленица және осы сияқты тағы басқа да шоу
опералар көрсетіледі. Балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген
материалдар жинақталған Табиғат әлемі мұражайының ашылуы сонымен қатар
Қысқы бақтың ашылуы балаларға қуаныш болды.
Экологиялық тәрбие қазақ тілі және ағылшын тілі, дене шынықтыру және
валеология сияқты басқа да сабақтар кезінде де өз жалғасын табады. Бала
дүниеге келгенннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат – баланың ақыл – ойының балалық деңгейден нақты түсініктер
бойынша қалыптасқан жоғарғы деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол
әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге
дамытады. Бақшаның жұмысында өлкелік мұражайлар мен экологиялық орталықтар
да жәрдем беруде.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет