Экономикалық терминдер
|
Анықтамалары
|
Экономикалық тиімділік
|
Экономикалық тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді
|
Экономикалық әсер
|
|
Жалпы экономикалық тиімділік
|
Экономикалық тиімділік – кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама көрсеткіші. Шаруашылықты жүргізудің түпкілікті нәтижелерін пайдадан гөрі неғұрлым толық сипаттайды, өйткені оның шамасы нәтижеліліктің қолда бар және пайдаланылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.
|
Еңбек өнімділігі
|
Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады
|
Материалсыйымдылығы
|
шығарылатын өнім құнының заттай не ақшалай бірлігіне шағып есептегенде жұмсалған материалдар шығыны
|
Еңбексыйымдылығы
|
сыйымдылығы - бір шығарылатын өнімді дайындайтын технологиялық процеске жұмсалынатын жұмыс мөлшері (саны)
|
Қорсыйымдылығы
|
Қор сыйымдылығы өндірістік негізгі қорлардың (негізгі капиталдың) өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы құны. Қор сыйымдылығы орташа жылдық есептеуде де, жылдың аяғындағы жағдайы бойынша да өндірістік негізгі қорлардың баланстық құны бойынша есептеледі
|
Капиталсыйымдылығы
|
тауарлардың жекелеген түрлерін өндірудің және жекелеген қызмет түрлерін көрсетудің басқа өндіріс факторларымен салыстырғанда капиталдың мөлшеріне барынша тәуелділігі көрсеткіші
|
Салыстырмалы тиімділік
|
белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім нұсқаларының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір нұсқаның басқа нұсқамен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.
|
Дисконт нормасы
|
|
Табыстылық индексі
|
Табыстылық индексі (РІ) жобаның салыстырмалы табыстылығын немесе жобадан түскен ақша түсімдерінің салымдар бірлігіне есептегендегі дисконттық құнын көрсетеді.
PI = NPV / C0
|
Өтелім мерзімі
|
Мысалы бір стартап бастаганнан кейін барлық кеткен ақшаны жабуы
|
Әлеуметтік тиімділік
|
Әлеуметтік тиімділік— алынатын әлеуметтік игіліктердің, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің осы игіліктер мен қызметтерді қамтамасыз еткен күрделі жұмсалымға қатынасы.
|
Таза дисконтталған табыс
|
бұл ағымдағы құнға келтірілген таза ақша ағынының сомасы мен инвестициялық шығындар сомасы арасындағы айырым.
|
Өтімділік
|
пассив бойынша міндеттемелерді төлеу үшін актив баптарын ақшаға айналдыру мүмкіндігі; материалдық құндылықтарды өткізудің‚ сатудың‚ қолма-қол ақшаға айналдырудың оңайлығы; субъектінің өз активтерін қолма-қол ақшаға айналдыру және борышқорлық міндеттемелерін орындау қабілеті(төлем төлеуге қабілеттілік)
|
Қаржылық тұрақтылық
|
Қаржылық тұрғыдан тұрақты кəсіпорын деп келесі шарттарға жауап беретін кəсіпорындарды айтамыз:
активтерге, солардың ішінде негізгі қорларға, бейматериалдық активтерге, айналым қаражаттарына жұмсалған қаражаттарының есебінен өтуге қабілетті кəсіпорын;
себепсіз дебиторлық, кредиторлық қарызға жол бермейтін кəсіпорын;
өзінің мойына алған міндеттемелерін уақытында орындай алатын кəсіпорын.
|