АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Электроника» кафедрасы
МИКРОПРОЦЕССОРЛЫҚ ТЕХНИКА НЕГІЗДЕРІ
2-бөлім 5B070300 – Информациялық жүйелер
мамандығының барлық оқу түрінің студенттерінің
зертханалық жұмыстарды орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар
ҚҰРАСТЫРУШЫ: О.Т. Шанаев. Микропроцессорлық техника негіздері. 2-бөлім. 5B070300 – Информациялық жүйелер мамандығының барлық оқу түрінің студенттерінің “Микропроцессорлық техника негіздері” пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011. – 21 б.
Ұсынылып отырылған әдістемелік құралымда микропроцессорлық жүйелердің құрылымын моделдеуге, яғни олардың құрылу принциптері мен олардың іскерлік құрама бөліктемелерінің қажетті жұмыстардың орындалуы кезіндегі өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету жолдарын оқуға арналған зертханалық жұмыстар келтірілген. Демек, бұл жұмыстар студенттердің микропроцессорлық жүйелердің құрылым негіздеріне де, олардың жұмысын бағдарлау негіздеріне де қатысты білімін қалыптастыруға бағытталған.
Автордың Electronics Workbench моделдеу жүйесінде дайындаған микропроцессорлық жүйенің моделінде виртуалды тәжірибе түрінде жүзеге асырылатын бұл жұмыстардың орындалуы студенттердің микропроцессорлық жүйенің құрылым принциптерін де, олардың жұмысын бағдарлау жолдарын да игеруіне мүмкіндік береді.
Зертханалық жұмыстарға берілген әдістемелік нұсқаулар 5B070300 – Информациялық жүйелер мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған. Бұл нұсқауларды өзге мамандықтарға жоспарланған осы сияқты пәндердің сәйкесті тақырыптарынан зертханалық жұмыстар ұйымдастыру үшін де пайдалануға болады.
Кіріспе Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері мен іскерлік негіздерін оқып үйренуге арналған “Микропроцессорлық техника” пәні өзара байланысты және өзара толтырымды екі бөліктен тұрады: аппараттық бөлігі (hardware) және бағдарламалық бөлігі (software). Пәннің толықтай игерілуі үшін оның аппараттық бөлігінінен де, бағдарламалық бөлігінен де білім қалыптастырылуын қамтамасыз ету керектігі түсінікті.
Бұдан бұрынғы әдістемелік құралымда [1] микропроцессорлық жүйелердің аппараттық бөлігіне, яғни олардың құрама бөліктемелерінің (енгізу құрылғыларының, жады жүйесінің, интерфейстерінің) құрылым принциптері мен жұмыс тәртібін (параллель, тізбелі және бөгеуілге шыдамды жіберілімдердің ұйымдастырылуын) оқуға арналған зертханалық жұмыстар келтірілген болатын.
Ұсынылып отырылған әдістемелік құралымда микропроцессорлық жүйелердің құрылымын моделдеуге, яғни олардың құрылу принциптері мен олардың іскерлік құрама бөліктемелерінің қажетті жұмыстардың орындалуы кезіндегі өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету жолдарын оқуға арналған зертханалық жұмыстар келтірілген. Демек, бұл жұмыстар студенттердің микропроцессорлық жүйелердің құрылым негіздеріне де, олардың жұмысын бағдарлау негіздеріне де қатысты білімін қалыптастыруға бағытталған.
Зертханалық дәрістердің жұмыс тапсырмаларын орындау, микропроцессорлық жүйенің автор дайындаған моделінде жүзеге асырылады. Оның негізін, арнайы іскерлік мүмкіндіктер енгізілген, төртразрядты микропроцессор құрады. Жүйенің одан өзге құрама бөліктемелері ретінде бұрын қарастырылған құрылғылар (енгізу және жады жүйелері) пайдаланылды. Жүйе құруға қолданылған әдістеме студенттердің білімінің қалыптастырылуының ұштастырылуын және олардың цифрлық жүйелерді құру жолдарын игеруін қамтамасыз етуге бағытталған, ал бұл олардың болашақтағы кәсіби жұмыстарына аса қажет негіздеме болады.
Зертханалық сабақтардың ұсынылған ұйымдастырылу әдістемесі автордың көптеген жылдық сабақ жүргізу барысында тексеріліп, уақыт тәжірибесінен өткен. Дәрістік зерттелімдердің ұйымдастырылуының түр-түрлілігі студенттердің цифрлық жүйелердің және олардың құрама бөліктемелері мен элементтері жөніндегі теориялық білімінің тереңірек қалыптастырылуына үлкен әсер етеді және олардың моделдеу арқылы зерттелімдер жүргізуге икемділігін дамытады.