Үй тапсырмаларын орындау баланың өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытудың өте тиімді жолы



Дата11.01.2017
өлшемі81,05 Kb.
#6835
Үй тапсырмаларын орындау – баланың өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытудың өте тиімді жолы.

Мектепте оқу, үй тапсырмаларын орындау түсіне білген адамға үлкен шаруа. Баланы өз бетімен, өз денсаулығына нұқсан келтірмей, дұрыс еңбек ете алуға үйрету – негізгі міндетіміз.

Үй жұмысын орындау - бала өміріндегі өзіне толық жауапкершілік жүктелетін алғашқы әрекеті. Бұған дейінгі тапсырмалары мен міндеттері үшін ол толық жауап беріп көрген емес. Мысалы нан әкелуді отбасының басқа бір мүшесі де орындай алады. Ал үй тапсырмасы тек баланың өзіне ғана тиесілі жұмыс. Үй жұмысын орындамауға болады деп ойлауға да мүмкіндік бермеу керек.

Үй жұмысын орындау бала бойында мынадай дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді:


• Өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытады
• Белсенді ізденімпаздыққа итермелейді

Жұмсалатын уақыт мөлшерін шамалауды үйренеді

Үй тапсырмасының мөлшері өтілген сабақтың 30% -дай болуы керек

Үй жұмысын орындау ұзақтығы


• 1сынып - 1сағатқа дейін
• 2 сынып - 1 жарым сағатқа дейін
• 3 сынып - 2 сағатқа дейін
• 4 сынып - 2 сағатқа дейін

Баланың өздік оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру сыртқы және ішкі әрекет жағдайына байланысты бірнеше компоненттен тұрады. Сыртқы компоненттер:


• Күн тәртібі
• Тұрақты жұмыс орны
• Тапсырмаларды орындау реті

Жақсы оқитын балалардың үй тапсырмаларын қалай орындайтыны зерттелгенде, олардың басым көбі үй тапсырмаларын күнделікті бір уақытта әзірлейтіні анықталды. Бұл балалар сабақ қарайтын уақыт таяп келгенде тіпті ойнағысы келмей қалатынын айтқан. Яғни бұл балаларда сабақ оқу әдеті қалыптасқан. Менің сыныбымда Жүсіп Қуаныш және Салимов Ринат.

Егер бала толығымен күш жұмсап, жылдам ойлап, жылдам қимылдайтын болса, біртіндеп осы ырғақпен жұмыс істеу әдетіне айналады. Бала сабаққа дайындалу үшін бір мезгілде ғана емес, бір орынға отыруы тиіс. Сабаққа кіріспей тұрып, он минут бұрын бөлменің ауасын тазартып, оқу құралдарын даярлап қою керек. Сондай-ақ бөлме температурасына, тыныштығына да назар аудару қажет.

Болбыр, баяу жұмыс істеп үйренген баланың ойлау қабілеті де баяу болады. Ұзақ ойланып-толғанатын, жиі алаңдайтын бала жұмысты жартылай ғана істейді.Мұндай оқушыларға Маулиев Маулен және Карамульдинов Дархан жатады. Бұл оқушыларға өз беттерінше үй тапсырмасын толық орындай алмайды.

Үй оқу жұмысының түрлері: танымдық әрекеттің сипаты бойынша- репродуктивті және шығармашылық; оқу әрекеті бойынша – жаттығулар орындау және есептер шығару, оқулықпен жұмыс, бақылаулар мен тәжірибелер, қосымша әдебиеттерді оқу.

XVI ғ. өзінде үй тапсырмасы оқу жұмысының міндетті компонентіне айналды. К. Д.Ушинский оқушыларды арнайы дайындықтан өткізгеннен кейін ғана үй тапсырмасын қолданудың дұрыстығын дәлелдеді.

Оқушы сабақта игерген кез келген жаңа материалды бекіту және оған сәйкес келетін біліктер мен дағдыларды өндіру қажет.Сабақтар қанша жақсы өткізілсе де, топтастырылған есте сақтау мен білімдерді жедел, қысқа мерзімді есте сақтауға көшіру орын алады.

Білімдерді ұзақ мерзімді еске аудару үшін оқушыларға келесі қайталау қажет. Әдетте мұндай жұмысты үйге береді.Сабақ қаншалықты тиімді болғанымен, онда алынған білімдер қайталануы және бекітілуі тиіс.Әр оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сай материалды игеру және дағдыларды бекіту өз қарқынымен жүреді. Зерттеулер нәтижесінде үлгірімі бірдей оқушылар үй тапсырмасына түрлі уақыт көлемін жұмсайтыны анықталды.Айырмашылық өте үлкен болуы мүмкін: біреудің 20-минуттық сабағын басқа біреу 40 минутта және тіпті 1 сағатта өтуі мүмкін. Сондықтан бір сыныпта оқитын әрбір оқушыға оларды игеруге және ендіруге түрлі уақыт көлемі қажет болады. Бұл материалды игеруге қажетті уақытты анықтауда қиындықтарға әкеп соғады.

Әдетте үйде балалар сыныпта жасағандарын және сабақта неге үйренгендерін орындайды.

Бұл жерде де мұғалім балалардың жұмысына еркіндіктің қолдан келетін деңгейін ендіруге тырысады. Мәселен, оқушылар жоспар бойынша қысқа әңгімелерді айтуды үйренген кезде мұғалім оларға үйде де осындай бағыттағы жұмысты өткізуді тапсырады.Берілген әңгіме сыныпта оқылады; мұғалім үй тапсырмасын былай береді: «Үйде әңгімені екі рет оқып шығу және оқыған бойынша түсінік айтып беру; түсінік айтқанда, оны сабақта істегендей етіп орындау: әуелі әңгіменің тақырыбын айту, содан кейін әңгімені бөліктер бойынша оқулықтағыдай қатаң тәртіппен баяндап беру». Бұл жағдайда балалар сабақтарда терең игерген біліктер мен дағдыларды пайдаланады. Оқушылардың үй тапсырмасын табысты орындауы сабақта мұғалімнің оны қандай формада беретіндігіне байланысты. Оқушылардың жасы кіші болған сайын олар үшін берілетін нұсқаулар түсінікті болуы қажет. Түсіндірудің сипаты үй тапсырмасы мазмұнының оқушылардың сабақтағы оқу жұмысымен қаншалықты тығыз байланысты екендігіне тәуелді. Бастауыш сыныптардағы сабақ әдетте үй тапсырмасының мазмұнын, оны орындау тәсілдерін толық түсіндірумен аяқталады. Мұғалім міндетті түрде оқушылардың барлығы бірдей тапсырманы дұрыс түсінген, түсінбегенін және жазып алғанын анықтайды («Қалай жазып алғаныңды оқы»; «Үйде қандай бақылау жүргізетініңді қайталап айт»).

Негізгі талап – тапсырманың қолайлы жағдайда берілуі, оның оқушыға түсінікті болуы, мұғалімнің тапсырманы тақтаға жазуы, ал оқушылардың оны өз күнделіктеріне көшіріп алуы. Жаңа материалды оқып үйрену сабақтарында үй тапсырмасы жаңа материалды түсіндіргеннен, бекіткеннен және мұғалім баяндаған негізгі мәселелерді оқушылардың алғашқы игеруінің дұрыстығын тексергеннен кейін беріледі.

Бастауыш сынып оқушылары үшін тапсырмаларды орындау ретін көрсету маңызды: 1)15-беттегі ережені жаттау; 2) 16-беттегі 3, 4-жаттығуларды орындау.Оқушылар алдымен ережені, содан соң жаттығуды орындау үшін осындай ретпен тапсырманы жазып алады.

Оқыту тәжірибесінде үй тапсырмасына берілетін нұсқаудың төмендегі формалары қолданылады:

-Сыныпта соған ұқсас жұмыс қалай орындалса, тапсырманы сондай жолмен орындау туралы нұсқау.

-Тапсырманы түсіндіру және оны орындауды екі,үш үлгі бойынша көрсету.

-Сыныпта үй тапсырмасының неғұрлым қиын жақтарын талдау.

-Үйде орындалған тапсырмалар сәйкес келуі тиіс нақты талаптарды көрсету.

- Үй тапсырмасын немесе оның жекелеген бөліктерін орындау әдістеріне қатысты нұсқаулар[1].

Үй тапсырмасын тексерудің маңызды дидактикалық ережесі – барлық оқушыларды тексерумен қамту және әрбір оқушыны жеке қатаң тәртіп бойынша тексере отырып, сыныптың бүкіл оқушыларының белсенділігін ояту және оны басқару.Оқушылардың жазбаша үй тапсырмасын тексеруді мұғалім сыныпта оқушылардың өздерінің қатысуымен немесе үйде жүзеге асырады.

Оқушылардың оқулықпен жұмыс бойынша әрекет тәртібі төмендегідей:

-сабақтан есте не қалғанын еске түсіру (дәптердегі жазбалар мен оқулықтағы суреттер бойынша);

-мәтіндегі негізгі ойды, бөліп көрсетілген ережелерді таба отырып, оқулықтың үйге берілген параграфын оқу;

-материалды қайта жаңғырту (іштей немесе дауыстап түсінік айту, оқылғанның жоспарын құру, оқулықтың сұрақтарына жауап беру);

-қиындықтар туындаған жағдайда оқулықты тағы да бір қарап шығу және материалды еркін қайта жаңғыртуға қол жеткізу.

Өз бетінше есептер құрастыру бойынша үй тапсырмалары оқушылардың ақыл-ойының дамуына оң әсер етеді.Мұндай жұмысты орындау үшін белгілі бір құбылыстар жайлы білімдері болуы, шындыққа сәйкес мағлұматтарды таңдай алуы қажет.

Есептерді:

- математиканы халық шаруашылығының қандай да бір саласында қолдану;

- логикалық есептерді, ребустарды, чайнвордтарды және т.б. құрастыру бойынша құруға болады.

Сонымен, үй оқу жұмыстары кітаппен жұмыс істеуді, өзіндікті, табандылықты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.Оларда өтілген материал жай ғана қайта жаңғыртылып қоймай, игерілген ереже, тәсіл, түсінік, ұғымдарды жаңа жағдаяттарда қолдана білу де қарастырылады.

Бұл жұмыстар төмендегі мақсаттарды көздейді:

1.Белгілі бір тараудың материалын жүйеге келтіру.

2.Оқушылардың ойлауын дамыту.

3.Оқушыларының артта қалуының алдын алу.

4.Білімдерді кеңейту, тереңдету және т.б.

5.Пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеу.

- типтік емес және стандартты емес есептерді шығару;

- көрнекі құралдар, сызбалар, кестелер және т.б. дайындау.

Үй тапсырмасының бұл түрлері:

-өтілген материалды бекіту үшін;

- жаңа материалды игеруге дайындыққа арналуы мүмкін[2].

Мұғалім бір мезгілде екі немесе үш деңгейдегі үй тапсырмасын бере алады:

Бірінші деңгей – міндетті минимум. Бұл тапсырманың басты ерекшелігі – ол сіз оқытатын кез келген оқушыға түсінікті және шамаға лайықты болуы тиіс.

Екінші деңгей – жаттығу деңгейі. Оны пәнді жақсы білгісі келетін оқушылар орындайды. Мұғалімнің ұйғарымы бойынша бұл оқушылар бірінші тапсырмадан бас тартуы мүмкін.

Үшінші деңгей – шығармашылық тапсырма. Сабақтың тақырыбына, сыныптың дайындығына байланысты мұғалімнің қолдануы немесе қолданбауы мүмкін. Мектеп тәжірибесінде үй тапсырмасының төмендегі түрлері қолданылады:

- жеке дара;

- топтық;

- шығармашылық;

- сараланған;

- сыныпқа бірдей;

- парта бойынша көршісі үшін үй тапсырмасын құру[3].

Жеке дара үй оқу жұмысы әдетте сыныптың жекелеген оқушыларына беріледі. Бұл жағдайда мұғалімнің нақты оқушының білімдерді игеру деңгейін тексеруі оңай болады.Мұндай жұмыс карточкада немесе баспа түріндегі дәптерде орындалуы мүмкін.

Топтық үй оқу жұмысын орындау барысында оқушылар тобы жалпы сыныптық тапсырманың бөлігі болып табылатын қандай да бір тапсырманы орындайды. Мәселен,«Баға. Сан. Құн» тақырыбы бойынша оқушыларға түрлі тауарлардың бағасы жайлы материал жинау ұсынылады: бір бала оқу құрал-жабдықтарының бағасын білсе, екінші бала азық-түліктің бағасын, үшінші бала ойыншықтардың бағасын біледі.Бұл жағдайда үй жұмысы оқушыларды келесі сабақта өткізілетін жұмысқа дайындайды. Мұндай тапсырмаларды күні бұрын берген дұрыс.



Сараланған үй жұмысы –«күштімен» қатар «әлсіз» оқушыға да есептелгені жұмыс. Бұл кезеңдегі сараланған қатынастың негізі бастауыш сынып оқушыларының өз бетінше жұмысын ұйымдастыру болып табылады.Ол сараланған тапсырмалардың тәсілдері мен түрлерінің көмегімен жүзеге асырылады. Тапсырмалар барлық оқушы үшін мазмұны жағынан бірдей, бірақ орындау тәсілі бойынша әр түрлі. Мысалы, «тор көз қағаздан ауданы бірдей 36 кв.см болатын, бірақ жақтары әр түрлі тік төртбұрыштар сыз».Мұндай тапсырманы ала отырып, әрбір бала оны жеке дара орындауға кіріседі: біреулері бір тік төртбұрыш қиюы мүмкін, басқалары екі – үш немесе одан да көп қиюы мүмкін. Оқушылардың әрекеті ізденушілік сипатта болады.

Сынып үшін бірдей тапсырма –күні бүгінге дейін сақталған үй жұмысының ең кең тараған түрі. Мұндай тапсырмаларды үнемі қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етпейді. Дегенмен оларды педагогикалық құралдар қатарынан шығарып тастауға асықпаған дұрыс. Өйткені оларды орындау барысында түрлі дағдылар бекітіледі, біліктер қалыптасады.

3 Степногорск қаласы облыстық арнайы түзету мектеп - интернаты



Баяндама

Тақырыбы: Бастауыш сыныптағы үй тапсырмасының түрлері мен мөлшері.

Дайындаған: Жұмағалиева Қ.К.



Степногорск қаласы 2015 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет