«электростатика» БӨлімі бойынша есептер шығару



бет1/4
Дата03.12.2022
өлшемі27,67 Kb.
#161065
  1   2   3   4
Байланысты:
Практика 11 электростатика


«ЭЛЕКТРОСТАТИКА» БӨЛІМІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

  1. Жібекке үйкегенде шыны таяқшада оң заряд пайда болды. Шыны таяқшаның осы кездегі атомдары

  2. Электрон дегеніміз –

  3. Бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан кішкентай екі шардың бірдей теріс зарядтары бар және олар 0,23 мН күшпен өзара әсерлеседі. Әр шардағы артық электрондардың саны

(k=9·109 H · м2/Кл2, e=1,6⋅10−19 Кл)

  1. Бірдей теріс зарядпен электрленген екі дене ауада 0,9 Н күшпен тебіледі. Егер олардың арақашықтығы 8 см болса, онда әр денедегі артық электрондардың саны

(k=9·109 H · м2/Кл2, e=1,6⋅10−19 Кл)

  1. Екі заряд r1 қашықтықта F1 күшпен әсерлеседі. Егер олардың арақашықтығы r2=2r1 болса, онда F2, F1 қатынасының мәні (F2 – зарядтардың r2 қашықтықтағы әсерлесу күші)

  2. 10 мН максимал керілу күшіне есептелген жіңішке жібек жіпке оң заряды бар массасы 0,6 г, 11 нКл шар ілінген. Астынан 13 нКл теріс зарядталған шар жақындатқанда жіп үзілетін қашықтық

(k=9⋅109H⋅ м2/Кл2, g=10 м/с2)

  1. Нүктелік зарядтардың арасындағы өзара әсерлесу күшін 3 есе кемітсе, онда арақашықтықты 

  2. Сутек ядросы мен электронының арақашықтығы 0,5⋅10−8 см. Олардың әсерлесу күші

(k=9⋅109Н · м2/Кл2, e=1,6⋅10−19 Кл) 

  1. 10 нКл және 16 нКл зарядтар бір-біріне 7 мм қашықтықта орналасқан. Кіші зарядтан 3 мм және үлкен зарядтан 4 мм қашықтықтағы нүктеге орналасқан 2 нКл зарядқа әсер етуші күш

(k=9⋅109Н · м2/Кл2)

  1. q және 4q зарядпен аттас зарядталған бірдей екі металл шар бір-бірінен r қашықтықта тұр. Шарлар бір-біріне жақын қойылған. Өзара әсер күші бұрынғыдай болып қала берген жағдайдағы шарлардың x арақашықтығы

  2. Егер ауада оқшауланған жіпке ілінген массасы 2 г, заряды 2⋅10−8 Кл шардың астына 5 см қашықтыққа аттас 1,2⋅10−7 Кл заряд орналастырса, онда жіптің керілу күші

(k=9⋅109 Нм2/кл2, ε=1,g=10м/с2 )

  1. Егер екі нүктелік зарядты ауасыз кеңістіктен суға орналастырсақ және арақашықтығын 4 есе кемітсек, олардың өзара әрекеттесу күші

  2. 1 мкКл және 10 нКл екі заряд 9 мН күшпен бір-біріне қандай қашықтықтан әсер етеді?

k=9⋅109Н · м2/Кл2

  1. Өрістің 5⋅10−9 Кл зарядқа 3⋅10−4H күш әсер ететіндей нүктесіндегі кернеулігін тап. Егер қарастырып отырған нүкте зарядтан 100 мм қашықтықта болса, онда өрісті тудыратын зарядтың шамасы қандай болады? (k=9⋅109Н · м2/Кл2)

  2. Егер май ішіндегі бір-бірінен 6 см қашықтықтағы бірдей екі заряд бір-біріне 0,4 мН күшпен әсер етсе, онда әр зарядтың мәні

ε=2.5 , k=9⋅109Н · м2/Кл2

  1. Шамалары бірдей 10⋅10−9 Кл екі заряд қандай қашықтықта 9⋅10−3 Н күшпен әсерлеседі?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет