Әлемнің топырақтары және оның таралу заңдылықтары Жоспар



Дата10.12.2019
өлшемі117,33 Kb.
#53315
Байланысты:
слайд топырақ

Әлемнің топырақтары және оның таралу заңдылықтары

Жоспар

  • Кіріспе
  • Әлем топырағы
  • Таралу заңдылықтары
  • Әдебиеттер тізімі

Кіріспе

  • Жер шарының топырақ жамылғысы алуан түрлі. Себебі, кеңістікте топырақ түзуші факторлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ түзуші тау жыныстарыжер бедеріжәне олардың уақыт өткен сайын өзгерістерге ұшырауы әр мекенде, жер аумағында әр түрлі.
  • Жер бетінің топырақ жамылғасын топырақ географиясы салыстырмалы-географиялық әдіспен, яғни топырақтың кеңістікте таралуы мен топырақ түзуші факторларды бірге қатарластыра салыстыру арқылы зерттейді. Осы әдісті қолдану нәтижесінде Жер шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

Әлем топырағы

  • 1. Жер шары құрлығында тегістік және таулық топырақтар тараған. Тегістік топырақтары 6 географиялық топқа біріктіріледі.
  • I топқа полярлық белдеудің топырақтары кіреді, полярлық тундра және полярлыға таяу тундраның глейлі топырақтары. Олардың кескінінде бұзылу үрдісі сәл дамыған, жиектері жұқа және онда айқын тонды құбылыс белгілері бар Скандинавия елдері мен Канада.
  • II-III топтарға қоңыр салқын жайлы бореалды аймақ топырақтары кіреді, олар тау жыныстарының сиалитті бұзылу жағдайында дамыған; топырақ құралуында маусымды ырғақ басым, кескіні жақсы дамыған; кейде тіпті қарашірінді шоғырланған. Топырақтары күлгін, шымды күлгін, тонды тайгалы бореалды, қоңыр, сұр ормандық топырақтар, прерилік қара топырақ бореалдыға таяу, қара, қара-қоңыр, қоңыр, сұр-қоңыр топырақтар аридті облыстар. Қоңыржай белдеудің мұхиттық ылғалды өлкелерінде қоңыр орман топырақтары кең тараған Батыс Еуропа, Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада.
  • IV топқа тропикке таяу белдеу топырақтары кіреді, олар қызыл, сары, сары-күрең субтропикалық ормандар, қызғылт-қара субтропикалық прерилер топырағы, сұр-күрең субтропикалық дала топырағы, құба субтропикалық шөл дала және жартылай шөл топырақтары Батыс Еуропа, Шығыс және Таяу Азия, Африка мен Солтүстік Америкада таралған.
  • V- VI топ тропикалық белдеу топырақтарын біріктіреді –онда экваторлық ормандарының фералит топырағынан бастап, шөлділеу биік шөптесінді саванналардың қызғылт-қоңыр топырағына дейін Орталық Африка, Оңтүстік Азия, Австралия мен Оңтүстік Америка тараған.

Әлем

топырақтарының көлденең зоналық құрылымдары.


Таралуы

  • 1) 1 Полярлық өте салқын белдеу.
  • Бұл белдеу үш топырақ зонасын қамтиды.1.полярлық жалаң топырақтар. 2. арктика-тундра топырақтары. 3. тундралы-глейлі топырақтар.
  • Полярлы жалаң топырақтар терістік ендіктің 75-80 град-к жоғарғы алқаптарын қамиды. Олар Гренландия аралының, Канада архипелагының терістігін, Солт-к Мұзды мұхитындағы Шпицберген, Франц-Иосиф жері мен солк жерлер аралдарын алып жатыр.
  • Арктика –тундра топырақтары жоғарғы ендіктен оңт-ке қарай таралған. Олардың оңт-гі шекарасы терістік ендіктен 78-73 град-нан өтеді.
  • Терістік Америка мен Терістік Еуразияның солт-к бөліктерін қамтиды. Шығыс Азияда оның шекарасы шамалы оңт-ке жылжиды, себебі бұл төңіректе әлемдік суық полюстің ең суық нүктесі орн-н.
  • Ал тундра –глейлі топырақтар зонасы бүкіл континенттің терістікендік жолағын алып жатыр. Зонаның ең терістік шетіқұлықтың орталық аймағында.Ал құрлықтың шығыс және батыс мұхиттаржағалауларында зонаның оңт-к шекарасы ендіктің 62-63 гр ад-на төмендейді.
  • Тундра зонасының Терістік Америка мен Еуразияда орналасу жағдайлары жоғарғыз аңдылықтарды дәлелдейді.

2. Бореалдық салқын белдеу.

  • 2. Бореалдық салқын белдеу.
  • Ылғалды мұхит жағалауы секторларының 60 рад-с ендіктен бастап оңт-к тундра топырақтары субарктикалық шалғындармен, сирек тапалды ормандармен алмасады.
  • Терістік Еуропада бұл топырақтар Норвегияның Атлант жағалауларын, Исландия, Фарер және Шотланд аралдарының жазық жерлерін қамтиды.Бұл зона үш секторға бөлінеді, батыс пен шығысындағы күлгн топырақтар
  • ,ал ең салқын, орталықтағы күлгін және орманды –тоңды топырақтар. Орталық сектордың ені батыс пен шығысқа жақындаған сайын азаяды.Еуразиядағы орманды -тоң топырақтар ендіктің 55-66 град-на шейін төмендеді.
  • 3. Суббореалды қоңыржай белдеу. Бұл белдеу әр түрлі топырақ зоналарымен және күрделі көлденең зоналық құрылыммен сипатталады.Мұнда негізгі үш сектор бөлінеді.
  • 1. Ішкі құрғақ секторы, терістіктен түстікке қарай бірнеше топырақ зоналары бірін-бірі ауыстырады.
  • 2. Екі симметриялы мұхит жағалау секторлары, топырақтары біртектес.
  • 3. Ішкі құрғақ сектордан шығысқа өтпелі сектор.
  • Бұлаймақта ішкі құрғақтық оналар теңіз жағалауынан ішке құрғаққажылжыған сайын ылғалданудың кемуіне байланысты ендік зоналар меридианды зоналарға ауысады.
  • Еуразияныңқоңыржай жазық белдеуінде орманның құба топырақтары екі ареалға бөлінеді. 1. Батыс Еуропаның Атлант жағалауы. 2. Қиыр Шығыстыңмуссонды оңт-гі.

4Субтропикалық жылы белеу.

  • 4Субтропикалық жылы белеу.
  • Бұл белдеуде ендік топырақ зоналары жөнді білінбейді. Тек континентальды секторда негізінен субтропикалық шөлдерде соларға тән шөл топырақтары таралған. Ал белдеудің шығыс және батыс жағалауы секторларынды топырақ құрамдары және зоналық құрылымдары әр түрлі. Шығыс мұхит жағалауы секторы шығыс муссоннан әсер алады. Ылғалды субтропикалық жағдайда мәңгі жасыл ормандарда қызыл және сары топырақтар түзіледі.
  • Субтропикалық белдеудің терістік және оңт-к арты шарларында мұхиттың шығыс жағалауларына бейім орн-н бінеше қызыл, сары топырақтар таралған облыстар байқалды. Оңтүстік жарты шарда Оңтүстік Американың субтропикалық белдеулерінде меридианалдық зоналықтың элементтері 30-40 град-с ендікте, Атлантика жағалауынан ішкі құрлық жазықтарына қарай қызғылт-қара, қара топырақ, сұр- қоңыр және сұр топырақтар бірін бірі алмастырады.

5. Тропикалық және экваторлық белдеулер - жылы алқаптар.

  • 5. Тропикалық және экваторлық белдеулер - жылы алқаптар.
  • Бұларға біршама ендік топырақ зоналары тән, әрі ылғалдану деңгейіне қарай орн-н. Тропикалық белдеуде шөл зонасы тек ішкі континент құрлыққа ғана емес, сонымен қатар батыс мұхит жағалауында да кездесуімен ерекшеленеді. Бұл заңдылықтар терістік және оңт-к жарты шарларда, Африкада, терістік пен Оңт-к Америкада және Австралияда орын алады.
  • Тропиктік шөлінен экваторға қарай топырақ-биоклиматтық зоналар бірін бірі ауыстырады, шөлденген саванналар қызғылт құба, құрғақ саваннаның қызыл құба топырақтары,құрғақ тропикалықормандардың қоңыр қызыл топырақтары мерзімді –ылғалды тропик ормандары мен биік шөпті саванналардың қызыл және тұрақты ылғалды тропик ормандарының қызыл- сары темірлі топырақтары.
  • Осыған ұқсас топырақ зоналары Африканың зазық экватормен тропиктерінде, экватордан терістікке де және оңт-кеде арай кездеседі.Ал шығыс, таулы Африкада бұл жүйе бұзылады. Оңт-к Америкада экваторлық, субэкваторлық тропиктік топырақ зоналар жүйесі шамалы сақталған.
  • Шығыс михит жағалау секторында қызыл сары темірлі, қызыл және саваннаның қызыл құба топырақтарының жоғарғы ендіктерге тарағаны байқалады. Ендік зоналар мұнда қайырылып меридианды бағыт алады,зоналардың ауысуы терістіктен оңт-ке емес, батыстан шығысқа қарай жүреді. Қызыл сары темірлі топырақтар мұхит жағалауларындағы ылғалы мол тропик ормандарда таралған. Батысқа қарай олар кезегімен саванналардың ұқызыл, қызыл құба және тропиктердің шөл-дала, шөл топырақтарымен алмасады.
  • Әр түрлі географиялық белдеулерде, бір белдеудің әр түрлі секторларында мұхит жағалаулары мен ішкі континенттерде топырақтардың көлденең зоналық құрылымының пішіндері және бағыттарының әр түрлі екендігін көрсетеді. Өзгешеліктер гидротермиялық жағдайлардың кеңістікте өзгеру әсерінен болады. Мәселен жергілікті ылғалданған аймақтарда зоналардың ауысуы негізінен ылғалдану деңгейімен түсіріледі. Бұл мәселеде екі жағдайда байқауға олады:1. ылғалдану дәрежесі темпу-ң өзгеруімен сәйкес өзгереді,яғни ауа райы құрғақ болған сайын,осы бағытта темпу-да жоғарылайды.2. ылғалдану дәрежесінің өзгеру бағыты теипу-ң өзгеруімен кереғар келеді. Мұндай жағдайда зоналар бағыты өзгереді, енді зона меридианы зонамен ауысады. Ылғалдану деңгейі аса мол бола қоймаған жағдайда, зонаның ішінде топырақ биоклиматтық провинциялар түзіледі.

. Әлемнің биік таулы топырақтары.

. Әлемнің биік таулы топырақтары.

  • Жер деңгейінен биіктеген сайын бір топырақ зонасының басқа топырақ зонасымен алмасып отыратынын алғаш В.В.Докучаев байқаған. Ол 1891 эж Орыс жазығына зерттеу жүргізіп, топырақтың жердің биіктігіне байланысты өзгеруі туралы болжам жасады. Кейінірек Кавказда ол тау етегінен бастап таудың биік төбесіне дейінгі топырақтың биіктік зоналығын анықтады. 1899ж оның Табиғат зоналары тьуралы ілімі деген еңбегі жарық көрді.
  • Топырақ зонасының жылы және құрғақтан салқын әрі ылғалды аймақтарға өтуімен байланысты топырақ зоналарының ретімен ауысуын ғана емес, таулы аймақтың қай географиялық белдеулерде, олардың қай секторларында орналасуына тікелей байланыстыекендігі жөнінде мәселелер қозғалды. Бұл заңдылықтарды анықтаған орыс оқымыстылары: К.Д.Глинка, С.С.Неуструев, Р.И.Аболин еді. С.А.Захаровтың 1934 ж Кавказ топырақтарының биіктік зоналылығы туралы шыққан еңбегінде жалпы биіктік топырақ зоналылығының қалыптасқан зоналық заңдылықтан ауытқуына түсінік береді.
  • 1.Топырақ зонасының интервенциясы, яғни биіктік зоналық жағдайда, әдетте көлденең зоналық бойынша төмен жататын зонаның биікте орналасуы. Мәселен, Кавказдың арғы бетіндегі тауларда қара топырақтардың таудың ылғалы мол беткейлерінде кездесетінорманның құба топырақтарынан биікте кездесуі.
  • 2.Зонаның интерференциясы немесе түсіп қалуы климаттың немесе таудың бір ерекшелік жағдайларына байланысты, бір топырақ зонасының немесе бірнеше зоналарының ретінен түсіп қалуы. Мәселен, көптеген тауларда, әсіресе олардың оңт-к беткейлерінде, қара қоңыр топырақтар жоғары жылжып, таулы шалғынды топырақтарға жалғасады да, қара топырақты әне орманның құба топырақтары кезегінен түсіп қалады.
  • 3.Топырақ зоналарының ауытқуларын, яғни бір топырақ басқа топырақ зонасының кіріп кетуі. Мәселен тау ойпаттары арқылы тау биіктіктерінің әр түрлі пішіндерде болуы,мысалы орталық Тянт- Шаньның тау етегіндегі шөлді, шөл дала зоналардан бастап,таудың биік белдеулеріне дейінгі ылғалды қара топырақ пентаудың орманды және таудың шалғынды топырақтары арқылы бөлінетін биік тауларда дала онасы және шөлді зоналар топырақтарының кездесуі. Мұны таудың құрғақ зоналығы деп атайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • . 1. Жамалбеков Е.У.; Бильдебаева Р.М., Бигалиев А.Б. Жалпы топырақтану. Алмата 2001
  • 2. Тазабеков Т.Т. Топырақтың құнарлылығы. Алматы, 1999
  •  А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет