«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos ілім, ұғым деген сөзінен шығады



Дата11.05.2022
өлшемі20,35 Kb.
#142860
Байланысты:
Әлеуметтану 1 семинар


«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселесінің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын, логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зерттеулердің басты мақсаты – объект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние – танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес,өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеумттану пәнінің басты міндеті - әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау – А.И.), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік - әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

«Әлеуметтік» деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К.Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қоғамды, ондағы үдірістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі – «қоғамдық» , екіншісі – «әлеуметтік», Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде «қоғамдық», «қоғадық қатынастар» ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қатынастарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қоғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде «әлеуметтік» ұғымын кең қолданып, осыған, сәйкес «Әлеуметтік қатынастар» ұғымы туралы айтқан.


Маркс пен Энгельс еңбектерінде кейде «әлеуметтік» ұғымы «азаматтық» ұғымымен алмастырылған. «Азаматтық » деген ұғымды олар қоғамдағы адамдардың белгілі бір байланыс пен қатынастарын зерттеуде қолданып отырған.


Батыс елдерінде Маркс пен Энгельстің жолын ұстаушылар «қоғамдық», «әлеуметтік», «азаматтық» ұғымдарын одан әрі шатыстырды. Бұл жерде біз «әлеуметтік» ұғымының мазмұнын терең түсінуіміз керек.


«Әлеуметтік» дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір кеңістікте, уақытта іс - әрекеттерінде атқарған қызметтерінде байқалады.


Қандай да бір қоғамдық қатынастардың жүйесі (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.) әр уақытта адамдардың өзара қарым – қатынасынан және қоғамға қатынасынан көрінеді. Сондықтан әрбір қоғамдық жүйенің әлеуметтік жағы болады.


---------------------------------------------------------------------------------


Қорыта айтқанда, әлеуметтілік - әр түрлі жеке тұлғалардың бірігіп істеген қызметінің жемісі, нәтижесі. Бұл олардың бір-бірімен байланыс- қатынастарынан тікелей көрінеді. Ал, олардың қоғамдық құрылымындағы алатын орны, атқаратын рөлі және әр түрлі жағдайлары бір – бірінен өзгеше қоғамдық үдірістерге қатынасынан көрінеді.


Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.


Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе»; «әлеуметтік байланыс»; «әлеуметтік қатынас»; «әлеуметтік процесс»; «әлеуметтік тұлға»; «әлеуме әлеуметтікттік бірлік»; «әлеуметтік құрылым»; «әлеуметтік ұйым»; «әлеуметтік институт»; «әлеуметтік бақылау»; «әлеуметтік басқару»; « әлеуметтік ережелер»(бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); «стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус»,« әлеуметтік тәртіп», «әлеуметтік сана», «әлеуметтік талап-тілек», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік тұтыну», «әлеуметтік қауіпсіздік», «әлеуметтік қорғау», «әлеуметтік белсенділік», т.б.


Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.


Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол - «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.


Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл - әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.


«Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.


«Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет. «Әлеуметтік топ» - бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік; «тұлға» - бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.


Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.


--------------------------------------------------------------------------------------------

«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.


Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл»,яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» - адамның қоғамдағы орны мен жағдайы, т.б.


Айта кететін тағы бір жайт, әлеуметтанудың көптеген категориялары басқа ғылымдарда да кездеседі. Әсіресе, мұңы құқық ғылымында байқауға болады. Мысалы, әлеуметтік норма, әлеуметтік ұйым , әлеуметтік институт, әлеуметтіу жауапкершілік, әлеуметтік бақылау, әлеуметтік белсенділік, т.б.


Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бес –негізгі заңы тұжырымдалған:


1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер «А» құбылысы болса, ол әруақытта «Б» құбылысын қажет етеді.


Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың өзгеруін талап етеді.


Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді.


Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты – ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады.


Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдық заңы.


Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеуметтану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді.


Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлдық ғылымдардан ең басты айырмашылығы – оның өзіне ғана тән әлеуметтік – экономикалық,саяси, рухани, құбылыс, процестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау, модель (үлгілеу), тест, т.б.


Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі әдістерді кеңінен қолдана отырып, әлеуметтану білімнің жаңа қайнар көздерін ашып, әрбір адамның қоғамдық құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады.


-------------------------------------------------------------------------------

Әлеуметтану ғылымының даму тарихы


1. Әлеуметтану ғылымының пайда болуы.


2. Әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең:


А) О.Конт әлеуметтанудың негізін салушы;


ә) Г.Спенсердің әлеуметтанулық ой-пікірлері.


1. Қандай да ғылым болмасын белгілі бір объективтік қажеттіліктерге, өмір сұранысына байланысты пайда болады. Сондықтан біздің нақтылы ғылым туралы біліміміз шектеулі, біржақты, үстірт болмау үшін әрбір ғылымның шығу, пайда болу тарихын білу қажет.

Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады.


Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді.


Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі.Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.


Әлеуметтану ғылым ретінде өзінің даму жолында негізгі төрт кезеңнен өтті:


1-кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болды. Бұл кезеңде ол философиядан бөлініп шығып, қоғам, адам, осылардың дамуы туралы мәселелерді зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.


2-кезең. Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппаратын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды.


3-кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтитын кезеңде әлеуметтануөтендегң өзінің теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламент және президент сайлауларының қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.


4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.


2. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт. Ол 1839 жылы 6 томдық «Позитивтік философия курсы» атты еңбектің ескертпесінде мен әлеуметтік құбылыстарға тән іргелі заңдар жиынтығын оң зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға тәуекел етуге тиіспін деген болатын. Ол термин «Әлеуметтану» болатын.


--------------------------------------------------------------------------------------

О.Конт жүйесі боынша жеке адам, қоғам, жалпы адамзат өзінің дамуында міндетті түрде үш сатыдан өтеді.


Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады. Ол «абсолюттік білімге ұмтылады». Теологиялық ойлау өз кезегінде дамудың үш кезеңінен өтеді: фетишизм, политеизм, монотеизм.


Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300-1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға, абстракциялар жолымен түсінуге тырысады. Олар сын тұрғысынан өткізіліп қаралады. Бұл кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.


Ал, үшінші позитивті немесе шынайы ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни «бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға» жүгінеді.


О.Конттың пікірі бойынша қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл – ойының дамуы жатыр. Ал ғылым позитивтік сипатта болуы керек. Ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену керек. Ғылымдардың дамуы бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады. Бұл арада басшылыққа алатын қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай дамуы тән. О.Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән береді. Өйткені, бақылау ғылымға объективтілік береді. Оның еңбектерінде «бақылау» сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада, («жалпы бақылау өнері») бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада, бақылау әлеуметтануда қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің («таза байқау; тәжірибе, салыстырмалы әдіс») бірі болып табылады.


О. Конттың ойынша, әлеуметтанудың салыстырмалы әдісі салыстырудың бірнеше әдістерінен немесе тәсілдерінен тұрады. Біріншісі – адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы әлеуметтік ынтымақтастықтың неғұрлым қарапайым және әмбебап заңдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншісі – жер шарының әр түрлі аймақтарындағы адамзат қоғамының әр түрлі қатар өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс ғаламшардың әртүрлі бөлігіндегі қазіргі халықтар арасындағы неғұрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-күйлерін анықтап, «адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе – теңдігін» негіздейді. Зерттудің үшінші «объективті» әдісі – тәжірибе. Конт әлеуметтануда физикадағы сияқты құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау мүмкін емес деп есептеген.


О.Конттың әлеуметтанулық тұжырымдамалары әлеуметтік статика және әлеуметтік динамика деген бөлімдерден тұрады. Олардың біріншісінің объектісі – «тыныштық қалпындағы» қоғам болса, екіншісінің объектісі – «қозғалыс қалпындағы» қоғам болып табылады. Әлеуметтік статика әлеуметтік организмнің құрылымын зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін оның жүзеге асуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы әлеуметтік динамикада Конт қоғамның ілгері дамуы туралы теорияны одан әрі жетілдіреді.


О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) болды. Оның әлеуметтанулық теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл ой – пікірлер Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізі еді:


1. Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;


2. Әлеуметтік эволюция идеясы.


Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар:


1. Қолдаушы.


2. Материалдық игілікті қндіру көзіне негізделу.


3. Қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастрады анықтау.


Г.Спенсер эволюция деп аталатын үдеріске жалпы мынадай анықтама берді. Эволюция дегеніміз – қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы. Кез келген эволюция материяны соның алдындағы тепе – теңдік, біртекті күйінен шығарыпғ әртекті бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады.




Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік институттардың алты тұрпатын анықтап көрсеткен: туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік деп көрсеткен. Ол әлеуметтанушылардың ішінен ең алғаш болып жаңа терминдер енгізді. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет