Әлеуметтану негіздері



Pdf көрінісі
Дата03.04.2023
өлшемі166,5 Kb.
#173616
Байланысты:
leumettanu-negzder 25 lecture



25-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік өзгерістер
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
25. Әлеуметтік өзгерістер
2
Дәрістің мақсаты:
әлеуметтік өзгерістер, ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыстар 
мен кері қозғалыстар арасындағы қатынастарды; әлеуметтік қозғалыстардың неге сәтті немесе 
сәтсіз болатынын; технология және әлеуметтік өзгерістер арасындағы қатынасқа қатысты 
теориялық көзқарастарды; жаңа технологиялардың шығындары мен артықшылықтарына 
әлеуметтiк қолжетімділігін қарастыру.
Негізгі терминдер:
әлеуметтік өзгеріс, ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыс, көте-
рілісшіл сана, мобилизация, қалыпты теңестіру, кері қозғалыс, технология, технологиялық им-
ператив.
Әлеуметтік қозғалыстарға теориялық көзқарастар
Ұжымдық мінез-құлық пен әлеуметтік қозғалыстар өзара байланысты болғанымен әртүрлі 
қызмет атқарады. Ұжымдық мінез-құлық жоспарланбаған әрі тосын, ал әлеуметтік қозғалыс 
ұйымдастырылған, мақсатты және ұзақмерзімді болып келеді.
Салыстырмалы депривация теориясына сәйкес, адамдар қолында бары мен ойдағы үміті 
арасындағы зор айырмашылықты сезінген кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады. 
Ойдағы үміт басқа топтармен және басқа кезеңдермен салыстырудан туады.
Ресурстарды жұмылдыру теориясы адамдар әлеуметтік өзгерістер жасауға қажетті 
ресурстарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар пайда болады деп пайымдайды.
Саяси процестер теориясы саяси мүмкіндіктер мен ресурстардың қолжетімділігін қарас-
тырады және сәтті қозғалыстар өзгерістердің қажеттігі мен мүмкіндігін қатысушыларға 
сезіндіруі керектігін мойындай отырып, ресурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді.
Әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін сәтті қозғалыстарға жан-жақты ұйымдар қажет. 
Сондай-ақ ол барлық қажетті ресурстарды жұмылдыруға қабілетті болуы тиіс. Жаңа мүше-
лерді тарту үшін ұйым өз идеологиясын адамдарды күрделі мәселеге сендіре алатындай 
етіп қалыптастыруы қажет. Мәселеге қатысты қабылданатын шешім әрі лайықты, әрі тиімді 
болатынына сендіру қажет. Ал жекелеген адамдардың мүдделері, құндылықтары мен сенімі 
қозғалыстың ұстанымымен үйлесетініне иландыруы керек. Алайда идеологияға қарамастан, 
негізінен, қозғалыстың мүшелерімен әлеуметтік байланысы бар және қарсыластарға қатысы 
жоқ адамдар көбірек тартылады. Сонымен қатар сәтті қозғалыстарға БАҚ назарын аударатын 
инновациялық әдістер қажет.
Кері қозғалыстар – өзге әлеуметтік қозғалыстар насихаттайтын өзгерістерге қарсы тұруға 
немесе мүлде болдырмауға тырысатын әлеуметтік қозғалыстар. Егер бастапқы қозғалыс 
азғантай болсын табысқа қол жеткізсе, кері қозғалыс дами түседі. Егер кейбір адамдар бастапқы 
қозғалыста қол жеткізген өзгерістер салдарынан әлеуметтік жағдайы мен құндылықтарына 
қауіп төніп тұрғанын сезсе де және қарсы бағыттың әлеуетті мүшелері олардың мықты 
одақтастары боларына сенсе де, кері қозғалыстың дамуына мүмкіндік бар.
Қоршаған ортаны қорғау қозғалысы мемлекеттік саясатқа ықпал етуге тырыса отырып, сот 
арқылы қарсылық білдіруден бастап астыртын іріткі салуға дейінгі түрлі әдістерді қолданады. 
Қозғалыс жетістіктерінің өсу себептерінің бірі – қозғалыс аясындағы ұйымдардың көп түрлілігі.
Технология және әлеуметтік өзгерістер
Технология – құралдар жасау яғни, табиғи ресурстарды адамзат игілігіне пайдалану үшін 
адамның білімін пайдалану. Бұл термин тек құралдардың (материалдық мәдениетке тән) өзіне 
ғана емес, сондай-ақ адамдардың осы құралдар турасындағы сеніміне, құндылықтары мен 
көзқарасына да (материалдық емес мәдениет аспектілеріне де) қатысты.
Әлеуметтік өзгерістер – әлеуметтік құрылымдардың немесе институттардың белгілі бір 
уақыттан кейінгі әрбір елеулі өзгерісі немесе трансформациясы. Технология – әлеуметтік 
өзгерістердің маңызды бір түрі және себебі. Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен


3
Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
25. Әлеуметтік өзгерістер
технологияның әлеуметтік өзгерістердің ретті әрі оң жүруіне қалай ықпал ететінін анықтай-
ды. Технология қоғамға өте жедел енгізіле бастаған кезде мәдениеттің кешеуілдеуі, оның 
өзгерістерге бейімделуі жолында маңызды проблема тууы мүмкін. Конфликтология теория-
шылары технологиялық өзгерістер бәсекелес мүдделер арасындағы шиеленістерді көрсетеді 
және солармен шарттас деп тұжырымдайды. Әлеуметтік өзгерістерден зардап шеккен немесе 
пайда табатын адамдар мен топтардың қалыптасқан жағдайды сақтап қалуда немесе 
түрлендіруде үлестері бар.
Әлеуметтік өзгеріс – әлеуметтік құрылымдардың немесе әлеуметтік-мәдени процестердің 
уақыт өте келе айтарлықтай түрленуіне қайта құрылымдануы.
Ұжымдық мінез-құлық – мінез-құлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр болған жағдайдағы 
топтың тосын әрекеті.
Әлеуметтік қозғалыс – әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты және өмір салтын өз-
герту мақсатымен біріккен адамдардың, топтар мен ұйымдардың қозғалысы.
Көтерілісшіл сана – өзгеріс қажет және ол мүмкін деп санайтын жеке ой.
Жұмылдыру немесе мобилизация – әлеуметтік қозғалысқа қажетті ресурстарды қол-
жетімді ететін процесс. Қалыпты теңестіру – қозғалыстар арқылы адамдарға олардың 
қызығушылықтары, құндылықтары мен сенімі ӘҚҰ-ның мүддесімен астарлас екенін көрсететін 
процесс.
Кері қозғалыс – қарсы күресетін қозғалысқа мүлде өзгеріс енгіздірмейтін немесе 
қарсыласуға тырысатын әлеуметтік қозғалыс.
Технология – құралдар жасау және табиғи ресурстарды қолдану үшін адам білімін қолдану.
Технологиялық императив – жаңа технология қолжетімді болған кезде оны қолданбау 
мүмкін емес деген тұжырымға келу.
Дербес жұмыстарға арналған тапсырмалар
1. Технологиялар мен әлеуметтік өзгерістердің өзара байланысын зерттеудің әлеуметта-
нулық бағыттарын салысырыңыз.
2. Әлеуметтік өзгерістерге алып келген маңызды мәдени және саяси факторларды атаңыз 
және түсіндіріңіз.
3. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін анықтаңыз.
Бақылау және талқылау сұрақтары
1. Қазіргі әлеуметтік қозғалыстарың бұрыңғылардан айырмашылығы бар ма?
2. Ауқымды қоғамдағы қандай әлеуметтік-құрылымдық жағдай қоршаған ортаны қорғауға 
бағытталған қозғалысты тудырды деп ойлайсыз? Қозғалыстың сәттілігіне әсер етуі мүмкін 
қандай кері қозғалыстарды білесіз?
3. Өлім жазасына қарсы қоғамдық пікірді жұмылдыруға мүдделісіз делік, БАҚ-тың назарын 
аудару үшін қандай іс-шара немесе әрекетті қолдануға тырысасыз?
4. Технология уақыт пен кеңістіктің сығылысуына қалай әсерін тигізді?
Қосымша әдебиет және ақпарат көздері
1. Ритцер Дж., Степницки Дж., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» 
қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық 
аударма бюросы, 2018. – 464 б.
3. Смелзер Н., Социология. – М.: Феникс, 1994. – 688 с.
4. Штомпка П., Социология социальных изменений. – Москва: Директ-Медиа, 2007. – 828 с.


Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
25. Әлеуметтік өзгерістер
4
5. Бек У., Общество риска. На пути к другому модерну. – М.: Прогресс-Традиция, 2000. – 384 с.
6. Гидденс Э., Ускользающий мир. Как глобализация меняет нашу жизнь. – М.: Весь мир, 
2004. – 120 с.
7. Бауман З., Текучая современность – СПб.: Питер, 2008. – 240 с.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет