7-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ ТЕОРИЯСЫ
2-тарау. Классикалық әлеуметтану теориясы
Макс Вебер әлеуметтану
ғылымы туралы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
2
Макс Вебер (1864–1920) – әлеуметтану теориясындағы ең танымал әрі айрықша ықпалды
тұлғалардың бірі. Вебер еңбегінің саналуандығы мен әр тұрғыда түсіндірілуі оның әлеуметтану
теорияларының кең ауқымда таралуына әсер етті.
Тарих және әлеуметтану
Вебер әлеуметтану мен тарих арасындағы айырмашылықтарды былайша түсіндіріп берді:
«Әлеуметтану типтер түсінігі мен эмпирикалық үдерістердің жалпылама бірегейлігін тұжы-
рымдауға ұмтылады. Бұл оны мәдени маңыздылығы бар жеке іс-әрекеттерді, құрылымдар мен
тұлғаларды түсіндіруге және себеп-салдарлық талдауға бағытталған тарихтан ерекшелендіреді.
Әлеуметтану мен тарихты осылайша бір-бірінен ажыратуына қарамастан, Вебер өзінің
еңбектерінде оларды үйлесімді біріктіре білді. Вебер өзінің идеалды процедурасын «шынайы
тарихи оқиғаларды белгілі бір көзқарас тұрғысынан іріктелген эмпирикалық деректерді
зерделеу арқылы» сипаттайды. Біз Веберді тарихи әлеуметтанушы ретінде танимыз.
Вебердің әлеуметтану туралы ілімдері Германияда бір кездері болған интеллектуалдық
пікірталастардың негізінде (methodenstreit) қалыптасқан. Бұл пікірталастарда көтерілген басты
мәселелердің бірі – тарих пен ғылым арасындағы өзара байланыс. Осы пікірталас аясында
тарихты жалпы (nomothetic) заңдардан тұрады деп қарастырғандар – позитивистер және
тарихты идиосинкратикалық (idiographic) іс-әрекеттер мен құбылыстармен байланыстырған-
дар субъективистер атанды. (Позитивистер тарихтың теориялық негізін жаратылыстану ғы-
лымынан іздеді, ал субъективистер олар бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді деп есептеген).
Вебердің ойынша, тарих шынайы эмпирикалық жағдайлардан тұрады, эмпирикалық деңгейде
ешқандай жалпылама әдіс қолданылмайды. Сондықтан әлеуметтанушылар эмпирикалық
әлемді өздері құрып алатын концептуалдық әлемнен ажырата білуі тиіс. Бұл түсініктер негізінде
әлеуметтанушылар жалпылама әдісті қалыптастырады, алайда бұл жалпылама әдістерді
эмпирикалық зерттеулерден ажырату қажет.
Вебер әрдайым жалпылама әдісті қолдағанымен, тарихты жай ғана заңдылықтардың
жиынтығына жатқызуға тырысатын кейбір тарихшыларды теріске шығарды: «Тарихи жағ-
дайларды нақты тануда арнайы жалпы заңдардың мағынасы болмағандықтан, олардың
құндылығы төмен». Мысалы, Вебер өзіне халықтардың тарихи эволюциясын іздеу міндетін алған
және барлық халық бірдей кезеңдерден өтті деп есептейтін бір тарихшының (Вильгельм Рошер)
көзқарастарын теріске шығарды. Бұл көзқарас көптеген тарихи зерттеулерде көрініс табады.
Мысалы, Вебер өзінің ежелгі өркениетті зерттеуі барысында, алғашқы кезеңдерде кейбір қарым-
қатынастар болашақтағы оқиғалардың үзілісі екенін, «Жерорта теңізінің еуропалық өркениеттің
ұзақ және үздіксіз тарихы тұйық циклдерді немесе сызықтық прогрестерді көрсетпейтінін
мойындайды. Кей кездері ежелгі өркениет құбылысы толығымен жойылып, кейіннен мүлде
жаңа контексте қайтадан қалыптасады». Неміс тарихи ғылымындағы бұл қарама-қайшы
көзқарастарды жоққа шығара отырып, Вебер екі бағыттың қосындысынан тұратын өзінің жеке
перспективасын құрады. Вебердің ойынша, тарих (яғни тарихи әлеуметтану) индивидуалдықпен
де, жалпылықпен де екіжақты бірдей байланыста. Біріктіруге – жеке тұлғаларды, жағдайларды
немесе қоғамды зерттеуде – жалпылама түсініктерді (кейінірек «идеалды типтер» деп атайды)
қалыптастыру және оларды қолдану арқылы қол жеткізді. Бұл жалпы тұжырымдамалар
«адамдарды бір-бірінен ажырату үшін әрбір даму мен сипаттауды анықтау кезінде қолданылуы
тиіс. Осылайша айырмашылыққа алып келген себептерді анықтауға болады». Осындай
каузалдық талдау барысында Вебер, кем дегенде саналы деңгейде, барлық тарихи кезеңде
бір себеп-салдарлы агентті іздеу идеясынан бас тартты. Оның орнына аталған тарихи жағдайға
байланысты әртүрлі факторларды себептік мәні тұрғысынан анықтау үшін өзінің концептуалды
арсеналын қолданды.
Вебер тарихтың негізгі күші туралы абстрактілі жалпылама ойлаудан гөрі тарихи деректерді
тереңірек зерделеуге ынта танытты. Бұл оның кейбір маңызды түсініктерді пайымдауда
көрегендік танытуына көмектескенімен, оның жұмысын түсінуде де елеулі қиындық тудырды;
тарихи деректерге еліккені соншалықты – ол тарихи зерттеудің негізгі себептерінен көз
жазып қалды. Сонымен қатар оның тарихи зерттеулері көптеген дәуірлер мен қоғамдарды
3
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
қамтығаны соншалықты – көп ретте жалпылама долбармен шектеліп қалды. Осы мәселелерге
қарамастан, Вебер эмпирикалық құбылыстарды ғылыми тұрғыда зерттей отырып, Құрама
Штаттардағы әлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті. Тұтас алғанда, Вебер
«тарих нақты құбылыстардың сарқылмайтын жиынтығынан тұрады» деп есептеді. Осы
құбылыстарды нақты әлемде зерттеу үшін пайдалы болатын түрлі түсініктерді әзірлеу қажет
еді. Вебер әлеуметтік өмірдің күрделі табиғатын айқындайтын ғылымды дамытуда нақты және
жалпылама түсініктерді ұштастыруға ұмтылды.
Түсіну
Вебер әлеуметтанушылардың жаратылыстану ғылымы өкілдерінен артықшылығы бар
екенін сезінді. Бұл артықшылық әлеуметтанушының әлеуметтік құбылыстарды түсіну қабі-
летінде болды. Вебердің тарихи зерттеулеріндегі түсіну терминін арнайы пайдалануы – қазіргі
заманғы әлеуметтану әдіснамасына қосқан ең танымал және ең қайшылықты үлесінің бірі. Біз
Вебердің түсіну арқылы не айтқанын түсіндіргенде, оның тұжырымдамасына қатысты кейбір
мәселелерді атап өтеміз. Түсіну тұжырымдамасына қатысты пікірталас, сондай-ақ, Вебердің
сөзін түсіндіруге байланысты кейбір мәселелер оның әдістемелік ойлары мен жалпы ғылыми
тұжырымдарынан туындайды. Томас Бургердің пікірінше, Вебердің әдістемелік тұжырымдары
өте күрделі әрі онша жүйелі емес.
Вебердің түсіну туралы ой-пікірлері өз уақытында неміс тарихшылары арасында кең
таралған және ол герменевтика деп аталатын ілімнен алынған. Герменевтика (hermeneutics)
жарияланған жазбаларды түсіну мен түсіндіруге ерекше көзқарас болды. Оның мақсаты –
автордың ойларын, сондай-ақ, мәтіннің негізгі құрылымын түсіну. Вебер мен өзге де ғалымдар
(мысалы, Дильтей Вильгельм) бұл идеяны мәтіндерді түсінуден әлеуметтік өмірді түсінуге
дейін кеңейтуге тырысты.Басқаша айтқанда, Вебер акторларды, өзара әрекеттесуді және шын
мәнінде адамзат тарихын түсіну үшін герменевтика құралдарын қолдануға тырысты.
Түсіну туралы жаңсақ пікірдің бірі – ол зерттеушінің жай ғана «түйсігін» пайдалану.
Осылайша көптеген сыншылар оны «жұмсақ», иррационалды, субъективті зерттеу әдіснамасы
ретінде қарастырады. Дегенмен Вебер түсіну симпатияға немесе эмпатияға қатысты тек қана
түйсінуден тұрады деген идеяға түбегейлі қарсы болды. Оның ойынша, түсіну мәтін немесе
әлеуметтік құбылысты «сезінуді» емес, оны жүйелі және мұқият зерттеуді қамтиды. Басқаша
айтқанда, Вебер үшін түсіну зерттеудің рационалды процедурасы болды.
Тарихи байланыс
Вебер әлеуметтiк құбылыстың себептерiн әлеуметтану емес, тарих аясында зерделеуге бе-
йiм болды. Дегенмен тарих пен әлеуметтанудың нақты бөлінуі мүмкін емес, олар, әрине, Ве-
бердің материалдық жұмысында да анық бөлінбейді, тарихи байланыстар мәселесі әлеумет-
тануға қатысты. Вебер тарихи байланысты – белгілі оқиғаның ізімен немесе басқа оқиғаның
қоса қабат орын алу ықтималдығы деп түсіндірді. Вебер протестантизм мен капитализм
рухының арасындағы қарым-қатынасты зерделей отырып, көптеген тарихи байланыстарды
өз зерттеулерінде айқын түсіндіріп берді. Кейде әртүрлі түсіндірілсе де, протестанттық этика
капитализмнің қарқынды дамуына ықпал еткен факторлардың бірі болғанын дәлелдеді.
Тарихи байланыстар туралы ойларына қатысты есте сақтауды қажет ететін маңызды нәрсе
– ол «адам әлеуметтік өмір туралы арнайы түсінікке (verstehen) ие болатындықтан, әлеуметтік
ғылымдардың білімі жаратылыстану ғылымдарының білімінен ерекшеленеді» деп түйіндеді.
Вебердің тарихи байланыстар туралы ой-пікірлері оның немотетикалық және идиогра-
фикалық білім арасындағы өзара конфликтіге қарсы әрекет етуімен тығыз байланысты
болды. Немотетикалық көзқараспен келісетіндер әлеуметтік құбылыстар арасында қажетті
байланыстар бар екенін айтса, ал идиографикалық перспективаның жақтаушылары субъектілер
арасындағы кездейсоқ қатынастарды ғана көруге бейім болады.
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
4
Идеалды типтер
Идеалды тип – Вебердің қазіргі әлеуметтануға қосқан ең маңызды үлесі. Вебер кейінірек
тарихшылар мен әлеуметтанушылар пайдалануы мүмкін тұжырымдамалық құралдарды әзірлеу
барлық әлеуметтанушылардың міндеті екенін айтты. Мұндай маңызды тұжырымдамалық
құралдың бірі – идеалды типтер: «Идеалды тип бір немесе бірнеше көзқарастың біржақты
акцентуациясы мен көптеген жайылмалы, дискретті, азды-көпті орын алатын және кей уақытта
жоқ болатын нақты жеке құбылыстардың синтезі арқылы қалыптасады, олар сол біржақты
зейін қойылатын көзқарастарға сәйкес біртұтас аналитикалық құрылымға топтастырылады...
Оның қоспасыз тұжырымдамасында бұл ақыл-ойлар құрылымы... нақты өмірде еш жерде
эмпирикалық түрде кездеспейді». Осы анықтамаға қарамастан, Вебер идеалды тип түсінігін
қолдануда жүйелілік танытқан жоқ. Алғашында тұжырымдаманың нені білдіретінін түсіну
үшін кейбір келіспеушіліктерге назар аудармағанымыз жөн. Ең негізгі деңгейде идеалды тип
– әлеуметтанушының кейбір әлеуметтік құбылыстардың маңызды ерекшеліктерін екшеп алу
үшін өз мүдделері мен теориялық бағыты негізінде жасаған тұжырымдамасы. Идеалды типтер
туралы ең маңызды нәрсе – олар эвристикалық құрылғылар; олар эмпирикалық зерттеулер
барысында және әлеуметтік әлемнің (немесе «тарихи жеке тұлғаның») белгілі бір аспектісін
түсінуде пайдалы болуы тиіс. Лахманның пайымдауынша, идеалды тип – «шын мәнінде өлшем»
немесе Калбергтің терминінде «көрсеткіш». Ал Вебердің пікірі бойынша: «Оның функциясы –
эмпирикалық шындықпен салыстыру, оның айырмашылықтарын немесе ұқсастықтарын
белгілеу, оларды ең бір мәнді түсініктермен сипаттау, сондай-ақ, себеп-салдарлық тұрғысынан
түсіну және түсіндіру». Мысалы, әлеуметтанушылар тарихи деректерді терең талдай
отырып, идеалды типтегі бюрократияны қалыптастырады. Мұндай идеалды типтерді нақты
бюрократиямен салыстыруға болады. Зерттеуші шынайы жағдайда шамадан тыс идеалды
типтердің айырмашылықтарын іздейді. Содан кейін әлеуметтанушы ауытқулардың себептерін
қарастырады. Сондай айырмашылықтардың көп кездесетін кейбір себептері:
1. Теріс ақпаратқа негiзделген бюрократтардың iс-әрекеттерi.
2. Ең алдымен, бюрократиялық көшбасшылар жасайтын стратегиялық қателер.
3. Көшбасшылар мен ізбасарлардың іс-әрекеттеріне тәуелді логикалық қателіктер.
4. Бюрократияның эмоциялы түрде қабылдаған шешімдері.
5. Бюрократияның көшбасшылары мен ізбасарларының іс-әрекеттеріндегі кез келген ирра-
ционалдық.
Тағы бір мысал келтірсек, идеалды типтегі әскери соғыс осындай соғыстың негізгі ком-
поненттерін, яғни қарсыласқан әскерді, қарсы стратегияларды, олардың әрқайсысының
еншісіндегі материалдық құралдарды, дау-дамайлы жерлерді (шегарадағы жер), жабдықтау
және қолдау күштерін, командалық орталықтарды, көшбасшылық қасиеттерді анықтайды.
Нақты шайқастарда аталған элементтердің бәрі бірдей болмауы мүмкін және бұл – зерттеушілер
білгісі келетін сұрақтардың бірі. Негізгі ұстаным – кез келген нақты әскери шайқастың
элементтерін идеалды типте анықталған элементтермен салыстыру. Идеалды типтердің
элементтері (мысалы, идеалды типтегі әскери шайқастың құрамдас бөліктері) өз бетімен
жинақталмайды, олар үйлесімділік негізінде біріктіріледі. Хекманның айтуынша, «идеалды
типтер – әлеуметтанушы назының немесе қиялының жемісі емес, логикалық тұрғыдан жа-
салған ұғымдар». (Алайда олар әлеуметтанушының мүддесін көрсетуі мүмкін және қажет.)
Вебердің пікірінше, идеалды тип индуктивті түрде әлеуметтік тарихтың нақты әлемінен
алынады. Вебер ұғымдардың дедуктивті түрде абстрактілі теориямен анықталып, түсіндірілуін
жеткіліксіз деп санады. Оның пікірінше, тұжырымдар эмпирикалық тұрғыдан сәйкес болуы
керек. Осылайша, зерттеушілер алдында ең бірінші тарихи шындықты зерттеп, содан соң оны
түсіну негізінде идеалды типтерді айқындау міндеті тұрады.
Вебердің пікірінше, идеалды типтер неғұрлым асыра көрсетілсе, бұл соғұрлым тарихи
зерттеулер үшін пайдалы болады. Идеал сөзін қолданғанда, баяндалатын тұжырымдама қандай
да бір мағынада барлық ықтимал әлемдердің ең жақсы сипатын білдіреді деп түсінбеу керек.
Вебердің қолдануындағы бұл түсінік тұжырымдамада сипатталған форманың нақты өмірде
5
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
кездессе де, өте сирек ұшырасатынын білдіреді. Расында, Вебер идеал типтердің оң немесе
дұрыс болуы міндетті емес деп тұжырымдайды, ол дәл солай теріс, тіпті моральдық қолайсыз
болуы мүмкін.Сонымен қатар идеалды типтер біржолата орнықпайды. Қоғам үнемі өзгеріп
отырады, әлеуметтік ғалымдардың мүдделері де өзгереді, сондықтан шындыққа сай болу үшін
жаңа типологияларды дамытып отыру керек. Бұл – Вебердің «әлеуметтік ғылымдарда мәңгілік
түсінік болмайды» деген ойына сәйкес келеді.
«Хекман, сонымен қатар, Вебер идеалды типтердің бірнеше түрін ұсынады» деп мойындайды:
1. Тарихи идеалды типтер. Олар белгілі бір тарихи дәуірде орын алған құбылыстарға жатады
(мысалы, қазіргі капиталистік нарық).
2. Жалпы әлеуметтанудың идеалды түрлері. Олар көптеген тарихи кезеңдер мен қоғамдарды
қамтитын құбылыстарға тән (мысалы, бюрократия).
3. Іс-әрекеттің идеалды түрлері. Бұл актордың мотивацияларына негізделген әрекеттердің
таза түрлері (мысалы, аффективті әрекеттер).
4. Құрылымдық идеалды типтер. Бұл әлеуметтік әрекеттің себептері мен салдарлары
арқылы қабылданатын түр (мысалы, дәстүрлі үстемдік).
Әлбетте, Вебер идеалды типтердің көптеген нұсқаларын жасап шығарды, ал оның кейбір
жұмыстары әртүрлілігімен құнды, бірақ, олар үшін жалпыға ортақ құрылым түрі бар. Калберг-
тің (1994) пікірінше, эмпирикалық зерттеулерде идеалды типтерді эвристикалық қолдану
маңызды болғанымен, Вебердің жұмысында басты теориялық рөл атқаратынын ұмытпау
керек. Вебер теориялық заңдардың идеясын қабылдамаса да, теориялық модельдерді құру
үшін әртүрлі тәсілдер мен идеалды түрлерді қолданады. Осылайша идеалды типтер түрлі
теориялық модельдерді құруға арналған теориялық құрылымдардан тұрады (мысалы,
харизманың рутинизациясы мен қоғамның рационалдандырылуы – екеуі де кейінірек осы
тарауда қаралады) және бұл модельдер нақты тарихи оқиғаларды талдауда қолданылады.
Құндылықтар
Вебердің пікірінше, әлеуметтанушылардың жеке қасиеттері олардың ғылыми көзқарас-
тарына әсер етпеуі қажет. Академик аудиторияда жеке құндылықтарды емес, «фактілерді»
айтуы керек. Вебер факті мен құндылықты бөлу мүмкін деп сенді. Дегенмен Маркс онымен
келіспейтін еді, өйткені, оның пікірінше, факті мен құндылық бір-бірімен диалектикалық түрде
өзара байланысты болады.
Құндылықтар және зерттеу.
Вебердің әлеуметтік зерттеулердегі құндылықтардың алатын
орнына қатысты ұстанымы әртүрлі. Вебер құндылықтан фактіні бөлуге болатынына сенді және
бұл зерттеу әлемінде таралуы мүмкін еді: «Тергеуші мен мұғалім эмпирикалық фактілердің
пайда болуын... және оны өзінің жеке бағалауын, яғни бұл фактілердің қанағаттанарлық немесе
қанағаттанарлықсыз деп бағалануын сөзсіз ажырата білуі керек». Дегенмен сипатталған
дәлелдерге қарамастан, Вебердің әлеуметтік зерттеулерден құндылықтарды мүлдем алып
тастауға қарапайым көзқараспен қарамағанын көреміз.
Вебердің ойынша, құндылыққа баға беру толықтай ғылыми дискурстан алынбауы керек.
Вебер фактілер мен құндылықты шатастыруға қарсы болғанына қарамастан, «құндылықтарды
әлеуметтік ғылымдардан шығарып тастауға болмайды» деп есептеді. Құндылықтарға қа-
тысты өз позицияларын білдіргенде әлеуметтанушы-зерттеушілер әрдайым өзін және өзінің
аудиториясын осы позициялармен таныстырып отыруы қажет.
Субстантивті әлеуметтану
«Әлеуметтану теориясы» авторлары Вебердің монументалдық «Экономика және қоғам»
еңбегін де қарастыра отырып, оның жұмысындағы негізгі парадокстарды байқайды. Өйткені
кішігірім процестер әлеуметтануына деген ұмтылысына қарамастан, оның жұмысының ең
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
6
алдымен әлеуметтік әлемнің ауқымды деңгейлеріне бағытталуы (көптеген вебериандықтар
Вебердің жұмысындағы осы парадокспен келіспейді) сұрақ тудырады. Мысалы, Калберг Вебер
толығымен интеграцияланған микро-макро немесе агенттік-құрылым теорияларын ұсынады
деп пайымдайды.
Әлеуметтану деген не?
Әлеуметтану туралы көзқарасын білдіре отырып, Вебер көп ауқымды эволюциялық әлеу-
меттану идеяларына жиі қарсы тұрды. Мысалы, Вебер: «Мен ұжымдық ұғымдарға соққы
берушілердің (әлеуметтанушылардың) бірі болдым. Басқа сөзбен айтқанда, әлеуметтануды
да тек бір немесе бірнеше, аз немесе көп адамның әрекеттерінен, яғни жеке индивидуализм
әдісін қолдану арқылы ғана жүзеге асыруға болады» деген. Өзінің «индивидуалистік» әдісін
ұстанғанына қарамастан, Вебер әлеуметтанудан ұжымдық идеяларды мүлдем жою мүмкін
емес екенін мойындауға мәжбүр болды. Бірақ ол ұжымдық ұғымдардың маңыздылығын
мойындаған кезде, оларды жеке адамның индивидуалды әрекетінің құрылымдары мен
заңдылықтарына бұрып жіберді: «Әлеуметтануда әрекетті субъективті түсіндіру үшін бұл
ұжымдар тек жеке тұлғалардың нақты әрекеттерінің нәтижесі мен оларды ұйымдастыру тәсілі
ретінде зерттелуі керек, өйткені, оларды субъективті түсінік бойынша әрекет ететін агенттер
ретінде ғана қарастыруға болады».
Ларс Удейн Вебердің әдіснамасы мен оның зерттеу нысанына айналған негізгі мәселелерді
бөліп қарайды, олардың арасында конфликт немесе кереғарлық бар екенін мойындай отырып,
өз талдауында осы мәселеге назар аударды. Удейннің (1981) пікірінше, Вебер «индивидуалистік
және субъективистік әдіснаманы» пайдаланады. Соңғысы бойынша, Вебер адамның не істеп
жатқанына және неге олай жасауға мүдделі екеніне қызығушылық танытады (олардың
субъективті себептері). Біріншісінде, Вебердің жеке тұлғалардың әрекеттеріне қатысты ұжымдық
әрекеттерді қысқартуға мүдделі екені көрінеді. Дегенмен өзінің негізгі әлеуметтануында (көріп
отырғанымыздай) Вебер үлкен ауқымдағы құрылымға (бюрократия немесе капитализм секілді)
назар аударады және адамдардың не істейтіндеріне немесе неліктен олай жасайтындарына
көңіл аудармайды. Мұндай құрылымдар, Вебердің тұжырымы бойынша, жеке тұлғалардың іс-
әрекеттеріне қайшы келеді. Ал құрылым ішіндегілердің іс-әрекеттері олардың өз мотивтеріне
емес, құрылымдарына қарай анықталады. Вебердің әлеуметтануға қатысты анықтамасы:
«Әлеуметтану – әлеуметтік әрекетті интерпретациялық тұрғыда және оның салдары мен
себептерін түсіндірумен айналысатын ғылым».
Әлеуметтік іс-әрекет
Вебердің әлеуметтану жайында білдірген барлық пікірін жеке құндылықтарымен байла-
ныстырып қабылдау, оның әлеуметтік әрекет тұжырымдамасына негізделгенін аңғартады.
Ол іс-әрекеттер мен таза реактивті мінез-құлықтарды ажырата білді. Сол уақыттан бері ойлау
үдерістерін қамтымайтын автоматты мінез-құлық туралы тұжырымдамалар қазірге дейін
сақталған. Вебердің айтуынша, адамдар өз әрекеттеріне субъективті мағына бергенде ғана
әрекет пайда болады. Вебердің пайымынша, әлеуметтік талдаудың міндеті – «әрекеттерді
субъективті мағына жағынан түсіндіру». Вебердің іс-әрекеттер туралы ойларының мәнді
және нақты мысалын оның экономикалық әрекетті талқылауынан көруге болады, ол оны
«экономикалық ойлауға қарай бағытталған саналы, бастапқы қадам» деп анықтады. Ол үшін
экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған объективті қажеттілікке емес, оның
қажеттілігіне деген сенім маңызды».
Психикалық процестерге талдаулар жасап және содан шығатын маңызды қортындыға
сүйене отырып, Вебер психологияны іс-әрекетті әлеуметтану тұрғысынан түсіндірудің негізі
ретінде қарастыру қате екенін атап өтті. Вебер кейбір материалдық емес әлеуметтік фактілерді
талқылауда Дюркгеймнің көзқарасына ұқсас қорытындыға келді. Демек, әлеуметтанушылар
ақыл-ой процестеріне ден қояды, бірақ, бұл психологтардың ақыл-ойға, тұлғаға және т.б. деген
7
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
қызығушылықтарындай емес. Дегенмен Вебер психикалық процестерге үлкен алаңдаушылық
білдірсе де, оларға онша көп тоқталған жоқ. Бірақ Вебер жұмысының мазмұны индивидтер
теориясын ойлап табушылар мен олардың символикалық өзара әрекеттесу, феноменология
және т.б. мінез-құлықтарына әсер ету тұрғысынан өз маңызын жойған жоқ.
Вебердің әрекет теориясындағы нақты ниеті ұжымға емес, жеке тұлғаларға, әрекет құ-
рылымдарына және заңдылықтарына назар аудару болды. «Мінез-құлықтың субъективті
түсінік бағдарындағы әрекет бір немесе бірнеше адамның мінез-құлқы ретінде ғана көрініс
табады». Вебер кейбір мақсаттарда ұжымдық әрекеттерді жеке адамдардың іс-әрекеті деп
қарастыруға дайын болды, «бірақ, әлеуметтану жұмысында әрекетті субъективті түсіндіру
үшін бұл ұжымдар тек жеке тұлғалардың белгілі бір актілерін ұйымдастырудың нәтижесі мен
режимі тұрғысынан зерттелуі керек. Өйткені олар тек субъективті түсінік бойынша әрекет ететін
агенттер ретінде қарастырылады». Вебердің ойы неғұрлым айқын болып көрінуі мүмкін: іс-
әрекет әлеуметтануы ұжымдармен емес, жеке тұлғалармен байланысты.
Вебер іс-әрекеттің төрт негізгі түрін анықтау арқылы әрекет мағынасын түсіндіру үшін өзінің
идеал типтер әдіснамасын қолданды. Бұл типология Вебердің пайымдауында іс-әрекеттер
ұғымының астарында не жатқанын түсінудегі маңыздылығымен қатар, Вебердің аса ірі
әлеуметтік құрылымдар мен институттар жайлы алаңдаушылығының ішінара негізі болып
табылады. Вебердің рационалды іс-әрекеттердің негізгі екі түрі арасындағы айырмашылықты
ажыратуының маңызы зор. Біріншісі, мақсатты рационалдықты білдіреді немесе ол «қоршаған
орта нысандарының және басқа да адамдардың мінез-құлықтарына қатысты болжалмен
айқындалады»; бұл болжалдар актордың өзінің рационалды мақсаттарына қол жеткізу үшін
«шарттар» немесе «құралдар» ретінде пайдаланылады. Екіншісі, рационалды құндылық
немесе «табысқа жету перспективасына қарамастан, этикалық, эстетикалық, діни немесе
басқа мінез-құлықтың құндылығы тек өз пайдасына деген саналы сеніммен анықталатын»
әрекет. Аффективті әрекет актордың эмоционалды жағдайымен анықталады. Дәстүрлі іс-
әрекет (Вебер үшін айрықша маңызды болды) актор мінез-құлқының әдеттегі және дәстүрлі
тәсілдерімен айқындалады.
Вебер әрекеттің төрт идеалды түрін бөліп саралағанымен, кез келген әрекеттің барлық
төрт идеалды типтерін түгел қамтуы мүмкін екенін жақсы түсінді. Вебердің пайымдауынша,
әлеуметтанушыларға рационалды әртүрлілік әрекетін түсіну салт-дәстүр немесе аффекті басым
болатын әрекеттерді түсінгеннен гөрі әлдеқайда оңай екенін айтты. Енді Вебердің әлеуметтік
стратификация туралы немесе оның таптар, мәртебелер және партиялар (немесе билік) туралы
танымал идеяларына назар аударамыз. Оның стратификация жайлы талдауы – Вебер іс-әрекет
теорияшысы ретінде жұмыс жасаған салаларының бірі.
Тап, мәртебе және партия
Осы талдаудың маңызды аспектісі – Вебердің стратификацияны экономикалық факторлар
(немесе таптар, Вебер терминдерінде) деңгейіне дейін түсіруден бас тартуы және оны көп
өлшемді құбылыс ретінде қарастыруы болып табылады. Осылайша қоғам экономика, мәртебе
және билік негізінде стратификацияланады. Нәтижесінде адамдар стратификацияның осы
өлшемдерінің бір немесе екеуіне – жоғары, басқасына (басқаларына) төмен баға беруі
ықтимал. Бұл стратификацияны белгілі бір экономикалық жағдайдың өзгеруіне жай аудара
салудан (кейбір марксистер сияқты) гөрі, әлеуметтік стратификацияны әлдеқайда жүйелі түрде
талдауға мүмкіндік береді.
Таптан бастап Вебер өзінің іс-әрекет бағытын ұстанды және таптың қауымдастық емес
екенін айтады. Сірә, тап – жағдайлары ортақ, көбінесе топтық іс-әрекеттердің ұйтқысы болатын
адамдар тобы. Вебер төменде көрсетілген үш шарт орындалған кезде «таптық жағдай» («class
situat ion») пайда болады деп санайды:
1. Кейбір адамдардың өмірлік мүмкіншіліктерінің бірегей себеп-салдарлы құрылымы бар.
2. Бұл компонент тауарларға иелік ету мен пайда көру мүмкіндіктеріне негізделген эко-
номикалық мүддені білдіреді.
3. Тауар немесе еңбек нарығы жағдайларында ұсынылады. Бұл – «таптық жағдай».
Кітап:
Тарау:
Дәріс:
Әлеуметтану теориясы
2. Классикалық әлеуметтану теориясы
7. Макс Вебер әлеуметтану ғылымы туралы
8
«Тап» ұғымы бір таптық жағдайдағы адамдардың кез келген тобына жатады. Осылайша
тап – қауымдастық емес, бірдей экономикалық немесе нарықтық жағдайдағы адамдар тобы.
Тапқа қарағанда мәртебелі топтар әдетте аморфты болса да, қауымдастықтарға жатады.
«Мәртебелік жағдай», Вебердің анықтамасы бойынша, «абырой ерекше, оң немесе теріс
әлеуметтік бағалаумен анықталған адамдардың өмір сүруінің әдеттегі компоненті» ретінде
қарастырылады. Жалпы ережеге сәйкес мәртебе өмір стилімен өзара байланысты. (Мәртебе –
өндірілген тауарлардың тұтынуына, ал тап – экономикалық өндірумен байланысты). Мәртебе
иерархиясының жоғарғы сатысындағылар төменгі сатыдағыларға қарағанда өзгеше өмір
салтына ие. Бұл жағдайда өмір салты немесе мәртебе таптық жағдаймен байланысты. Бірақ
тап пен мәртебенің бір-бірімен байланысы міндетті емес: «Ақша және кәсіпкерлік позиция
мәртебе болып саналмайды, дегенмен сол мәртебеге алып келуі мүмкін; ал мүліктің жоқтығы
мәртебені дисквалификациялау емес, бірақ, бұл оған себеп болуы мүмкін». Тап пен мәртебе
арасындағы байланыстың күрделі жиынтығымен бірге партиялар өлшемін қосқанда, ол одан
да күрделірек бола түседі.
Таптар экономикалық жағдайда және мәртебелі топтар әлеуметтік жағдайда болғанымен,
партиялар саяси жағдайда болуы мүмкін. Вебердің пайымдауынша, партиялар – «әрдайым
билік ету үшін күресетін құрылымдар». Осылайша, партиялар – Вебердің стратификация
жүйесінің ең белсенді элементтері. Вебер партиялар туралы кең ауқымды ойлағанда, олардың
тек мемлекетте ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік топтарда да болуы мүмкін түрлерін
атайды. Партиялар әдетте тапты немесе мәртебелі топтардың мүдделерін қорғайды. Нені
қорғайтынына қарамастан, партиялар билікке қол жеткізуге бағдарланған. Ол кездері Вебер
әлеуметтік стратификация туралы өзінің идеясындағы әрекет ету тәсіліне жақын болғанымен,
бұл идеялар макродеңгейдегі қауымдастықтар мен құрылымдар бағытындағы қозғалысты
әлдеқашан көрсетті. Көптеген басқа жұмыстарында Вебер осындай кең ауқымды талдау
бірліктеріне назар аударды. Бұл – Вебер іс-әрекеттен көз жазып қалды дегенді білдірмейді;
актор әрдайым Вебердің назарында болып, көптеген кең ауқымды күштермен анықталатын
тәуелді айнымалыға айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |