Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері мен әдіснамасы



бет1/2
Дата08.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#129185
  1   2
Байланысты:
549917.pptx


Әлеуметтік психологияның зерттеу әдістері мен әдіснамасы

Жоспар:

Әлеуметтік психологияны зерттеу аймағы ретінде XIX ғасырдың аяғында пайда болғанымен өзіндік ұғымдық аппараты мен әдістері бар күрделі ғылыми пән ретінде XX ғасырдың ортасында ғана пайда болды.

Бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері -

Ғылыми әдіс – жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес,сол объектіген сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Әлеуметтік психологияда  негізгі іздестірілетін  сұрақтардың бірі-қалай бақылау керек?  Бақылаған кезде не нәрсеге қөңіл бөлінеді?

Әлеуметтік- психологиялық зерттеулерде  бақылау бірлігі зерттеу затына байланысты нақты түрде шешіледі. Екінші бір маңызды жағдай-бақыланатын жағдайдың уақыт аралығы, бақылау бірліктерін бөліп алудың (уақыты бойынша) көптеген жолдары болганымен , бұл мәселе аяғына дейін  шешілмеген.  Бұл әдіс оншалықты қарапайым болғандықтан әлеуметтік психологиялық зерттеулерде  табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.

Бақылау әдісі

Құжаттарды қарастыру- өңдеу әдісі үлкен  маңызы бар әдіс, себебі осы әдіс арқылы адамдардың іс-әрекетінің  өнімдерін талдауға болады. Әдістің субьектіленген (зертеушінің дара психикалық қасиеттері) қарастыру үшін ерекше  «контент-анализ» тәсілі («мазмұнды талдау») енгізіледі. Бұл тәсілді текстіде арнаулы «бірліктер» бөлініп алып, солардың пайдалану жиілігі саналады.  Көбінде бұл әдіс әлеуметтік психологияда көпшілік коммуникациялық зерттеулерде қолданылады (теледидар, баспасөз т.б )

Сұрау әдістері (сұрақ-жауап) көптеген әдістердің ішінде әлеуметтік психологияда ең көп таралғандары. Әсіресе үлкен топтады зерттеуде анкеталар (сауалдама) және интервью  пайдаланылады. Осы әдісті қолданғанда негізгі әдіснамалық проблема- сұрақтарды дұрыс құрастыра білу өнеріне байланысты. 1 шарт –сұрақтарды құру логикасы (қисыны), ғылыми болжамға қажетті мәліметті алу және оның неғұрлым сенімді болуы.

Әлеуметтік психологияда көбінесе топтық сынақтардан (тест) көрі, жеке тұлғалық сынақтар қолданылады. Психологияның бұл саласында пайдаланылатын  тестілер , көмекші әдістерге жатады. Сондықтанда  олардың  нәтижелері басқа алынған  бесқа алынған  деректермен сәйкестенуі керек, және де бұл әдіс (тест) көбінде жеке тұлға  проблемасымен  зерттеуде көрінеді. Топтарға арналған тест ішінен кең тарағаны әлуметтік өлшем , ол шағын топтарды зертеуде қолданылады.

Эксперимент әдісі 

Эксперимент әдісі әлеуметтік психологияда негізгі зертеу әдістерінің бірі. Экспериментің негізгі екі түрі бар: табиғи және лабораториялық. Екеуіне де ортақ жалпы ережелер:

  • Эксперименттатордың тәуелсіз  айнымалы шараларды енгізуі мен  оны бақылауы және тәуелді шаралардыдың өзгеруін байқауы.
  •  Эксперементік және бақылау топтарын  бөліп қарастыру шарты жатады.

100 жылдан астам уақыт бойында психологияда эксперименті әдісі қолданып келе жатыр. Бұл әдістің маңызды ерекшелігі зерттеуші өзіне керекті психологиялық фактілерді алу мақсатында өзі белсенді түрде араласып, жасайды. Психологияда эксперимент табиғи және лабораториялық болып екіге бөлінеді.Табиғи экспериментті алғашқы ұсынған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский (1874-1917)болса, эксперименттің лабораториялық түрін ғылымға 1979 жылы неміс ғалымы В.Вундт (1832-1920) енгізген болатын. Эксперимент түрлі құрал – жабдықтардың көмегімен арнайы лабораторияда өткізілуі тиіс. Эксперимент сондай-ақ констатациялық және қалыптастырушы болып бөлінеді. Зерттеудің бұл түрлері жас ерекшелігі психологияда кеңінен қолданылып келеді.

Аталған әдістермен қатар  жас ерекшелігі психологиясында егіздер әдісі, анкета, іс-әрекет нәтижелерін талдау , биографиялық әдістер елеулі орын алады.


  • Егіздер әдісі – адам психикасына орта мен тұқымқуалаушылық факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік беретін гомозиготты және гетерозиготты егіздер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды зерттеу әдісі.
  • Анкеталау – зерттелінушінің биографиялық мәліметтерін, пікірін, өмірлік құндылықтарын, ұстанымдары мен жеке қасиеттерін айқындау әдісі.
  • Биографиялық әдіс – Жеке тұлғаның өмір жолын зерттеу, диагностикалау, коррекциялау мен болжамдау тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет