Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.
Табиғи өрт
Табиғи өрт
Табиғи өрттерге орманның астық алқабының, жер асты жанар байлықтарының өрттері жатады. Бұл құбылыстардың ішіндегі кең тарағаны орман өрті. Орман өрті – бұл өсімдіктің стихиялық түрде жануы. Орман өрті жыл сайын болып тұратын құбылыс. Ірі орман өртінің орташа жану ұзақтығы 10-15 тәулік.
Орман өртінің классы Отпен қамтылған ауданы,Га Тұтанып жайлап жана бастауы Кіші өрт Үлкен емес өрт Орташа өрт Ірі өрт Катастрофалық өрт 0,1-0,2 0,2-2,0 2,1-2,0 21-200 201-2000 2000 жоғары
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:
жанғыш заттың отқа тікелей әсері;
сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге қашықтықтық әсері;
құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.
Табиғи өрттер
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері: ландшафты өрттер-орман,орманды дала және дала өрттері болып бөлінеді.
Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар т.б. жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.
Өрт қауіпсіздігі
Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.
Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.
Құрылыстық-жобалау шаралары - ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді). Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.
Техникалық шаралары:
өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;