«елім дегендер» республикалық шығармашылық байқауының ережесі. І. Жалпы ережелері



бет1/4
Дата20.11.2023
өлшемі28,24 Kb.
#192136
  1   2   3   4
Байланысты:
Қосымша 1, Елім дегендер - Ереже 1695806921.5280356


Қосымша 1
«ЕЛІМ ДЕГЕНДЕР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ.
І. Жалпы ережелері

  1. Осы Ереже Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің 14-35 жас аралығындағы жастарының арасында «Елім дегендер» атты шығармашылық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін және өткізу тәртібін белгілейді.

  2. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі (бұдан әрі – «Болашақ Қазақстанға» ҚСБ) және әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы (бұран әрі – Оқушылар сарайы) болып табылады.

  3. Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • ата – бабаларымыздан мұра болған ынтымақтастық, достық, адамгершілік қатиеттерін дәріптеу;

  • жасөспірімдер мен жастар арасында мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту;

  • өлең жазу, тапқырлық, дарындылық сияқты шығармашылық қабілеттеріне (ақындық, шешендік шеберлігі, тапқырлығы т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.


ІІ Қатысушылар


  1. Байқауға Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің 14-35 жас аралығындағы жастар – 4 номинация бойынша қатысады. Егерде қатысушы 18 жасқа толмаған болса оған жауапты жетекші бекітілуі тиіс.

  2. Жетекшілерге Байқау өткізілетін жерге дейін бару (кері қайту) жолында және өткізілетін уақытта қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей жауапкершілік жүктеледі.

*Ескерту, жетекшілерге Байқауға қатысу үшін жол шығыны, жатын орыны қарастырылмаған.

ІІІ Ұйымдастыру және өткізу тәртібі


  1. Байқау екі кезеңде өтеді:

І кезең – іріктеу, 1-20 қазан аралығында өтінімдер (Қосымша 2) қабылдау. Қатысушылар арнайы поштаға өз өтінімдерін жібереді. Үміткер өзі туралы ақпараттарды толық жазып (оның ішінде, таңдаған номинациясы бойынша 4 минуттан аспайтын бейне материалдың сілтемесін) жіберуі қажет.
21-31 қазан аралығында қатысуға өтінім жіберген барша үміткерлер арасында өзін ұсынған номинация бойынша, арнайы құрылған әділ-қазылар алқасы іріктеу өткізеді. Жалпы есепте үздік шыққан 100 үміткер ІІ кезеңге жолдама алады;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет