«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет.»



бет1/5
Дата21.11.2016
өлшемі0,63 Mb.
#2263
  1   2   3   4   5
Елін сүйген – Елбасы
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында Жан теріңмен еңбек ет. »

Н.Ә.Назарбаев

Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи  таңдау күні барлық  қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың  төңірегіне  топтасу күні. Тәуелсіздік пен бостандықтың  игі мұраттарынан баянды етіп,өркениетті елдерге тән қадамдар жасауда, ел алдындағы саясаткерлік,қайраткерлік, азаматтық және перзенттік парызын адал орындап, әлемдік беделге ие болған. Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенттің ел тәуелсіздігін нығайтудағы, халықаралық аренада мемлекет беделін көтерудегі еңбегіне ризашылық білдірген хаттар, төрткүл дүниеде журналистер қауымы жарыса жақсылап жазып, әділ бағаларын беруде. Қазақтың бағын жандырушы, алаш балаларының маңдайына біткен   «алтын жұлдыз» іспеттес.

Кешегі бала, бүгінгі Президент, Елбасы қасиеттері… Бұл «есті патшаның бойында алты әулиенің қасиеті болады» дегенге солды Шығыс аңыздарында Елбасы Алматы облысында, Қаскелең ауданы Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжан атты карапайым шаруалардың отбасында дуниеге келген.

...«Мына Алакелдінің жотасына бір  қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққан соң ауыл жаққа қарасам, менің класым да, мектебім де, мектебімдегі балалар да, осы Шамалған ауылының бәрі төмен жақтан көрінді. Соны арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім»-деп көрген түсін Нұрсұлтан анасы Әлжанға жорытпақ ниетте, сонда ақ жақсылықты, кемеңгер ана жүрегі бірдемені сезді ме, баласына: «Сұлтан, балам сенің ел алдында беделің биік, өрең  кең, құрметті адам болады екенсің»-деп батасын беріпті. Сол бата періштелердің құлағына шалынып, батамен ер көгереді.

Бесіктегі баланың бек боларын кім білген,

Қарындағы баланың хан боларын кім білген!!

Елбасының балалық шағынан бозбалалық шағына дейін Шамалған ауылында өсті. Сол кезеңдегі көптеген қиындықтарды басынан өткерді. Кедейліктің, сол заманғы қиындықтың ащы дәмін татты. Жер аударылып келген шешен, орыс, украин, халықтарымен бір нанды бөлісіп жеп, тату-тәтті өмір сүрді. Бұл қасиет қазіргі таңда, жүз отыздан аса ұлтты ел болуымыз, балалық шағының бір парағы іспетті.

Білімге құштарлығы сол балалық сәби кезінде-ақ қалыптасты.Өте еңбекқор, мінезі де өте жақсы, биязы, мейірімді, көмекке зәрулерге әрдайым қасынан табыла кетеді екен. Мектеп қабырғасында жүргенде кітап оқуға қашан  болмасын, уақыт табатын көрінеді.

Елбасы мектепті күміс медальға бітірген Ең алғаш «еңбек жолын қарапайым металлург болып бастаған жігіт қалай Елбасы болды?» — десе, өзіне тән табандылығы, шыншылдығы, еңбекқорлығының арқасы. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер  атқарды, партком хатшысы, Қазақстан КП Орталық комитетінің  хатшысы болды. 1984 жылдан 1989 жылға дейін Қазақ КСР министрлер Кеңесінің төрағасы. Ал,1989-1991 жылдары Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы, 1990ж сәуірінен Қазақстан Республикасының Президенті. 1991жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы басым дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

Әрбір елдің, халықтың бір дәуірлерде қайта түлеуіне, жаңғыру кезеңіне себепкер тарихи ұлы тұлғалар болады. Сайланған күннен бастап, бүгінгі күнге дейінгі дамудың өркениеттің жолына түскен халқымыз ел өміріндегі бар жақсылықты, әр саладағы сәтті қадамдарда, Елбасы есімімен тікелей байланыстырып келеміз. Бұл-шындық. Қазақ елін халықаралық аренада елу елдің қатарына еңгізіп, дамыған елдермен иық текетіресе алатындай дәрежеге жетті. Елбасының жиырма үш жыл ішінде еңбектерін ауыз толтырып мақтана аламыз. Біріншіден, Қазақстан  Республикасының астанасын Алматыдан Астанаға көшіруінің астарында нағыз саясаткерлік шеберін көрсетті. Сондықтан, қазақтарды біріктіру мақсатын көздегені анық байқалады. Бір күнде Астананы көшіру деген, әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Сонда Елбасының табандылығы мен көрегенділігіне таңдай қаққаннан басқа шара жоқ. Екіншіден, қазақ қандастарымыз кейбір себептермен шет елдерге көшіп кетті. Сол  қазақтарды өз Отанына шақырды. Үшіншіден, Қазақстанда экономикада өзгеріс енгізіп, демократиялы ел болдық. Төртіншіден, Қазақстан даму стратегиясына «Қазақстан 2050» жарық көрді. Бұл бағыт Қазақстанның білімі, мәдениеті, ғылым, спорт, саясат, әлеумет, экономиканы, қай жағынан болмасын дамыту көзделіп, басты жолға қойылды.

Ең ескерер жәйт, ол Қазақ жерінің астын талқандаған Семей полигонын жабу және 130-дан астам ұлт пен ұлыстың бір аспан астында өмір сүруді жөн санады, Халық Ассамблеясын құру, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына, Тәуелсіз Мемлекеттер одағына кіру, ең бастысы «EXPO-2017» көрмесінің  Қазақстанда өтуіне ықпал еткен бір ғана Елбасымыздың сындарлы саясаты екенін білемін. Сөзі мен ісінде алшақтық жоқ саясаткер Елбасы арқасында дамушы ел ретінде алдына қойған миссияларын абыроймен орындап келеді. Ол кісі бейбітшілікті сүйетін тұлға, өз сөзінде «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол-бірлік »дегенді ұстанады. Жалпы, Елбасымыз Ұлт Көшбасшысы – қазақ ұлтына және мемлекетімізге байланысты қандай мәселені болсын, соңына дейін шешуге талпынатын табанды саясаткер. Бір қоғамнан келесі қоғамға ауысар, осындай өтпелі кезеңде маңдайына Назарбаевтай  нар тұлға көшбасшы бұйырғанын Қазақстан халқы мақтан тұту керек. Нұрсұлтан Назарбаев –мемлекетімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманының аса дарынды тұлғасы. Аумалы−төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолға ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі тиіс.

Қорыта айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Мемлекетіміздің жоғарғы лауазым президенттік қызмет – елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Елбасының  бергенінен  әлі де берері мол екеніне кәміл сенеміз. Елбасыға тілерім көк туымызды биіктерде желбірету жолындағы еңбегіңіз жана берсін!

   


Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы 
№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп 
10 "В" сынып жетекшісі Масақбаева Сайра Сабырхановна 
Тәрбие сағаттың тақырыбы: 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы 
Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.

Тәрбие сағат тақырыбы: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні 


Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; 
Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу. 

Ι. Ұйым. кезеңі. 


Тақырып, мақсат. Сабақтың барысы 1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 
Мереке биыл алғаш рет тойланады. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Өмірбаяны 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы. 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді. 1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды. Қазақстанның қайта құрылуы Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). 
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген. ΙΙ. Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз»
ΙΙΙ. Қорытынды.




Каталог: uploads -> doc -> 0c58
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c58 -> Сабақтың тақырыбы Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге амалдар қолдану Негізгі мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет