Ауыл шаруашылық министрлігі



Дата17.04.2020
өлшемі248,58 Kb.
#62943
Байланысты:
жеміс Арайлым

Ауыл шаруашылық министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті



Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 76га жерге жеміс бағын отырғызу жобасын құру

Орындаған: Нұрғали А

Тобы: ЗР-309

Қабылдаған:

Алматы, 2020

Жоспар

Кіріспе


Негізгі бөлім

  • 2.1. Түлкібас ауданының табиғат-климат жағдайы

  • 2.2. Бақ құру жобасы

  • 2.3. Өсірілнтін жеміс-жидектерге сипаттама

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жеміс-жидек шаруашылығы — жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы — өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Жеміс-жидектің мағызы, оның пайдалылығы, әсіресе, азық-түлікті, емдік, диеталық қасиеттері адамға өте ерте заманнан белгілі болған. Жасаң немесе қайта өңделген жеміс-жидек азық-т.лік және халық емшілігінде сан ғасырлар бойы пайдаланып келеді. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Жеміс шаруашылығы жеке дара ғылым ретінде жеміс жидек дақылдарының өсу,даму,көбею, өнім салу және агротехникалық күту тәсілдерін анықтай келе, мол, сапалы өнім алу заңдылықтарын зерттейді. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор



Жеміс жидектің құрамында органикалық қышқылдар, қант, хош иісті илік заттар, витаминдер өте көп болады. Адам денсаулығы үшін жеміс жидектің маңызы зор. Медицинада кеңінен қолданылады. Олар аса мағызды емдік қасиеттері бар азық-түлік қана емес, сонымен бірге, тамақ өнеркәсібінде таптырмайтын шикізат, қоршаған ортаны қорғауда санитарлық-гигиеналық шаралардың бірі де болып саналады. Жеміс-жидек құрамында қоректік заттардан басқа витаминдердің жеке биологиялық белсенділігі жоғары заттардың болуы, олардың пектиндермен үйлесуі адам организміне зиянды бөлшектерінің енуінен сақтап немесе бөлінуін тездетеді. Жеміс және жидек құрамындағы қанттардың басым көпшілігі моноқанттрдан тұрады, сондай-ақ құрамында әр түрлі макро және микроэлементтер бар.

Жеміс бақтары елді мекендерге сән беріп, адамдардың эстетикалық сезіміне әсер етеді. Сондай-ақ бақ егіп, оныкүтіп-баптау адамдарды шынықтырып, сауықтырады,әрі табиғатпен байланысын жақсартады. Оның мағыздылығы кейінгі уақытта мүлде күшейіп отыр. Қазіргі кезде азаматтық энергиялық, транспорттық, агрономиялық, гидротехникалық алып құрылыстардың өріс алуы, адам баласының өсу қарқыны, олардың қоршаған ортаға әсері, табиғаттың өзі әкелген зиянды құбылыстар орнын толтыру есебінен әлденеше есе артып кетті.

Жеміс-жидек – жаңа кулинарлық заттарды өңдеуде, азық-түлік, консерві, кондитер және витаминдер өндіру өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады.

Жемiс-жидек өсiмдiктерi. Жер шарында жемiс-жидек дақылдарының

мыңдаған түрлерi өсiрiледi. Олар 60-тан астам тұқымдастарға 200-ге жуық

тектестерге бiрiгедi (1-сурет).



1-сурет. Жеміс-жидектер
Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы 1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001жылы 1 мыңға жетіп отыр. Бірақ соңғы деректер бойынша жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.

Қазақстанда, соңғы деректер бойынша (Казахстан в цифрах, 2001), 1996 жылы жеміс шаруашылығының көлемі 9605 мың габолса, 2000жылы-65,1мың га. Сондай-ақ жалпы өндірілген өнімнің мөлшері 1996 ж 341 мың т. Болса, 2002 жылы 202,0т болды. Жалпы өндірілген өнім мөлшерінің азаюы, тікелей жан басына шаққанда, дәрігерлік норма бойынша 95кг қажет болса, соңғы 1996-2000 жылдары 7-14 кг аралықта өндірілді.

Қазақстанда жемiс өсiмдiктерiнiң 22 түрi өсiрiледi, олардың 10-12-сi

негiзгiлерi болып табылады. Оның iшiнде екi жемiс (алма, шие) және 4

жидек тектес (бүлдiрген, таңқурай, қарақат, тұшала) дақылдар барлық

жерде бiрдей өсiрiледi деп айтуға болады. Жеміс – жидек өсіру Қазақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақтық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі аумақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (ботоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтарға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.

1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазақстанда жеміс-жидек дақылдарының гендік қорын құру мәселелері зерттелді (А.Н. Кацейко, М.П. Левина, А.Д. Виновец, Н.Ю. Нұртазина, М.Т. Нұртазин, т.б.). Орта Азиядағы ең ірі жеміс және жидек дақылдарының 3000-нан астам сортының коллекциясы жасалды. Жеміс дақылдарын көбейтудің әдісі мен технологиясы (К.Г. Карычев, И.П. Савеко), таулы және жазық жерлердегі бақтарда жеміс өсірудің қарқынды технологиясы (А.Жанғалиев, И.С. Голованов, Ю.Л. Кудасов, Е.Г. Раузин, А.С. Куцуков), ағаш өсімдіктерін түзуші тіндері арқылы өсіру (С.Г. Долгих, Н.П. Клоконос), жидек дақылдарын өсіру технологиясы (С.Н. Олейченко) жасалды. Топырақ құнарлығын сақтау және бақ агроценозын құру (Г.П. Адрианова, Е.М. Коваленко), өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау (М.М. Исин, Г.Н. Қайырова), егістіктерді суару (В.Х. Арст, А.И. Бондарцев), ауқымды процестерді механикаландыру (Ж.Мағажанов) мәселелері зерттелді. Құрамы реттелетін ауада жемістерді ұзақ сақтау (В.П. Гудковский, Т.Л. Урюпина) және жеміс шикізаттарын өңдеу (Д.Ізбасаров) технологиялары жасалып, өндіріске енгізілді. Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған 15-ке жуық жеміс-жидек сорттары Қазақстанның әр түрлі аумақтарында аудандастырылған.

2.1. Түлкібас ауданы — Түркістан облысында орналасқан аудан. Жер аумағы 2,3 мың км².

Аудан тау етегінде орналасқан, суық болмайтын күндері 160-180 күнді құрайды, жылдық ауаның ылғалдылығы 330-390 миллиметр. Қыс айларында қардың қалындығы 50-60 сантиметрге барады. Ұзақтығы 120-126 күнге созылады. Жер қыртысы ылғалды ашық сұр топырақты болып келеді. Ауданның ауыл шаруашылығы көп салалы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 151438 гектар. Оның ішінде егістік жерлер 64906 гектар, оның ішінде суармалы егістік 14479 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер 3630 гектар, шабындық жерлер 3211 гектар, жайылымдық 59510 гектар. Ауданның тура ортасынан тау етегінен бастау алатын Арыс өзені өтеді.

Аудан көлемінде үлкенді-кішілі 7 өзен бар.Аудан аумағында өзендер таулы аймақтардан бастау алады.

Өзендер: Арыс өзені-ұзындығы 47 километр, Жабағылы өзені-20 километр, Құлан өзені-15 километр, Көкбұлақ өзені-30 километр, Қайыршақты өзені-20 километр, Қараүңгір өзені-20 километр, Машат өзені-30 километр. Жалпы ұзындығы 182 километр.

Мақтан тұтар байлығының бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - «Әулие», жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген.

Топырақ жамылғысының алғашқы сиппатамасын С.С.Неуструев 1910 жылы берген болатын. Ол топырақ картасында ауданның қазіргі аумағы үшін қара топырақты, сондай-ақ қоңыр және қара мен сұр топыраққа жақын топырақтарды көрсеткен болатын. Аудандағы орта биіктіктегі таулардың топырағын қоңыр топыраққа жатқызып, онда қиыршық тастың көп екендігін атап өтеді. Бұл жағдай топырақтың аэрация мен су өткізгіштігінің жоғары дәрежеде екенін білдіреді. Сондықтан бұл қасиет топырақтың тезірек құрғауына,сөйтіп осы учаскелердегі өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімді түрлерін өсіруге себепкер болады. Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі.



Климаты орта Азияныкіне ұқсас- континентті. Қарастырылып отырған ауданда ол құрғақ әрі ыстық жазбен сипатталады, температура орта биіктіктегі тау белдеуінде 30 0С, ал етектегі жазықтарда 39-40 0С жетеді. Қысы қарлы, ұзақ болмаса да суық, аяз кезде -30-35 0С барады. Қаңтар айының орташа жылдық температурасы -3-9 0С . Орта биіктіктегі тау белдеуінде, қар жамылғысының биіктігі 1,4-1,6м, алайды ықтасын емес жерде оны жел тез ұщырып әкетеді. Таудың альпілік белдеуінде жазғы суық түсулер үйреншікті құбылыс. Орта биіктіктегі суық түсудің соңғысын шілденің басында, ал ерте суық түсуді тамыздың екінші жартысынан байқауға болады. Орта биіктіктерде жауын шашынның орта жылдық мөлшері 500мм, ал биік тау белдеуінде 800мм дейін жетеді. Жазы ыстық, ұзақ қуаң және аңызықты. Шілде айының орташа жылдық температурасы 25-30 0С (2-сурет).

2-сурет. Ауданның орналасу аймағы



2.2. Жеміс бақтарын отырғызу жобасын құру

Бақ алқабын құру. Бақ алқабын құруды дұрыс ұйымдастыру маңызды роль атқарады. Өйткені, бұл шараларды дұрыс жүргізудің арқасында механикалық құралдарды, эрозияға қарсы шараларды тиімді қолдануға болады. Бақ алқабын құруды ұйымдастыру олардың жобасын жасаудан (техникалық жоба) басталады. Онда кварталдарды, бақ қорғайтын жолақтарды, жол жүйелерін, шаруашылық құрлыстарын, суару жүйелерін, тұқымдастардың жəне жергілігті жер жағдайларына қоятын талаптары ескеріліп қамтылады.

Бақ отырғызу жобасын құру тек жеміс өсімдіктерді отрығызылған бақтың

пайдалы көлемін анықтаудан басталады (4- кесте.). Жалпы баққа арналған

алқапты аудан 100 процентке теңестіріліп алынады. Бақтардың жалпы көлемі

100 га асапаса, шаруашылық құрлыстарына, бақ қорғайтын жолақтарға,

жолдарға олардың 15- %-ті бөлінеді, бақтың көлемі 100 га асса, онда 12 %

бөлінеді. Шаруашылық құрлыстары (қоймалар, жаппа қалқалар, жеміс сақтайтны қоймалар, ауыл шаруашылық машиналарын, улы химикаттарды жəне тыңайтқыштарды сақтайтын орындар, бақта істейтін жұмысшылардың демалыс жайлары) үлкен (магистральды) жолға жақын кварталдардың біреуіне орналастырылады. Алқаптың пайдалы көлемі мына формула бойынша есептелінеді:

П =Ж –А;

Мұнда П – пайдалы көлемі, га

Ж – жалпы көлемі, га

А – бақты қорғайтын жолақтарға салынған жолдарға, шаруашылық құрлыстарына бөлінген алқап көлемі,га

Есептеу нəтижесін 1– кестеге толтырады.

1 кесте. Бақтың пайдалану ауданы



Көрсеткіштер

%

гектар

Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы

Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар және шаруашылықтық құрылыстар

Бақтың пайдалы көлемі


100

76

Бақтың пайдалы көлемі, облысы (аймақ) бойынша қабылданған тұқымдық сорттың аудандастырылуға сүйене отырып, əр түрлі тұқымдастарға бөлінеді.

Бақтың пайдалы көлемі 100% теңестіріліп алынады. тұқымдастардың көлемін есептеуге төмендегідей теңдестік қолданылады;

П - 100%


Х – М

мұнда, П - пайдалы аудан,га

М- тұқымдық сорттық аудандастырылуына қарай тұқымдастардың

проценттік (10-12 қосымша)

Х – жекелеген тұқымдастардың анықталатын ауданы, га

Мұнан шыққан көрсеткіштер 2-кестеге енгізеді.

2 кесте. Жемістер дақылдарының ауданы

Жеміс дақылдары

Тұқымдық-сорттық аудандастыру бойынша

%

Гектар

1

2

3

Бақ алқабын ұйымдастыруда оны кварталдарға яғни бақтық жолдармен жəне бақ қорғайтын орман жолақтармен шектелген шаршыларға дұрыс бөлудің өте маңызды мəні бар.

Жайлы рельефті, қолайлы климат жағдайларындағы ірі бақтарда жеміс дақылдары үшін ең ыңғайлы бөлтектер көлемі 10-15 жəне 20 га дейін, қатаң климатты, желі күшті əрі жиі аудандарда, едəуір еңістеу жерлерде 5-8 га, жидек тұқымдары кварталдарын 0,1-2гектарлық жұмыс шараларына бөлген тиімді.Оларды бəріненде, қабырғалары 1:1, 5-2¸ қатынасындай етіп құрған дұрыс.

Əр кварталдарда жеміс тұқымдастарының бір түрі немесе өзара биологиялық жақын тұқымдарды, мысалы, шекілдеуіктілер тұқымдарын (алма, алмұрт), сүйектілер тұқымдарын (шие, алхоры) жəне жидек тұқымдарын (қарақат, тұшала, таңқурай) орналастыру керек.

Кварталдардың нақты саны отырғызылатын бақтың пайдалы ауданын қабылданған ауданына бөлу арқылы табылады. Егер бүтін сандар шықпаса

онда жекелеген тұқымдастар ауданын соған сəйкес етіп көбейтеді немесе азайтады қортындаларын 3- кестеге енгізеді.
3-кесте. Квартал ауданы жəне саны

Жеміс дақылдары

Есептелген ауданы, га

Квартал ауданы, га

Кварталдардың ұзындығы мен ені, м

Кварталдар саны, дана

1

2

3

4

5

Жоғарыда келтірілген жоспар бойынша, бақ алқабын құру жоспары жасалады. Кварталдарды жоспарға енгізгенде, ал сонан соң іс жүзінде бөлгенде, олардың шекаралары сол жергілікті жердің бедерімен, топырақтың

əр түрлілігімен, басым жерлердің жəне игерілетін ауқымның табиғи шекараларымен үйлестіріледі.

Кварталдарды ұзын жағымен желдің қатты соғатын бағытына көлденең,

топырақтың мүжілуі қаупі бар беткейлерде (3-4º оданда көп) еңіске көлденең

орналастырылады, ал суармалы бақтарда суару жүйелері ескеріледі. Сонан

соң, қорғайтын жолақтардың жобаларын құрастырады.

Жеміс егістері желдің зиянды əсерлерінен қорғауды қажет етеді, өйткені күшті тұрақты желерден қорғалмаған ашық алаңдағы жеміс ағаштары дұрыс өнбейді, ақырын өседі, біржақты бөрікбастары қалыптасады.

Желдің əсерінен көбіне бұтақтары сынып, қабықтары жарылып кетеді, кейде ағаштар түбірімен қопарылып қалады. Сондықтанда, бақты айналдыра жеміс ағаштарын жел əсеріне қорғайтын, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарлататын, бал араларының жұмысын жақсартатын жəне қар тоқтатуға мүмкіндігін туғызатын, бақты қорғайтын орман ағаштарын отырғызызып тастайды.

Бақ қорғайтын жолақтың екі түрі болады: А) шеткі жолақ əдетте көп қатарлы (3-4 жəне жел күшті соғатын солтүстік жəне орталық облыстарда 6-8 қатарлы) орман ағаштары егістері бақ алқабының шекараларында орналасады. Б) жел қаққыш қатар бір немесе екі қатарлы орман ағаштары егісі квартал шекараларында орналасады. Табиғи жағдайларына сəйкес биік

жылдам өсетін, ұзақ тіршілік ететін, жинақы бөрікбасты, жеміс ағаштарымен

ортақ зиянкестері жəне аурулары жоқ ағаштарды қолданады. Алматы облысы үшін мырзатерек, бальзамды терек, қараған, үшкір жапырақты үйеңкі, ал бұталардан – жіңішке жапырақты жидені жəне сарғылт қарақатты ұсынуға болады.

Бақ қорғайтын егістер үшін, орман ағаштарын сол аймаққа арналған ұсыныстарға сүйене отырып таңдайды құрылымы жағынан бақ қорғайтын жолақ, орман ағаштары жел өткізгіш, жел өткізбейтін жəне селдір болып келуі керек. Бақ қорғайтын орман жолағының қатар аралықтарын күту жұмыстарын механикаландыруға мүмкіндік туғызу қажет. Қатар ішіндегі ара қашықтығы ағаш тұқымдастарында 1-1,5м, ал бұталарда 0,6-0,8м болады. Бөлтектердің пайдалы аудан шекараларынан жел қаққыш жолақтарға дейін, ені 8-10м болатын бос орнын қалдырады. Бақ қорғайтын орман егістіктерін бақты отырғызудан екі - үш жыл бұрын, жəне екі - үш жылдық бірінші сортты көшеттермен отырғызады. Орман ағаштарының нақты жоба үшін қажетті көшеттерінің саны жалпы орман жолақтарының ұзындығын ағаштардың арасындағы қашықтыққа бөлу арқылы анықтайды. Анықталған

көрсеткіштер 4- кестеге толтырылады.

4- кесте. Бақты қорғайтын орман ағаштары жолағының құрылымы жəне отырғызуға қажетті көшеттердің саны




Тұқымдастардың атаулары




Жолақтардың ұзындығы,м

Қашықтығы,м

Қатар саны, дана

Отырғызуға қажетті көшеттер саны, дана

Шеткі жолақ

желқаққыштар

Қатар арасында

Қатар ішінде

Барлық алқапта

Сақтық қоры

Жалпы саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Отырғызуға қажетті тікпе көшеттердің жалпы санын анықтағанда 3-5% көлеміндегі сақтық қоры ескерілуі тиіс.

Бақтағы жүктерді тасымладу үшін, орталық, айналма, бөлтек аралық

жəне шаршы аралық жолдар салынады.

Орталық жол - əдетте біреу болады, ол барлық бақ арқылы өтеді жəне

жемістерді жайластыру пункіттерін шаруашылық орталығымен, теміржолмен байланыстырады. Олардың ені 7-9м, ал жол жағалаулары, екі үш метрден болады.

Айналма жолдар, бақтың сыртқы шекараларымен бақ қорғайтын

алқаптың ішкі немесе сыртқы жағынан жүргізіледі. Ені 4 м жолдың жағалаулары 1-1,5м-ден қалдырылады. Орталық жəне айналмалы жолдардың екі жағында міндетті түрде жағалалаулық ор (кювет) болуы керек.

Квартал аралық жолдар, квартал шекараларында орналасады ені 3м, жол

жағалаулары 1м болады.

Бақ қорғау жолақтарын жəне жол жүйелерін бақ жобасына енгізеді. Шаруашылық құрылыстарды(қойма, жаппалар) бақ алқабының оларды пайдалануға ең ыңғайлы деген жеріне орналастырылады.

Қоректену алаңы және өсімдіктердің отырғызу үлгісі (схемасы) қолданылып жүрген нұсқаларға, сорттардың өсу күшіне, телітушілерге, отырғызылатын бақтың құрылымына (бақ типі), қарай анықтайды (м2) .

Бір өсімдіктің қоректену алаңын білгеннен кейін, 1 гектарда орналасқан өсімдіктердің санын, 10000м2-ді сол қоректену алаңына бөлу арқылы анықтауға болады.

2-кесте. Жеміс-жидек дақылдарының отырғызуға қажетті көшеттері




Тұқымдар

Телітуші түрі

Ауданы, га

Отырғызу үлгісі, м

1га ішіндегі өсімдік саны, дана

Отырғызылатын көшеттердің қажетті саны, дана

Жобаланған бақ ауданы

Сақтық қоры 3-5%

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

Отырғызуға қажетті көшеттердің саны дақылдардың ауданына және отырғызу тығыздығына (1га-дағы ағаштар саны) қарай әрбір дақылдарға және әрбір сорт бойынша жеке есептер шығарылады.

Отырғызылатын көшеттердің қажетті санын табу үшін 1га-ға қажетті көшет санын жоспарлағанда ауданға көбейту арқылы табылады. Мұнда 3-5% сақтық қорын ескеру қажет.

Өндірістік бақтарда аудандастырылған барлық сорттарды отырғыза берудің қажеті жоқ, мұндай жағдайда бақты күтіп-баптау жұмыстары менсату қиындайды. Шаруашылықтың өндірістік бағытына қарай алманың 4-6 және басқа дақылдарының 3-4 сортын қана таңдайды.


3-кесте. Жеміс-жидек дақылдарының сорттарына байланысты отырғызуға қажетті көшеттері

Дақыл, сорт

Жоспарланған ауданға

Жалпы саны, дана

Аудандастырылуы бойынша,%

дана

1

2

3

4

Әр кварталға бір мезгілде пісетін сортттарды отырғызған жөн, кейбіржағдайда ғана бір кварталға жазды, күздік, қыстық сорттады отырғызуға болады.

Бақтың өнімділігін арттыру үшін жақсы тозаңданатын сорттарды таңдау маңызды. Айқас тозаңданатын сорттарының бағалалағы бірдей жағдайда оларды 5-6 қатардан бір жолақ жасап отырғызады. Негізгі сорттардан 4-6 қатардан және тозаңдандырғыш сорттардан 1-2 қатардан бір сортты жолақтар жасауға рұқсат етіледі.

Бақтың 1 гектарында 2-3 бал арасының ұяларынан тұратын омарта болуы керек.

Сорттарды кварталдың ішінде дұрыс орналастыру үшін дақылдардың және сорттардың отырғызу сұлбасын, сонымен қатар отырғызуға қажетті көшеттер санын ескере отырып, квартал ішіндегіге қатар және қатардағы өсімдік санын анықтаймыз. Анықталған көрсеткіштер 4-кестеге толтырылады

4-кесте Квартал ішінде сорттардың орналасуы



Дақыл, сорт

Квартал номері

Барлық қатарлар саны

Қатардағы өсімдіктер саны,дана

Өсімдіктердің жалпы саны, дана

1

2

3

4

5

Сорттарды кварталдарда орналастырғанда өсімдіктердің сақтық қорынсыз есептелінген қажетті саны алынады. Жекеленген дақылдарда тағаштарды отырғызу қалыңдығына қарай бақтардың әр түрлі жоспарлануыы мүмкін екендігін ескеру керек



Бақ құру жобасына

1-кесте. Бақтың пайдалы ауданы



Көрсеткіштер

%

га

Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы

100

76

Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар және шаруашылықтық құрылыстар

12-15


10


Бақтың пайдалы көлемі

85-88

66

Баққа арналған жалпы ауданы 76 га

Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар және шаруашылықтың құрылыстары
100% 76га

13% Х

Х=13х76/100%=10га
Бақтың пайдалы ауданы

100% 76га

87% Х

Х=87%х76га/100%=66га

2-кесте. Жемістер дақылдарының ауданы



Дақылдар

%

га

Алма

82

54

Жаздық: мельба

Қыстық: Голден делишес



34

48


22

32


Алмұрт

10

6

Жаздық: Люмица Клаппа

Күздік: Талгарка



6

4


4

2


Шие

Шпанка крупная



2

1,3

Қызыл шие

Напалеон розовая



0,4

0,3

Алхоры

виктория


2

1,3

Өрік

Корелевский ІІІ



2

1,3

Шабдалы

Майфлевер ІІІ



0,5

0,3

Бүлдірген

ташкенткая



0,5

0,3

Таңқурай

Новость кузьмина



0,5

0,3

Тұшала

Мысовская 37 І



0,1

0,06


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет