Топырақты тұқым себер алдында өңдеу



бет1/5
Дата25.02.2022
өлшемі21,15 Kb.
#133298
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 7 (1)
808-18-12 агрохимия роза , Своя методичка по агрохим

  1. дәріс. Ауыл шаруашылығы дақылдарын себу және жинау. Өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан қорғау.
  1. Топырақты тұқым себер алдында өңдеу.


  2. Себу жұмыстары.

  3. Себуден кейін (күтіп-баптау кезеңінде) топырақты өңдеу.

    1. Топырақты тұқым себер алдында өңдеу. Бұл жұмыстың негізгі міндеті топырақтан ылғалдың жоғалуын болдырмау, су режимін реттеу, минералды тыңайтқыштарды және гербицидтерді топыраққа

араластыру, өсірілетін дақылдардың біркелкі сіңірілуіне жағдай жасау, сапалы себілуін және танаптардың арамшөп басуын төмендету.
Бұған танапты тегістеумен, жабынды қабатты қалыптастырумен, тұқымның сіңірілетін қабатын біркелкі қопсытумен әрі тұқым жататын тығыз төсенішті сақтай отырып жетуге болады. Тұқым себер алдындағы топырақты өңдеу бірнеше тәсілден тұрады: көктемгі ерте тырмалау, сүйретпелеу, культивациялау, тұқым себер алдындағы культивациялау, нығыздау. Осы тәсілдер жиынтығы топырақты тұқым себер алдындағы өңдеу жүйесін құрады.
Көктемгі ерте тырмалау және сүйретпелеу. Көктемгі ерте тырмалаудың мақсаты танап бетін тегістеу және жабынды қабатты қалыптастырып ылғалдың ұшуына жол бермеу. Мұны топырақтың физикалық жетілгенінде, оны топырақ жалдары сұрғылттануынан, топырақты алақанда сығып, танап бетіне тастағанда білуге болады.
Культивация. Бұл топырақты көктемде өңдеудің құрамды бөлігі. Мұны дақылдардың тұқымын белгіленген тереңдікке сіңіру және олардың жаппай өсуіне оңтайлы жағдай қалыптастыру, өсімдіктердің жылжымалы қоректік элементтері пайда болуына әсер ететін микрофлораның іс-әрекетін белсендіру, топырақтың физикалық- химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсарту, арамшөп тұқымдарының жаппай және жедел өсуін, кейін оларды мәдени дақылдарды сепкенге дейін жоюға оңтайлы жағдай қалыптастыру үшін жүргізеді.
Топырақты тұқым себер алдында нығыздау. Тұқым себер алдындағы өңдеуден кейін топырақтың борпылдақ қабатының қалыңдығын азайтып, мәдени дақылдардың өскіндерінің пайда болуын жақсарту үшін жүргізеді. Егер нығыздауды жүргізбесе мәдени дақылдардың өскіндері жаппай пайда болмайды және аса тез емес, себебі өскіндерге топырақ бетіне шығу үшін қалың қабаттан өтуі қажет болады. Бұл өскіндерді әлсіретеді және сиретуі мүмкін.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет