Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа! ( ертеңгілік ) 1 «б»-сынып 21 желтоқсан 2013 ж Нурымхожина Қ. Д тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа !»



Дата10.06.2017
өлшемі185,58 Kb.
#18407
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп мемлекеттік мекемесі


Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа!

( ертеңгілік )

1 «б»-сынып

21 желтоқсан 2013 ж

Нурымхожина Қ.Д


Тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол, апарар

сені алысқа !»


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін бекіту;


2. Олардың алған білім,білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту,сөздік қорын молайту;
3. Ұқыптылыққа, білімділікке, сауаттылыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі:

«Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа !» тақырып нақыл сөздер, шар, мақал-мәтелдер.


Ертеңгіліктің өтілу барысы:
Музыка ойнап тұрады ( «волшебные звуки природы»)
-Ой,бүгін күн қандай тамаша!Табиғат -ана өз жылуын,жердегі адамзатқа төгіп тұрғандай!Көк аспанның бетінде күн көзі көрініп,көкжиектен түрлі-түсті кемпірқосақ пайда болғандай!

Қараңдаршы,қандай әдемі,көрікті!Осы ғажайып күн бізге күлімдеп,қуаныш сыйлап тұрғандай!Мен үшін бүгін ерекше күн.Бүгін менің сиқырлы таяғым тамаша таңғажайыпты көрсетер ме екен?!Кәне,сиқырлы таяғым,маған қандай қызмет көрсетесің?!. (сол кезде шар жарылып, жүргізушілер келеді)


-А-а бүгін Өтенай ауылындағы №21 орта мектебінің

1-ші сынып оқушыларының әліппемен қоштасу мерекесі екен ғой! Олай болса барлығымыз осы мерекені тамашалайық!


1) Үнтаспада «Адай» күйі ойнап тұрады.

(ақсақал рөліндегі бала немере-оқушысын жетектеп шығады)
Көрініс:

Автор сөзі: (Мұхаммед)

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

Қайда,әлгі мектеп, -деп.

Жетпіс келеді сүрініп,

Жеті келеді жүгіріп.
Ата: (Біржан)

Балам,балам,жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал,

Ақылды бол ,тентегім.
Немере (Нұржан):

Қыркүйекте келдім де,

Сыныпқа кірдім қуанып.

Қарсы алды ұстаз мейріммен,

Қадамымды құп алып.
(Ата шығып кетеді,немере сыныпта қалады).
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар, оқушылар!

Күні кеше ғана жаңағы көріністегідей құлындай құлдырыңдап келген балалар бүгін бар білімнің бастауы қасиетті әліппе оқулығымен қоштасқалы отыр. «Әліппе деген алтын жол, апарар сені алысқа !» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


1-жүргізуші

Ассалаумағалейкум,уа, халайық!

Армысыздар ,аналар!

Бармысыздар, балалар,

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз,

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз!


2-жүргізуші:

Бір кітапқа бас болған,

Әліппе біздің данамыз,

Әліппені құрметтеп,

Басқы орынға қоямыз.

Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.-деп зор құрметпен оқушыларды қарсы алайық! (оқушылар қолдарында шарлары бар мәжіліс залына кіреді) музыка ойнап тұрады.
1-жүргізуші: сөз кезегі оқушыларда:

(Таныстыру.)

Лина:

Баршаңызға иіліп сәлем беремін

Мен қызымын Ұланның Лина деген.

Оқуды да,жазуды да тез меңгеріп,

42 әріпті жатқа білем.
Құндыз:

Отбасының еркелеткен,

Жарқыраған жұлдызымын,

Сабақты жақсы оқитын,

Құндыз деген бір қызыңмын.

Еркенже:

Жақсы әдепті,жақсы істі,

Бойыма әр кез термекпін.

Қиын-ау деп қайыспайтын,

Ер мінезді Еркенжемін.

Темирлан:

Темирлан деген баламын,

Таудай биік талабым.

Жақсы оқып сабақты,

Білімді адам боламын.

Жансая:

Ата-анамның ардақтаған,

Жансая атты қызымын.

Әкем мені еркелетіп,

Дейді «алтын жүзігім»

Қайыржан:

Ұстаз ұғар қашанда,

Дамуын әр баланың.

Жақсы оқитын сабақты

Қайыржан атты баламын.
Айбек:

Жақсы оқитын мен үлгілі баламын,

Азамат болып мен де өсіп толамын.

Бассам деймін даналардың тек ізін,

Мен Айдосұлы Айбекпін
Мадина:

Қыздар деген бола алады қыр гүлі,

Қазақ қызы болу керек үлгілі.

Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан,

Мадинамын Талдықорғанның бір гүлі.
Аида:

Ай нұрынан жаралған,

Ай мен күні анамның.

Ақылдысы баланың,

Аида деген сұлуың

Мен боламын,ағайын.


Балжан:

Мен де есті баламын,

Айтқан тілді аламын.

Жұмсағанға барамын,

Жақсы менің сабағым,

Балжан деген ару қыз

Мен боламын,ағайын.
Ерғанат:

Шәкіртінсіз ұстаз ісі,

Жарқырай ма,жана ма?

Жеті өнер де жеткіліксіз,

Ерғанаттай балаңа.
Нұржан:

Суретті шебер саламын,

Есепті тіпті шағамын.

Білімді де,өнерлі,

Нұржан атты баламын.
Азиза:

Азиза деп қойыпты есімімді,

Бұл әрине ата-ана шешімі де.

Ақылды боп көп істер атқарамын,

Ұстаз сөзін ұғамын жатқа бәрін.
Мұхаммед:

Кең болсыншы еліміздің керегесі,

Тату болсын,болмағай ерегесі.

Таныстырсам өзімді,оу-ағайын,

Мұхаммедпін ата-әжемнің немересі.

Нұрәли:

Нұрәлимін,Слахат ата баласымын,

Апамның тәттісімін,дарасымын.

Қашанда қатарластың алды болып,

Сенімін ақтаймын анашымның.

Аяулым:

Лаулатып сәби сезім ой алауын,

Шаттық тілеп таңменен оянамын.

Еркелеткен есті қызы атамның,

Мына мен Бақытпеқызы Аяулыммын.

Еңлік:

Жеңу үшін қиынды,

Еңбегіңді аяма.

Алдарыңда тұрған қыз,

Айдай сұлу Еңлік.

Сұлтан:

Сабақтан еш қалмаған,

Ерінбей оқып талмаған.

Боламын дейді үлгілі,

Сұлтан атты бір балаң.

Айым:

Әліппені жатқа білем бүгінде,

Өз бетіммен оқи алам ертегі.

Танысыңыз: әдепті қыз Айыммын,

Мен боламын еліміздің ертеңі.

Саяна:

Ынталы да инабатты,

Өнегелі бір қызбын.

Еркелікті қоятын

Саяна атты қызымын.

Руслан:

Түсінсем де бар кітапты,

Ынта қойып қарамақпын.

Сыныптағы ең кішісі

Мен Мухтаров Русланмын.
Абылай:

Зәулім мектепке келіп мен,

Еркелікті қойып мен.

Жақсы білім алатын,

Абылай ұлың мен болам.

Перизат:

Жақсы білім алатын,

Кілең бестік алатын.

Құшақ жаяр білімге,

Мен боламын Перизат.

Біржан:

Ғалым,білім жолында,

Енді күшін салады.

Шәкірттікке ылайық,

Біржан атты балаңыз.
2-жүргізуші: Керемет,балалар! Ендеше «Мектеп әнін»тыңдайық!
1-жүргізуші

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын,жауап беріңдерші
-Іші толған әріпке

Білімдіге жарық не?
Оқушылар:

Болашаққа жол ашар

Ол сүйікті әліппе
Мұғалім: Жақсы ,балалар ендеше бәрімізге қымбат әліппені ортаға шақырайық.
Оқушылар: Әліппе,әліппе!
Әліппе: Сәлеметсіңдер ме ,балалар!
Оқушылар: Қош келдіңіз, Әліппе!
Әліппе: Лина

Армысыңдар,жас достар!

Армысыңдар,ата-ана!

Болашаққа жол ашар,

Әліппе келді ортаға,

Білім деген ғылымның,

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден,

Не үйрендік, не білдік?

Қане,ортаға салайық!
2-жүргізуші:

Сенің күнің сөнбесін,

Ашық аспан,жарық күн.

Келешегі сөйлесін,

Қазақ деген халықтың.

Тілі балдай баланың,

Талабына жарық бер.

Енді,әліппе,сен біздің құрметті қонағымыз бол.Балала,р сендер әліппеден не үйрендіңдер?


Оқушылар: -Біз оқуды,жазуды,ойлауды үйрендік.

Әліппе: жарайсыңдар менің ақылды достарым!
Құндыз:

Өтті оқу сан-сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достассақ,

Әліппеміз қоштаспақ.

Өсті білім бойымыз,

Құтты болсын тойымыз!
Еркенже:

Ыстық әр бір беттерің,

Жазуыңды ұғамын,

Ақыл бердің әліппе,

Ақылды сен мұғалім!

Темирлан:

Басталады өзіңнен,

Болашақтың жол басы.

Алтын ұям сезінем,

Сенсің, білім ордасы.


Қайыржан:

Құшағына ендім мектебім,

Балауса балғын шағымда

Келеді өсіп –көктегім

Білімнің қайнар көзінде.
Аяулым:

Жеміске құты тола ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң.

Әп-сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәнің ойласаң!

Білім де сондай қарағым ,

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Ұғып ал білім боларын.

Шамшырағың жолыңда.

1-жүргізушы :

Кәнеки,балалар Әліппе құрметіне бір ән орындап берейік. «Әліппе»әні орындалады.


2-жүргізуші:

Әліппе,балалар өзіңіз туралы тақпақ айтып бермекші, енді соны тыңдаңыз.


Перизат:

Әліппем,менің, әліппем,

А деген бастап әріптен,

Сөз құрап жаза бастадым,

Тақылдап таңба танып мен!

Жансая:

Әліппем,менің, әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі жарық сәулемен.
Мадина:

Әліппем,менің, әліппем!

Өмірді келем танып мен,

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!
Ерғанат:

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүниенің есігі.

Соғылған сомдап алтыннан,

Әліппе-білім бесігі!
Еңлік:

Әліппе деген,алтын жол,

Апарар сені алысқа,

Жеңіл емес ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.
Руслан:
Үйретті бізді әліппе,

42 дербес әріпке.

Сөз,сөйлем құрап әріптен,

Лайық болдық дәріпке.


Біржан:

Ізгілікті ойға тоқитын

Шәкірт боп үздік оқитын

Әліппе аты кемемен

Кеземін білім мұхитын
1-жүргізуші :

Кәне,бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық.

Әріптермен танысу,

Тақпақтарын бастайық.
Аяулым:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде? түсінші.
Балжан :

А –дегенің аналар ғой ардақты,

Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.
Лина:

Б деген ол балалар ғой әдемі.

Біздің елде үшеуі де кәделі,

Алшақ кетпей сондықтан да қашанда,

Тұрады ол алфавиттің басында

Нұрәли:

Г гу деп алғаш бөбектер,гүілдейді ақырын.

Д дүлдір аттар баптаған, Дарханды жұрт мақтаған.

Еңлік:

Е елге есті ер керек, ер жет өсіп ертерек.

Ж жыр алыбы Жамбыл ата, ардақтайды оны бала.


Сұлтан:

И иба,әдеп,ақыл-ой,имандылық басы ғой

Азиза

Қ

Қарағанды көмірі

Қостанайдың егіні

Даласындай жомарт қой

Қазағымның даласы!

Айым :

М

Мақтанышым ұдайы

Маңғыстаудың мұңайы

Ен байлықтың қақпасы

Мақтаралдың мақтасы
Саяна:

Н наурыз айы келгенде наурыз тойын тойлаймыз.

Еркенже

О озат болып оқыңдар, ойға білім тоқыңдар.

Аида

Ө өсті міне бойларың, өсті ақыл-ойларың

Р Роза шықса ән салып, риза болар бал халық.
Айбек:

С сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.

Т дегенім туымыз , жеңісіміз қолдағы.

Нұржан:

Ы ыдысты саздан жасаған Ықылас біздің жас маман.

І інісіне бағалы,Іңкәр ішік алғанды,

Ұ Ұлан біздің ұқыпты,ұстаз сөзін ұғыпты,

2-жүргізуші

Әліппені оқуға, Үйреткен әр күні

Үйретіп санауды, Көп еңбек сіңірген,

Кім, атын атай ғой?



Оқушылар : Мұғалім апай ғой!

Би «Ұстазым менің » әніне вальс биі .орындайтын оқушылар тобы.



1-жүргізуші

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан,

Барлық ғылым саған үйір болады –дей келе балалар, сендерге математика пәні тапсырма беріп жіберіпті.

Балалар, сендер сандар туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?

Жансая: 1саны

Мені келсе білгің,мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,ең басында тұрамын.
Қайыржан: 2саны
Бірден кейін тұрамын,Бірден кейін тұрағым.

Бірді бірге қосқанда мен шығамын шырағым.


Темірлан: 3саны
Екіден соң әрқашан, үш саны мен тұрамын.

Орныма барамын,екі айшық саламын.


Құндыз: 4саны
Үш сызықтан таяғым,оқушылар қояды.

4 дегенің баяғы,4 түліктің аяғы.


Мұхаммед: 5саны
4-тен кейін бесті, Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын,

Оңай табасың бесті.
Руслан: 6 саны

Мен өзімді қатарға 5 кейін қоямын,

Басым бірден басталып,

Нөлмен бітер аяғым


Перизат: 7саны
Қара мына қызықты, Көсеуді кім ұмытты

7 болам бір тартсаң, Бел ортамнан сызықты.


Айым: 8саны
Менің атым сегіз, Жетіден соңғы деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек.Мен боламын -8.


Аида: 9 саны

Сегізден кейін тоғыз, Алтыны төбесіне тұрғыз.

Сонда болам мен-9
Еңлік: 0 саны

Әліппедегі О-ға ұқсаймын,Сонда нольге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ,Бір орынды ұстаймын.

Мұғалім: Балалар мен жұмбақтар дайындап келдім, шешеміз бе?

Көлден ұшты 7 аққу Алдыңда 4 балапан

Қайтып қонды 2 аққу Артыңда 4 балапан

Қонбады оның нешеуі Ақ тауық пен балапан

Қане, кім тез шешеді? Айтшы санын балақан

(5) (10)
Дүкеннен мен кітап алдым

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер,бір қалам

Өшіргішті тағы алдым,

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бәрі? (6)
2-жүргізуші Математика сабағынан әзіл көріністер
Мұғалім Жансая: Нұржан 5+5 неше болады? Нұржан –м,м,м мына жақтан 5 ат шауып келеді ,мына жақтан 5 ат шауып келеді неше ат шауып келді?
Оқушы Нұржан: ту-у ,апай,шаңнан түк көрінбейді ,-ғой!

Көрініс «Баға»
Әкесі: Балам сабағыңнан не алдың?
Баласы: Күнделігін көрсетіп -Міне –бес алдым!
Әкесі: Мынау тұрған үш, мынауың екелік.Неге айтасың өтірік?
Баласы: Ой,папатай есепті,Білмейсің бе немене?! Үшті қоссаң екіге,бес болмай ма санашы?
1-жүргізуші :

Міне әліппе, біздің балалардың арасында өнер тұнып тұр. Олай болса өнерлерін тамашалайық.1-сынып оқушысы Жансаяның орындауында «Мен қазақтың қызымын » әнін тамашалаңыздар


2-жүргізуші: Өте жақсы, балалар.Әліппе ризасың ба балаларға?
Әліппе: Әрине, мен сендерге ризамын. мені жақсы меңгеріпсіңдер енді асыл қазына- Ана тілін жақсы оқыңдар!
Әліппе батасын береді: Лина

Оқуда зейінді болыңдар, Еңбекте бейімді болыңдар!

Кір шалмасын қабақты,ақ жол болсын балалар,

Күнделіктерің 5 толсын,мынау менен естелік болсын,–

деп сыйлықтар берейін.
Әліппе: Ал,балалар сау болыңдар!
Балалар : Қош болыңыз, Әліппе!

1-жүргізуші :

Әліппемен қош айтысып қаласыңдар,

Енді қолға ана тілін аласыңдар.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты болып шықты міне, балаңыз!,- дей келе балалар ана тілін қарсы алайық.

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме ,балалар?

Оқушылар: Қош келдіңіз,ана тілі!
Ана тілі Аяулым:

Туған елдің тілімін

Ақылы мен танымын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.
Абылай:

Ана тілің біліп қой

Еркіндігің,теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың,елдігің.

Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып,қадірлеп өткен. Ол-ер, жер, және тіл. Ана тілі- әр халықтың төл белгісі.



Ана тілі : Ал олай болса балалар, сендердің білімдеріңді тексерейін

1. Алғаш Әліппе оқулығын кім жазды?

2. Ең алғашқы қазақ ұстаз кім?

3.Сендер Отан, еңбек, білім туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?



(оқушылар мақал-мәтелдерін айтып береді.)
2-жүргізуші: Әсем биге көңіл бөлейік 1-б сынып қыздарының орындауында «Қамажай»биі
1-жүргізуші :

Балалар ,сендер аз ғана уақыттың ішінде көп нәрсені-оқуды, санауды, жазуды үйрендіңдер: Осының барлығын кім үйретті?


Оқушылар: Мектеп, әліппе, ұстаз,ата-ана

2-жүргізуші : Ендеше ата-аналарымызға жұмбақ жасырайық.
Нұрәли:: Бір таяқша боп тұр, төбесінде доп тұр (І әрпі)
Құндыз : Қос бүйірін таянып, тұратұғын қай әріп (Ф әрпі)
Темирлан: Екі С күресті,бір-бірімен тіресті (Х әрпі)
Жансая:Кесе,шыны,пиала, Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейміз,бәрінің атын не дейміз.

(Ыдыс)

Абылай.: 42 жауынгер сап түзеп тұрады (алфавит)
Мадина:

Ата-аналарына гүл сыйлау.
Ана тілі: Жарайсыңдар балалар,мен енді сендермен таныстым Енді жаңа жылда кездесеміз. Сау болыңдар!
1-жүргізуші : Келесі тамашалайтындарыңыз Қажымәлік Линаның орындауында «Испан биін » қабыл алыңыздар.

Мұғалім: Өте жақсы балалар, ертеңгілігімізді «Қош,сүйікті әліппем» жазулары бар шарларды ұшыру арқылы қорытындылайық.

2-жүргізуші :Келесі сөз кезегі мектебіміздің директоры Н азигуль Батырханқызы Слямоваға және бірлестік жетекшісі Қанағатова Жайна Жолдыбайқызына береміз.
Мұғалім: Мінеки құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Сіздерді Әліппені табысты аяқтаумен құттықтаймын! Мен шәкірттеріме ризамын. Олардың осындай нәтижеге жетуіне ата-аналардың еңбегі зор.Барлықтарыңыз атсалысып қатысқандарыңызға рахмет.

Сондықтан да ризашылығымды білдіре отырып сөз кезегі ата-аналар комитеті атынан Жанайбекова Арайлым Сейдахметовнаға беріледі.


Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.

(Дариға тәте мен Тоты тәте шашу шашады).


Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті

Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына енгенім.
Жақсы кітап -Әліппе
Үйретеді әріпке,
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз,


Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне

балаңыз.


Оқу-білім

бұлағы,


Білім-өмір

шырағы.


Оқусыз білім жоқ,
Ә Әлімжанов атындағы орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі туралы
анықтама

Жалпы алғанда оқытудағы сабақтастық ұғымы педагогикалық әдебиетерде жүйелілік принципінің тармағы ретінде қарастырылады. Сондықтан 5-сыныптың орта буынға бейімделу жұмыстарын ұйымдастырудағы жағдайлар өте көп.

Қыркүйек айынан бастап 5сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері бұйрық арқылы бекітіледі.

Сөйтіп 5сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі қыркүйек айынан басталып кетті. Сабақтастыққа байланысты арнайы папка ашылды.5 сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып 5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі жайында сабақтастық жоспары жасалып, бекітілді.

Қыркүйек айынан бастап аптасына 1 рет сабақтарына қатысып жүрдім.

Оқушылар әр пән мұғалімдерімен жақсы қарым-қатынаста екені көрініп тұрды,яғни оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс орныққан.

Оқушылар әр сабақ сайын өздерін еркін ұстап,білгендерін баяндап,мұғалімді мұқият тыңдап,сабаққа белсен қатысып отырды.

Орыс тілі, қазақ тілі,әдебиет пәндерінен 5 сынып оқушысы Мұхаметқали Бақытбек қосымша жүргізуді талап етеді. қазақ тілі пәнінен ауызша жақсы, бірақ диктант тарда көп қателер жібереді. Әдебиеттен мазмұндау,әңгімелеу,яғни ауызша жақсы меңгерген,бірақ оқу техникасы төмендеу.

Әр сабақ сайын оқушылар гистограмма арқылы бағаланып отырды,яғни 75 сапа құрайды. Жалпы оқушылардың орта буынға бейімделу бағыты жаман емес.Әр пән мұғалімі өз оқыту тәсілдерін өзгертіп,жоғарғы сынып оқушыларының ықпалын кіші оқушыларға бағыттау формасын таңдаған.

Өткізілген жұмыстар барысында бастауыш сыныпты бітірген оқушылар 5-сыныпқа көшкенде,яғни жаңа жағдайға қалыптасуы ескерілген.

Былтырғы жылмен салыстырғанда білім сапасы өзгермеген. 4-сыныпта 75 пайыз берсе, биылғы жылы І тоқсанда 75 пайыз беріп отыр.


Ұсыныс:

1. Тест сұрақтары бойынша сабақтан тыс кездерінде

оқушылармен жұмыс жасау керек.

2. Қосымша хрестоматия әдебиеттерін пайдалану.



3 . А та-аналардың сабаққа қатысуын қадағалау;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет