Емтиханға қалай дайындалу керек?



Дата10.03.2017
өлшемі53,06 Kb.
#11161
Емтиханға қалай дайындалу керек? 

Қиын жағдайдан шығуда  асығыстық жасамай, өз алдыңа мақсаттан тыс жетістікке жетуде үлкен міндеттер қойма. Жағдайдың қиындауын күтпе.

Емтиханға даярлықты ертерек баста;

Егер күшің мен ойыңды жинақтау болса, алдымен ең оңайын есте сақтауға тырыс, сосын қиын материалдарды зерделеуге кіріс.

Шиеленісті, шаршағанды басатын жаттығуларды күн сайын жаса.

Егер көзің талса:

Емтиханға   дайындық кезінде көзге үлкен күш  түседі. Егер көзің талса ағзаңда шаршайды. Емтихан тапсырмаларын орындауға  күшің жетпеуі мүмкін. Көз демалу үшін кез келген екі жаттығуды жаса;

  1. жоғары төмен кезек – кезек қара (25 сек); оңға – солға (15 сек);

  2. көзбен өз аты – жөніңді жаз;

  3. алыста тұрған затқа қара (20 сек), сосын алдыңдағы қағазға (20 сек) кезекпен қара.

  4. көзбен квадрат, үшбұрыш сыз, алдымен сағат тілі бағытымен, кейін қарсы бағытта.

Күн  тәртібі:

Күнді үш бөлікке бөл:

8 сағат емтиханға дайындал;

Спортпен айналыс, таза ауада жүр, музыка тыңда;

8 сағаттан кем ұйықтама, түскі тамақтан кейін де ұйықтауға  болады.

Сабаққа дайындалатын уақыт таңғы 11.00 де және түстен кейін 16.00 де.

Осы аралықта оқыған материалдар есте сақтауға  тиімді уақыттар

Тамақтану:

3 – 4 рет витаминге бай, құнарлы тамақ ішу керек.

Грек жаңғағы, сүт тағамдары, ет, балық, көкөніс, жеміс, шоколад

тағамдарын пайдалан.

Сабаққа дайындалатын орын:

өз жұмыс кеңістігіңді дұрыс ұйымдастыр. Үстелге сары және сия тұсті

зат немесе сурет қой, бұл түстер интеллектуалдық белсенділікті

арттырады. Демалыс, үзіліс сәттерінде жасылкөгілдір түстердің

болғаны пайымдау жасағанда жақсы.

Материалды қалай есте сақтауға болады:

ең бірінші есіңе  түсіріп қысқаша бәрін жаз, негізгі оқиғаларды,

дәлелділердің дұрыстығын тексер.

Оқулықты оқи отырып, ең негізгі пікірлерді бөліп ал  - бұл жауаптың тірек

бөлімдері.

Жауаптың жоспарын құрып, жауабын кішкене қағаздарға жаз.

Есте сақтаудың тиімді түрлері:

Есте сақтаудың жетекші түріне сүйену керек. Көлемді және шағын

материалдармен жұмыс істегенде,  үлкенінен бастаған дұрыс.

Есте сақтаудың шоғырланған түрінен гөрі үлестірмелі түрі тиімдірек.

Бәріненде тиімдісі саналы түрде есте сақтау. Сондықтан материалды

ойланып, аздап оқу тиімді.

Бірнеше рет жай оқығаннан гөрі, есте сақтай отырып оқуға жіберген

уақыт тиімдірек.

Егер екі тапсырмамен жұмыс істесең, үлкенінен бастағаның дұрыс.

Ұйықтағанда адам есте сақтамаса да, ұмытпайды.

Жұмыс қабілетін сақтау шарттары:

Ой және дене еңбегін алмастыру керек;

Гимнастикалық жаттығулар жасағанда баспен тұру, тоңқалаң асу 

жаттығуларын көбірек жасау керек, бұл жаттығулар ми жасушаларына

қанның құйылуын күшейтеді.

Көзді сақтау керек, әр 20-30 минуттан соң үзіліс жасау керек. (кітаптан

көзді  алып, алысқа қарау керек).

Теледидар хабарларын неғұрлым аз қарау керек

Ойлау қабілетін қалай дамыту керек

Егер көп білгің келсе мұқият тыңдауды, дұрыс жауап беруді үйрен.

Ойлау қабілетің болмаса біліміңде болмайды.

Ойлау қабілетіңді дамытсаң санаңды біліммен толықтырасың.

Білім көзі болып кітап, мектеп, теледидар, адамдар болып табылады.

Олар заттар, құбылыстар, адамдар туралы ақпарат береді.

Ойлау қабілеті сұрақтардан басталады.

Неге? Қалай? Оларға сұрақ және жауап бере біл.

Ойлау қабілетін дамыту үшін затты, құбылысты жан – жақты тани,

көре білу керек, жаңалықты бірден байқа.

Заттардағы әр түрлі белгі, құбылыстардың арасын салыстыру, байқауда да ойлау

қабілеті керек.
Каталог: files -> work -> doc
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
doc -> Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтануды үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сабақтың түрі: әңгімелесу
doc -> №9 орта мектебі Келісемін Тәрбие ісі меңгерушісі
doc -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру
doc -> Ата аналар жиналысы 18. 05. 2015 жылы Қатысқаны: Қатыспағаны: Күн тәртібінде
doc -> Хаттама №2 «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті. 25. 12. 2014 ж. Жалпы оқушы саны – 24 Қатысқаны – 13 ата-ана Күн тәртібінде
doc -> Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ө


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет