Сабақтың тақырыбы: Жазда. Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері,жаз туралы түсініктерін тереңдету. Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу



Дата07.09.2020
өлшемі20,83 Kb.
#77529
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:Жазда. Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі:Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып, жыл мезгілдері ,жаз туралы түсініктерін тереңдету.Тәрбиелілігі:Табиғатты қорғауға,сүюге тәрбиелеу.   Дамытушылығы:Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе  білуге баулу. Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі. Әдісі:сұрақ-жауап, сөздік. Түрі:аралас Көрнекілігі:Жыл мезгілдерінің суреттері, жұмбақ.                                                                                Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. «Сақина салу»ойыны арқылы сабаққа қызығушылықтарын ояту. ІІ.Өткен сабақты қайталау. 1. «Ең шебер ісімер»мәтінінің мазмұнын айту. 2.Өз қолдарынан шыққан бұйымдарын к өрсетіп,әңгімелеу. 3.Еліміздегі атақты шеберлердің бұйымдарынан көрме ұйымдастыру. ІІІ. Жаңа сабақ. 1.Кіріспе әңгіме. а)Сурет бойынша әңгіме. -Суретте жылдың қай мезгіл ібейнеленген? -Жаз мезгіліне жататын айларды ата.Жазғы ойындар туралы не білесіңдер? ә )Метаграмма. Жасыл желек алабым, Жыл маусымы боламын. Бірінші әріп ауысса, Айдынға ұшып қонамын.                         (Жаз-Қаз) 2.Оқулықпен жұмыс.Өлеңді оқу. — Мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы. — Оқушылардың іштей оқуы. — Шумақтап екі жолдан оқуы. Сергіту сәті 3.Өлеңді  талдау. -Өлең неге «Жаз»деп аталды? -Жаз мезгілі несімен ерекше? -Өлеңде балалардың қандай әрекеті суреттелген? -Жаз айында   ойналатын ойындарды   ата. -«Аптап»  сөзін тағы қандай сөздермен алмастыруға болады? IV.Сабақты бекіту. 1)Жаз, жауын, жеміс-жидектер туралы жұмбақтар шешкізу. 2)Оқушыларды үш топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру. 1-топ: «Жарқын жаз»тақырбына сурет сал. 2-топ: «Жарқын жаз»тақырбына шағын әңгіме жаз. 3-топқа жұмбақтарды құрастыру немесе өлең шығаруды ұсынуға болады. V. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқу. VI. Бағалау.
Дерек көзі: https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/jazda-sabak/

Жыл мезгілдері: жаз, күз. Белгілері
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі: Экология негіздері
Мақсаты:
Білімділік: Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, монтессори технологиясын пайдалана отырып саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.
Сөздік жұмыс: тіршілік, егістік, шабындық
Билигвальді компонент: жыл мезгілдері – времена года, жаз – лето, күз – осень.
Көрнекі құралдар: жаз күз мезгілдерінің иллюстрациялық суреттері, жұмбақтар, жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, шығармашылық.
Сабақ түрі: аралас, дәстүрлі емес.
Қолданылатын технология: монтессори.

Сабақ барысы:
Психологиялық сәт:
- Балалар қараңдаршы бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.
- Сәлеметсіздер ме? (балалар амандасады)
Шаттық шеңбер:
- Қуанамын менде!
Қуанасын сенде!
Қуанайық достарым!
Арайлап атқан әр таңға!
- Балалар, табиғат дегеніміз не?
- Ол бізді қоршаған орта.
- Балалар табиғат нешеге бөлінеді, атап айтып беріңдерші?
- Екіге бөлінеді: тірі және өлі табиғат.
- Ендеше балалар, біз сендермен «Тірі және өлі табиғат» ойынын ойнайық.
- Бұл ойында мен тірі табиғатты айтқанда қол шапалақтайсыңдар, ал өлі табиғатты айтқанда аяқтарыңмен топылдатасыңдар. Дөңгеленіп тұрайық.
- Қарлығаш.(Қол шапалақтау)
- Тау.(Аяқпен топылдату)
- Ағаш. (Қол шапалақтау)
- Күн. (Аяқпен топылдату)
- Қоян. (Қол шапалақтау)
- Су. (Аяқпен топылдату)
- Балалар, біз сендермен жыл мезгілдері туралы әңгімелесеміз.
- Бәріміз орнымызға отырайық.
- Балалар мен сендерге жыл мезгілдері туралы жұмбақ өлең оқимын, ал
сендер өлеңде қай жыл мезгілі суреттелгенін тауып көріңдер.
- Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Жаз мезгілі.
Балаларға жаз мезгілі туралы сұрақтар қою.
- Балалар, жаз мезгілінің айларын қазақша және орысша кім атап айтып береді?
- Жансая: Маусым – июнь, шілде – июль, тамыз – август.
- Балалар, жазда қандай өзгерістер болады?
- Жазда күн ыстық болады, айнала жасыл желекке айналады, гүлдер өсіп, құстар сайрайды.
- Өте дұрыс балалар.
- Жаз мезгілі сендерге ұнай ма?
- Ұнайды.
- Жаз мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Балаларды қорғау күні, астана күні, конституция күні.
- Жаз мезгілі туралы кім тақпақ біледі?
- Сұлтан:
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше,
Алма теру көбейсін.
- Өте жақсы Сұлтан.
(Слайдтан жаз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Жазда күн ұзарып, түн қысқарады.
- Жаз мезгілінде диқандар егістікке шығады. Егістік дегеніміз – егін егетін жер.

Сөздік жұмыс: егістік - балалар қайталайды.
- Ал енді келесі жұмбақты жасырайын:
Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
- Күз. (Слайдтан күз мезгілінің суреті шығады, сурет арқылы әңгімелету)
- Ал күз айларын кім біледі?
- Нұрасыл: қыркүйек – сентябрь, қазан – октябрь, қараша – ноябрь.
- Күзде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
- Күзде көкөністер мен жемістер піседі, айнала алтын түске боялып, жапырақтар сарғаяды, егіншілер шабындықтан егін орып алады, адамдар да жан – жануарлар да қыстық азық – қоректерін жинайды.

- Сөздік жұмыс: шабындық - балалар қайталайды.
- Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
- Балалар тақпақ айтады.
- Балалар енді мен сендерге А. Құнанбаев атамыздың «Күз» өлеңін оқып берейін:
- Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
- Балалар сендер шаршап қалған шығарсыңдар, орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті:
Жел соғады бетіме,
Ағаштарды желпуде.
Жел тына қалғанда,
Ағаштар биік болып өседі!

- Ал енді балалар біз екі топқа бөлініп, түрлі түсті жіптерді пайдалана отырып, жыл мезгілдерін бейнелейміз. Ол үшін біз екі топқа бөлінеміз:
- 1 – ші топ «Жаз» тобы.
Мақсаты: Жаз мезгілінің бейнесін берілген көрнекілік құралдар арқылы бейнелеу, құрастыру.
- 2 – ші топ «Күз» тобы.
Мақсаты: Күз мезгілінің бейнесін берілген көрнекілік құралдар арқылы бейнелеу, құрастыру.

Музыка ақырындап ойнап тұрады.(Балалардың іс - әрекеті)
(Балалардың жұмыстарын талдап, бағалаймыз)

Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Ойын шарты: өсімдіктер мен жемістерді қайда өсетінін айтып, дұрыс орналастыра білу.
- Балалар ойын ойнайды.
Қорытынды: жаз және күз көріністерін қатар қойып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.
- Жаз мезгіліне тән белгілерді атап шығыңдар. Күз мезгіліне тән белгілерді атаңдар.
Үйге тапсырма:
- Ата – аналарыңның көмегімен «Күз» өлеңін жаттап келу.
Балаларды мақтап мадақтау:
- Бүгін сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
- Балаларға «жұлдызшаларды тарату».

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: топтағы балалармен пікір алмасуды, табиғатты бақылауды;
Түсінеді: жаз және күз мезгіліне тән белгілерді;
Қолданады: жаз және күз мезгіліндегі жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет