Оқуға құштар мектеп жобасының 1-жартыжылдығының есебі



Дата01.02.2023
өлшемі1 Mb.
#167085
Байланысты:
Оқуға құштар мектеп 1-жартыжылдықтың есебі


Оқуға құштар мектеп жобасының 1-жартыжылдығының есебі

Мақсаты:
●Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту;


● Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру.
●Талантты тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасында насихаттау.
●Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
●Жеке тұлғаны рухани жан-жақты болуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелей келе оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу. 

Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында


Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына байланысты эссе байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: халқымызға еңбегі сіңген ұлы тұлғаларымызды дәріптеу, ұстаздардың қоғамдағы рөлін көтеру, жастардың шығармашылық қабылетін арттыру және сауаттылық дәрежесін көтеру. Өз жұмыстарында студенттер ұстазға деген ыстық ықыластарын, ұстаздың мамандық таңдауға деген көмегін және олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қосқан үлестерін атап өткен.
Қыскаша түсінік:
Халықтың ғасырлар бойы игерген барлық жетістіктері жазу мұрасы арқылы танылады. Осы орайда, қазақ жазуы тарихында алғашқы түрен салушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынов есімін құрметпен еске аламыз.
Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атқа ие болған Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына сіңірген ұланғайыр еңбегі әр саладан көрінеді.Ол– ең бірінші, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсаған ағартушы, ең алғашқы «Әліппе» оқулығының авторы, екіншіден, қазақтың әлеуметтік өмірінің барлық саласына назар аударған ірі публицист, қоғам қайраткері, үшіншіден, өнер иесі – ақын, қазақтың тілін ғана емес, әдебиетін де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға. Байқау қортындысы бойынша оқушыларға мадақтама қағаздары берілді.

Аптаның сейсенбі мен бейсенбі күндері сыныптарда кітап оқу уақыты қойылды.


Оқушыларға жас ерекшеліктеріне қарай әр-түрлі кітаптар берілді.
5-6 сыныптар «Мен – апамның баласымын» және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»;

7-8 сыныптар «Ұшқан ұя» және «Гулливердің саяхаты»

9-10 сыныптар «Көшпенділер. Алмас қылыш», Есенберлин және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо

Кітап оқу сағаты бойынша 2-тоқсанның есебі:



  • 5А - 9 рет

  • 8А - 6 рет Гарри Поттер

  • 8В - 6 рет

  • 9С - 12 рет

  • 10А - 6 рет Айгүл Кемелбаева "Шашты" әңгімесі, Ғабит Мүсірепов "Ұлпан" романы,Абай Құнанбаев "Ескендір" поэмасы

  • 10В - 6 рет



5-сынып оқушылары Ыбырай Алтынсаринның мысалдарынан көріністер қойды.


7В сыныбы «Золушка», «Белоснежка» ертегілерінің желісінде сахналық қойылымдар көрсетті.









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет