ЭНДОКРИНОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХЫ Эндокринология (грек. endon – ішкі, krіno – бөліп шығарамын және logos – ілім) – эндокриндік бездердің құ-рылысы, қызметі, олар бөліп шығаратын өнімдер – гормондар, сондай-ақ осы бездердің қызметі бұзылуы салдарынан туатын аурулар туралы ғылым. Эндокринология ғыл. пән ретінде 19 ғ-дың 2-жартысында қалыптасты. 20 ғ-дың бас кезінде әр бездің организмнің дамуын, тіршілік әрекетін реттеу процестерінде маңызы бар екені ашылып және олардың өзара байланысы анықтала бастады. Мұнымен қатар эндокринді органдар қызметінің үдеп не кеміп кетуінен немесе олардың өзара байланысы, т.б. ауытқуларынан пайда болатын бірқатар аурулар жөнінде мәліметтер жиналды. Эндокринология-салыстырмалы түрде жас ғылым. Алғаш рет оған француз анатомисті және дәрігері Сильвий (1614-1672) бауыр, көкбауыр, бүйрек үсті бездерін жатқызған. Ішкі секреция безі туралы түсінік 1830 жылы тұжырымдалған. Иоганнес Питер Мюллер-неміс физиологы және натуралисті, Бонн университетінің анатомия профессоры, кейінірек Берлин университетінің анатомиялық театрының директоры. Ол ішкі секреция бездеріне көкбауыр, қалқанша без, тимус және бүйрек үсті бездері кіргізді. Кейінірек, 1855 жылы француз физиологы к. Бернард "ішкі секреция"ұғымын енгізді. Эндокринологияның бұдан кейінгі дамуы әр түрлі ішкі секреция бездері түзетін гормондарды бөліп алу бағытында жүріп, гормондық препараттарды эндокринді және бірқатар эндокринді емес ауруларды емдеуге пайдалануға мүмкіндік берді. Жануарлар эндокринді бездерінен гормондық препараттар алына бастады.
Эндокринологияның негізгі мәселелері ішінде жүйке жүйесі мен эндокринді жүйелердің өзара байланысын зерттеудің үлкен маңызы болды. Эндокринология деректерін зерттеу зоотехнология мен ветеринарияда да кең қолданыла бастады. Қазақстанда Эндокринология саласындағы зерттеулер 20 ғ. 30-жылдардың аяғында Алматы қаласында Республикалық бұғақ ауруын емдейтін диспансер ашылғаннан кейін басталды (1972 жылға дейін жұмыс істеді). А.Н. Сызғановтың жетекшілігімен ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, олар Алматы облысы тұрғындарының бұғақ ауруына шалдығу дәрежесін тексерді. Республикада ауыз су, топырақ пен тағам құрамындағы йод мөлшері анықталып, республиканың бірқатар облыстарында бұғақ ауруынан, тиреотоксикоздан сақтану шаралары жүргізілді. Бұғақ пен қант диабеті эпидемиологиясы зерттеліп, кәсіби аурулар (фосфордан улану, діріл ауруы) кезінде эндокриндік бездерде туатын өзгерістер анықталды. Аяқ гангренасына ұшырататын қант диабетінің ерекшеліктері анықталып, оны емдеу әдістері ұсынылды. Қант диабетін түрлі дәрі-дәрмектермен емдеу нәтижесі айқындалды. Қалқанша без аурулары, сондай-ақ қант диабетімен бірлескен аурулар зерттелуде. Эндокриндік аурулары бар науқастарды емдеуге арналған тиімді препараттардың пайда болуы адамдардың өмір сүру ұзақтығын және осы аурулардан сақтану жолдарын анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен, тиреостатиктердің арқасында тиреотоксикозбен ауыратын науқастарды тиімді емдеу мүмкіндігі пайда болды, ал синтетикалық левотироксин препаратын қолдану гипотиреозбен ауыратын науқастарды емдеуде нәтижеге қол жеткізуге ықпал етті. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!