Реферат тақырыбы : Эндокриндң бездердің жалпы сипаттамасы Қабылдаған: Шайменовна Шолпан Орындаған



Pdf көрінісі
Дата24.04.2023
өлшемі207,22 Kb.
#175244
түріРеферат
Байланысты:
Әдемі эндокринді бездер



«
ҚАРАҒАНДЫ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«
Морфология и Физиология кафедрасы
» 
РЕФЕРАТ
Тақырыбы
:
Эндокриндң бездердің жалпы сипаттамасы
Қабылдаған:
Шайменовна Шолпан 
Орындаған:
Абдирасил Әдемі Асқарқызы 
Топ:
1-008 жалпы медицина 
Қарағанды 2022ж.


 
 
Жоспар: 
I . Кіріспе бөлім 
 
II . Негізгі бөлім 
 
 
1)
 
Эндокриндік бездер.
 
2)
 
Олардың физиологиясы 
 
 
III. Қорытынды 
 
IV
 
. Пайдаланатылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 


 
1
. Эндокриндік бездер физиологиясы 
Эндокриндік бездердің (гректің endon — ішкі, сrіnео — бөлемін немесе 
шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа 
капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы 
тамырларға өтеді. 
Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы 
ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Бұл 
бағыттағы ғылыми зерттеулердің негізін А.Бертольд салды. Ол еркек 
жануарлардың жыныс бездерін сылып алып тастағанда негізгі және 
қосымша жыныс белгілерінің өзгеріп, ал бұл безді қайтадан денесіне 
орнатқанда, оның жағдайы айтарлықтай жақсаратынын анықтады. 
Кейін, әсіресе осы ғасырдың 50-90 жылдары эндокриндік жүйенің 
физологиясы мен патологиясы бойынша көптеген тәжірибелік және 
клиникалық мағлұматгар жиналды. Оған қоса гормондардың химиялық 
табиғаты анықталып, әсер ету тетіктері ашылды. 
Кейбір зерттеушілер бұл бездердің организм қызметін реттеудегі орнын 
шектен тыс көтерген, тіпті оларды жеке автономды реттеуші жүйеге 
жатқызған. Эндокриндік бездер жүйесін орталық жүйке жүйесінен жоғары 
құрылым ретінде, ағзалар мен олардың жүйелерінің, соның ішінде 
орталық жүйке жүйесінің де негізгі реттеушісі ретінде қарастырған. 
Шын мәнісінде олай болмай шықты. Негізгі ғылыми мәліметтерге 
қарағанда, ішкі сөлініс бездерімен олардың әртүрлі гормондарының әсері 
организмнің қызметін жүйелік гуморальдық реттеу жүйесінің бір ғана 
бөлімі болып шықты. Бұл реттеу жолының негізгісі — жүйке жүйесі. 
Өйткені ол көп тарапты, арнайы маманданған және әр бөлімінің өз орны, 
маңызы бар жүйеге жатады. Оның рефлекстік доғасының барлық 
бөлімдерінің жоғары дәрежедегі қозғыштығы, жүйке серпіністерінің 


жылдамдығы мен анық бағытталуы т. б. морфоәрекеттік ерекшеліктері 
бұған дәлел. 
Қазіргі кезде эндокриндік бездердің секрециялық қызметіне орталық 
жүйке жүйесінің барлық бөлімдерінің әсері (ми сыңарларының 
қыртыстары, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. бөлімдері) әр дәрежеде 
зерттеліп анықталып отыр. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын 
алады. 
Гипофизбен гипоталамустың арасындағы жүйкелік-гуморальдық 
байланыс екеуінің атқаратын қызметтерінің бір екенін дәлелдейді. 
Гипоталамустық супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар 
аксондары гипофиз аяқшалары арқылы оның артқы бөліміне өтеді. 
Гипоталамустың аталған ядролары нейросекрециялық қызмет атқарады, 
яғни олар түрлі нейросекрециялық гормон тәріздес заттар түзеді. Олардың 
жүйке талшықтары арқылы бөлінетіндігі нейрогистологиялық, 
физиологиялық және биохимиялық әдістермен дәлелденген. 
Нейрогипофиздің гормондары белок — нейрофизинмен қосылыста болып, 
қанға өткенде бұл байланыстан босайды. 
Гипоталамустың түзетін заттары гормон емес, прогормон болып саналады. 
Гипофиздің артқы бөлімінде олар әбден жетіліп гормонға айналады, яғни 
гипофиздің артқы бөлімі мен гипоталамус біртұтас құрылымдық және 
әрекеттік құрылым болып саналады. Гипофиздің алдыңғы және ортаңғы 
бөлімдері гипоталамуспен қан тамырлары арқылы, яғни гуморалды 
жолмен байланысады. Виллизи шеңберінен тарайтын жоғарғы гипофиз 
артериясы алдымен ілмектер мен түйіндерден тұратын алғашқы 
капиллярлы торды түзеді. Бұл торға гипоталамустың нейросекрециялық 
жасушалары келіп, ұштары нейрокапиллярлық түйіспелер түзетін 
жүйкелік тор жасайды. 
Бұл түйіспелер арқылы қанға нейросекрециялық (стимуляторлар) әсер 
етушілер шығады. 


Қан капиллярлары 10-20-дан қуыс вена тамырларына құйылады. Олар 
гипофиз сабағы арқылы оның алдыңғы бөліміне өтіп, екінші капилляр 
торын құрады. Соның арқасында гуморальдық стимуляторлар без 
тіндеріне тікелей әсер етуге мүмкіндік алады. 
Гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларынан гипофиздің алдыңғы 
бөліміне босатушы факторлар (ағыл. release — фактор) (кортикотропин 
босатушы, тиротропин босатушы, фолликулотропин босатушы, 
соматотропин босатушы, лютеотропин) өтеді. Олар соматотропин, АКТГ, 
ГТГ, ТТГ т.б. осы сияқты аденогипофиз гормондарының пайда болып 
бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі. Мұнда жүйкелік реттеу эндокриндік 
реттеуге ауысады. Гипоталамус ядроларының нейрондары бөліп 
шығаратын нейропептидтер либерин және статин деп аталады. 
Соңғы кездегі химиялық зерттеулердің нәтижесінде гипоталамуста 
полипептидтерден құралған бірсыпыра биологаялық белсенді заттар 
түзілетіні анықталды. Олардың әр қайсысы гипофиздің алдыңғы және 
аралық бөлімдерінде белгілі бір гормонның түзілу жылдамдығына әсер 
етеді. Либерин (лат. liber — бос деген мағынада) босатушы, күшейтуші, ал 
статин — тоқтатушы, тежеуші (ағыл. state — тежеу) факторлар. Қазіргі 
кезде 7 либерин мен 3 статин анықталып отыр. 
Либериндер тобына кортиколиберин, тиролиберин, люлиберин, 
фоллилиберин, соматолиберин, меланолиберин және пролактолиберин 
жатады. 
Сәйкес үш гормондардың шығуын тежейтін статиндер тобына 
соматостатин, меланостатин және пролактостатин жатады. Түрлі 
либериндер мен статиндердің сөлініссы өздеріне сәйкес қандағы 
гормондарға байланысты және гормондар реттейтін үрдістердің сипаты 
мен түріне байланысты. 


Орталық жүйке жүйесінің ішкі сөлініс бездерге әсері вегетативтік жүйке 
жүйесінің талшықтары мен гипоталамус — гипофиз жүйесі арқылы іске 
асады. 
Бұл әрекеттік жүйенің болуы да тұтасқан екі реттеу тетіктері — жүйкелік 
және гуморальдық тетіктер бар екенін дәлелдейді. Ішкі сөлініс бездерінде 
кең көлемде өзін-өзі реттеу үрдісі жүреді, қызметтердың өзін-өзі реттеуі 
осы екі реттеуші тетіктерінің қызметінің үйлесімділігіне байланысты. 
Гормондардың түзіліп, қанға өтуінің маңызды себептері — реттелетін 
жүйелермен үрдістердің өзіндік қалпы болып келеді. 
Мысалы, қандағы кальцийдің (Са
2+
) өзгеруі қалқанша және қалқансерік 
бездерінің гормондарының шығуын реттейді. Ал қандағы қанттың 
мөлшері ұйқы безінің инсулинді және бірқатар инсулинге қарсы 
гормондарды шығаруға әсер етеді. Тироксин, глюкокортикоидтар 
мөлшеріне лайық гипофиздің троптық гармондары түзіледі. 
Сонымен бездер мен олар реттеуге қатысатын ағзалар қызметі арасында 
екі жақты — тура және кері байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші 
тек қана реттелетін үрдістерге әсер етіп қоймай, ондағы өзгерістер 
бездердің қызметіне әсер етеді. Өзіндік реттелуде қан тамырларының 
қабырғасында, тіндерде және гипоталамустың өзінде орналасқан арнайы 
рецепторлардың маңызы күшті. Гипоталамуста баро-, термо-, хемо-, 
осмо- және глюко-рецепторлар орналасатыны анықталды. Олар 
гомеостаздың түрлі өзгерістерін сезгіш келеді. Тіпті гормондар 
мөлшерлерінің өзгерістерін сезетін рецепторлары да бар деген болжамдар 
да кездеседі. 
Түрлі рецепторлар мен сөліністік жүйкелердің гипоталамуспен 
байланыстығының барлық бездерде болуы олардың қызметінің рефлексті 
түрде өзіндік реттелуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Na
+
мөлшерінің артуы 
альдостеронның бөлінуін рефлекс арқылы тежейді, сөйтіп артық Na
+
несеп 
құрамында сыртқа шығарылады. 


Қолданылған әдебиеттер: 
1.А. Н. Кабанов. Физиология человека и животных. Москва, 1963г 
2.Аубакирова,Құлжанова, Джангозина: Адам жануарлар физилолги 
ясының үлкен практикумынаарналған оқу құралы. 
3.И. Төленбек. Нерв жүйесінің физиологиясы., 
4.Адам мен жануарлар физиологиясы . АлматыБілім. 2002ж 5.Сәтбаев, 
Нілдібаева, Өтепбергенов: Адам физиологиясы. 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет