Энергетикалық жүйелер Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы: Үшфазалы трансформаторлардың параллельді жұмысы қабылдаған: эж каф оқытушы Магауин Б. К. (қолы) Орындаған: ээ-21-3 т ст. Марлан Е. А қарағанды 2023 Трансформаторлардын параллельді жұмысы



бет1/3
Дата19.02.2023
өлшемі248,97 Kb.
#169358
  1   2   3
Байланысты:
элмаш3 (1)
SOR Biologia EMN 10 klass rus docx 2

«Әбілқас Сағынов Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ

Кафедра: Энергетикалық жүйелер


Зертханалық жұмыс №3


Тақырыбы: ҮШФАЗАЛЫ ТРАНСФОРМАТОРЛАРДЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЖҰМЫСЫ
Қабылдаған:
ЭЖ.каф. оқытушы
Магауин Б.К.
________________________
(қолы)
Орындаған:
ЭЭ-21-3 т.ст.
Марлан Е.А

Қарағанды 2023


Трансформаторлардын параллельді жұмысы
Бірнеше трансформатордың параллельді жұмысы деп-олардың екінші орамына жалпы жүктеме жалғануын,ал бірінші орамдар бір желіге жалғануын айтады.
Трансформатор орамдарының жалғану тобы келесі шарттардан таңдап алынады,олар:
- электр желілеріндегі жоғары тербелістердің пайда болуына қарсы тұру керек;
- екінші орамда жүктеме симметриялы емес болған кезде бірінші орамның фазалар арасындағы жүктемені теңестіруі қажет;
- төртсымды желіні қуаттаған жағдайда қысқаша тұйықталудың нөлдік тізбегінің кедергісін шектеуі керек.
.Бірінші және екінші шарттар орындалуы үшін траснформатордың бір орамын жұлдызшамен,екіншісін үшбұрыш жалғайды.
Параллельді қосылған трансформатордың қалыпты жұмысы үшін келесі үш шарт сақталу керек:



  1. Трансформатордың жалғану топтары бірдей болу қажет.

Бұл шарт орындалмаған жағдайда траснформаторлардың екінші сызықты кернеулері бір біріне қатысты фаза бойынша ығысады,сонымен трансформатор тізбегінде әртүрлі кернеу ΔU пайда болады,соның әсерінен теңестіру тогы пайда болады.Егер трансформация коэффициенті бірдей екі трансформаторды параллельді жұмысқа қосса,бірақ оның біреуі нөлдік (Y/Y – 0),ал екіншісі он бірлік(Y/Δ - 11) жалғану топтарына жатса,онда бірінші трансформатордың сызықты кернеуі U21 Екінші траснформатордың кернеуінен U211 √3 есеге көп болады. Одан бөлек осы кернеулердің векторы бір біріне қатысты фаза бойынша 30° бұрышқа ығысады.Бұл шарттарда траснформатордың екінші тізбегінде әртүрлі кернеу ∆U пайда болады. Егер айырмашылықты кернеулер∆U = U2. Мұндай айырмашылықты кернеудің пайда болуы екінші трансформатор тізбегінде теңестіру тогының туындауына әкеп соғады ,бұл тұрақты ток жүктемесінен 15-20 есе көп,яғни апатты жағдай туындайды. ∆U өлшемі ұлғаяды , егер трансформаторлар нөлдік және алтылық жалғау топтарына жатса(∆U = 2U2).



  1. Трансформаторлардың бірінші және екінші номиналды кернеулері сәйкесінше тең болуы керек.

Бұл шарт сақталса параллель жалғанған трансформаторлардың арасында тіпті бос жүріс кезінде де теңестіру тогы пайда болады Трансформаторларды жүктеу кезінде теңестіру тогы жүктелгенге жиналады..Сонда екілік бос жүріс жоғары кернеулі трансформация коэффициенті аз трансформатор артық жүктеледі де, ал трансформация коэффициенті жоғары бірақ тең қуатты трансформатор аз жүктеледі.Трансформаторларды артық жүктеуге болмайтындықтан,жалпы жүктемені азайту керек және трансформация коэффициенттерінде біршама айырмашылық болса трансформатордың қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Бірақ ГОСТ трансқформация коэффициентерінде айырмашылық ± 0,5 % дан аспаса ГОСТ трансформация коэффициентері әртүрлі трансформаторды параллель жалғауға рұқсат етеді.



  1. Қысқаша тұйықталу кернеулері олардың орташа арифметикалық мәнінен дан артық көп болмауы қажет



Үшінші шарттың сақталмауы трансформаторлардың арасында жалпы жүктеменің олардың номиналды қуатына пропорционал емес таралуына әкеледі .
Сонымен қатар параллель жұмысқа қоспай тұрып фазалардың кезектесу ретін тексеру керек,барлық траснформаторда бірдей болуы қажет.
Параллель жұмысқа жалғанған трансформаторлардың жалпы жүктемесі S бұл трансформаторлардың суммарлы номиналды қуатынан аспауы қажет: S < Sном х.
Трансформаторлық қосалқы станцияларды екі немесе одан да көп параллель жұмыс істейтін қажеттілігі мына себептерде байланысты:
1) апат болып қалғанда немесе трансформаторды жөндеуге шығарған кезде тұтынышыларды энергиямен қамтамасыз ету қорын жасау қажет;
2) қосалқы станциялардын жүктемесі азайған кезендерде оларда болатын шығындарды азайту мақсатына параллель жұмыс істеп тұрған трансформаторлардың бір бөлігін ажыратып қою қажеттігі.
Трансформаторлардын параллель жұмыс істеуші ең жақсы жағдайда өту үшін қосалқы станциянын жалпы жүктемесі параллель жұмыс істеп тұрған трансформаторлар арасында олардын номинал қуаттарына пропорционал бөліну керек. Бұл үшін параллель жұмыс істеп тұрған трансформаторларда мына шарттар орындалу керек:
1) Орамалардын жалғану топтары бірдей болуы;
2) Бірінші және екінші реттік номинал кернеулері тең болуы (U1I = U1II = U1III = …, U2I = U2II = U2III = …), яғни трансформация коэффициенттер тең болуы (kI = kII = kIII = …);
3) Қысқа тұйықтау кернеулер тең болуы (uKI = uKII = uKIII = …);
4) Трансформаторлардын монтаждан не күрделі жөндеуден өткен кейін бірінші рет қосатын алдында фазаларын кезегін тексеру керек (фазировка жасау керек).

Сүр.3.5 Үш фазалы трансформаторлардын паралель жұмыс істеу сұлбасы

Бірінші,екінші шарт орындалған жағдайда бос жүріс ережесінде параллель жұмыс істеп тұрған трансформаторлардын фазаларының екінші реттік кернеулерінің шамалары да, фазалары да тең болады. Сол себептен екінші реттік орамаларда жүктеме жоқ кезде трансформаторларды ортақ шиналарға қоссақ, онда бұл орамалдарда ешқандай ток пайда болмайды. Бұл шарттар бұзылған жағдайда бос жүріс кезінің өзінде де теңгерме тоғы Iт пайда болады. Бұл ток екінші реттік орамалардан құрылған тұйықталған контурмен ағады (сур. 3.5). Теңгерме ток бірінші реттік жағынада трансформацияланады. Теңестіру токтары апатқа әкеліп соқтырмаған жағдайың өзінде трансформатор жүктелген кезде жүктеме тоқпен қосылып трансформаторды әрқалай жүктейді де, ондаған шығындарды өсіріп, қызуын арттырды.


Үшінші шарт орындалған жағдайда трансформаторлардың жүктемелері біркелкі бөлінеді.Егер де параллель істеп жатқан трансформаторлардың қысқа тұйықталу кернеулері бірдей болмаса, онда uK -сы аз трансформаторлар артық жүктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет