Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді



бет1/2
Дата27.11.2019
өлшемі396,54 Kb.
#52553
  1   2
Байланысты:
ылғал сүйгіш өсімдік

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас секілді өсімдіктер ылғалы жеткілікті топырақта өседі.
Бұл өсімдіктердің Топырақтың өне бойында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген, жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады. Артық суды сыртқа буландырған кезде ол қақпақтар ашылады. Артық су буланған соң жабылады әрі өсімдік тыныс алады және булануды реттейді. Бұл сияқты өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер дейді.

Ылғал сүйгіш өсімдіктер

Тамыры онша ұзын емес, шашақты

1

Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға бейімделген

2

Жапырақтарында қақпақты саңылау болады

3

Артық су буланған соң саңылау жыбылады,

4

осылай өсімдік булануды реттейді

Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:



  • Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған кезде бұл өсімдіктер тез қурап

кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица) және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдері судың бетіне шығарады (кейде тозаңдану су астында да жүреді)да, тозаңданған сон қайта суға көміледі. Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң).

  • Гидрофиттер - су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған, аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар эпидермис те дамыған.

  • Гигрофиттер - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар. Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге папирус, күріш және т.б. жатады.

  • Мезофиттер (гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері. Бүларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.

  • Ксерофиттер (гр. xeros - қүрғақ) - құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер суккулентптер мен склерофиттер болып бөлінеді:

    • Суккуленттер (лат. sukkulentus - жуан, шырынды) - ылғалы тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (сабағы - кактус, сүттіген, жапырағы - алоэагава). Кейбір кактустар сабағында 1000-3000 кг суды сақтай алады.

    • Склерофиттер (гр. skleros - қатты) - жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. Суккуленттерден айырмашылығы, склерофиттер ылғал қорын жинамайды, керісінше оларда белсенді булану жүреді.Склерофиттерге шөл, жартылай шөл, дала өсімдіктері (сексеуіл, жаңғақ, жусан, ақселеу) жатады. Әдетте олар аласа, бірақ тамыр жүйелері жақсы дамыған болады. Жапырақтары көбіне майда, қүрғақ, қабыршақты, тікенді немесе қатты тарамдалған, түкті болып келеді.

Суық және ылғалды аймақтарда өсетін өсімдіктерді психрофиттер (гр. psychros - салқын, мұздай), ал суық және қүрғақ жерде өсетін өсімдіктерді - криофиттер (гр. kryos - аяз,мұз) деп атайды. Ал жылжымалы қүмды жерде өсетін өсімдіктерді псаммофиттер деп атайды. Мүндай өгсімдіктердің өз ерекшеліктері бар. Бүталы және ағашты псаммофиттердің қүмға көмілген күшті қосалқы тамырлары бар. Шөптесін өсімдіктер ұзын, тез өсетін жер асты өркендерін түзеді (құм қоғасы). Псаммофиттердің көпшілігі - эфемерлер, яғни даму циклы қысқа (2-6 аптадан 5-6 айға дейін) біржылдық өсімдіктер. Тасты, жартасты жерде өсетін өсімдіктерді (балдырлар, қыналар, мүктер және кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер - папоротниктер, бетеге, қоңыраугүл, арша,қарағай) петрофиттер деп атайды.


Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.


Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.

Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.

Бақбақ (лат. Taraxacum) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.[1]

Емдік қасиеті


Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадіртұтып, сүйіспенші- лікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Гре- цияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар « писанли » ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латын- ша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөніс- тердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― глико- зид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, аш- қылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.

[2]



Беде [1](Тrіfolіum) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Солт. жарты шардың қоңыржай белдеулерінде, сирек Оңт. Америка мен тропиктік Африкада кездесетін 200-ге жуық түрі белгілі. Республиканың барлық жерінде, шалғындықтарда, ойпаң жерлерде, өзенжол бойларында, тау бөктерлерінде өседі. Жиі тараған түрі – қызылбас беде (Т. pratense). Оның биікт. 15 – 50 см-дей, сабағы жұмыр, тамыры жуан болады. Жапырағы күрделі, 5 – 9 жапырақшалары бар. Гүлі ұсақ қызыл, қызғылт, сары не ақ түсті, шар тәрізді домалақ немесе сопақша келген шашақ гүлшоғырға топталған. Жемісі – бұршақ, оның 1 – 2, кейде 3 – 6 дәні бар. Мамыр – тамыз айларында гүлдейді. Б-ні таза күйінде немесе еркек шөппенбидайықпен, тарғақшөппен қосып себеді. Бұл жағдайда ол мол өнім береді әрі мал сүйсініп жейді. Б-нің құрамында протеин, каротинвитамин, азотсыз заттар, клетчаткамайкүл және фосфор көп болады, жылына 3 – 4 рет орылады. Б-нің топырақтың сортаңданбауына, эрозияға қарсы күресте тигізетін әсері зор, сонымен қатар гүлдеген кезінде одан жақсы бал жиналады.[2]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет