Қазақ тілін мамандықҚа сәйкес оқытудағы инновациялық технологияның тиімділігі



бет1/2
Дата08.05.2020
өлшемі70 Kb.
#66627
  1   2
Байланысты:
Абдуллаева А.Түркістан қ.


ҚАЗАҚ ТІЛІН МАМАНДЫҚҚА СӘЙКЕС ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Абдуллаева Айнагүл Әбдіхалыққызы ф.ғ.магистрі

Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Түркістан қаласы

+77476388376; ajnagul.abdullaeva.1976@mail.ru


Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Осы міндеттерді іске асыру мақсатында білім беру саласы қызметкерлерінен оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын, сондай-ақ қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын педагог-зерттеуші оқытушы болуын қажет етіп отыр.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін кеңейту мен дамытуда оның ғылымды, өндірісте, елдің халықаралық байланыстарында қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ мамандығымен де байланысты екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары әдіскер-ғалымдар қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертумен қатар, тілді мамандыққа қатысты оқытудың ұтымды жақтарын саралап көрсетіп отыр: тіл үйренушілер қазақ тілін кәсіби қатынас құралы ретінде қолдана алады; кәсібіне байланысты жинаған сөздік қорды жұмыс орнында пайдаланып, өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу дағдысы қалыптасады; қазақ тілінің танымдық қызметінің маңызы арта түседі; қазақ халқының рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту негізінде тіл үйренушілер қазақстан тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, халықтың салт-дәстүрімен танысып, білімдерін молайтады; күнделікті қызмет бабында ресми-іскери сөйлесуге тән тұлғаларды меңгеріп, мамандыққа қатысты іс қағаздарын жазуды үйренеді; болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуына, өсуіне және дамуына өз мамандығын саналы сезінуіне мүмкіндік туады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыруға үлкен мән беріліп отыр. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі.

Елбасының жолдауында «Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет» дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз[1].

Қазіргі таңда 80-нен астам педагогикалық технологиялар қолданылып жүр. Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен «инновация», «технология» ұғымдарына тоқталған жөн.

«Инновация» термині латын тілінен алынған, ол «жаңару», «жаңалық», «өзгеру» дегенді білдіреді. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада жаңа саласы, жаңашылдық ғылым пайда болып, ал 50-жылы педагогикалық инновация қалыптасты [2].

Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдау және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.

Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңғырту кестесін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі; модульдік түрі; жүйелі түрі.

Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорына ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық енгізу» деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды.

Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, үдерістерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.

Қазір «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде тіл үйренушінің дербес қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері: тіл үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту; оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру; мұнда тіл үйренушінің дербес қабілетін дамытуға көмек беру;

тіл үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі; көрнекі құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезімін жоғарлату болып табылады.

Осы тұрғыдан алғанда мамандыққа сай қазақ тілін сапалы оқыту – қазіргі уақыт сұранысының туындап отырған өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.

Мамандардың пікірінше, мамандығына сәйкес қазақ тілін оқыту студенттердің таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген кәсіби мүмкіндігі мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді. Студенттерге қазақ тілін оқыту болашақ мамандардың кәсіби даярлығы мен дағдыларын қалыптастыруда атқаратын ролі ерекше.

Инновациялық технологиялар жоғары оқу орнында тілдік білім сапасын арттырып, қарым-қатынаста еркін қолдана алу мүмкіндіктеріне жол ашады: әр сабақта қазақ тілін игертуге қатысты интерактивті әдістерін қолдану; әр студенттің психологиялық ерекшеліктерін ескеру, қазақ тілді үйренуге деген ынтасы, зейіні, қызығушылығына көңіл аудару; міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу; инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, жоғары оқу орын жағдайына бейімдейді.

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары жақсы нәтижелерімен белгілі бола бастаған жаңа педагогикалық технологиялар баршылық. Соның ішінде төмендегілерді атап айтқымыз келеді:

- дамыта оқыту;

- деңгейлеп оқыту технологиясы;

- модульдік оқыту;

- проблемалық оқыту;

- қатысымдық технологиясы;

- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

- сатылай комплексті талдау;

- жобалау технологиясы;

- тірек сигналдары технологиясы;

- саралап даралап оқыту.

Тіл үйрету жұмысы - өте күрделі үдеріс. Студенттер қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым-түсінігі кеңейеді. Сондықтан да оқытушы әр студенттің қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі керек. Жоғарыда аталған инновациялық технологиялардың ішінде тіл үйретуде қайсысы тиімдірек екендігіне тоқталсақ. Қазіргі таңда қазақ тілін үйретуде оқытушылар жаңа инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Қазіргі жаңа технологиялардың алдына қоятын мақсаты – тіл үйренушілердің дербес ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетінше ізденуін, шығармашылығын арттыруды көздейді.

Қазіргі таңда тілді оқытуда тиімді әдіс – қатысымдық технологиясы. Себебі, қатысымдық әдіс бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған заман талабына жауап бере алады. Қатысымдық оқытудың нәтижесі – тілдік қатынас. Тілдік қатынас дегеніміз адамдардың бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі, тіл арқылы тілдік қатынас жасауы деген сөз. Осы тілдік қатынас бойынша қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты ерекшеліктерін анықтауда тиімді әдістемесін зерттеп, ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Оразбаеваға пікіріне жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі» дей келе, қатысымдық әдістің негізгі мәні оның ұстанымдарын айқындаумен байланысты деген тұжырымын талдап, қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысым әдісінің алты түрлі ұстанымның ішіндегі ең басты ұстанымы – тіке байланыс ұстанымы деп көрсетеді. Тіке байланыс болмаса , сөйлесім әрекеті де іске аспайды деген қорытынды жасайды [3:8].

Берілген анықтамадан көріп отырғанымыздай, тілдік қатынас – тек сөйлеу тілі арқылы тілдесу ғана емес, сондай-ақ ол жалпы адамзатқа, қоғамға қызмет ететін, оны қоғамның өзі тудырған, оның әлеуметтік қажеттігін өтейтін күрделі құбылыс.

Сөйлеу үшін оқушы тілдік көрсеткіштер мен сөйлеуде жұмсалатын тұлғалардың тіркесу заңдылықтарын білуі, тілдік құралдарды қолданудың амал-тәсілдерін меңгеруі қажет. Сөйлеу кезінде тілдік тұлғалардан бұрын қатысымдық тұлғаларға, әсіресе олардың байланысу, қолданылу жолдарына, амалдарына ерекше назар аударылады. Мұнда тілдің кіші, үлкен, дара, күрделі бөлшектерінің бәрі бір ортақ мақсатқа – сөйлей білуге, айтар ойды жеткізуге жұмсалады. Сөйтіп адамдардың тілдік қарым-қатынасы жүзеге асады, сөйлесім, тілдесім өз нәтижесін береді.

Қорыта келе, қатысымдық технологияны қолданудың тиімділігі, алдымен тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни тікелей қатынас жиі болса, сөйлесім әрекеті де ұтымды жүзеге асатындығы, сөйлеуді үйрету барысында қатаң талаппен сұрыпталған лексикалық, фонетикалық, грамматикалық минимумдар мен сөздік материалдар алынатындығы болып отыр.

Оқытудың жаңа технологияларының бірі – модульдік оқыту технологиясы. Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Модульдік оқыту – студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек қана ақпаратты игеру емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады. Оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу, яғни оқу пәнін ірі тарауларға бөліп, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі мен ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін қарастырады. Модульде оқу уақытының басым бөлігі студенттердің өз бетімен жұмыс ісеуіне жұмсалады. Алған білімдері күнделікті бақылау, тексеру әдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау жүргізіледі [4].

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес оқыту әдістемесі бойынша ғалым Р.Ә.Шаханова өзінің еңбегінде: «Студенттердің мемлекеттік тілді тиімді игерудің басты факторы – оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-әдістемелік материалдарды модульдік оқу жүйесімен берудің ұтымдылығын дәлелдеп, модульдік жүйеге негізделген электронды оқулықтар тіл үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне тиімді» - екенін айтады [5].

Қазақ тілін тіл үйренушілерге оқытуда модульдік технология элементтерін қолданудың тиімділігіне тоқталсақ: біріншіден, білім деңгейі әр түрлі студенттермен жеке тұлғалық жұмыс ұйымдастыру жүйесін жүргізуге бағытталады; екіншіден, оқу үрдісінде студент әр деңгейлі жұмыстарды таңдауда, бағаланатын тапсырмаларда айқындауда, жоғары ұпаймен бағаланатын күрделі тапсырмаларды орындауға, қорытынды бақылау тапсырмаларына алдын ала дайындалуға мүмкіндік алады; үшіншіден, технологиялық картада күрделі тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігі жоғарлайды.

Модульдік технология жаңа және қалыптасқан дәстүрлі әдістерді сабақтастырып қолдануымен қызықты әрі тиімді.

Қазақ тілін мамандыққа сай оқытуда тиімді жаңа технологиялардың бірі- деңгейлік оқыту. Деңгейлік оқытудың басты ерекшелігі – білім беру, оқыту, үйрету үдерісін топтап, жіктеп бөледі. Білім беру, дағды мен білік қалыптастыру классикалық әдіс негізінде болса, инновациялық әдісте керісінше алдымен дағды мен біліктілік, соңынан білімін жинақтау ұстанымын алға шығарады. Әрбір деңгейге арналған лексика – грамматикалық минимумы болады, үйренуші әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, ондағы оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделеніп отырады. Деңгейлік оқыту бойынша әрбір деңгейдің өз әдістемелік мақсаты, әрбір деңгейдің тілдік, әлеуметтік лингвистикалық және дискурсивтік қызметі болады.

Соңғы 5-6 жыл көлемінде тіл үйренушілердің жаңа топтары пайда болды, тілді оқытудың және үйренудің жүйесі өзгерді, бұрынғы оқыту процесіндегі субьект үйренуші және белсенді үйренуші қалыптаса бастады.

Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік қолданыстардағы сөздерді күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайларында пайдалана білуден бастап, белсенді үйренушіге дейін қалыптастыру болып табылады. Осы негізде тілдік кәсіби біліктілікті үйрету бағытында жүйе қолданылып келеді.

Әсіресе тіл үйренушілерді оқытуда деңгейлік оқыту технологияны қолданудың тиімділігі әрбір деңгейге арналған лексика – грамматикалық минимумы болады, үйренуші әрбір деңгейдегі білімін өзі бақылайды, ондағы оқу материалдары бір деңгейден екінші деңгейге қарай күрделеніп отырады.

Тілді жылдам әрі сапалы меңгертуде, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге қатысымдық технологиясы арқылы ғана қол жеткізуге болатындығы бүгінде дәлелденіп отыр. Дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Тілді меңгертуде тиімді саналатын жаңа технологияның бірі – тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы. Сабақтың қатысты материалдар ірі мөлшерде енгізіліп, блоктарға бөлінеді. Оқу материалы тірек схема-конспектілер түрінде беріледі. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы мынадай мақсаттарды: білім, білік, дағдыны қалыптастыруды; барлық баланы оқытуды; оқытуды жеделдетуді көздейді.

Бұл технологияның қазақ тілін оқытуда тиімділігі: үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, блокпен оқыту, тіректі қолдану, жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; ізгілендіру, ерікті оқыту; оқыту мен тәрбиенің бірлігін қолдана отырып жүргізетіндігі.

Ал проблемалық (мәселелік) оқыту тіл үйренушілердің ойын, шығармашылығын, өзіндік іс-әрекет арқылы танымын дамытуға үлесін қосады. Қазіргі кезде студенттерге ақпараттар көп берілуде, сондықтан да берілетін ақпараттар жүйелі, мазмұнды болуын қажет етеді. Проблемалық оқытудың мақсаты – студент пен оқытушының іс-әрекеті, мәселені түсіне білуі шешім үрдісінде біріге алуы болып саналады. Мұнда студент тек білімнің, іскерлігінің, дағдысының жүйелілігін ғана емес, ақыл-ойының жоғары дәрежеде қалыптасуына, өз бетінше білім тереңдетуге септігін тигізеді. Проблемалық оқыту оқушының теориялық және тәжірибелік іс-әрекетінен жаңалық ашып отыруын қадағалайды. Мұнда да тапсырманы орындау, іздену студенттің еншісінде болады, ал оқытушы тек бағыт беруші ретінде болады.

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда оқытушы сабақты дайын күйінде бағалайды, әрбір білім алушының өзі ізденіп, ғылыми негіздерін өз бетінше игеріп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал оқытушының негізгі міндетіне білім алушының іс-әрекетін бақылау жатады.

Қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдіс-тәсілдері студенттердің тілге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз ізденістері мен шығармашылық деңгейлерін дамытуға жол ашу болып табылады. Қазақ тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды енгізу төрт кезеңнен тұрады:

І. Тілге қатысты жаңа идеяны іздеу; Инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.

ІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыру;

ІІІ. Жаңалықтарды енгізу, яғни жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану;

ІV. Жаңалықтарды бекіту.

Инновациялық технология беретін нәтижелері: түрлі әдістерді пайдаланумен мемлекеттік тілді үйренудің нақты мәнін терең ашуға көмектеседі; студенттердің барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды; олардың әрқайсының деңгейін анықтауға; студенттерді бағалау мүмкіндіктері мол; студенттерді өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді; студенттердің қабілеттері, ұйымшылдықтары, шығармашылық белсенділігі, лексикалық қоры артады; жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзінің болашақ кәсібіне сенімі, қызығушылығы арта түседі.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда жоғары оқу орнының алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары оқу орнында қалыптасып, орнығады. Жоғары оқу орнында қазақ тілін оқытуда аталған инновациялық технологиялар сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай жасалса, ол оқыту үдерісін жетілдірудіңбірден-бір тиімді жолы. барлығы да өз дәрежесінде тиімді әрі

Қорыта айтқанда, жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет