Сіз оқыту өнімдерін әзірлеу мен ендіруге қатысқансыз ба?
7
Республикалық СҒЗЖ байқауына қатысқансыз ба?
8
Сізде шығармашылық жұмыстар бар ма (эссе, рефераттар, презентациялар) ?
9
Сіз осы уақытқа дейін қоғамдық іс-шараларға қатысқансыз ба?
(әлеуметтік сауалнамалар, фестивальдар, шығармашылық кештер, тақырыптық жиналыстар және т.б.)
10
Сіз осы уақытқа дейін мәдени немесе спорттық і-шараларға қатысқансыз ба?
11
Сіз студенттік кеңес пен студенттердің басқа да өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысқансыз ба?
12
Сіздің ойыңызша, жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстары маңызды ма?
13
Сұхбаттасушы маған жиі сөйлеуге мүмкіндік бермейді, мен
айтатын нәрселер бар, бірақ сөз сөйлеудің еш мүмкіндігі жоқ
14
Сұхбаттасушы мен үшін қорытынды жасайды
15
Сізді шешімсіз адам деп айқан кездер болған ба?
16
Түрлі жағдайларда және түрлі адамдармен қарым-қатынас жасауда сіз жиі өзіңізді басқаша ұстайсыз ба?
17
Сіз жиі жұрт назарында боласыз ба?
18
Сіздің әлеуметтік мәртебеңізге тең келетін адамдар кездесуінде пікіріңіз қажет болса да, сіз өзіңіздің ойыңызды білдіргіңіз келмейтін кездер болады ма?
Жұмыстың көкейкестілігі. Жаңаша әдіс-тәсілдерді оқып үйрену - заман талабы. Жеті модуль кіріктірілген жаңартылған білім беру бағдарламасын - Қазақстандық мұғалімдерге кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және бағалауға көмектесу деп білемін.
Оқушылардың сауатын ашу, тілін дамыту – бастауыш мектеп бағдарламасының негізгі бір бөлігі. Сауат ашу жұмысы жазу жұмыстары арқылы іске асырылады. Жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру, оларды көркем, анық, дұрыс, сауатты жазуға үйрету. Жазу сауаттылығын арттыру үшін өтілген орфографиялық ережелерге байланысты түрлі жұмыстар жүйелі де жиі жүргізілуі керек. Дұрыс, сауатты жазуға төсілдіру мұғалімнен үлкен шеберлікті, көп еңбекті талап етеді.
Әлемнің алдыңғы қатарлы мектептерінің тәжірибелерін жалпылап, құнды бағыттары мен идеяларын ұлттық психологиямызға сәйкес пайдаланып, еліміздегі білім беру мәселесін жаңа жолға қою өзекті тақырып болып табылады.
Әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген сөзін ескере отырып қорытындылайтын болсақ, алдағы уақыттағы жаңартылған білім беру бағдарлама бойынша жұмысты жүйелі, тиімді жүргізу арқылы оқушылардың тереңде жатқан ойын дамыта, оларды сөйлеуге, сыни тұрғыдан ойлауға, өмірде де тиімді пайдалана алатындай дәрежеде дәлелдеуге үйрету - мұғалімнің мақсаты деп ойлаймын.
1) Жоба тақырыбы: Сауат ашу кезеңінде жазу дағдыларын тілді дамыту жұмыстары арқылы қалыптастыру
2) Жобаның мақсаты: Бастауыш сыныптарында тіл дамыту жұмыстары арқылы жазу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу, ұсыныс жасау.
3) Жобаның міндеті:
бастауыш сыныптарда жүргізілетін жазу сабақтарының мақсатын, қойылатын талаптарын зерделеп, сауат ашу кезеңінде жүргізілетін әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін көрсету;
оқушыларды сауатты жазуға үйретудің әдістемелік жолдарын, жұмыс түрлерін мысалдарын көрсетіп, оқушылардың грамматика мен емле бойынша білімдерін бағалау және жіберген қателермен жұмыс істеудің практикалық жолдарын баяндау;
үлгілі сабақ жоспары негізінде тәжірибелік сынақ жүргізу.
Жобаның ғылыми жаңалығы мен маңызы. Тіл дамыту жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастырудың мәні мен мазмұны анықталып, теориялық негіздемесі жасалынды. Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары арқылы бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды. Бастауыш сынып оқушыларын тіл дамыту жұмыстары арқылы жазу дағдысын қалыптастыру мазмұны мен әдістемесі ұсынылды.
Жобаның ұлттық және халықаралық ауқымда маңыздылығы;
Талап етілген зерттеулердің маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеу: Бастауыш сыныпта сауат ашу кезеңдерінде тіл дамыту әдістемесін түрлендіре отырып, жүйелі және тиімді қолданса, онда әліппенің 3 кезеңінде бағдарламаға сай оқушылардың жазу дағдысын өз деңгейінде қалыптастыруға болады.
алынған нәтижелердің ғылым мен техника дамуына үлесі және күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсері.
Жобаның идеялары мен негізгі айырмашылықтарын сипаттау қажет;
егер зерттеу идеясы немесе нәтижесі Қазақстанда болмай, әлемде болса, онда жобаны неліктен қаржыландыру керек екенін негіздеу қажет;
алдын ала түпкілікті нәтижесін сипаттау қажет (өнім);
жобада пайдаланылатын ғылыми әдістердің белгіленген мақсаттарға жету жолдарын, таңдап алынған әдісті негіздеу;
жұмыс жоспары, оның ішінде жобаның кезеңдерін, тапсырылған міндеттерді, олардың маңыздылығын негіздеу.
- Бастауыш сынып оқушыларының жазу дағдысын қалыптастыруды өз деңгейінде өткізу үшін ЖОО-ның студенттеріне, мектеп мұғалімдеріне арналған оқу - әдістемелік нұсқаулықтарды дайындау;
- Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отыра әр оқушыға шағын әріптер ойылып жазылған алфавит шығару (бояу үшін);
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің каллиграфиясын жетілдіру үшін және жазу арқылы адамға психологиялық мінездеме беруге үйрететін қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру.
Ғылыми жетекшісі,
Магистр, аға оқытушы___________________ Баймухамбетова Қ.М.
Кафедра меңгерушісі ___________________ Исманова Р.Ж. ҚОСЫМША 6