Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата01.10.2019
өлшемі2,05 Mb.
#49031
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
sbornik inkljuziv obraz
ktj 20476, жұмыспен қамту мәлімет, аралық бақылау сұрақтары, Комиссия5а, Комиссия5а, Өтініш, fyu, Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс, 3 prakt rab, 102 Журн. преп, Аятул курси суреси, Науаи Фонетика, Аятул курси суреси, Аятул курси суреси

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН 

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 

 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 



ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ 

УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.АМАНЖОЛОВА 

 

 

 



 

 

 



 

 

«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ: ТӘЖІРИБЕСІ, 



МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ» 

ғылыми-әдістемелік семинар 



МАТЕРИАЛДАРЫ 

 

4 қараша 2016 жыл 



 

 

 



 

МАТЕРИАЛЫ 

научно-методического семинара 

«ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ: ОПЫТ, ПРОБЛЕМЫ, 

ПЕРСПЕКТИВЫ РАЗВИТИЯ» 

 

4 ноября, 2016 год 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Өскемен - Усть-Каменогорск 

2016 


 

ӘӨЖ 37.01 



           И62 

Бас редактор 

Қуандықов Ә.Ө., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, экон.ғ.д. 

 

Жауапты редакторлар 

Ердембеков Б.А., стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор

филол.ғ.д., профессор 

Мырзагалиева А.Б., оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, б.ғ.д., 

профессор 

Ровнякова И.В., тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, пед.ғ.к.; 

Келгембаева Б.Б., Біліктілікті бекіту орталығының директоры, филол.ғ.к., доцент; 

Стельмах С.А., психология және коррекциялық педагогика кафедрасының меңгерушісі, 

пс.ғ.к., доцент. 

 

Редакция алқасы 

Стеблецова И.С., академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару 

департаментінің  директоры,  п.ғ.к.;  Барабанова  Е.И.,  психология  және  коррекциялық 

педагогика  кафедрасының  доценті,  пс.ғ.к.;  Смаилова  Ж.У.,  психофизиологиялық 

зертханасының меңгерушісі, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының 

аға оқытушы, психология магистрі. 

 

 



 

И62  «Инклюзивті білім беру: тәжірибесі, мәселелері және даму болашағы»: атты 

ғыл.-әдіст. семинар. матер. жинағы = Матер. науч.-метод. семинара 



«Инклюзивное образование: опыт, проблемы, перспективы развития». – 

Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2016. – 86 бет. – қазақша, орысша. 

 

ISBN 978-601-314-080-3 



 

Жинаққа «Инклюзивті білім беру: тәжірибесі, мәселелері және даму болашағы» 

атты  ғылыми-әдістемелік  семинарының  материалдары  енген.  Мақалалар  инклюзивті 

білім  беру  жүзеге  асыру  мәселелеріне,  инклюзивті  білім  беру  теориялық  және 

әдістемелік негіздеріне арналған. Бұл мақалаларда, жалпы, кәсіби және қосымша білім 

беру саласында, инклюзивті процесінің дамуы қазақстан және ресей тәжірибесі туралы 

сөз етілген. 

В сборник включены материалы научно-методического семинара «Инклюзивное 

образование:  опыт,  проблемы,  перспективы  развития».  Статьи  посвящены  проблемам 

внедрения  инклюзивного  образования,  теоретическим  и  методологическим  основам 

инклюзивного  образования.  В  статьях  сделан  анализ  казахстанского  и  российского 

опыта развития инклюзивного процесса в общем, дополнительном и профессиональном 

образовании. 

 

 



ӘӨЖ 37.01 

 

 



 

ISBN 978-601-314-080-3 

 

 

 

© С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2016

 

 

 



Уважаемые коллеги! 

 

Хочу  поприветствовать  вас  на  научно-методическом  семинаре 



«Инклюзивное образование: опыт, проблемы, перспективы развития». 

Сегодня  перед  казахстанским  обществом  стоит  реальная  и  трудная 

задача  поиска  новых  путей  помощи  проблемным  детям  в  условиях 

общеобразовательных  школ  и  детских  садов.  В  общеобразовательные 

детские  сады  и  школы  всё  больше  приходят  детей  как  с  выраженными 

диагнозами  (гиперактивность,  синдром  дефицита  внимания,  дислексия, 

детский аутизм, логопедические проблемы и проч.), так и в «пограничных 

состояниях».  А  способы  познания  и  помощи  проблемным  детям 

устаревают и недостаточны.  

Необходима 

консолидация 

усилий 


науки, 

практики 

и 

общественности  в  развитии  инклюзивного  образования  как  основы 



гуманизации  казахстанского  общества.  Для  активизации  этого  процесса 

мы сегодня и собрались.  

Целью  научного  семинара  является  обсуждение  теоретических  и 

методологических 

основ 

инклюзивного 



образования, 

анализ 


казахстанского  и  российского  опыта  развития  инклюзивного  процесса  в 

общем, дополнительном и профессиональном образовании. 

Работа семинара будет осуществляться по двум направлениям: 

1. 


Психолого-педагогические  аспекты  помощи  проблемным 

детям в условиях общеобразовательных детских садов и школ.  

2. 

Инклюзивное  образование  для  людей  с  ограниченными 



возможностями и пути их социализации. 

Среди  участников  присутствуют  и  подключены  в  режиме  он-лайн 

зав.  кафедрой  психологии  и  специального  образования  Казахстанского 

национального  государственного  университета  им.  Абая;  руководитель 

кабинета  инклюзивного  образования  Образовательного  центра  «Шыгыс» 

управления 

образования 

ВКО; 


представители 

Государственного 

университета  им.  Шакарима  города  Семей;  представители  Жетысуйского 

государственного  педагогического  института  и  Кызылординского 

государственного  университета  им.  Коркыт  Ата;  педагогические 

работники  КГУ  Средней  многопрофильной  школы  №37  г.  Усть-

Каменогорска;  МК  ДОУ  Детский  сад  №262  комбинированного  вида  г. 

Новосибирска;  руководитель  и  специалисты  Кабинета  психолого-

педагогической коррекции г. Усть-Каменогорска Управления образования 

ВКО. 


Желаем  всем  участникам  семинара  плодотворной  работы, 

творческой  результативной  дискуссии,  и  приобретения  дружеских 

контактов!  Надеемся,  что  нам  удастся  организовать  конструктивный 

диалог, обмен опытом между специалистами и представителями научного 

сообщества.  


 

Пусть  наш  первый  в  данном  направлении  научно-методический 



семинар 

в 

стенах 



Восточно-Казахстанского 

государственного 

университета  им.  С.Аманжолова  станет  местом  для  дальнейших 

интересных и плодотворных встреч. 

 

С уважением,  

Б.А. Ердембеков 

проректор по стратегическому развитию и научной работе  

ВКГУ им. С.Аманжолова, д.филол.н, профессор  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Құрметті әріптестер! 

 

Сәрсен  Аманжолов  атындағы  ШҚМУ  қабырғасында  өтіп  жатқан 



«Инклюзивті  білім  беру:  тәжірибе,  мәселелер  мен  даму  болашағы»  атты 

ғылыми-әдістемелік  семинарға  қош  келдіңіздер!  Инклюзивті  білім  беруді 

дамыту  мәселесі  –  отандық  білім  беру  саласының  басым  бағыттарының 

бірі.  Бүгінгі  таңда  әлем  жұртшылығының  жіті  назарындағы  мәселе. 

Инклюзивті  білім  беру  жүйесін  іске  қосу  -  қоғамды  ізгілендірудің  

маңызды  шарттарының  бірі.  Олай  дейтініміз  -  инклюзивті  білім  беру  

барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы 

білім  үрдісіне  толық  қатыстыруға,  әлеуметтік  бейімдеуге,  жынысына, 

шығу тегіне, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамай қолдауға, жалпы білім 

беру  бағдарламалары  бойынша  тиімді  оқытуға  бағытталған  мемлекеттік 

саясат.  

Инклюзивті  оқыту  балалар  дискриминациясын  жою,  баршаға  тең 

дәрежеде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар 

балаларға  арнайы  жағдай  тудыру  идеясы  негізінде  жүзеге  асырылады. 

Статистикалық  мәліметтерге  жүгінсек,  қазір  Қазақстанда  47  мыңнан  аса 

мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Бұл дегеніміз – қазақстандық білім беру, 

денсаулық  сақтау  саласы  ғана  емес,  заң  шығарушы  органдар,  қоғамдық 

ұйымдар мен ата-аналар, БАҚ т.б. түрлі деңгейдегі органдардың, ұйымдар 

мен  мекемелердің  бірлесіп  шешуін  қажет  ететін  қоғамдық-әлеуметтік 

мәселе шешімін күтіп тұр деген сөз.  

Инклюзивті  білім  беру,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білім  алу 

құқықтары  бірқатар  заңнамалық-құқықтық  актілер  мен  құжаттарда 

негізделген.  Атап  айтқанда,  «Қазақстан  Республикасының  балалардың 

құқықтары  туралы»,  «Білім  беру  туралы»,  «Мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың  әлеуметтік  және  медициналық-педагогикалық  түзетуге  ықпал 

ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау 

туралы», 

«Арнайы 


әлеуметтік 

қызмет 


туралы» 

Қазақстан 

Республикасының 

Заңдарында, 

Қазақстан 

Республикасының 

Конституциясында  бекітілген.  Инклюзивті  білім  берудің  теориялық 

аспектілеріне қатысты ғылыми еңбектер қоры да ауқымды. Бірақ тәжірибе 

жүзінде талқылайтын, ортаға салатын, бірлесіп ойланатын мәселелер әлі де 

баршылық.  Өйткені,  инклюзивті  оқыту  –  баланың  ерекше  сұраныстарын 

қанағаттандыруға  бағытталған  оқыту.  Әр  бала  ерекше  болса,  оған  білім 

мен тәрбие беру, дамыту жолдары да әрқилы болмақ.  

Инклюзивті  білім  беру   мәселесі  шет  елдерде  1970  жылдан  бастау 

алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына 

осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру 

жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім  

беруді 

дамытудың 



2010-2020 

жылдарға 

арналған 

мемлекеттік  

бағдарламасында»  көрсетілді.  Осы  бағдарлама  аясында  инклюзивті  білім 


 

беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді 



шешу көзделген: 

-мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік 

бағдарламалары жасалады; 

-  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беретін  ортада 

біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді; 

- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады; 

-мүгедек  балаларға  қашықтықтан  білім  беруді  ұйымдастыру 

қағидалары әзірленеді. 2016, 2017  жылдары аталған бағыттағы іс-шаралар 

тиянақталып,  ары  қарай  жалғастырылады.  2020  жылға  қарай  мектептерде 

мүгедек  балалар  үшін  көтергіш  жабдықтар,  пандустар,  санитарлық 

бөлмелерде  арнайы  құралдар  орнату,  тұтқалармен,  арнайы  парталармен, 

үстелдермен  және  басқа  да  арнайы  компенсаторлық  құралдармен 

жабдықтау  арқылы  «кедергісіз  аймақтар»  құруы  жоспарланған.  3030 

мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге қол 

жеткізу  үшін  жағдайлар  жасалу  міндеті   (мектептерде  педагог-

дефектологтардың, 

балаларды 

психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеудің,  арнайы  жеке  техникалық  және  компенсаторлық 

құралдардың  болуы)  қойылған.  Үйде  білім  алатын  мүгедек  балалар  жеке 

мүмкіндіктері  мен  қажеттіліктері  ескеріле  отырып,  компьютерлік 

техникамен  қамтамасыз  ету  жүзеге  асырылмақшы.  Түйіндей  айтсақ, 

мемлекетіміз  мүмкіндігі  шектеулі  жандарды  әлеуметтік  тұрғыдан  қорғау, 

олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру 

және  жаңа  жұмыс  орындарын  құру,  білім  алу,  оқыту,  қайта 

мамандандыруда қолдан келгенше жағдай жасамақшы. 

Білім  беру  жүйесіндегі  инклюзивті  бағыт  ЖОО  маман  даярлау 

бағытын өзгертуді талап етеді, ал бұл өз кезегінде бітіруші моделін, білім 

беру  бағдараламасының  мазмұнын,  оқу  жоспарларын  түбегейлі  өзгертіп, 

педагогикалық 

мамандықтарды 

даярлайтын 

оқу 

орындарының 



материалдық-техникалық  базасын  жаңғыртуды  және  нығайтуды  қажет 

етеді.  Бүгінгі  ғылыми-әдістемелік  семинардың  басты  мақсаты  – 

инклюзивті  білім  беру  үрдісін  жандандыру  үшін  болашақта  не  істелмек, 

бүгінгі  күнін  кезегін  күтіп  тұрған  қандай  мәселелер  бар,  қазіргі  ахуалы 

қандай  екенін  ашық  талқыға  салу,  ой  бөлісу,  тәжірибе  алмасу.  Осы 

мақсатта  бүгінгі  семинарға  түрлі  ұйымдар  мен  орталықтар,  ЖОО  –ның 

өкілдері шақырылды.   

Құрметті 

әріптестер! 

Қоғамды 


ізгілендіру 

бағытындағы 

әрқайсыларыңыздың 

еңбектеріңізге 

жеміс 

тілеймін.  Семинардың 



шешімдері  мен  қорытындылары  инклюзивті  білім  беру  ісінің  тиісті 

деңгейде  жолға  қойылуына  ықпал  етеді  деген  сенімдемін.    Семинардың 

жұмысына сәттілік тілеймін!  

Б.Б. Келгембаева 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті бекіту 

орталығының директоры, к.филол.н, доцент  


 



Аяғанова Алмагүл Жанділдақызы 

педагогика және психология кафедрасының  

меңгерушісі, пс.ғ.к. 



Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет 

Қызылорда қ. 

 

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ 



ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУГЕ ДАЯРЛАУ 

 

Инклюзивті  білім  беру  (фр.  inclusif  -  включающий  в  себя  -  өзіне 



қосушы;  лат.  include-заключаю,  включаю  -  құрамына  кіру,  енгізу, 

инклюзивті – inclusive – қосылушы – включающее. Inclusion - включение – 

қосылу)  -  ерекше  қажеттілігі  бар  білім  алушылар  үшін  білім  берудің 

қолжетімділігін  қамтамасыз  ететін,  барлығының  әртүрлі  мұқтаждығына 

бейімдеу  жоспарындағы  білімнің  баршаға  арналған  жалпы,  кәсіби  орта 

және жоғары білім берудің даму үдерісі.  

Сонымен  қатар,  инклюзивті  білім  беру  –  барлық  білім  алушы 

жастардың  жалпы  және  кәсіби  орта,  жоғары  білім  беру  үдерісіне  енуі, 

әлеуметтік  бейімделуі,  жасына,  жынысына,  этникалық,  діни  өзгешелігіне 

қарамастан  баланың  жеке  қажеттілігіне  коррекциялық-педагогикалық, 

отбасылық,  әлеуметтік  қолдау  көрсету,  белсенді  отбасының  ықпалын 

қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Барлық  білім  алушыларға  білім  алуға 

жағдай  жасау  -  дене  бітіміндегі,  интеллекттік,  эмоциялық,  әлеуметтік, 

тілдік  дамуындағы  ерекшелігіне  қарамастан  оларды  педагогикалық 

үдеріске қосу. 

Инклюзивті  білім  беру  оқытуда  әртүрлі  қажеттілігі  бар  білім 

алушыларды  индивидуум  ретінде  мойындауға  бағытталған  әдіснаманы 

дамытуға  тырысады.  Инклюзивті  білім беру  оқытуда  әртүрлі  қажеттілікті 

қанағаттандыру  үшін  орамды  болуды  көздейді.  Сонымен  қатар,  қалыпты 

дамып  келе  жатқан  құрдастарының,  яғни  өзінің  сыныныптастары, 

топтастары, достары мен ауласындағы балалар арасында қалыпты сезінуге 

мүмкіндік  беретін  жағдайда  білім  беру  мекемелерінде  оқыту  болып 

табылады.   

Дәстүрлі білім беру жүйесінде «ерекше» балалар оқитын жағдайлар: 

 

арнаулы (коррекциялық) оқу орындары; 



 

үйде оқыту; 

 

арнаулы мектеп-интернаттар; 



 

коррекциялық мектептер және мектепке дейінгі мекемелер; 

 

оңалту орталықтары болып табылады. 



Қазақстанда  инклюзивті  білім  беруді  дамыту  мәселесін  шешудің 

бірден бір нұсқасы төмендегідей: 

ерекше қажеттілігі бар білім алушыларды білім беру үдерісіне 



тарту; 

қазіргі қоғамда мүгедек балаларды әлеуметтендіру; 



 



қазіргі қоғамға өзін сенімді бағыттау үшін мүгедек балалардың 

белсенді мінез-құлық ыңғайлануын құру; 

өзінің бойындағы ақауларды абыройға айналдыру



ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатынасты өзгерту. 

Инклюзивті  саясат  -  бұл  ата-ананың  мектеп  таңдауға  құқығы 

болуының саясаты.  

Қазақстанда  инклюзивті  білім  беруді  енгізуде  шешілмеген 

төмендегідей мәселелер мен кедергілерді де айта кеткен жөн: 

ерекше  қажеттілігі  бар  білім  алушыларға  жаңылыс  қатынас- 



олар туралы адекватты көзқарас болмағандықтан біз қорқақтаймыз; 

арнайы  дайындалған  педагогикалық  құрамның  болмауы- 



дамуында  ауытқуы  бар  балаларды  жалпы  мектептерде  оқытуға  дайын 

емес.  Мемлекет  бұл  орайда  маман  дайындауда  жоғары  педагогикалық 

білім беру стандарттарын өзгертуі қажет; 

білім 



беру 

ұйымдарында 

материалды-техникалық 

жабдықталудың  өз  деңгейінде  болмауы.  Білім  алушылар  үшін  арнайы 

қондырғалардың  және  оқу  материалының  болмауы,  сонымен  қатар, 

педгогтар үшін әдістемелік құралдың жеткіліксіздігі; 

мемлекеттік  стандарттың  қатаң  талаптары.  Интеллект  деңгейі 



бойынша  артта  қалушы  білім  алушылардың  жетістігін  бағалауда  кең 

ауқымды түрлендіру жүйесін енгізу маңызды болып табылады. 

Мемлекеттің  алдында  тұрған  басты  міндеттердің  бірі  ең  алдымен 

ғылыми-педагогикалық қауым арасында ақпараттық-ағартушылық жүргізу 

болып  табылады.  Бұл  үдеріс  бірашама  жылдар  көлемінде  орын  алып 

келеді. Әсіресе, нормативтік-құқықтық  база құру, оқылатын материалдар 

мен оқытушы құрамын дайындау, инклюзивті білім беруді енгізу бойынша 

алыс-жақын  шетелдің  тәжірибесін  талдау  Қазақстанға  оқытудың  сауатты 

жүйесін құруға мүмкіндік береді.  

Мамандар  инклюзивті  білім  беру  жүйесін  жоспарлы  дамытуды 

көздейді. Осы орайда, олар арнайы мектептерде толықтай жауып, барлық 

қабілеті  ерекше  білім  алушыларды  жалпы  мектепке  ауыстыру  мүмкін 

еместігін баса айтады.  

Кейбір адамдардың қалыпты балаларды оқыту сапасының төмендеу 

мүмкіндігін  назарға  алып,  инклюзивті  білім  беруге  қауіппен 

қарайтындығын  да  айта  кету  қажет.Дегенмен,  мамандар  инклюзия  білім 

беру  үдерісінің  барлық  қатысушыларын  қанағаттандыру  мақсатында 

оқытудың жоғары сапасын ықыластанған деген пікірді алға тартады.   

Жоо-да  инклюзивті  оқытудың  басты  міндеті  -  әрбір  студенттің 

қажеттілігін  қанағаттандыру  жүйесін  құру  болып  табылады.  Инклюзивті 

жоғары  оқу  орындарында  барлық  білім  алушыларға,  тек  мүгедектер  ғана 

емес,  жетістікке  жетуге,  қауіпсіздігін  сезіну,  ұжымда  болу  құндылығына 

мүмкіндік беретін қолдауды қамтамасыз етеді.   

Қазіргі таңда инклюзивті білім беруді дамытуды ғылыми-әдістемелік 

және  кадрлық  қамтамасыз  ету  өзектілігін  жоғалтқан  жоқ.  Инклюзияға 


 

әлеуметтік  сұраныс  жоғары.  Тәжірибенің  сұранысы  бүгінгі  күні  «кімді, 



қалай, қай жерде және неге үйретеді?» сұрақтарын алға тартады.  

Жоғарыда  айтылған  мәселелерге  орай,  біздің  университетіміз 

инклюзивті  білім  берудің  бүгінгі  мәселесіне  орай,  біршама  жүйелі 

жұмыстарды  жүргізді.  Қысқаша  тоқталып  өтуді  жөн  санап  отырмын. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде инклюзивті 

білім беруді енгізу мәселесі 4 қадамда жүргізілуде: 

1.  Университет  оқытушыларының    инклюзивті  білім  беруді  дамыту 

бойынша біліктілігін арттыру;  

2. Болашақ мамандарды инклюзивті білім беруге даярлау;  

3.  Ерекше  қажеттілігі  бар  білім  алушылармен  оқу-тәрбие  үдерісін 

үйлестіру;  

4. Облыстағы инкюзивті білім беру жүзеге асырылатын жалпы орта 

мектептермен байланыс орнату. 

Бүгінгі  күні  университеттің  9  оқытушысы  инклюзивті  білім  беру 

бойынша  семинар-тренингке  қатысты  (2013  жыл  -  Ұ.Б.  Ағыбаева,  Г.  Ә. 

Әмзеева (Алматы қ.); 2014 жыл - Ә. Өмірзақова (Шымкент қ.), И. Әміреева 

(Ақтөбе  қ.);  2015  жыл  -  А.Аяғанова,  Г.  Оңалбаева,  Г.Нурекешова,  Р. 

Қорғанбекова, А.Алмағамбетова (Ақтөбе қ.)  

Болашақ  мамандарды  инклюзивті  білім  беруге  даярлау  бағытында 

«Инклюзивті  білім  беру»  элективті  курс  енгізілді.  Жоо-дағы  оқыту 

үдерісінде  әртүрлі  мамандықтың  студенттері  инклюзивті  білім  беру 

ерекшелігі  туралы  ақпарат  білуі  тиіс.  Соңында  мұндай  білім  беру 

инклюзивті    оқытудан  инклюзивті  қоғамның  басымдылығын,  гуманды 

социумды, әрбір адамның әлеуетін, өзіндік өзектенуді қамтамасыз етеді.   

2014-2015 оқу жылы- 5В010300-Педагогика және психология

2015-2016  оқу  жылы-  университеттің  барлық  педагогикалық 

мамандықтарында бұл курс оқытылады.  

Ерекше  қажеттілігі  бар  білім  алушылармен  оқу-тәрбие  үдерісін 

үйлестіру. 

Облыстағы  инкюзивті  білім  беру  жүзеге  асырылатын  жалпы  орта 

мектептермен байланыс орнату: 

Қызылорда қаласы: №264 мектеп;  



Қазалы  ауданы:  №234  орта  мектеп  (ЗПР  сыныбы  бар);  №266 

орта мектеп; №249 орта мектеп;  

Қарамақшы ауданы: №80 мектеп (ЗПР); 



Арал ауданы: №220 мектеп (ЗПР)  

Бүгінде  көп  зерттеулерде  инклюзивті  білім  берудің  сегіз  қағидасын 

ұсынады: 

1. Адам құндылығы оның қабілеті мен табысына тәуелді болмайды; 

2. Әрбір адам сезінуге және ойлануға қабілетті; 

3. Әрбір адам тыңдалу үшін қарым-қатынасқа түсуге құқығы бар; 

4. Барлық адам бір-біріне мұқтаж



 

10 


5. Тұпнұсқалы білім беру шынайы өзара қарым-қатынас шеңберінде 

жүзеге асады; 

6. Барлық адамдар қолдауға және құрдастарымен достыққа зәру; 

7. Барлық білім алушылар үшін ілгерілеу орындай алмағаннан гөрі, 

жасай алуда болуы мүмкін; 

8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 

Әлеуметтену,  оқыту,  тәрбиелеу  және  тұлға  дамуына  толық  қол 

жеткізу  үшін  оңтайлы  жағдай  қамтамасыз  етудің  тұтас  жүйесін  құруда 

мәдени  және  әлеуметтік  практиканы  енгізу  арқылы  әртүрлі  іс-әрекет 

түрлерін  біріктіру  мүмкін.  Сонымен  қатар,  адамгершілік  қатынастар 

арқылы  тұлғаның  әрқайсы  табысты  болу  мүмкіндігіне  ие.  Инклюзивті 

білім беру осы көзқарасты негізге алады.  

Білім берудегі инклюзия оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына 

жоғары  талап  қояды.  Ерекше  білім  қажеттілігі  бар  білім  алушылардан 

әдеттен тыс қысым- интеллектік және тұлғаның психологиялық ресурсын 

қажет  етсе,  ал  шартты  түрде  дені  сау  білім  алушылардан- 

толеранттылықты,  түсіністікті,  көмек  көрсетуге  дайын  болу,  яғни, 

адамгершілік және әдепті қажет етеді.  

Қорытындылай  келе,  бүгінгі  педагогикалық  үдерісті  ізгілендіру 

саясатына  сәйкес  өскелең  ұрпақтың  рухани  құндылықтарын  дамытуда 

білім беру кеңістігі мен оңтайлы орта құру басты міндеттердің бірі ретінде 

алға шығады.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



1.  Государственная  программа  развития  образования  РК  на  2011-

2020 годы, №118. утвержденная 07.12.2010. 

2.  Искакова  А.Т.,  Мовкебаева  З.А.,  Закаева  Г.,  Айтбаева  А.Б., 

Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования. - Алматы, 2013.  

3. Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. 

Инклюзивное образование.Учебное пособие для ВУЗОВ. - Алматы, 2013. 

4. Мовкебаева З.А., Денисова И.А., Оралканова И.А., Жакупова Д.С. 

Методические  рекомендации  по  подготовке  педагогов  к  внедрению 

инклюзивного образования. - Алматы, 2013. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет