Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата01.10.2019
өлшемі2,05 Mb.
#49031
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
sbornik inkljuziv obraz


Соколкова Мария Николаевна 

учитель-дефектолог 



КГУ «Средняя многопрофильная школа №37» 

г.Усть-Каменогорск 

 

ОПЫТ ВНЕДРЕНИЯ ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ  



В УСЛОВИЯХ МНОГОПРОФИЛЬНОЙ ШКОЛЫ 

 

55 


 

С  2007  года  КГУ  «СМШ№37»  осуществляет  обучение  детей 

особыми  образовательными  потребностями,  создавая  все  условия 

комфортного пребывания  этих учеников в стенах школы. 

В  настоящее  время  средняя  многопрофильная  школа  №  37 

насчитывает 990 (с 1 по 11 кл) учащихся, из которых 113 детей с особыми 

образовательными потребностями. Среди них:  

14  специализированных  классов  для  детей  с  ограниченными 

возможностями (всего 104 учеников): 

- 9 классов для детей с задержкой в развитии  (ОВР);  

- 5 классов для детей с нарушением слуха. 

В школе есть ученики, которые, имея заключение ПМПК, обучаются 

в  обычных  классах.  Таких  детей  9  (заключения:  ЗПР,  нейросенсорная 

тугоухость, ДЦП). 

В  течение  учебного  года    в  школе  одновременно  решаются  две 

сложные задачи: организовать образовательный процесс с детьми с  ОВР; 

и  построить  в  школе  интеграционное  пространство,  в  котором  должны 

осуществляться  содержательные  и  регулярные  контакты  с  обычными 

ребятами. 

Педагогический  состав  нашего  образовательного  учреждения 

насчитывает  100  человек.  В  классах  коррекции  работают  42  учителя, 

которые  прошли  специализированные  курсы.  Опыт  работы  наших 

учителей  регулярно  обобщается  и  представляется  на  городском  и 

областном уровнях.  

Кроме  учителей  школы  с  детьми  с  особыми  образовательными 

потребностями  работают  специалисты:  логопеды,  сурдопедагоги, 

дефектологи  и  психологи.  Все  они  регулярно  проводят    с  учащимися 

индивидуальные  занятия  по  развитию  слухового  восприятия  и 

формированию произношения (с детьми с нарушениями слуха), усвоению 

программного  материала  (с  детьми  с  задержкой  психического  развития), 

снятию тревожности и развитию психических процессов. 

С  целью  обеспечения  оптимальных  психолого-педагогических 

условий  для  детей  с  особыми  образовательными  потребностями  в 

соответствии  с  их  возрастными,  индивидуальными  особенностями  и 

возможностями  и  на  основании  Положения  «О  психолого-медико-

педагогическом  консилиуме»,  в  школе  работает  психолого-медико-

педагогического консилиум в составе: 

- заместителя директора по учебной работе, -логопедов,  -педагогов-

психологов,  -дефектологов,  -руководителя  методической  комиссии,  -

учителей,  работающих  в  классах  для  детей  с  ограниченными 

возможностями в развитии, -фельдшера школы. 

Работа  психолого-медико-педагогического  консилиума  строится 

согласно утвержденному плану. 


 

56 


Работа  коллектива  направлена  на  решение  основного  вопроса 

обучения  и  развития  учащихся  с  особыми  образовательными 

потребностями    –  вопроса  адаптации  в  обществе,  который  является 

наиболее  значимым  для  ребят  данной  категории.  Поэтому  школа  делает 

всё  возможное  для  вовлечения  особенных  детей  в  жизнь  класса,  школы, 

общества.  Ученики  коррекционных  классов  активно  общаются  и 

взаимодействуют между собой и со сверстниками из других классов. И это 

первый  шаг  к  социализации,  к  открытости  коммуникативного 

пространства.  

Для  более  успешной  социализации  детей  из  специализированных 

классов  в  этом  году  на  заседании  школьного  ПМПК  было  решено 

организовать  дни  инклюзива,  во  время  которых  дети  с  особыми 

образовательными потребностями будут весь день находиться с обычными 

детьми  (на  уроках,  внеурочное  время,  воспитательные  и  режимные 

моменты). А также, исходя из запроса самих учеников, будет организован 

кружок жестовой речи для обычных детей, на которых дети будут учиться 

общаться с детьми с нарушениями слуха. 

В школе регулярно проводятся внеклассные мероприятия, в которых 

наравне  с  обычными  школьниками  выступают  ученики  коррекционных 

классов.    Они  поют  и  танцуют,  выступают  на  сцене,  стараются  быть 

лучшими, на равных получают заслуженные награждения.  

Весь процесс участия во внеклассных общешкольных мероприятиях 

отслеживается  воспитательным  отделом  школы.  Ведется  рейтинг 

творческой  активности,  в  котором  принимают  участие  и  классы 

специального обучения.  

Наши дети принимают активное участие не только в общешкольных, 

но и городских воспитательных мероприятиях, конкурсах, концертах.  

Кроме  того,  что  необычные  дети  привлекаются  к  мероприятиям 

школы, они успешно участвуют в городских проектах. Так, на Городском 

Фестивале  «На  крыльях  таланта»    выступили  3  ученика,  завоевав 

номинации  «проникновенное  исполнение»,  «выразительное  чтение»: 

Мамырбекова  Диана  (9К)  с  жестовой  песней,  Суркова  Софья  (5К)  и 

Терхоев  Иса  (8Г)  со  стихотворениями.  Призовые  места  и  памятные 

подарки  за  поделки  в  конкурсе  газеты  «Устинка»  получили  ученики  5К 

класса (Суркова Софья и Заркомов Тахир). Все участники этого конкурса 

(дети с нарушением слуха КГУ «СМШ № 37») получили приз зрительских 

симпатий. Суркова София заняла первое место и получила сертификат на 

приобретение книг за картину ручной работы, выполненной бисером. 

Комплексная  работа  всего  педагогического  коллектива  с  детьми, 

имеющими ограничения слуха, была хорошо представлена в статье «Один 

за  всех  и  все  за  одного»,  вышедшей  на  страницах  газеты  «Устинка»  от 

10.12.2015 г. 

Благодаря  участию  ребят  с  ограниченными  возможностями  во 

всеобщих  школьных  и  городских  мероприятиях  дети  с  особыми 



 

57 


образовательными  потребностями  учатся  оценивать  свои  возможности, 

чувствовать  себя  равными  среди  других,  осознавать  свою  человеческую 

ценность. Эта взаимосвязь разных по своей сути детей приносит двойную 

пользу,  поскольку  обычные  дети  в  свою  очередь  также  приобретают 

бесценный опыт общения и понимание того, что все мы разные, но все мы 

живем в едином общем пространстве и имеем равные права. 

 

Стамбекова Асел Серкебаевна 

оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының меңгерушісі, 

п. ғ. к.

 

Ержанова Гульнур Жарболғановна 

оқыту мен тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының аға оқытушысы, магистрі 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 

Талдықорған қ. 

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІГІ МЕН 



ҰСТАНЫМДАРЫ 

 

«Кемсітуді  білмейміз,  бәріміз  де  бірдейміз»  -  деген  ұстанымды 



негізге  ала  отырып,  қазіргі  қоғамымызда  өзекті  мәселеге  айналған 

мүмкіндігі  шектеулі  балалар  тағдырын  талқылаудағы  инклюзивті  білім 

берудің негізгі түсінігі мен ұстанымдары қарастырылады.  

Осы  тұрғыдан  келгенде,  Қазақстан  Республикасы  дүниежүзілік 

қауымдастықтың  мүшесі  ретінде    халықаралық  Конвенциялар  мен 

Декларациялардың 

негізгі 

қағидаларын 

басшылыққа 

алынады. 

Халықаралық  Конвенциялар  мен  Декларациялар:  Бала  құқықтары  туралы 

Конвенция,  Адам  құқығы  туралы  жалпыға  ортақ  Декларация, 

Мүгедектердің  құқықтары  туралы  Декларация,  Саламанк  Декларациясы 

«Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы білім беру және 

жағдайын реттеу үшін».  

Мүмкіндігі 

шектеулі 

балалардың 

құқықтары 

Қазақстан 

Республикасының 

Заңдарында 

қарастырылған: 

Қазақстан 

Республикасының  Конституциясы,  Қазақстан  Республикасының  «Білім 

туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік 

және  медициналық-педагогикалық  қолдау  туралы»  Заңы,  Қазақстан 

Республикасының «Бала құқықтары туралы» Заңы. 

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан  халқына  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ»  атты  Жолдауында:  «Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарға  көбірек 

көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс».  

Мүмкіндігі  шектеулі  бала  (балалар)  –  белгіленген  тәртіппен 

расталған,  туа  біткен,  тұқым  қуалаған,  жүре  пайда  болған  аурулардан 

немесе      жарақаттардың  салдарынан  тіршілік  етуі  шектелген,  дене  және 

(немесе)  психикалық  бұзылыстары  бар  он  сегіз  жасқа  дейінгі  бала 

(балалар). 



 

58 


Инклюзия» - «inclusif» француз тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» 

ал,  «include»  латын  тілінен аударғанда  «араластырамын» деген  мағынаны 

білдіреді.   

Инклюзивті  білім  беру  –  барлық  балалардың  психикалық  және 

физикалық 

мүмкіндіктеріне,ата-аналарының 

әлеуметтік 

және 


экономикалық мәртебесіне, мәдениетіне, жеке ерекшеліктеріне қарамастан 

білім алуы мен нәтижелі табысқа жетуі үшін қажет жағдайлар жасау және 

білім берудің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз ету.  

Инклюзивті білім берудің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балалардың 

эмоционалдық  ерік-сезім,  физикалық,  танымдық  даму  ерекшеліктерін 

ескере отырып, жалпы білім беру бағдарламасын (мемлекеттік білім беру 

стандарты) меңгерту. 

Инклюзивті білім берудің негізгі ұстанымдары: 

1. Адам  құндылығы  оның  мүмкіндігіне  қарай  қабілеттілігімен, 

жеткен жетістіктермен анықталады; 

2. әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті; 

3. әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы

4. барлық адам бір-біріне қажет; 

5. білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады; 

6. барлық  адамдар  құрбы-құрдастарының  қолдауы  мен  достығын 

қажет етеді; 

7. әрбір  оқушы  үшін  жетістікке  жету-өзінің  мүмкіндігіне  қарай 

орындай алатын әрекетін жүзеге асыру; 

8. жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. 

 

Инклюзивті білім берудің артықшылықтары  



 

 

 



Инклюзивті білім беруді дамытудың  екі магистральды бағыты: 

Бірінші  бағыты  –  бала  дамуындағы  психофизиологиялық 



бұзылыстарды  ерте  жас  кезеңінде  (0  мен  3  жасқа  дейін)  анықтау  және 

түзетушілік-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру. 

Екінші 


бағыты 

– 

мүмкіндігі 



шектеулі 

балалардың 

психофизиологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқыту  мен 

тәрбиелеуде  «Кедергісіз  аймақтар»  құру  арқылы  жалпы  білім  беру 

үдерісіне енгізу.  

Бірінші бағыты: Ерте көмек көрсетудің артықшылығы 

1.  Түзетушілік-педагогикалық  жұмыстардың  нәтижесінің  жоғары 

болуы: 


ҚАЛЫПТЫ БАЛАЛАРДЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 

 

59 


30-40% 


дамуында 

ауытқуы 


бар 

балалар 


норманың 

көрсеткішіне жетеді; 

90% балаларда тұрақты оң нәтиже болады; 



2. Экономикалық жағынан үнемді; 

3. Мүмкіндігі шектеулі балалар санының азаюы.  

Екінші  бағыты:  I-кезең  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  анықтау 

және  білім  беру  ұйымдарына  бағыттау:  Психологиялық  -  медициналық  – 

педагогикалық кеңес 

Мүмкіндігі шектеулі баланың жағдайын анықтайды; 

оқу бағдарламасының түрін анықтайды; 



білім беру ұйымының типін ұсынады 

II-кезең.  Мүмкіндігі  шектеулі  баланы  оқыту  үшін  ата-аналарының 

білім беру ұйымын таңдауы  

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы:  49-бап.  Ата-



аналардың  және  өзге  де  заңды  өкілдердің  құқықтары  мен  міндеттері: 

Кәмелетке  толмаған  балалардың  ата-аналары  мен  өзге  де  заңды 

өкілдерінің:  баланың  тілегін,  жеке  бейімділігі  мен  ерекшеліктерін  ескере 

отырып білім беру ұйымын таңдауға құқығы бар;  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру  ұйымдарына 

енгізу 


III  кезең  –  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған  білім  беру 

ұйымдарын  анықтау:  Арнайы  мектептер  мен  балабақшалар,  Жалпы  білім 

беретін мектептердегі арнайы сыныптар, Инклюзивті сыныптар.  

Жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндігі шектеулі 

оқушылар: 

  Нашар еститін және кохлеарлы имплант жасалған балалар; 

  Нашар көретін балалар; 

  Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар; 

  Психикасының дамуы тежелген балалар; 

   аутизмге шалдыққан балалар

  Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар.  

Аутизмге  шалдыққан  балалар:  Аутизм  –  бала  дамуындағы 

ауытқушылықтың  ауыр  түрі,  ол  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынастың 

жоқтығын білдіреді. Бұл балаларға тән белгілер: жалғыздықты жақсы көру, 

ешқашан  адаммен  көзбе-көз  кездеспеу,  мимикасының,  дауысының, 

дыбысының  ырғағының,  жесттарының  болмауы,  бағытының  шарттары 

тұрақты  болуына  тырысуы  бәрі  біркелкі  болып  өзгермеуі  керек, 

эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау, біркелкі қимылдарды қайталай 

береді.  Аутист  баланың  сөйлеу  үдерісі  бұзылғандықтан,  олардың  50 

пайызында мутизм, эхолалия жиі болады. 

Нашар  еститін  және  кохлеарлы  имплант  жасалған  балалар.  Есту 

қабілеті  бұзылған  балалар  сөйлеу  тілін  және  басқа  дыбыстарды  нашар 

қабылдап  ажыратады.  Көп  жағдайда  дыбыстарды  есту  үшін  оларға  есту 


 

60 


аппараты көмектеседі. Нашар еститін балаларда есту қабілетінің төмендеуі 

15-20дб  мен  75  дб  аралығында  болады.  Кохлеарлы  имплантат  дегеніміз  – 

науқастың  шашына  немесе  терісіне  орнатылатын  хабарлағыштан, 

дыбыстық процессордан, микрофоннан, сондай-ақ, тері астына енгізілетін 

қабылдағыштан  және  хирургиялық  әдіспен   құлақ  ұлуы  ішіне  енгізілетін 

электродтар  тізбегінен  тұратын  медициналық  құрылғы.  Кохлеарлы 

имплантат  қызметі  есту  жүйкесіне  электродты  импульс  арқылы  дыбыс 

толқындарын жеткізу болып табылады. 

Нашар  көретін  балалар.  Нашар  көретіндер  -  0,05-тен,  0,2-ге  дейін 

жақсы көретін көзінде түзететін қарапайым көзілдірік арқылы көретіндер. 

Нашар көретіндерде көру қабілетінің өткірлігінің төмендеуімен қатар, көру 

қызметінін  басқа  салалары  да  бұзылуы  мүмкін,  мысалы:  жарық  пен 

түстерді сезінуі.  

Тірек қимыл-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар. Тірек 

қимыл-қозғалыс  аппаратының  зақымдалуы  –  бұл  ерікті  қимыл-

қозғалыстың  шектелуі.  Бұл  балаларда  қимыл-қозғалыстың  бұзылыстары 

психикалық және сөйлеу тілінің бұзылыстарымен қатар жүреді.   

Психикасының  дамуы  тежелген  балалар.  Үлгерімі  төмен  балалар 

тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының 

минималды, функционалды зақымдануы немесе балалардың ұзақ мерзімде 

әлеуметтік  депривацияга  ұшырауы  т.б.  Бұл  балалардың  эмоция-  ерік 

сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері 

педагогикалық түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.  

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балалар.  

Тіл  кемістігі  деп  –  сөйлеу  қабілетінің  психофизиологиялық 

механизмінің  бұзылу  салдарынан  сөйлеушінің  сөйлеу  тілінің  қоршаған 

ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтады.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру  ұйымдарына 

енгізу 

IV  кезең  -  Жалпы  білім  беру  ұйымдарында  мүмкіндігі  шектеулі 



оқушыларғы  білім  беру  және  түзетушілік-дамытушылық  үдерісті 

ұйымдастыру 

V  кезең  -  Жалпы  білім  беру  ұйымдарында  мүмкіндігі  шектеулі 

оқушыларғы  білім  беру  және  түзетушілік-дамытушылық  үдерісті 

ұйымдастыру 

Оқыту үдерісі 

 

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшелігіне қарай оқу 



бағдарламаларын бейімдеу; 

 

Жеке білім беру бағдарламаларын құрастыру



 

Мүмкіндігі шектеулі оқушылармен қосымша сабақтар өткізу.  

Түзетушілік-дамытушылық үдеріс 

 

Түзетушілік-педагогикалық қолдау; 



 

Психологиялық-педагогикалық қолдау; 

 

Жеке түзетушілік-дамытушылық бағдарлама құрастыру; 



 

61 


 

Арнайы  мектептердің,  реабилитациялық  және  ресурстық 

орталықтардың  логопедтері,  психолог,  педагог-дефектологтары  жалпы 

білім беретін мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетеді 

Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды сыныпқа отырғызу тәртібі  

 

 «Қайталау» 



стратегиясы:  Сыныпқа  отырғызудың  бұл 

стратегиясында  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  бір  қатарға  отырғызып, 

онымен  педагогтың  ассистенті  жұмыс  жасайды.  Ол  мұғалімнің  айтқанын 

сол қарқынмен мүмкіндігі шектеулі балаларға қайталайды. 

 

 «Бекет»: 



Мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  сыныпқа 

отырғызудың екінші нұсқасы «Бекет» деп аталады. Сыныпқа отырғызудың 

бұл  тәртібінде  оқушыларды  деңгейі  бойынша  «Бекетке»  бөледі.  Екінші 

бекеттегі  мұғалімнің  жетекшілігімен  ассистент  мүмкіндігі  шектеулі 

оқушылармен жұмыс жасайды.  

 

 Параллель  оқыту:  Параллельді  оқытуда  –  педагог  пен 



ассистент  қатар  жұмыс  жасайды.  Көмекшісі  педагогтың  айтқандарын 

тыңдап, оны мүмкіндігі шектеулі балаларға түсіндіреді.  

 

 Топпен  жұмыс:  Төртінші  нұсқа  –  «Топ»  деп  аталады.  Бұл 



нұсқаға  сәйкес  педагог  пен  ассистент  сынып  алдында  бірге  жұмыс 

жасайды.  Педагог  сыныпқа  түсіндіреді,  ал  ассистент  мүмкіндігі  шектеулі 

оқушыларға қосымша түсіндіреді, толықтырады.  

Инклюзивті  сыныптарда  физикалық  ортаның  келесі  параметрлері 

ескерілуі қажет: 

 

Баспалдақтары бар орындарға пандустар орнату; 



 

екі жаққа кең ашылатын жарма есік және есіктердің ойықтары, 

бұл есіктердің ашылып, жабылу жылдамдығы; 

 

жиһаздарды таңдау; 



 

сыныптағы сөрелер, парталар мен үстелдердің биіктігі; 

 

жарықтандыру; 



 

ашық кеңістік; 

 

көңіл аудартатын факторлар; 



 

жаратылыстану  бағытындағы  пәндерде  арнайы  құрал-

жабдықтардың қолжетімділігі; 

 

су ішетін құрылғылардың және мектеп ғимараттарының: ойын 



алаңдары  мен  спорт  алаңдары,  мектептің  басқа  корпустарының 

қолжетімділігі; 

 

қауіпті орындарды анықтау және шартты белгілермен көрсету. 



Инклюзивті  білім  беру  –  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  тең 

құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-

қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті 

бағыт  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі    балаларды  оқуда  жетістікке  жетуге 

ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты 

білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, 

қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.  

 


 

62 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

1. Арнайы  педагогика  [Мәтін]  /  Л.С.  Заркенова,  Н.Н.  Омарова,  Б.И. 

Ильясова. - Алматы: Эверо, 2014. – 180 б.  

2. Специальная педагогика [Текст]: Учебное пособие для студ. высш. 

учеб. заведений / Под ред. Назаровой Н.М.- 8-е изд., испр. - М.: Академия, 

2008. - 400с. 

 

3. Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  даму  мүмкіндігі  шектеулі 



оқушыларды 

психологиялық-педагогикалық 

қолдау 

қызметінің 



ұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. - № 7(128) 09. - 2013. 

4. Елисеева И.Г. Включение детей с ограниченными возможностями 

в общее образование. Ресурсные материалы. - Астана 2013. – 107 с. 

5. Шматко  Н.Д.  Базовые  модели  интегрированного  обучения.  // 

Дефектология. – 2008. - № 1. - С. 79-83. 

 

Стельмах Светлана Александровна 

психология және коррекциялық педагогика кафедрасының 

меңгерушісі пс.ғ.к. 



Аканова Жанель Маратбековна 

психология және коррекциялық педагогика кафедрасының 

аға оқытушысы, психология магистрі 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан

 

мемлекеттік 

университеті, Өскемен қ. 

 

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҮМКІНДІГІ 



ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 

 

Социализация детей с ОВР в условиях  инклюзивного образования   



Қазіргі таңда әлемнің мемлекеттердің көбінде қоғам келесі түсінікке 

келді:  жалпы  адами  өсиетке  және  әлеуметтік  әділдіктің  талаптарына 

сәйкес, 

білім 


беруде 

ерекше 


қажелеттіліктер 

тән 


балаларды 

дискриминациялауға  жол  берілмеуі  тиіс.  Адамның  құқық  аймағында 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  (БҰҰ)  декларациясы  мен  ұсынымдары  және 

конвенция  қағидаларына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасы  барлық 

балаларға,  сонымен  қатар  ерекше  білім  алуға  деген  қажеттіліктері  тән, 

қоғамда  әлеуметтік  бейімдеу  проблемалармен  ерекшеленетін  барлық 

балалар сапалы біліммен қамтылуы қажет.  

Инклюзивті  білім  беру  –  бұл  барлық  балаларды,  олардың  жынысы, 

жеке  қажеттіліктер,  дін,  тіл,  этнос,  әлеуметтік  тиістілік,  экономикалық 

жағдайы,  денсаулық  белгісі  бойынша  айырмашылықтарына  қарамастан, 

білім беру процесіне кірістіруге бағытталған мемлекеттің маңызды саясаты 

болып табылады.  

Инклюзивті  білім  беру  саясатының  мазмұнына  сәйкес  барлық 

балалар  білім  алуға  деген  құқықтары  бар;  мектептер  балалардың 

айырмашылықтарына  қарамастан  оларды  қабылдау  және  балалардың 


 

63 


ерекше  білім  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  қажет.  Сонымен  қатар 

балаларға  барлық  қажетті  жағдайды  жасау  керек.  Инклюзивті  білім 

берудің  енуі  қоғамда  дискриминация  мен    жатырқап  кету  мәселелерінің 

жеңіп  шығуына  мүмкіндік  береді,  сонымен  қатар  барлық  адамдар 

арасында әлеуметтік тепе-теңдікке және әлеуметтік оңалтуға  жол ашады.  

Қоғамның  осал  топтарына,  дамуында  мүмкіндігі  шектеулі  балалар 

жатқызылады,  сонымен  қатар  мүгедек  балалар.  Шығыс-Қазақстан 

облыстық  психологиялық,  медициналық  және  педагогикалық  кеңес  беру 

деректеріне сәйкес,  Өскемен қаласы бойынша 1.04.2015 жылы мүмкіндігі 

шектеулі  балалардың  саны:  0  -  18  жасқа  дейін  –  3342;  «мүгедек-бала» 

мүддесімен ерекшелінетін балалардың саны - 736.  

2014-2015  оқу  жылында  түзету-дамытушылық  тәрбиелеу  мен 

оқытуымен  қамтылған  балалардың  саны  1023.  659  бала  арнайы  түзету 

ұйымдарында  оқытылып,  тәрбие  алуда,  364  оқушы  жалпы  білім  беру 

мектептерінде ашылған, мүмкіндігі шектеулі балалар  арнайы сыныптарда 

білім алуда.   

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға түзетушілік-педагогикалық 

қолдау  көрсетіледі,  әсіресе  ауызша  және  жазбаша  сөйлеуінде  дефект 

құрылымында  бұзылыстармен  ерекшеленетін  балаларға  арналған 

логопедиялық  пункттер  орналасқан:    жалпы  білім  беру  мектептер-13,  

бала-бақшалар  - 23.  Ауызша  және  жазбаша  сөйлеуінде   бұзылыстары бар 

1423  бала  түзетушілік    көмек  алады.    01.04.15  жылы    151  оқушы  үйде 

оқытылды, оның ішінде 79 мүгедек балалар. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жоғары  пайызы  оқумен  және 

тәрбие  жүйесімен  қамтылмаған,  оның  себептері  жеткілікті  және  осы 

мәселені инклюзивті білім беруді енгізу арқылы ғана шеше алады.  

Инклюзивті  білім  беруді  толығымен    жүзеге  асыру  үшін  келесі 

міндеттерді шешу қажет: 

1. 

Инклюзивті  білім  беруді  нормативтік-құқықтық  және 



қаржылық-экономикалық  жағынан  қамтамасыз  ету  қажет,  яғни 

нормативтік  құжаттардың  бар  болуы  инклюзивті  жалпы  білім  беру 

ұйымының  іс-әрекетін  және  мүддесін  аңықтайды.  Сонымен  қатар  ерекше 

қажеттіліктерімен 

ерекшеленетін 

балаларды 

жалпы 

білім 


беру 

ұйымдарына  орнықтыру,  кедергісіз  ортаны  мен  оқуды,  түзете-дамытушы 

үрдісті ұйымдастыру  мәселелерімен айналысады.   

2. 


Инклюзивті  білім  беруді  қолдау  мақсатында  қоғамдық  ойды 

және  мүмкіндігі  шектеулі  адамдарға  деген  толеранттық  қатынасты 

қалыптастыру. 

3. 


Инклюзивті  білім  беруді  ғылыми  және  оқу-әдістемелік 

жағынан қамтамасыз ету:  

-  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру  ортаға  қосу 

мақсатында  эксперименталды  нұсқаулық  модельдерді  өндіру;  сонымен 

қатар  осы  категорияға  жататын  балаларды  оқыту  үрдісі  кезінде 


 

64 


қолданатын  жаңа  ықпалдар,  әдістер  мен  инновациялық  технологияларды 

дайындау; 

-  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  білімдерін  бағалау  кезінде  негізгі 

критерийлерді өндіру; 

-  жалпы  білім  беру  ұйымдарында  оқитын  мүмкіндігі  шектеулі 

балаларды  әлеуметтік  оңалту  және  психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар  мен  оқу-әдістемелік 

құралдарды дайындау және қолдану; 

- жалпы білім беру ұйымдарда оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға 

арналған  оқулықтарды, оқу жоспарлар мен бағдарламаларды құрастыру; 

-инклюзивті  жалпы  білім  беру  ұйымдарды  арнайы  оқулықтармен, 

оқу-әдістемелік 

және 

көрнекілік-дидактикалық 



материалдармен 

қамтамасыз ету. 

4. 

Жалпы  инклюзивті  білім  беру  жүйесіндегі  кадрларды 



дайындау және біліктілігін жоғарлату. 

5. 


Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  жалпы  білім  беру  үрдісіне 

енгізу  үшін  жағдай    жасау:  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  ерте  аңықтау 

және  уақытында  кешендік  қолдау  мен  көмек  көрсету;  кедергісіз  ортаны 

қалыптастыру,  инклюзивті  ұйымдарды  материалды-техникалық  жағынан 

қамтамасыз ету, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды  оқытудың 

техникалық тәсілдермен қамтамасыз ету; кешендік қызметті ұйымдастыру 

(әлеуметтік  және    медициналық-педагогикалық  сүйемелдеу);  инклюзивті 

білім  беруді  қамтамасыз  ету  мақсатында  әр-түрлі  деңгейдегі  ресурсттік 

орталықтарды  ұйымдастыру;  жалпы  білім  беру  жүйесінде  мүмкіндігі 

шектеулі  оқушыларды  ерте  кәсіптік  бағдар,  кәсіп  алды  және  кәсіби 

дайындықпен  қамтамасыз  ету;  сонымен  қатар  белсенді  түрде  инклюзивті 

білім  беруінің  дамуына  қоғамдық  ұйымдар  мен  ата-аналардың  назарын 

аудару және осы үрдіске тарту.  

Инклюзивті білім беру мәселесіндегі айрықша маңызды екі міндетке 

тоқталайық.  Бірінші  –  бұл  инклюзивті  үрдіске  мұғалімді  дайындау. 

Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  мұғалімнің  позициясы    алмасып 

тұрады.  

Мұғалім  өзінің  автономдылығын  жоғалтады,  яғни    жұмыс 

барысында    арнайы  педагогпен,  психологпен,  логопедпен,  әлеуметтік 

педагогпен және ата-аналармен тығыз қатынаста болады. Ұзақ уақыт бойы 

мұғалім іс-әрекет барысында  аталған  мамандарға өзінің тәжірибесін ашық 

түрде көрсетеді.  Осындай жағдайда әр бір педагог жұмыс істей алмайды. 

Үнемі  басқа  педагогтармен  жұмыс  жасау  барысында  мұғалімдердің  көбі 

шиеленіске  ұшырауы  мүмкін.  Бұндай  жағдайда  жұмыстың  сапасы  мен 

жұмысқа деген қабілеті төмендейді.  

Инклюзивті мектептің мұғалімі  жетістікке жете алады, егер: 

- әжептәуір икемді болса; 

қиыншылықтарға  қызуғышылық  танытады  және  әр-түрлі 



ықпалдарды қолдана алса; 

 

65 


- индивидуалды айырмашылықтарды сыйласа; 

-  басқаны  тыңдай  алса  және  команданың  басқа  мүшелерінің 

ұсыныстарын қолдана алса; 

-  сыныптағы  басқа  ересек  адамның  қатысуы  кезінде  сенушілік 

сезінсе; 

-  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ерекшеліктері  жайлы  білсе  және 

бұндай баламен жұмыс жасау барысында әр-түрлі әдістерді қолдана алса.  

2004  жылы  Шығыс  Қазақстан  Мемлекеттік  университетінің 

«Психология 

және 


коррекциялық 

педагогика» 

кафедрасында 

«Дефектология»  мамандығы  ашылған.    Кафедра  500-ден  астам 

дефектология  бакалаврларын  дайындады.  Оқу  үрдісі  4  білім  беру 

траектория 

бойынша 

жүзеге 


асырылады: 

олигофренопедагогика, 

сурдопедагогика,  логопедия,  тифлопедагогика.  2011  жылы  кафедра 

магистр  -  дефектологтарды  дайындай  бастады.  2015  жылдың 

мауысымында біздің білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының 

аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде 3 орынға ие болды.  

Қазіргі  оқу  жылынан  бастап  «Дефектология»  мамандығы  бойынша 

профильдік  бір  жылдық  магистратура  негізінде  келесі  білім  беру 

траекториялары бойынша оқыту енгізіледі: Мектепке дейінгі мекемелерде 

инклюзивті  білім  берудің  педагогикасы  мен  психологиясы;  Мектеп 

мекемелерінде инклюзивті білім берудің педагогикасы мен психологиясы. 

Оқу жоспары, инклизивті білім беру жүйесінде продуктивті жұмыс жасау 

үшін  педагогқа  керекті  құзыреттіліктерді  қалыптастыруға  бағытталған 

пәндерден  тұрады:  «Инклюзивті  білім  берудің  құқықтық  және 

экономикалық  негіздері»; «Арнайы  білім  беру  сапасының  мониторингі»; 

«Мектеп  және  мектепке дейінгі  білім берудегі  түзетушілік-дамытушылық 

және нұсқаулық білім беру бағдарламаларды жобалау» және т.б.  

Инклюзивті сыныптағы мұғалім өзбетінше қызмет ете алмайды, оған 

үнемі қолдау көрсету қажет. Жоғары оқу орны мен кафедра педагогтардың 

осы  бағыт  бойынша  біліктілігін  жоғарлату  мақсатында  үлкен  әлеуетімен 

ерекшеленеді.  Кафедрадағы  оқытушылар    қаланың  түзету  мекемелерінде 

жұмыс атқарады және олардың біліктілігі жоғары. Сондықтан, біліктілікті 

жоғарлату  курстарында  берілетін  білімдер,  мұғалімдерге  мүмкіндігі 

шектеулі  балалар  жайлы  кеңінен  білім  алуға  мүмкіндік  береді  және  осы 

категорияға  жататын  балалармен  жұмыс  үрдісі  кезінде  түзету 

ерекшеліктерін түсінуге жол береді.  

Тағы  бір  күрделі  мәселелердің  бірі  ол  заманауи  қоғамдағы 

инклюзивті  білім  беруге  деген  біржақты  пікір.  Біз  Шығыс-Қазақстан 

облысындағы қала және ауыл халқы арасындағы инклюзивті білім беруге 

деген  қатынасын  зерттеу  арқылы  аңықтадық.  Құрылған  әдістеме    5 

сұрақтан  тұрды.    Қала  және  ауыл  тұрғындары    жалпы  инклюзивті  білім 

беруге  және  мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қалай  қабылдайтындығын 

аңықтадық.  Сонымен  қатар  зерттеуге  қатысқан  респонденттермен 

әнгімелесулер өткізілді.  



 

66 


Зерттеленушілер  тобына,  облыстың  ауыл  және  қалада  тұратын 

педагогтар,  жалпы білім беру мектептердің оқушылары және олардың ата-

аналары кірді.  

Ауыл 


тұрғындардың 

нәтижелеріне 

келсек, 

мұғалімдердің  

инклюзивті білім беруге деген қатынасы жағымды болып табылады. Олар 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  қабылдауға  дайын.    Бастауыш  сынып 

мұғалімдері мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға дайын және олардың 

жетістіктерін  көргілері  келеді.  Әнгімелесу  барысында  мұғалімдер 

мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оқыту  барысында  өз  тәжіриебесімен 

бөлісті және әр-бір мұғалімде осы тәжірибе бар.  Сонымен қатар сыныпқа 

осындай  бала  келген  кезде,  педагогтың  алдында  пайда  болатын 

қиыншылықтарды    атап  шықты,  бірақ  барлық  мұғалімдер  осындай 

балаларды оқытуға дайын.  Ауылдағы  мектеп мұғалімдерінің ойынша дені 

сау балалардың,  мүмкіндігі шектеулі балаларға деген реакциясы әр-түрлі 

болуы  мүмкін,  яғни  олар  бұндай  категорияға  жататын  балаларды 

қабылдамауы  да  мүмкін.  Осыған  орай  мұғалімдердің  көз  қарастары 

бойынша  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  бірлесіп  оқу  үшін,  дені  сау 

балаларды  дайындау  және  алдын  ала  мақсатталған  тәрбие  жұмыстарын 

өткізу қажет.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ата-аналары  жалпы  орта  білім 

беретін  мектептерде  баларының  оқуына  қарсы  емес.  Ата-аналар  өз 

балаларын  мектепке  дайындауға  дайын,  олардың  ойынша  әр-түрлі 

қиыншылықтар  туындауы  мүмкін,  бірақ  бұл  қиындықтарды  жеңуге 

балаларға көмектеседі. Ата-аналардың 10% инклюзивті білім беруге деген 

қарсылығын  білдірді,  олардың  ойынша  «басқа»  балалар  олардың 

балаларына зиян келтіру мүмкін. 

Сонымен  қатар  ауылда  оқитын  оқушылардың  нәтижелері  жағымды 

көрсеткіштерді  көрсетті.  Олар  мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  бірге 

оқығылары келеді және қарсылық білдіргенжоқ.  Орта және жоғары сынып 

оқушылары  бұндай  балаларға  көмек  көрсетуге  дайын  және  олардың 

ойынша олармен оқыған қызықты болады.   

Қала  тұрғындарының  алыңған  нәтижелері  басқа  қорытындыны 

көрсетті.  Ата-аналар  инклюзивті  білім  беруге  жағымсыз  қарайды.  Олар 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  жалпы  орта  мектепте  оқығанына  қарсы. 

Олардың  ойынша  балалар  бірге  оқи  алмайды  және  материалды  тану 

кезінде  қиыншылықтар  пайда  болады.  Қаладағы  ата-аналардың  пікірі 

бойынша  мүмкіндігі  шектеулі  бала,  олардың  балаларына  жағымсыз  әсер 

етеді.  Кейбір  ата-аналардың  ойынша  балалардың  оқу  үлгерімі  нашарлай 

бастайды  және  даму  жағынан  артта  қала  бастайды.  Ата-аналардың    15% 

ғана инклюзивті білім беруге деген қарсылығын білдіргенжоқ. 

Қала  мектептерінің  мұғалімдері  мен  оқушылары  инклюзивті  білім 

беруге  деген  қатынасының  нәтижелері  шамамен  бірдей.  Мұғалімдердің 

инклюзивті білім беруге деген қатынасының көрсеткіштері оқушылардың 

нәтижелерінен  асып  түсті.  (60%  и  50%).  Оқушылардың  көбінің  ойынша 



 

67 


(50%) мүмкіндігі шектеулі балалар оларға кедергі жасайды және  олармен 

бірге  оқыған  қызықсыз.  Мұғалімдер  бұндай  балалармен  жұмыс  істегісі 

келмейді  және  істей  алмайды  деген  пікірді  білдірді    және  сынып 

ұжымында  дұрыс  қарым-қатынасты  орнату  кезінде  қиыншылықтар 

туындайды.    Әнгімелесу  барысында  қала  мұғалімдер  мен  оқушылар, 

бұндай балалармен бұрын қарым-қатынастың болмағаны жайлы айтты. 

Зерттеу  нәтижелері  бойынша  қала  тұрғындарына  қарағанда,  

ауылдағы  ата-аналар  мен  балалар,  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  деген 

толеранттылықты  білдірді.  Осы  толеранттылық  қалыптасуының  негізгі 

факторы  ретінде  -  мүмкіндігі  шектеулі  адамдармен  өзараәрекеттесу 

тәжірибеннің  болуы.  Қазіргі  танда  біздің  қоғамда  мүмкіндігі  шектеулі 

балалар    үйде  немесе  жабық  интернаттық  ұйымдарда  орналасқан.  Қала 

тұрғындары  бұндай  балаларды  көрмейді  және  олармен  қарым-қатынасты 

орнатуға дайын емес. Ауылды жерде әр-бір тұрғын  көзге түседі, тиісінше 

мүмкіндігі  шектеулі  адам  да.  Күнделікті  қарым-қатынастың  бар  боруы 

мүмкіндігі  шектеулі  адамды  жағымды  қабылдауына  әкеледі.  Бұндай 

адамдармен  күнделікті  жеке  қарым-қатынасты  орнату  және  эмоционалды 

байланыстардың  бар  болуы  өзараәрекеттесу  кезінде  кедергілерді  жоюға 

көмектеседі.  Бұндай  модель  басқа  адамға  деген  жағымды  қатынасты 

қалыптастыруда маңызды рөль атқарады.  

Инклюзивті  білім  беру  –  оқытудың  прогрессивтік  тәсілі  болып 

табылады  және  біздің  заманауи  қоғамның  келешегі.    Біздің  қоғамымыз 

ұлттық  және 

конфессионалдық  толеранттылықпен 

ерекшеленеді, 

сондықтан  мүмкіндігі  шектеулі  бала  оның  мүмкіндіктері  мен 

қажеттіліктеріне  бейімделген    сапалы  білім  алуға  деген  құқығын  жүзеге 

асыра алады  деп үміттенеміз. Мүмкіндігі шектеулі бала өмірде өз орнын 

табады және  өзінің өмірлік потенциалын болашақта толығымен пайдалана 

алады.  


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет