04.12.2017ж
Білім беру саласы: Коммуникация
Білім бөлімі: Көркем әдебиет
Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат
Тақырыбы: Санамақтарды жаттау
Мақсаты: Сан алуан ұлттық ойындар ерте дәуірден бастап - ақ қоғамдық құбылыс ретінде баланың ақыл - ойын дамытуда, баланың бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсету секілді жақсы қасиеттерді тәрбиелеу
2. Мен базарға бардым,
Ысқырық сатып алдым.
Қызыл, жасыл, көгілдір
Қайсысын алсаң өзің біл.
3. Ойын ойнағанда басшы таңдау үшін айтылатын санамақ
Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.
Саусақ санау ойыны
(Халық өлеңі)
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Барлығы бірге санамақ жаттайды
Рефлексивті коррекциялаушы
Балалар сендер жарадыңдар, барллық санамақтарды жаттап алдыңдар
Біледі: санамақ түрлерін
Түсінеді: Өлеңнің мазмұнын
Меңгереді: санамақтарды жаттап алады
04.12.2017ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Аппликация
Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат
Тақырыбы: Камзол
Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттың киімі - камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттың сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның жапсыру жолдарын менгерту, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық ою- өрнегі және қазақтың ұлттың киімі - қамзолдың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, қайшы желім
Сөздік жұмыс: қамзол, әшекей, әшекейлендіру
. Билингвальды компонент әже - бабушка