Иондық тордың еріткіш молекулаларының әсерінен ыдырауын электролиттік диссоциация деп атайды. Еріткіштің әсерінен иондарға ыдырайтын заттар электролиттер деп аталады.
Нағыз электролиттерге тұздар, қышқылдар, сілтілер мен көптеген органикалық қосылыстар жатады.
Электролиттер ерітінділеріндегі ток – иондардың реттелген қозғалысы.
Ерітінділер немесе электролиттер балқымасы арқылы электр тогы өткенде электродтарда заттардың бөліну құбылысын электролиз деп атайды.
Электролиз кезінде электродта бөлінетін зат массасы электролит арқылы өтетін электр мөлшеріне пропорционал. Бұл заң ФАРАДЕЙ заңы деп аталады.
1.2. Топқа бөлу (Өлшем бірліктер арқылы Ампер, Вольт, Ом, Ватт)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(5 минут)
Семантикалық карта (жеке жұмыс)
Формулалар
Шамалар
Ток күші
Кернеу
Жұмыс
Қуат
Ом заңы
Меншікті кедергі
Джоуль-Ленц заңы
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар берілеі(2 минут) БІЛУ Қардың суы, жаңбырдың суы дистелденген суға жата ма?
Дистелденген суды тізбекке қосып, оған шамды да жалғасақ, ол арқылы токты жүргізсек, қалай ойлайсыздар? Шам жана ма немесе тізбекте ток бола ма?
ІҮ. Жаңа сабақ - Блум таксономиясы бойынша
ТҮСІНУ- жаңа сабақ тәжірибе және видео арқылы түсіндіріледі.
ҚОЛДАНУ- 4 топқа арналған есептер («Есеп және озық ой» стратегиясы) Электролит арқылы 1,5А ток күші өткенде 5 мин ішінде катодта 137 мг зат жиналды. Бұл қандай зат?
Тәжірибені орындау кезінде катодтан 4 А ток өткенде 20 мин ішінде массасы 1,5г мыс бөлінді. Тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар.
Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5 А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалады?
Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 50 мин ішінде катодта 6г мыс бөлінсе, жүріп өткен токтың күші қандай?
ТАЛДАУ – есептер талданып, дәптерге жазылады.
ЖИНАҚТАУ – кроссворд шешу, жауаптары ағылшын тілінде (топтық жұмыс) Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процесі қалай аталады?
Химиялық реакция нәтижесінде біз токтың қандай әрекетін бақыладық?
Тәжірибеде пайдаланылған электролит қандай сұйықтық?
Токтың химиялық, магниттік әсерінен басқан тағы қандай әрекетін білеміз?
Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр мөлшеріне пропорционал заңы қалай аталады?