Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы
Шымкент қаласындағы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әлемді өзгертетін идеялар
Жыл сайын Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасының кітапханасының ұйымдастыруымен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты республикалық байқау өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл сайыс «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне қарасты республикалық мектеп-интернаттары арасында өткізіледі.
Байқаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының идеялары мен бастамаларын зерттеп, білім беру барысында инновациялық тұрғыда қолдану.
Мен де осы 2014 жылы осы байқауға қатысып, бағымды сынап көрген болатынмын. Аталмыш сайысқа елдің барлық облыстарынан 54 оқытушы қатыстып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітаптары бойынша әдістемелік зерттеулерін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша, Елбасымыздың «Жылдар мен ойлар» кітабы бойынша жазылған «Н.Ә. Назарбаевтың толғамдары мен қанатты сөздері» тақырыбында жазған әдістемелік әзірлемем үздік деп танылды. Назарларыңызға сол әдістемелік әзірлемені ұсынбақпын.
Н.Ә.Назарбаевтың толғамдары мен қанатты сөздері
Бұл әдістемелік әзірлемеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» кітабындағы әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздерін жас ұрпақ мағынасын түсініп меңгеруі үшін, сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін көп жылдар бойы қолданылып келе жатқан шетелдік жаңа үлгідегі әдістер енгізілген. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау сияқты әдістер арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру көзделген. Сабақта оқытудың жаңа технологияларының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдары көрсетіліп, білім сапасын көтеруге бағытталған.
Сабақтың тақырыбы:Н.Ә.Назарбаевтың толғамдары мен қанатты сөздері
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдарда жарық көрген кітаптарынан, мақалалары мен сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған толғамдары мен қанатты сөздерін талдай отырып, мағынасын меңгерту;
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, зияткерлік деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу;
І.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылығын ояту (Evocation). «Бинго» ойыны
Бұл ойынның мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру. Ойынның шарты: оқушылар сынып бөлмесінде тақырыпқа қатысты алдын-ала жасырылған сөздерді іздеп тауып, табылған сөздің орысша, ағылшын тіліндегі аудармаларын айту керек. Тапқан оқушы «Бинго» деп аяқтағанын білдіруі тиіс.
Жасырынған сөздер: еңбек- labour-труд; өркениет- цивилизация-civilization; Отан - Родина-motherland, халық - народ-nation, тәуелсіздік, бірлік- единство-solidarity; тұрақтылық - стабильность-stability; тіл - язык- language; тарих- история-history;
«Болжау» әдісі
Тақтадан оқушыларға тақырыпқа қатысты суреттер көрсетіледі.Жасырынған сөздер мен берілген суреттерге қарап отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбына болжам жасайды.
Топқа бөлу
Оқушыларды парақшаларға жазылған қанатты сөздерді таңдап алу арқылы, мағынасына қарай топтарға бөлу. Мысалы:
«Отан» туралы
1.Отанды сүю – оның нағыз суығына шыдап, ыстығына күю.
2.Отанды сүю – өркениеттіліктің белгісі.
3.Отбасы – Отанның ошағы.
4.Өз Отаныңды, туған тіліңді, түп-тамырыңды білмейінше нағыз патриот бола алмайсың.
5.Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір.
«Тіл» туралы
1.Ұлттық сана ұлттық тілмен қалыптасады.
2.Қазақ тілін білу – қазақтың баласына парыз, ал білмеу – ұят және өз еліңді сүймегенмен бірдей.
3.Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.
4.Өзіміз ана тілінде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз. Бұл – аз уақыттың аясында тындырып тастайтын іс емес. Бұл – мемлекеттік тұрғыдан, ұзақ жылдар бойы, ұдайы айналысатын іргелі іс.
5.Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі.
«Тарих» туралы
1.Бүгінгі ісімізге қарап ұрпақтарымыз бізге баға беретін болады.
2.Өз тарихын сыйламаған, өзін де сыйламайды.
3.Бабаларын қалтқысыз қастарлей алған халық балаларының болашағын да қапысыз қамдай алмақшы.
4. Өткенге қарап ертеңіңді түзе.
5.Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып, мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн.
«Бірлік» туралы
1.Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
2.Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, біз ірі болу үшін бір болуымыз керек.
3.Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.
4.Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер – мүдде бірлігі.
5.Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады.
Кері байланыс. Топтарға бөлінудің себептерін анықтау.«Неге сіздер осы топқа жиналдыңыздар?» Оқушылар қолдарындағы нақыл сөздердің мағынасын түсіндіреді.
Жұмыс ережелерін қабылдау. Мысалы:
1.Қысқа да нұсқа сөйлейік! Уақытты үнемді пайдаланайық!
3.Берілген тақырыптан ауытқымайық!
4.Біз үшін әрбір пікір құнды!
5.Бір-бірімізді тыңдай білейік! т.б.
ІІ.Мағынаны ажырату (Realization of meaning)
«Ассоциациялар қатары»Мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты топпен бірлесе отырып, Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздерінің тақырыбына байланысты ассоциацияларды жазады. Мұғалім парақтарды жинап, оқушылармен талдап, топтардың жұмыстарын салыстырады, нәтижесінде сол тақырыптың структуралық сызбасы жасалады. Бұл әдіс арқылы оқушының білімі туралы түсінік алынады.
«Бос орындарды толтыр» (Dictogloss). Жеке жұмыс
Оқушыларға тақтадан Н.Ә.Назарбаев туралы бейнефильм көрсетіледі. http://www.youtube.com/watch?v=39mHKGkynXw
Бейнефильмдегі нақыл сөздерден төрт топқа төрт түрлі мәтін таратылып беріледі. Мәтіндегі кейбір сөздер алынып тасталған. Оқушылар байнефильмді көреді, ондағы нақыл сөздерді есте сақтайды, таратылған қағаздағы бос орындарды өз беттерінше толтырады. Толтырып болған соң, мәтіндерді бір-бірімен салыстырып тексереді. А нұсқасы мен В нұсқасы, С нұсқасы мен D нұсқасы (мұғалім дұрыс жауапты тексеру үшін бейнефильмді екінші мәрте қоюға да болады).
А нұсқа
Тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ___________ келісім мен бейбіт өмірді салт еткен, _____________сеніммен қарайтын мәңгілік елдің бірінші адамы.
Оның барлық ____________ өзін жеңе білуден басталған.
Тәуелсіздіктің туын тігуге қаншалықты ___________________ керек болса, оны құлыптай _______________ да соншалықты қажыр-қайрат керек.
Өсер елдің баласы ____________ болса, өшер елдің баласы __________ болады.
Егер өз ____________ жақсы көрсең, өз __________нәтижесін көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл ер адам үшін үлкен шабыттандырушы күш.
Лидер – өзінше бір ________ адам. Онның бірі ғана сондай болуға қабілетті. Ол өз _______ және бүкіл әлем бойынша жүріп тұрады, ол __________ оң әсер етуі үшін келіссөз жүргізе білуі тиіс, __________, ақылды және жігерлі болуы керек.
Қолымыздан _________, санамыздан _____ кетпесе, жақсылыққа жетеріміз хақ.
Еңсесін енді көтеріп жатқан біздің еліміз үшін _________ ұрпақтың орны бөлек.
Біз бойымыздағы ___________ үйреніп,___________ жирене білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз!
В нұсқа
Тәуелсіздікті тәу ететін, шынайы демократияға ұмтылған, ұлтаралық келісім мен ________ өмірді салт еткен, болашағына сеніммен қарайтын _______ елдің бірінші адамы.
Оның барлық жетістіктері өзін __________ басталған.
Тәуелсіздіктің __________ қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлыптай сақтап қалуға да соншалықты __________ керек.
____ елдің баласы арманшыл болса, _____ елдің баласы жанжалшыл болады.
Егер өз жұмысыңды ______ көрсең, өз еңбегіңнің _______ көрсең – осының өзі рухтандырады. Бұл ер адам үшін үлкен шабыттандырушы күш.
Лидер – ________ бір бөлек адам. Онның бірі ғана сондай болуға қабілетті. Ол өз елінде және __________бойынша жүріп тұрады, ол әріптестеріне оң әсер етуі үшін ______жүргізе білуі тиіс, тілтабысқыш, ақылды және жігерлі болуы керек.
Қолымыздан қайрат, _________ ақыл кетпесе, ___________ жетеріміз хақ.
Еңсесін енді көтеріп жатқан біздің __________ дарынды ұрпақтың орны бөлек.
Біз бойымыздағы озығымыздан __________, тозығымыздан _________ білсек қана өркениетті мемлекет, еңселі ел боламыз!
С нұсқа
Жетістік – әрекеттену санына тікелей қатысты екеніне __________ адам.
Қазір______ жарыстыратын заман емес, ___ жарыстыратын заман.
Арпалыспен келмесе ________азаттық бола ма? Оңайлықпен келсе, оның _____ бола ма? _______ жоқ нәрсе қолда ұзақ тұра ма?
_________ – кез келген кедергіні жеңеді.
Мен _________жастарға спортпен шұғылдану керектігі туралы айтамын.
Біз ел болдық, жаңа _____ болдық! Бұрынғы заман жоқ! Сана ________ уақыт баяғыда туды!
Жастарымыз_____________көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне_____отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.
Қазақ _________ қазақша сөйлессін!
D нұсқа
Жетістік – әрекеттену санына __________қатысты екеніне сенетін адам.
Қазір бой ____________ заман емес, ой _____________заман.
Арпалыспен келмесе шынайы _________ бола ма?__________келсе, оның қадірі бола ма? Қадірі жоқ нәрсе ________ ұзақ тұра ма?
Табандылық – кез келген _________жеңеді.
Мен әрқашан _________ спортпен шұғылдану керектігі туралы айтамын.
Біз ___болдық, жаңа жұрт болдық! Бұрынғы заман жоқ! Сана жаңаратын______ баяғыда туды!
Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің __________бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың______ой көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.
Қазақ қазақпен__________сөйлессін!
«Т кестесі» стратегиясы. Топтық жұмыс
Елбасының толғамдары мен нақыл сөздерін қазақтың басқа нақыл сөздерімен салыстыру жұмыстарын жүргізу, ұқсастықтарын табу
Н.Ә.Назарбаевтың сөздері даналық сөздер
|
1.Өсер елдің баласы арманшыл болса, өшер елдің баласы жанжалшыл болады.
2.Адам мен адамды, халық пен халықты, ел мен елді жақындастырар ең берік дәнекер – мүдде бірлігі
3.Үдеудің сыры – бірлікте,
Жүдеудің сыры -алауыздықта.
4.Адам түзелмей заман түзелмек емес.
5.Адам мәңгі жасамайды, мәңгі жасайтын – оның ісі.
6.Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес.
7.Отбасы – Отанның ошағы
|
|
Өсер елдің арманы көп,өшер елдің жанжалы көп
|
Оқушылар топта «Т кестесін» толтыра отырып, Елбасының нақыл сөздеріне ұқсас даналық сөздерді тауып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады. Дәлелдер келтіре отырып өз пікірлерін білдіреді. Топтар жауаптарын салыстырады.
5.Әңгіме – дебат(Сынып оқушыларын екі топқа бөлу)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.Осы тұрғыдан алғанда үш тұғырлы тіл саясатын қалай түсінеміз? Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінің ара қатынасы қандай болмақ?
І топ: үш тұғырлы тіл саясатын қолдайды;
І топ: үш тұғырлы тіл саясатын қолдамайды;
Табыс критерийлері
1.Елбасымыздың толғамдары мен қанатты сөздерін орынды қолдану;
2.Тақырыптан ауытқымау;
3.Өзіндік айқын позицияның, көзқарастың болуы;
4.Уақытты үнемді пайдалану;
Әңгіме-дебат барысында:
1)ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2)ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3)қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4)Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
ІІІ.Ой-толғаныс (Reflection)
«RAFT» стратегиясы
рөл
|
аудитория
|
форма
|
тақырып
|
журналист
|
телекөрермен
|
жарнама
|
Ел бірлігі – асыл қасиет
|
мұғалім
|
Мектеп оқушылары
|
баяндама
|
Жалғыз Отан – тәуелсіз Қазақстан
|
«Жас Отан» жастар ұйымының өкілі
|
студенттер
|
үндеу
|
Ана тілі – ұлтымыздың айнасы
|
жазушы
|
оқырман
|
мақала
|
Тарихтан тағылым ала алсақ
|
Берілген тақырыптар бойынша Елбасымыздың нақыл сөздерін қолдана отырып, 200-250 сөзден тұратын жазылым тапсырмасын орындаңыздар
Табыс критерийі:
1.Елбасының берілген тақырып бойынша кем дегенде 5 нақыл сөзін қолданыңыз.
2.Өз пікіріңізді дәлелдеуде айғақтар мен дәлелдерді орынды пайдаланыңыз.
3.Берілген стиль түрін сақтаңыз (жарнама, баяндама, үндеу, мақала)
«2 жұлдыз, 1 тілек»(жазба жұмысы бойынша)
Оқушылар жазба жұмысын орындап болғаннан кейін, жазбаша жұмыстарын оқытып, оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұрау
Екі жұлдыз = мәтіндегі оларға ерекше ұнаған 2 мәселе,
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Зеттеушілік әңгіме «Семантикалық карта»
Бұл стратегия бойынша оқушылар топта бірлесе отырып, кестені толтырады. Нақыл сөздерді талдай отырып, қандай тақырыпқа жататынын анықтау арқылы зерттеушілік әңгіме жүргізеді.
Зерттеушілік әңгімежүргізілу үстінде:
1)әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2)әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Нақыл сөздер
|
Отанды сүю
|
Тәуелсіздік
|
тіл
|
тарих
|
дәстүр
|
бірлік
|
Ұлттық намыс
|
Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырынан әр берген.
|
|
|
+
|
|
|
|
|
Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып, мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн.
|
|
|
|
+
|
|
|
|
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.
Әлемде егемен Қазақстан бар.
Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар.
Ең бастысы — бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар.
Сол күнге берік сенім бар!
|
|
+
|
|
|
|
|
|
Отбасында екеу келіспесе — шаңырақ шайқалады, екі басшы келіспесе — компания күйрейді, ал ел ішінде, ұлт пен ұлыс арасында жанжал шықса —мемлекет құлайды.
|
|
|
|
|
|
+
|
|
Бір кезде біреулердің еркінің қолжаулығы болған едік, енді тағы біреулердің пікірінің қолжаулығына айналмасақ екен!
|
|
|
|
|
|
|
+
|
Демек, біз — ақсақалын ардақтаған, салт-жорасын салмақтаған жасампаз жұрттың ұрпағымыз.
|
|
|
|
|
+
|
|
|
Отанға сүйіспеншілік жайында қызыл сөзді тоқтаусыз ұзақ айтуға болады, алайда онымен Отаныңның гүлденуіне ешқандай көмек көрсете алмайсың.
|
+
|
|
|
|
|
|
|
Кері байланыс «Тазалық» ойыны.
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
Шабадан (суреті), қоқыс жәшігі (суреті), еттартқыш (суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды шабаданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар)
Достарыңызбен бөлісу: |