Сабақтың тақырыбы: «Наурыз-жыл басы» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/2
Дата28.02.2020
өлшемі255,55 Kb.
#59223
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
user file 5cab1d747f7a9 (1)
user file 5cab1d747f7a9 (1), 297 6 kazak tili

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Бөлім «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз»

Мектеп: «К.Ушинский атындағы №7 орта мектебі» КММ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жексембекова Бекзат Сүймбекқызы

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«Наурыз-жыл басы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану;



Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

  • мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

  • үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені өзіндік дәлелдермен болжайды;

  • үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады, мысал келтіреді;

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • мәтіннің атауын талқылайды және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып болжайды;

  • үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады, мысал келтіреді;

Бағалау критерйиі

- мәтіннің атауын талқылайды;

- алғашқы бөлігін тыңдап, көтерілген мәселені болжайды;

- үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады;


Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: пән бойынша академиялық тілді меңгереді

Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Наурыз, жыл басы,

наурыз мерекесі, көне дәуір

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Не себепті Наурыз жыл басы деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу

Ұлттық мерекелердің маңыздылығын түсіндіре отырып,  ұлтжандылық сезімдерін ояту, ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Наурыз мейрамы бойынша оқушылардың алдыңғы білімі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

Кезеңдері
Сабақтың басы

7 мин


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

«Комплементердің бұрқасыны»

Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5мин) бір парақ қағазға өздерінің достарынан естігі келетін комплементті жазады. Комплементтердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай сөйлемдер түрінде болғаны дүрыс. Жазып болған оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атысқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін мұғалім оқушыларға бір-бірден «қар домалатып» ашып, оларды оқудытапсырады. Косплементтерді барлық оқушылар кезектесіп оқиды.


Топқа бөлу.

«Тұрғын және үй» әдісі

Оқушылар екеу-екеу қолдарын көтеріп ұстасады,үйдің шатырын



жасайды.Шатырдың астына бір оқушы кіріп тұрғын болады.Сәлден соң мұғалімнің нұсқауымен тұрғын екеу болады.Осылай төрт оқушыдан шағын топтар құралады.

Сабақтың оқу мақсаттары таныстырылады.

  • 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

  • 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану




Ресурстар




Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Астана: «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, 2014, 167-бет

«Step by step» бағдарлама сынан алынды
https://multiurok.ru




Сабақтың ортасы
15 мин

Ж. Тыңдалым алды тапсырма.

Тапсырма №1 «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі. Оқушы «Білемін» ұяшығында Наурыз жайлы білетінін жазады, «Білгім келеді» ұяшығында білгісі келген мәселені атап өтеді.

Білемін

Білгім келеді

Білдім











Оқу мақсаттарын қайталап өту

  • 6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

  • 6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану


Ж. Тыңдалым тапсырмасы. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы


Оқу мақсаты

6.1.1.1 - мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы • Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі мәселені болжайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану


Тапсырма №2

Берілген мәтіннің атауын талқылаңыз, ой елегінен өткізіп, кестені толтырыңыз




«Наурыз-жыл басы»

Мәтіннің тақырыбы

Мәтіннің тақырыбы туралы өз ойыңыз







Тапсырма №3

Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы болатынын болжап, өз болжамыңызбен салыстырып және кестені толтырыңыз.
Наурыз - жыл басы

1-бөлім

Наурыз мерекесінің пайда болуы жайлы әркім әртүрлі дерек айтады. Біреулер Сүлейменнің жүзігі табылған күн десе, Иран аңыздарында адамзаттың отты пайдалана білген сәтін Наурыз деп атаған деседі. Адамзат емес, бір ғана түркі тайпаларында бұл күн жайлы аңыз да, ертегі де көп. (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)

Мәтін бөлімдері

Мәтіннің екінші бөлімінде Қандай мәселелер көтеріледі деп ойлайсыз?


1-бөлім


(2 сөйлемнен кем емес)

2-бөлім



«Жалпы, көне дәуірде бұл күндері әр жерге үлкен от жағып, отқа май құйған; жаңа жеті дәнге қарап болашақты болжаған; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалақ» ұсынған; ескі киімдерін тастаған; ескірген шыны аяқты сындырған; 22 наурызға бір күн қалғанда, күл-қоқыстардан құтылған; бір-біріне гүл сыйлаған, үйге күн символын салу дәстүрі де болған. Бір сөзбен айтқанда, жаманат кетіп, мен де жаңарсам деген тілек. Халық бұл күнде жетім-жесір, жоқ-жітіктерге қол ұшын беріп көмектеседі. Олардың ұлы күнге сай шат-шадыман, көңілді жүруін қамтамасыз етуге тырысады», - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжанов. Ал қазақ ұлысы болып қалыптасқалы Наурыз тойы ешбір қазақ хандығында елеусіз қалған емес. Қайта қазақ ұлтының ең ұлы мерекесінің бірі болып тойланып келді. Бұл туралы көптеген деректерді келтіруге болады. Жалпы «Самарқанның көк тасы еріген күн» қазақ даласы үшін құт-берекенің басы. Қазіргі кезеңде 22 наурыз қалай тойланып жүр?! Наурыз десе, жұрт тек қана ішіп-жеу мен ас мәзірін ғана тілге тиек етеді. Одан қалса, атам қазақ Алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнап қарсы алған дейтін сыңар жақтылы көзқарас бар. Әрине, 22 наурызда бұл дәстүрлі ойындар мен ас- тағамдар тарихтан бері жалғасып келе жатыр. Дей тұрғанмен, біз Наурыз тойының ең басты ерекшелігін ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Ол – қамқорлықтың, мейірімнің айы болған Наурызды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу еді. Бұл дегеніміз ошақтың үш бұтындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойдыру еді.

«Болжау» кестесі.


Мәтін бөлімдері

Мәтіннің екінші бөлімінде Қандай мәселелер көтеріледі деп ойлайсыз?


Мәтінде шындығында қандай мәселелер көтерілді?



1-бөлім


(2 сөйлемнен кем емес)



(2 сөйлемнен кем емес)





  • Дескриптор

Білім алушы


  • мәтіннің атауын талқылайды;

  • алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;

  • өз болжамымен салыстырады және кестені толтырады;


ҚБ. Оқушылар дескриптор арқылы бірін-бірі бағалайды.
Ж. Тапсырма №4 «Б.Блум таксономиясы» бойынша саралау




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет