3 мин
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды психологиялық ахуал туғызу
«Сыйлық»
Шарты: Оқушылар бір – біріне қарама – қарсы тұрып, бірі екіншісіне мимика арқылы қандай да бір сыйлық ұсынып жатқандығын бейнелеп көрсетеді, ал екіншісі оны қандай зат екенін біліп, өзінің ризашылығын ол да мимика арқылы көрсетіп береді.
Топқа бөлу.
|
Оқушылар бір – біріне қарама – қарсы тұрып, ойнайды.
|
|
5 мин
|
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріледі.
Кәсіпкерлік дегеніміз не?
Түсім дегеніміз не?
Өз ісіңді ашпас бұрын не істеу керек? Дұрыс алдымен бизнес жоспар құру қажет, себебі ол тауармен, бағамен, пайдамен, т.б. байланысты.
|
Сұрақтарға қысқаша мазмұнды жауап беру керек.
Кәсіпкерлік-тұтынушының сұранысын қанағаттандыру арқылы табыс табу мақсатында атқарылатын қызмет түрі.
Түсім- бұл тауарлар мен қызметтерді сату бағасы мен оларды өңдіруге кеткен ақша сомасы арасындағы айырмашылық.
|
|
20 мин
|
3. Жаңа сабақ.
Сұраққа жауап беріңдер бизнес-жоспар Не үшін, кімге қажет.
Көбіне адамдар бір істі бастамас бұрын оны ұсақ-түйегіне дейін ойластырып алады.
Кім қиын іске алдын ала белін буып дайын тұрса сол жетістікке тез жеткісі келетін адамдардан әлде қайда жауапкешілікті ерте сезініп, жұмсыты жақсы орындайды.Демек барлық жұмысты бизнес жоспардан бастау қажет.Жақсы бизнес жоспар қысқа да нұсқа ,пайдаланшы адамның барлық сұрағына жауап беретін болу керек.Ол тәуекелдік,кепілдік, несиені қайтару деген сияқы сұрақтарға жауап береді.Оның көлемі 50-70 беттей болғаны жөн.Кәсіпорын атауы,жобаның аты,жобаны өндірушілер,-бұлар міндетті деректемелер.Перде бетін мынадай мәліметтермен толдықтыруға болады:жобаның басталуы мен жалғасын табуы,жобаның құны,бизнес жоспардың қандай мақсатқа арналғандығы,шығынның өтелуі.
Жоспар келесі себептер бойынша қажет:
-Бизнестің қаншалықты тиімді екендігін, оны іске асыру және қаражат салудың қажеттігін білу үшін.
-Бизнестің мақсатын, даму сатыларын нақты айқындау үшін
-Даму барысында көптеген қиындықтардан құтылуға көмектесетін болжамдарды салыстырып, күтілетін табыс пен шығысты болжау үшін.
- Инвестицияларды тарту мүмкіндігі үшін.
Бизнес-жоспар – кәсіпорын қызметінің бағдарламасы, фирманың даму стратегиясын анықтайтын құжат.
БЖ-дың мазмұны
1.титулдық бет.
2.Түйіндеме.(резюме).Оқырманға негізгі жоба туралы ақпарат беретін,оларды жақсы пікір туғызатын ең негізгі бөлім.
3.Кәсіпорын жалпы сипаты.Кәсіпорынның жетістігі мен табысын және кәсіпорын басшылығының білікті маман екендігін айқындайтын құжаттар.
4.Жоба бойынша шығарылатын өнім және қызмет түрлері туралы сипаттама.
5. нарықтық ортаны анықтау
6.бәсекелестікті анықтау
4.Маркетинг жоспары.Тауар мен қызмет түрлерінің рынокта сұранысқа ие екенін дәлелдеу.
7.Қаржылық жоспар.Ең негізгісі-болжанып отырған жоба табысты бола ма? Деген сұраққа жауап беру тиіс.Оған инвестиция салудың қажеті бар ма?
8.Жобаны заң жүзінде пысықтау.
|
Әр топ өз ойларын қағаздарына жазып, қорғайды.
Сабақтың тақырыбын, керекті мәліметтерді дәптерлеріне жаздырамын.
|
видеоролик https://youtu.be/LrK-kM6XN_8
|
3мин
|
6. Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы,рефлексия: «Басбармақ» арқылы қорытындылау
Басбармақ жоғарыға – түсіндім
Басбармақ көлденең – түсінгендеймін
Басбармақ төмен қарай – түсінбедім
Өздерінің бизнес жоспарын жазып келу.
|
Тақтаға Басбармақтарды іледі
Үй жұмысын жазып алады.
|
Басбармақ
|