Өндіріс шығындары. Айқын және айқын емес шығындар



Дата18.12.2021
өлшемі49,31 Kb.
#102802
Байланысты:
Өндіріс және шығындар

Өндіріс шығындары. Айқын және айқын емес шығындар.

Орындаған Зыхай Г. Е

Тексерген Тамабекова М. Ж

Альтернативті шығындар Шығындар – ұсыныс көлеміне әсер ететін басты фактор екені анық. Сондықтан қанша тауар өндіру керек екенін шешпес бұрын, фирма шығындарын талдау қажет. Шығындар – бұл өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар.

Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары деп бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал – - жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлікке – өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.

Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (кез келген) экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.

Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын айтады. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Альтернативті шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет